Аэробтық жүктеме кезінде бүкіл дененің қозғалатынын түсіндіреді. Жаттығу орындалған кезде біраз уақыт өткеннен кейін тыныс ауырлайды., яғни өкпе мен жүрек қан арқылы бұлщық еттерге оттегі беру үшін қатты жұмыс істейді. Баяу қарқынмен жүгіру. Кең және қысқа адыммен жүгіру - Ұзақ жеңіл қалықтап, қолдарды кең сермеп, қысқа және жиі жүгіріс адымымен жүгіру. «Лифт» - тынысты қалпыеа келтіру Алақаныңды ішіңе қой. Ішіңді үйдің бірінші қабаты екен деп елестет. Одан сәл жоғары асқазан - үйдің екінші қабаты орналасқан. Алақаныңды осы жерде ұстап тұр. Енді алақаныңды кеудеңе қойып оны үйдің үшінші қабаты ретінде елестет. Дайындалыңдар, біз «лифтімен жүреміз». Ауа бірінші қабатқа - ішке дейін жеткенше ауызбен баяу және терең деп тарт. Тынысыңды теже. Ауызбен дем шығар. Ауа бір қабат жоғары - асқазанға дейін жеткенше ішке дем тарт. Тынысыңды теже. Ауызбен дем шығар . тағы бір рет ішке дем тартып «лифтіні тағы «бір қабатқа - кеудеге дейін көтер». Тынысыңды теже. Ауызбен дем шығар. Дем шығарған кезде ширығу мен толқу лифт есігінен шықанндай денеден шықаннын сезінесің. (Ұ) Шеңбермен жаттығу жасау Оқушыларға шеңберді пайдалана отырып организмге ең төмен және ең жоғары жүктемемен жаттығулар (шеңберді белге, қолға айналдыру, еденде тігінен тұрған шеңберді айналдыру, саусақтармен айналдыру, шеңбер арқылы секіру түрлері) көрсетуді ұсынады. Осы ойларды бейімдеп, организмдегі өзгерістерді атап көрсетеді. (Ұ) Орыннан биіктікке секіру – (30 см) Бүкіл сынып қарсы жаққа өткенге дейін кедергіге (керілген жіп) жақындап, оның үстінен секіріп өтіп, келесіге жақындайды. Нұсқау: секірудің ең жоғары нүктесінде бүгілген аяқ тізелерін барынша бауырға тартып, одан кейін аяқтарды жылдам түзетіп, қолдарды сермей отырып, аяқпен барынша жұмсақ түсу қажет. Жерге түскеннен кейін бүкіл табанмен тұрып, бойды тіктеу білігіне назар аударады. (Ұ) «Аңшылар» қозғалыс ойыны Ойыншылар екі топқа - «аңшылар» иен «қасқырларға» бөлінеді. «Қасқырлар» диаметрі шамамен 4 м шағын шеңбер ішінде, ал аңшылар оның сыртында болады. «Аңшылар» орнынан қозғалмай, бұйрық бойынша шеңбер ішіндегі «қасқырларды » кезек – кезек доппен «атқылай» бастайды. «Қасқырлар» да орнынан қозғалмай доптан құтылу амалдарын жасайды – еңкейеді, бүгіледі, доптарды ұстап алуға болады. «Аңшылар» әр тигізген доп үшін 1 ұпай алады. Ал егер «қасқырлар» бірі допты ұстап алса, «аңшылардың» жинаған ұпайлары «күйіп кетеді» . лақтыру саны доптар санына тең болады. Лақтыру аяқталғаннан кейін «аңшылар» мен «қасқырлар» орын алмасады. Ұпайды көбірек жинаған топ жеңімпаз болады. (Ұ,Ө,К) «Иықтан түскен жүк» Шаршап - шалдығып жатып тыныққың келгенімен тағы да жұмыс істеу керек болса, «иықтағы жүгіңді» түсір. Аяқты бір – бірінен алшақ қойып тұр, иықтарыңды көтер. Оларды артқа тартып, түсір. Осылай 5-6 рет істесең жеңілдеп қаласың. Оқушылармен бірге алынған мониторинг деректерін көруді ұсынады, қозғалыс белсенділігінңң организмдегі өзгерістерге әсерін талқылайды. Ең жоғары жүктеме - секіру жүгіру, қимыл қозғалыс ойындарынан кейін организм ресірстарын қалпына келтіру тәсілдері туралы айтуды ұсынады. |