Ортаңғы топ балаларына арналған спорттық сайыс.
Просмотр содержимого документа
«Біз көңілді балалар»
МКҚК №50 «Заңғар» бөбекжайы
Спорттық сайыс
«Қызғалдақ» ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Т.Қ. Тлекова
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Біз көңілді балалар»
Мақсаты:
Денсаулыққа, спортқа деген құштарлығын дамыту. Эстафета, ойын арқылы көңіл-күлерін көтеру.
Балаларды еркін, батыл секіруге жаттықтыру.
Балалардың дене қимылдарын дамыту, жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Қолданылатын құралдар: 2 гимнастикалық орындық, 2 құрсау, 2 ат, кедергілер, қаптар, жіп арқан.
Сайыстың барысы.
Жүргізуші: Балалар бір қатармен келіп тұрады, қонақтармен амандасады.
Алдымен оңға бұрылып, бір қатармен жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені көтеріп жүру, баяу жүгіру, жылдам жүгіру, жай жүріп бір қатарға тұру.
1-2 деп санап екі қатарға бөлінеді.
Балалар екі топқа бөленеді: 1. «Сары жапырақтар»
2. «Жасыл жапырақтар»
Жүргізуші: Балаларды ойынның шартымен таныстыру.
Біздің ойынымыз 5 шарттан тұрады:
«Жүйріктер»
Шарты: Балалар резеңке шармен секіріп, кедергілер арасымен жүгіріп өтіп, белгіленеген жерден кері қайту.
«Доппен секіру»
«Кім шапшаң»
Шарты: балалар гимнастикалық орындық үстімен жүріп құрсаудан өтіп белгіленген жерді айналып қайту.
«Арқан тартыс»
Жүргізуші: Балалар біздің ойынымыз осымен аяқталды.
Балалар бір қатармен жүріп, бір сызық бойына тұру.
Балаларды мадақтау.