9- сыныпқа арналған «Ат спорты» курсы оқушыларға халқымыздың қанына сіңген жылқы малының қадыр-қасиетін тыңғылықты түсіндірумен қатар, бабаларымыздан қалған дәстүрлерімізді жан - жақты насихаттауға әсер етеді. Аталған курс арқылы оқушылар аттың жалында өскен қазақ ұлтының жылқы малына деген ерекше сүйіспеншілігімен қатар, өз денсаулықтарын нығайтуға, ата-аналарына қолғабыс ете отырып, сүйікті істерімен шұғылдануға мүмкіндік алады. Сонымен қатар ауыл балаларының ат спортына деген ерекше қызығушылығы да осы курсқа да өз әсерін тигізе біледі. Аймақтық компонент ретінде кәнігі ат бегілер мен жылқышылардың нақты деректері мен әңгімелері, ауылдан шыққан қас жүйріктер жайлы мәліметтер өз әсерін тигізеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
«Ат спорты» қолданбалы курсының авторлық бағдарламасы
Бағдарламаның авторы: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Берікбол С.Қ.
«Ат спорты» қолданбалы курсының
авторлық бағдарламасының түсініктемесі
9- сыныпқа арналған «Ат спорты» курсы оқушыларға халқымыздың қанына сіңген жылқы малының қадыр-қасиетін тыңғылықты түсіндірумен қатар, бабаларымыздан қалған дәстүрлерімізді жан - жақты насихаттауға әсер етеді. Аталған курс арқылы оқушылар аттың жалында өскен қазақ ұлтының жылқы малына деген ерекше сүйіспеншілігімен қатар, өз денсаулықтарын нығайтуға, ата-аналарына қолғабыс ете отырып, сүйікті істерімен шұғылдануға мүмкіндік алады. Сонымен қатар ауыл балаларының ат спортына деген ерекше қызығушылығы да осы курсқа да өз әсерін тигізе біледі. Аймақтық компонент ретінде кәнігі ат бегілер мен жылқышылардың нақты деректері мен әңгімелері , ауылдан шыққан қас жүйріктер жайлы мәліметтер өз әсерін тигізеді.
Курстың мақсаты:
Ұлттық «Ат спортын» ғылыми еңбектер, нақты зерттеулер және аймақтық компонент арқылы оқушылардың қызығушылығын шыңдай отырып, жан жақты дамыту.
Курстың міндеттері:
Жылқы малының ел тарихындағы қадыр-қасиетін түсіндіру;
Қасиетті жылқы малына, соның ішінде ат спортына деген қызығушылықтарын арттыру;
Ат спорты жайлы ой өрістерін дамыту;
Ұлтжандылық пен жан жануарларға деген адами сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Ат спортын насихаттау;
Оқушыларға ат спортының денсаулыққа келтіретін пайдасын түсіндіру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.
Қолданылатын педагогикалық технологиялар:
Коммуникативті, сын тұрғысынан ойлау
Курсты жүргізудегі әдіс - тәсілдер:
Лекциялар;
Топтық жұмыс;
Пікір алысу;
Кездесулер;
Өздік жұмыс;
Тестілеу.
Пәнаралық байланыс:
Казақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, ауыл тарихы, дүниежүзілік тарих, геральдика, биология, мәдениеттану,этика, психология, музыка.
Курсты жүргізу түрі:
Түсіндіру, слайд шоу, лекциялар, кездесулер, практикалық жұмыс, табиғат аясындағы экскурсиялар.
Курсты қорытындылау:
Зерттеу жұмыстары, ат әбзелдерін әзірлеу, практика жүзінде қорытындылау және жүзеге асыру.
Өткізу уақыты:
Аптасына 1 рет, оқу жылы барысындағы сағат саны – 34 сағат.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
М.Болғамбаев «Қазақтың ұлттық спорт түрлері» «Қайнар» баспасы 1985 жыл
Ғ.Нұрпейісов «Бесқара» «Қайнар» 1982 жыл
Ғаламтор ресурстары
Атбегілердің жеке мұрағатынан материалдар
«Ат спорты» қолданбалы курсының
күнтізбелік-тақырыптық жұмыс жоспары
№
Тақырыптың атауы
Сағат саны
1 –тарау. (3 сағат)
1
Төрт түліктің сұлтаны – жылқы
1
2
Жылқы малының түрлері, биологиялық ерекшеліктер
1
3
Жылқы шаруашылығы: кеше, бүгін, ертең
1
2-тарау (3 сағат)
4
Ат әбзелдері
1
5
Жегін құралдары
1
6
Ауылдағы ұсталық өнер
1
3-тарау (3 сағат)
7
Жүйрік ат – әлем әдебиеті мен мәдениетінде
1
8
Жүйрік ат – қазақ әдебиетінде, музыкасында,
1
9
Жылқы малымен байланысты мемлекеттік нышандар тарихнамасы
1
4-тарау (3 сағат)
10
Әлем елдеріндегі ат спорты тарихнамасы
1
11
Қазақстандағы ат спорты тарихы, даму барысы, қазіргі жағдайы
1
12
Ат спортының түрлері
1
5-тарау (4 сағат)
13
Төрт аяққа жер мен көкті табындырған бәйге. Оның түрлері.
1
14
Атбегілік өнері
1
15
Жылқы сыны
1
16
Шабандоздық
1
6-тарау (3 сағат)
17
Қазақтан шыққан атақты тұлпарлар
1
18
Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр тазы – ер жігіттің серігі. Атпен байланысты аңшылық өнер түрлері.