kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл дамыту. «Дыбысты? жатты?улар»

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                                      «Дыбысты? жатты?улар» 

С?йлеу кезінде пайда болатын тілдік тыныс алуды? ма?ызына ерекше к??іл б?лген ж?н. С?зіміз т?сінікті болуы ?шін ?арапайым т?жірибе жасап к?рейік: ала?аны?ызды ауызы?ыз?а жа?ындаты?ыз ж?не кез келген бір дыбысты айты?ыз. Сіз ауа а?ымы ала?аны?ыз?а тигенін сезесіз. Тыныс алып дем шы?ар?анда дыбыс шы?ады, ал дыбыстар тілдік а?ым?а ?осылады, бірнеше дыбыстан с?з, ?рі ?арай с?йлем туындайды ж?не осыны? б?рін аны? не к?мескі, ж?й не ?атты айту?а болады.                                                                           Демек, айтыл?ан с?з д?лдігі, тазалы?ы ж?не ?серлілігі тілдік тыныс алу?а байланысты. Сонды?тан да тілдік тыныс алуды бас?ара білуге ?йрету ?ажет. Осы орайда тыныс алу гимнастикасы бойынша арнайы жатты?уларды ?сыну?а болады.

Тыныс алу жатты?уларыны? ма?саты баланы? тілдік тыныс алуын дамыту.                                                                                                                           Ал?аш?ы жатты?улар дене бітімін д?рыс ?алыптастыру?а ба?ытталады: тілдік тыныс алу ?з жолында б?лшы?ет кедергілеріне, ?ыспа??а т?спеуі тиіс. Егер біз иы? ж?не мойын б?лшы?еттеріне ?ысым т?сірмей, басымызды тік ж?не еркін ?стап, д?рыс т?рса?, онда еркін тыныс алып, с?йлей аламыз. Сонды?тан да е? алдымен сымбаттылы? ?ліппесіне к??іл б?лі?із.                                    Балалар тілдік тыныс алу барысында дем алуды? ?ыс?а, дем шы?аруды? ?за?ыра? боларын т?сінуі тиіс. Бір?атар жатты?улар тілдік тыныс алуды ретке келтіруге к?мектеседі: с?зді, с?йлемді д?рыс айту ?шін ауаны ?немді «шы?ындау?а», ?зіліс кезінде ж?мса?, естіртпей ауа «жинау?а», же?іл, ?рі шынайы тыныс алу?а ?йретеді.  Осы жатты?уларды? негізі – тыныс алуды реттеу, я?ни дем ж?тып, дем шы?аруды д?рыс кезектестіре білу, ерікті т?рде а?ырын дем шы?ара білу.

Алдымен д?рыс дем алу ж?не дем шы?ару?а ?йретеміз:

  • м?рынмен дем не ауа ж?ту – ауыз ар?ылы дем шы?ару,
  • ?ыс?а тере? дем алу – а?ырындап дем шы?ару,
  • а?ырын тере? дем алу – ?ыс?а ш??ыл дем шы?ару

Тыныс алу жатты?уларын жа?сылап желдетілген б?лмеде ж?не саба?ты? бастап?ы с?тінде ?ткізген ж?н. Балалар т?рып, ?ымсынбай-?ысылмай денесін тік ?стайды. Жатты?уларды орындау ?шін ауаны м?рын ар?ылы жинап, ал шы?ар?анда алдымен беске дейін (хормен) санаймыз, кейін біртіндеп (саба?тан саба??а, жатты?удан жатты?у?а к?шкенде) санауды он?а дейін ?л?айтамыз. Кері санау?а да болады.                                                                                                                                                                                                      Егер тыныс алу жатты?улары ойын элементінен т?ратын болса (я?ни, же?імпаз аны?талса), онда жатты?у ж?ргізушіні? (т?рбиеші ?ана емес, жатты?уды? орындалуын д?рыс т?сінген бала да ж?ргізуші болады) белгісімен орындалады. Т?рбиеші балалармен бірге жатты?уды бір мезетте бастауы ?шін ?олданылатын белгілерді (жатты?уды? басталуы – ж?рісі - ая?талуы) алдын-ала келісіп алады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл дамыту. «Дыбысты? жатты?улар»»

«Дыбыстық жаттығулар»

Сөйлеу кезінде пайда болатын тілдік тыныс алудың маңызына ерекше көңіл бөлген жөн. Сөзіміз түсінікті болуы үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік: алақаныңызды ауызыңызға жақындатыңыз және кез келген бір дыбысты айтыңыз. Сіз ауа ағымы алақаныңызға тигенін сезесіз. Тыныс алып дем шығарғанда дыбыс шығады, ал дыбыстар тілдік ағымға қосылады, бірнеше дыбыстан сөз, әрі қарай сөйлем туындайды және осының бәрін анық не көмескі, жәй не қатты айтуға болады. Демек, айтылған сөз дәлдігі, тазалығы және әсерлілігі тілдік тыныс алуға байланысты. Сондықтан да тілдік тыныс алуды басқара білуге үйрету қажет. Осы орайда тыныс алу гимнастикасы бойынша арнайы жаттығуларды ұсынуға болады.

Тыныс алу жаттығуларының мақсаты баланың тілдік тыныс алуын дамыту. Алғашқы жаттығулар дене бітімін дұрыс қалыптастыруға бағытталады: тілдік тыныс алу өз жолында бұлшықет кедергілеріне, қыспаққа түспеуі тиіс. Егер біз иық және мойын бұлшықеттеріне қысым түсірмей, басымызды тік және еркін ұстап, дұрыс тұрсақ, онда еркін тыныс алып, сөйлей аламыз. Сондықтан да ең алдымен сымбаттылық әліппесіне көңіл бөліңіз. Балалар тілдік тыныс алу барысында дем алудың қысқа, дем шығарудың ұзағырақ боларын түсінуі тиіс. Бірқатар жаттығулар тілдік тыныс алуды ретке келтіруге көмектеседі: сөзді, сөйлемді дұрыс айту үшін ауаны үнемді «шығындауға», үзіліс кезінде жұмсақ, естіртпей ауа «жинауға», жеңіл, әрі шынайы тыныс алуға үйретеді. Осы жаттығулардың негізі – тыныс алуды реттеу, яғни дем жұтып, дем шығаруды дұрыс кезектестіре білу, ерікті түрде ақырын дем шығара білу.

Алдымен дұрыс дем алу және дем шығаруға үйретеміз:

  • мұрынмен дем не ауа жұту – ауыз арқылы дем шығару,

  • қысқа терең дем алу – ақырындап дем шығару,

  • ақырын терең дем алу – қысқа шұғыл дем шығару

Тыныс алу жаттығуларын жақсылап желдетілген бөлмеде және сабақтың бастапқы сәтінде өткізген жөн. Балалар тұрып, қымсынбай-қысылмай денесін тік ұстайды. Жаттығуларды орындау үшін ауаны мұрын арқылы жинап, ал шығарғанда алдымен беске дейін (хормен) санаймыз, кейін біртіндеп (сабақтан сабаққа, жаттығудан жаттығуға көшкенде) санауды онға дейін ұлғайтамыз. Кері санауға да болады. Егер тыныс алу жаттығулары ойын элементінен тұратын болса (яғни, жеңімпаз анықталса), онда жаттығу жүргізушінің (тәрбиеші ғана емес, жаттығудың орындалуын дұрыс түсінген бала да жүргізуші болады) белгісімен орындалады. Тәрбиеші балалармен бірге жаттығуды бір мезетте бастауы үшін қолданылатын белгілерді (жаттығудың басталуы – жүрісі - аяқталуы) алдын-ала келісіп алады.

Артикуляциялық жаттығулар. Тіл дыбыстарын жасауда дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция деп атайды. Біздің міндетімізге дикция ақауларын түзету емес, дыбыстардың анық, дұрыс айтылуын қадағалау жатады. Демек, артикуляциялық жаттығуларды қолдану баланың дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінің қызметі арқылы дыбыс шығару дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл жаттығуларды орындағанда әр бала өзінің сөйлеу мүшесінің жұмысын бақылай алуы үшін міндетті түрде айнаны қолданады. Гигиеналық талаптарға сай, кезекті жаттығуларды орындаған соң қолданатын, балаларда қол орамал болуы тиіс.

Артикуляциялық жаттығуларды өткізуге арналған нұсқау:

1.  Жұмысты төмендегідей ұйымдастырады:

- ойын тәсілдерін қолдана отырып, алдағы орындалатын жаттығу туралы әңгімелейді;

- оның орындалу ретін көрсетеді;

- жаттығуды барлық балалар орындайды;

- педагог жаттығудың дұрыс орындалуын тексереді (жаттығуды отырып орындайды).

Балаға жаттығуды дұрыс орындамағанын айтудың қажеті жоқ, оған қалай дұрыс жасау керектігін көрсетіп, жетістігін айтып, көтермелеу қажет.

2. Күн сайын 2-3 жаттығуды 3-5 минуттан өткізу қажет.

3. Жеңілден күрделіге қарай жүргізіледі.

4. Ойын түрінде ұйымдастырылады.

Ең алдымен тіл бұлшық еттеріне, кейін ерінге арналған жаттығулар жүргізіледі. Артикуляциялық жаттығулардың басым бөлігі тіл бұлшықетін созуға есептелген, өйткені баланың дикциясының анықтығы тіл ұзындығымен байланысты. Аталған жаттығулар сөздің дыбыстық құрамын анықтауға және анық айтуға көмектеседі, ұйқас пен ырғақ сезімін дамытады, анық дикцияны қалыптастырады, сөздің, сөйлемнің түрлі интонациялық сипаттамасын беру ептілігін жетілдіреді. Осы күрделі тілдік дағдыларды қалыптастыру үшін фонетикалық жаттығуларды жүйелі өткізу қажет. Фонетика тіл дыбыстарының жасалу заңдылығын, ерекшелігін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Қазақ тілі фонетикасына тән тіл дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету мақсатында алуантүрлі жаттығуларды қолдануға болады. Бұл жаттығуларды фонетикалық жаттығулар деп атаймыз. Фонетикалық жаттығуды орындау барысындағы басты міндетіміз баланың нақты дыбыстарды дыбыстауы барысында дұрыс тыныс алуын және артикуляциясын қадағалау болып табылады.

Мәселен, тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында «А», «Ә», «О» дауысты дыбыстарына көңіл бөле отырып, келесі жаттығуларды орындауға болады:

Әженің әлдиі. Әжеміз кішкентай бөбекті ұйқтатарда «Ә...ә...ә...әлди-әлди ақ бөпем...» деп әндетеді. Кәне, бізде әндетейік. Аюдың ақыруыАюдың тісі сарнап ауырды. Ол «А-А-А» деп аңырап отыр. Кәне, аю қалай дыбыстады? Баудағы кім? Ара болсаң, ызыңда З-з-з, ж-ж-ж, з- з-з, ж-ж-ж Жұмыс істе, тығылма. - Ара қалай дыбыстайды? (з- з-з) - қатты\жай Жыланның ысылы. Жылан қалай дыбыстайды? Ыс-с—ыс-сссс.... Шалқан. Шалқан үлкен болып өсіп қалған екен. Оны көрген атай: «О...о...о!» деп таң қалды. Кім қалай дыбыстайды? (баламен жеке жұмыс - түрліше тембрлік құбылыста айту) - А, аа, аа, а, а, аааааа ..... (қуанышты дауыспен). - Ааа, аа, а, а, ааа .... (аянышты дауыспен).

- А, аа, аааа, а, ааа ........(таң қалған дауыспен). 1 минут жұмыс істеңіз.

Дикциялық жаттығу барлық жоғарыда аталған міндеттерді кешенді шешеді. Балалар қандай да бір сөйлемді, жаттамақты, жаңылтпашты айтқанда, дұрыс тыныс, дем ала білуі, дәл артикуляция жасауы және жеке дыбысты, сондай-ақ буынды, сөзді анық айтуы қажет. Жаңылтпаш арқылы бала жылдам ойлауға, жаңылмай тез қайталап айтуға, кекештенбей, қысылмай, анық сөйлеуге үйренеді. Халық ауыз әдебиетінде жаңылтпаштар топтамасы молынан жинақталған. Мәселен, бірқатар жаңылтпашты айтып көрелік. Суда сең келеді, Сегіз серке тең келеді.

Ақ тайлақ ақ па? Қара тайлақ ақ па?

Үміт түбіт түтті, Торта қойдым,

Түбітті түтіп бітті. Орта қойдым,

Есет атам ет асатар, Орта қойдым

Ет асатса, бес асатар. Жорта қойдым.

Тілалғыш Бек*

- Тіл алғыш, - деп

Мақтасақ біз

Біл алғыс деп.

Осы жаңылтпаштарды баланың жас шамасына, тіл үйрену деңгейіне қарай іріктеп алуға болады.

Барлық жаттығу түрін бір сабақ барысында өткізу міндетті емес және де қажет емес. Олардың біреуін не екеуін қолданса да жетіп жатыр. Жаттығуларды өткізу уақыты 3-5 минут, оны қай жерде қолдану қажеттігін тәрбиеші анықтайды.

Барлық жаттығулар топпен, кейін таңдаулы түрде жеке орындалады.

Тілдік жаттығулардың құндылығы сол, ол балалардың тілдік аппаратын жетілдіреді, жақсы дикциясын қалыптастырады.

Тілдік гимнастика

Сымбаттылық әліппесі

«Денеңді тік ұста» - тыныс алу бұлшықеттерінің жұмысын жеңіл сезіну үшін дене қалпын дұрыс ұстай білуі қажет. Орнымыздан тұрамыз, жауырын, иық бұлшықеттерін босаңсытамыз. Енді өз денемізді (иық, кеуде) көтеріп, оны артқа итереміз. Жауырынымыз мықты, тік, ал қолымыз, мойынымыз бен иығымызды жеңіл, бос жібереміз.

«Түзу отыр» - орындыққа түзу отырыңыз. Басыңызды тік және сәл төмен ұстаңыз, иегіңізді жоғары көтермеңіз. Осы қалып сабақ барысындағы арнайы жұмыс сәтінде ғана емес, күнделікті өмірде де әдеттегі, шынайы дене бітіміне айналуы тиіс. Естеріңізде болсын, жаттығулар жолымен сіз де өзіңіздің дене сымбатыңызды осы қалыпқа келтіре аласыз.

«Ағаш шабушы» (бұлшықет қысымын жою) Бастапқы қалып: аяқтарыңды иық тұсына қойып, қолды бос жіберіңдер. Екі қолдарыңмен «балтаны» ұстап, оны бастан асыра жоғары көтеріп, бірмезетте жеңіл және терең дем алып, алға қарай тез иіліп, қолды төмен түсіріңдер де (балтамен ұру), ауыз арқылы қысқа толық дем шығарыңдар. Қолымызды көтеріп (тыныс аламыз), түзу тұрамыз және қайтадан ағашты балтамен ұрамыз (шабамыз).

«Шаршасақ, дем алайық» - бастапқы қалып: аяқтарыңды иық тұсына қойып, қолды бос жіберіңдер. Аяқтың ұшымен көтеріліп, қолымызды қатар көтеріп – тыныс аламыз. Босаңсыған денемізді төмен бос жібереміз де, түзуленбей-ақ, үш рет: «ох-ох-ох»деп қалған ауаны шығарамыз. Дене босаңсиды және төмен түсе береді.

«Арашылар» - Біз қазір бөрене ағашты (бір, екі, бір, екі - 2 рет қайталанады) арамен кесеміз. Қыстық отын дайындаймыз. (Отындық ағашты арамен қалай кесетінімізді қол қимылымен көрсетеміз. Алға сәл еңкейіп тұрамыз).

«Ұшақ» - қолымызды екі жанымызға созып, ұшақтарды ұшырамыз. Оң қанатпен алға, сол қанатпен алға. Бір, екі, үш – ұшағымыз ұш. (Б.қ. – аяқты алшақ қою, қолдарын екі жанына созу, 1 – оңға бұрылу, 2 – б.қ., 3 – солға бұрылу, 4 – б.қ. және т.б.)

«Қаңғалақ» - (алға иіліп, қолымызды екі жанымызға жібереміз) Жел ұрып, біздің қаңғалағымызды айналдырып жіберді. Бір, екі, үш, төрт – қаңғалақ айналады. (б.қ. - алға иіліп, қолымызды екі жанымызға жібереміз; 1 – оң қолымызды еденге тигіземіз; 2 – сол қолымызды еденге тигіземіз).

Тыныс алу жаттығулары

Гүлдерді иіскейік. Балалар біз өзімізді гүлдер бағында жүрміз деп елестетейік. Гүлдер әдемі және хош иісті болады. Кәне, гүлдерді иіскеп көрейікші. Тамаша! Жаттығу 2-3 рет қайталанады.

Ғарышкерлер. Тәрбиеші: Сендер өздеріңді ұшқыш ғарышкерлерміз деп есептеңдер. Зымыран әуе кемесін ұшыруға аз қалды. 10-нан 1-ге дейін санап үлгеруге жетерлік тыныстап дем жинаймыз, қаттырақ, әрі анық «Жібер» деген сөзді айтамыз да, дем шығарамыз. Егер кімде-кімге ауа жетпесе, ол өз орнына отырады. Сонымен, мұрын арқылы ауа жинаймыз не жұтамыз ..... Уақытты санауды бастаймыз: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Жібер! Жаттығу 3-4 рет орындалады.

Көбелекті ұшырамыз. Тәрбиеші алдын-ала түрлі-түсті қағаздан кішігірім көбелектер үлгісін дайындайды да, оны жіпке бекітеді. Содан соң балаларға таратып беріп, бұл жаттығудың қалай орындалатынын түсіндіреді. Балалар жіп ұстаған қолдарын жоғары көтеріп, көбелекті ерін деңгейінде ұстайды. Сол мезетте мұрын арқылы ауа жұтып, ауа ағымын көбелекке қарай, оны «ұшыру» үшін бағыттайды. Жаттығу 1-2 рет қайталанады. Осы жаттығуды жіпке ілінген «ақшақарларды» да қолданып орындауға болады.

Ыстық сүт (шәй). Біз сүтті өте ыстық болғандықтан бірден іше алмаймыз. Сондықтан оны тез суыту үшін көпіршіктерін (бетіндегі қаймағын) итере үріп ішеміз. Кәне, ыстық сүтті үрлейік. Жаттығу 2-3 рет қайталанады.

Футбол ойнаймыз. Балалар екі тең, жұп топқа бөлінеді де, үстелдің екі қарсы бетіне отырады. Алаңның ортасына – үстелге – кішігірім мақта бөлігі (доп орнына) қойылады. Балалар кезекпен допты үрлеп, қарсыласының қақпасына кіргізуге тырысады. Қақпа шекарасын қарындаштың көмегімен не басқа да тәсілдермен белгілеуге болады. Кім көп доп енгізсе, сол жеңімпаз атанады. Балалар 1 мин. ойнайды.

Сабын көпіршігін ұшырайық. Бұл жаттығу алдыңғы 3- жаттығуға ұқсас. Сабын көпіршігін елестетіп, болмаса, дайын сабын көпіршігін қолдануға болады. Жаттығу 3-4 рет орындалады.

Қолымызды жылытайық. Балалар, біз қыс мезгілінде далаға ойнағанды жақсы көреміз. Бірақ қолғап кимесек қолымыз тоңып қалады. Міне, міне, қолымыз тоңып қалды, ендеше қолымызды өз демімізбен жылытайық. Қане, қане, қолың тоңса, деміңмен жылыт! Бұл жаттығу 4-5 рет қайталанады.

Артикуляциялық жаттығулар

Тіл бұлшықетіне арналған жаттығулар

Тәтті тосап. Біз анамыз дайындаған тәтті тосапты жақсы көреміз. Тосап тіл үйіреді. Тосап ерінімізге жұғып қалыпты. Тілді ерінге қойып, ерінге жұққан тосапты жалап алғандай айналдыра қимылдатады. Бұл жаттығу 2-3 рет орындалады. Тосаптың орнына балды алуға болады

Көңілді тіл.

а) Біздің ауызымызда Көңілді Тіл өмір сүреді. Оның үйшігі - ауыз. Көңілді, тентек Тіл бір орында отыра алмайды. Сондықтан ол үйшігінен шығып жан-жағына қарайды. Оң жағына қарайды, сол жағына қарайды. ә) Көңілді Тіл күнде ертемен далаға шығып, жан-жағына амандасады. Тілді сыртқа шығарып, ырғақпен оңға –солға, солға-оңға бұрады. Жаттығу 5-6 рет қайталанады.

Қазы-қарта тураймыз. Ауызымызды ашып, бір-бірімізге не айнаға қарайық. Ауызды ашсақ әдемі тістер көрінеді. Тісіміз өткір, пышақ секілді. Осы тістердің көмегімен біз ауызға түскен тамақты тістеп, кесіп, бөлшектеп жейміз. Ал тіліміз қазы-қарта секілді ет екен. Ендеше қазы-қарта турайық. Тілді біртіндеп баяу шығарып, тіспен тістейміз. Туралған қазы-қартаны ауызға саламыз. Осылайша тіл кері ауызға қайтарылады. 3-4 рет қайталайды.

Саңырауқұлақ. Саңырауқұлақты елестетейік те, тілімізді таңдайымызға тигізіп, тақылдатпай тіреп тұрайық. Жаттығу 3-4 рет орындалады.

Мысық сүт ішеді. Мысықтың сүтті тілімен жалап ішетінін көрсетіңдер. Бастапқы қалып.

Ұртыңа қара. Ұрттарыңа тілмен «ине салыңдар». Бастапқы қалып. 3-4 рет қайталанады.

Ерін бұлшықетіне арналған жаттығулар (Әр жаттығу 4-6 рет орындалады)

Әдемі күлімде. Әдемі баланың күлкісі де әдемі. Қатты дауыс шығарып күлмеген жөн. Сондықтан әдемі, жымиып қана күлейік. Ерінімізбен жымиып езу тартамыз, сосын бастапқы қалыпқа келеміз.

Балапанның тұмсығы Ерінімізді жұмылдырып, алға сүйірлеп шығарамыз, бастапқы қалып.

Бірден тез күліңдер. Еріндеріңді сүйірлеп алыңдар да, соңынан тістеріңді көрсете отырып, бірден тез күліңдер.

Қақпа Ерінімізді кеңінен ашып, жұмылған тісті (тісті тіске тигізу) көрсетеміз. Содан соң бастапқы қалыпқа келеміз.

Атты тоқтатыңдар. Атты тоқтатыңдар: «Дырр-р-р».

Томпиған ұрт. Екі ұртты да томпитып алыңдар да, бұдан соң алдымен біреуін, кейін екіншісін саусақпен басыңдар, бастапқы қалып.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тіл дамыту. «Дыбысты? жатты?улар»

Автор: Карамендина Анар Толымхановна

Дата: 10.01.2016

Номер свидетельства: 274751


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства