Б а с т а п қ ы б ө л і м і | Ұйымдастыру бөлімі: Сәлеметсіңдерме, балалар! Жаңа сабақ Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Жүру жаттығулары» деп аталады. Айтыңдаршы балалар, жүру жаттығуларымызға қандай жаттығулар жатады? Өте жақсы балалар! Олай болса негізгі жаттығуларымызды орындамас бұрын, денемізді қыздырып алайық. 2) Тапсырмалар: а) Бір орында тұрып істелетін жаттығулар: - Б.Қ. басты оңға, солға 4 рет айналдыру. - БҚ. төсімізді ішке қарай, сыртқа қарай 4 рет айналдыру - БҚ. белді оңға, солға 4 рет айналдыру - БҚ. тізені оңға,солға айналдыру - Қолымыз алда оң аяққа отыру,сол аяққа отыру - Отырып аяқты алға созып тізеге егімен еңкейу - Орынымыздан тұрып санақ бойынша тынығу жаттығуын жасау | 5 мин. | Оқушылардың зейінін сабаққа аудару Спорттық киімдерін қатал қадағалау! Жаттығуларды дұрыс істеуін қатаң қадағалау! Икемділігін қадағалау! Әр жаттығуды мұқият 5рет орындауынқадағалау. |
Н е г і з г і б ө л і м і | б) Жүру жаттығулары: Негізгі жүріс Гимнастикалық скамейканың үстімен тепе-теңдік сақтап жүру Шипыларды басып жүру Алға қарай домалау Қос аяқтап кедергілерден секіріп өту Шипылардан өту Ізге-із басып өту Тыныс алу жаттығулары в) Батутпен массаж: Екі оқушы бір-біріне орындыққа қарама-қарсы отырып, алдындағы батут добымен табанына массаж жасай отырып қарама-қарсы отырған оқушыға теуіп береді , екінші оқушы дәл осы бағытта орындайды. Ал қалған екі оқушы достары болып құлап қалмауын қадағалап орындықтың артынан тіреп тұрады. Екеуі ожаттығуды орындап болғасын орындарымен ауысады. - Өте жақсы балалар! Бұл тапсырманы жақсы етіп орындадыңдар. г) Бір орнында тұрып орындалатын жаттығулар: Б.Қ., қолымыз белде, аяғымызды алшақ қойып, теңселеміз аяқ басымен көтерілеміз және өкшемен тұрамыз. Б.Қ., қолымыз белде, аяғымыз бен белімізді бір бағытқа майыстырамыз. Б.Қ., қол белде, гимнастикалық скамейкаға мініп түсеміз. Б.Қ., Тынысын үш бөліп тыныс алып, кері үш бөліп шығару. - Өте жақсы балалар! Бұл тапсырманы жақсы етіп орындадыңдар. д) Кеме жарысы: Тыныс алу арқылы өз кемесін қарсы тұрған шегарадан өткізу қажет. Кімнің кемесі қарсы шегарада қалады, сол жеңімпаз болады. - Өте жақсы балалар! Бұл тапсырманы жақсы етіп орындадыңдар. | 5 мин. 5 мин. 5 мин. 5 мин. | Дұрыс жүруін, мұғалімнің нұсқаулары бойынша орындауын, оқушылардың шаршап қалмауын қадағалау Жаттығуды қатал қадағалап икемділігін көбірек орындату! Оқушылардың бір-біріне допты дұрыс домалатуын, массажды нұсқау бойынша орындауын қадағалау Свисток арқылы жаттығуды бастауын және шапшаң келесі жаттығуға ауысуларын, икемділігін қадағалау |
Қ о р ы т ы н д ы б ө л і м і | III. Қорытынды: Оқушыны тұрғызып тынықтыру жаттығуларын жүргізу. Ал енді балалар айтыңдаршы, бүгін біз қандай жаттығулар орындадық? Жүру жаттығуларымыздың түрлері қандай? Өте жақсы. Олай болса бүгінгі сабағымызды қорытындыла келе сендерге үйге тапсырма. Үй тапсырмасын беру: Сергіту жаттығулары: Мойынға Иыққа Белге Тізеге Аяқ басына Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды сау болыңыздар, балалар! Рахмет сендерге! | 5 мин. | Тынықтыру жаттығу кезінде оқушының тыныс алу жолдарын қадағалау! |