Сабақтың тақырыбы: Баскетбол. «Айып добын салу».
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды баскетбол ойынына машықтандыру. Баскетбол ойынында айып добын себетке салу әдіс - тәсілдерін үйрету.
Өтетін орны: Спорт зал
Қажетті заттар: Доптар, ысқырық, секундамер.
№ | Сабақтың мазмұны | Уақыты | Әдістемелік нұсқаулар |
Кіріспе Дайындық бөлімі 5-8 мин | Сапқа тұру сабаққа сыныптың дайын екендігі жөнінде рапорт (есеп) беру. Сабақтың мақсатын, міндетін таныстыру. | 1 мин | Оқушылардың сабаққа дайындығын, қауіпсіздік шараларын тексеру. |
Саптық жаттығулар: Жүру,жүгірудің әр түрлі байланыстарын орындау. | 2 мин | Дене функцияларын біртіндеп кірістіру. | |
Қарапыйым дене қыздыру жаттығулары. | 5 мин | ||
1-жаттығу: 1-2 Аяқтың ұшымен жоғары көтеріліп, демді ішке алу. 3-4. бастапқы қалыпқы келу, демді шығару. | 4 рет | Соңғы нүктеге дейін тартылу. | |
2-жаттығу. Бастапқы қалып. Аяқты кең алып, қолды иыққа қою. 1-2. Иықты оңға айналдыру. 3-4. Артқа айналдыру. | 4 рет | ||
3-жаттығу. Бастапқы қалып. Оң қол жоғары, сол қол төменде. 1-2. Түзу қолды артқа сілтеу 3-4. | 4 рет | Қолды түзу ұстауға тырысу |
4-жаттығу. Бастапқы қалып. Оң қол жоғары, сол қол белде. 1-2. Солға иілу. 3-4. Оңға иілу. | 4 рет | Тереңірек иілуге тырысу. | |
5-жаттығу. Бастапқы қалып. Екі қолды белде. 1-2. Денемен артқа иілу. 3-4. Алға иілу. | 4 рет | Алға иілгенде тізені бүкпей иілуге тырысу. | |
6-жаттығу. Бастапқы қалып. Қолды белге қойып, секірудің әр түрлі әдістерін жасау. 7-жаттығу. Бір орында жүру. Демді алып, шығару. | Аяқтың ұшымен биіктеу, жеңіл секіру. | ||
Негізгі бөлім | Баскетбол ойынында айып добын себетке салу. Баскетбол ойынында айып добын себетке салу әдіс - тәсілдерін үйрету.Оқушыларға іс - жүзінде көрсетіп беру. | Допты бір орында тұрып, өкше көтерілмеуін қадағалау, себеттің қашықтығын есептеу керек. Дәлдікті арттыру. | |
Қорытынды бөлім
| 1. Сапқа тұрғызу. 2.Дем алуға арналған кешенді жаттығулар жасату. 3.Оқушыларды бағалау. | 3 мин | Үйге тапсырма беру. Айып добын себетке салу. |