Дайындық бөлімі | Сыныпты сапқа тұрғызу, сәлемдесу,тізім бойынша тексеру. Жаңа сабақтың тақырыбын түсіндіру. Саптағы бұрылу жаттығулары: сап түзел, тік тұр, оңға бұрыл, солға бұрыл,айнал командаларын орындау. Жүгіру жаттығуларын орындау, спорт залды айналып жылдамдыққа жүгіру жайжүріспен жүгіру, жалпы дамыту жаттығуларын орындау. 1 . Қол белде басты 4-санға оңға, 4-санға солға айналдырамыз. 2 . Қол иықта 4-санымен алдыға, 4- санымен қолымызды артқа айналдырамыз. 3 . Оң қол жоғарыда сол қол төменде сермейміз. 4 . Қол белде 2-санға солға 2-санға оңға иілу жаттығулары. 5 . Сол қол белде оң қол жоғарыда 2-санға оңға 2-санға солға иілеміз. 6 .Алдыға иіліп сол аяққа, ортаға, оң аяққа тізені бүкпей қолымызды жеткіземіз. | 10-12мин | Боймен тік тұру, мұқият тыңдау, сапты бұзбау Қолдын аяқтын дұрыс тұруын жаттығудың жасалынуын қадағалау | Саптан шықпау Аяқ- қолдың дұрыс тұруын қадағалау |
Негізгі бөлім | Баскетбол добын алып жүрудің әдіс-тәсілін үйрету. Оқушыларды қарама – қарсы қойып екі ойыншы оң қолымен, оң аяқты алға қоя бір – біріне беру. 10рет қайталау Екі оқушы қарама-қарсы,біреуі жоғары, біреуі төменнен екі доппен шатаспай берубір мезгілде беру. Оқушыларды екі командаға бөліп екі оқушы допты еденге бір қолмен соғу арқылы, қарсылас балаға беру. Екі командадағы оқушылар жарысып кезекпен допты еденге соғып, себетке тастау. Оқушларды үш командаға бөліп, баскетбол ойын ережесімен ойнату Баскетбол добын қолдана отырып оқушыларды қарама – қарсы эстафета ойнату
| 28 мин | Сапта тік тұру,қате жасаған оқушының қатесін түсіндіріп айту Қолдың ,аяқтың дұрыс тұруын қадағалау Ережелерімен жаттығулар жасау | Өзін еркін ұстау,асықпау Сабақ басында тамыр соғысын өлшеу |
Қорытынды бөлімі | Демалдыру жаттығуларын жасату Сапқа тұрғызу,сабақта белсенділік білдіргені үшін оқушыларға баға қою. Үйгетапсырма беру. Сыныппенқоштасу. | 2 2 1 | Залдан қоштасып шығарып салу | Сабақ соңында тамыр соғысын өлшеу |