Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім – Ойлауды дамытуға арналған командалық ойындар. | Мектеп: 18 |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жумабаева Айна |
Сынып: 3 | Қатысқандар саны:11 | Қатыспағандар саны:0 |
Сабақ тақырыбы | Ролдерді анықтайтын ойын әрекеттері. |
Оқу мақсаттары | 3.2.8.1 - қозғалыс белсенділігіндегі рольдерді анытау және көрсету. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: дене жаттығуларын орындаукезінде қиындықтармен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді. Көптеген оқушылар: салауатты өмір салты үшін дене белсенділігінің маңыздылығын түсінеді. Кейбір оқушылар: мұғалімнің көмегінсіз өз бетінше дене жаттығуларын жасай алады. |
Бағалау критерийлері | денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді; жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді түсінеді. |
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология • денсаулық, дене қыздыру, пульстің жиілігі, физикалық қасиеттер • қыздыру әрекеттері: бір орнында жүгіру, аяқтарын қосып секіру, аяқты қосып, ашып секіру, алға еңкею • жүгіру, тез жүріс, жәй жүріс • бұлшық, жүрек соғуының қысқаруы, жылдамдықтың қалыпқа келуі • бағыт, кеңістік • ойын, команда, ынтымақтастық • тактика, стратегия Талқылауға арналған сұрақтар: • Денені не үшін қыздырамыз? • Дене шынықтыру мен айналасқан кезде сіздің денсаулығыңыз жақсарама? • Сапа қалай дамиды жүгірген кезде? • Сіз айта аласыз ба, спортпен айналысқанда неге тыныс алу жиелейді? • Сіз айта аласыз ба, дене шынықтыру белсенділігінен кейін • Қалпықа келу сондай маңызды ма? • Сіз айта аласыз ба, біз сабақ уақытында кеңістікті не үшін бақылауымыз керек? • Командада ынтымақтастық маңыздыма? |
Құндылықтарды дарыту | оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады; ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс; оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады; |
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді). |
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету(АКТ қолданған жағдайда) |
Бастапқы білім | Оқушылар өткен сыныптарда, дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс уақытта алған гимнастикалық жаттығуларды орындау дағдыларын қамтиды. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 10 мин | І.Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен... иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Кеңістікте топпен жүгіргенде неге сақ болу керек екенімізді айта аласын ба? Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай . 1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру. 2. Жеңіл жүгіріске көшу . 3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру. 4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде 5. Жылдамдыққа жүгіру 6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру. Ж.Д.Ж. орнында ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді Оқушылар бір-бірін бағалайды Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. Жолдарды салуға арналған ленталар. |
Сабақтың ортасы 25 мин. | (С, Ж, ҚБ) «Соккыртеке». Сынып екі топқа бөлініп, бір бірінің қолынан ұстап шеңберге тұрады, ал үш-төрт ойыншы шеңбер ішінде, оның бірінің көзін байланады ол жүргізуші. Шеңбер ішіндегі ойыншылар көзі байлаулы жүргізушіні қолымен түртеді.Жүргізушы оны шеңбер ішнде бір ойыншыны ұстап есімін айтып беруі тиіс. Ергер жүргізуші дұрыс тауып есімін айтатын болса сол ұсталған ойыншы көзін байлап ойынды жалғастырады. (Т, ҚБ) «Арқан тартыс». Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. (Шанырактар). Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Арқанның ортасы кішкене лентамен белгіленеді. «Арқанға жақында!» бірінші белгісі бойынша ойыншылар командада жұптарға бөлініп, арқанның оң және сол жақтарына тұрады. «Арқанды ұста!» екінші белгісі бойынша жұптар еңкейіп, арқанды көтереді. Мұғалімнің ысқырығы бойынша командалар арқанды өз жағына тартуға тырысады. Командалардың бірі арқанды тартып, бақылау сызығынан 3 м кейін шегіне алған кезде (арқанның ортасындағы бауымен белгіленген жерінен), ысқырық беріліп, күрес тоқтатылады. Арқанды орнына қойып, ойынды қайталайды. Арқанды өз жағына көп рет тарта алған команда жеңіске жетеді. ( Т, Ж, ҚБ) «Қазан». Сынып екі командаға бөлінеді. Сызықтан 5, 7, 10 адым қашықтықта жерге диаметр 20 см үш шұңқыр қазылады. В земле выкапываются 3 ямки диаметром 20 см (казан) на расстоянии 5, 7, 10 шагов от линии бросков. Егер спорт залда өткізетін болсаңыз қорап пен жерге шеңбер сызуға болады. Ойыншылардың лақтыру реті өз ерікімен. Ойыншылар кезегімен доп лақтырады. (кіші теннис добы) Ұпай саны шеңберге түскен доптан саналады. (1 шұңқыр 5 ұпай, екінші 10 ұпай, үшінші 15 ұпай) Ә р ойыншы ұш рет лақтырады. Ең көп ұпай алған командалар жеңіске жетеді.(Т, Ж, ҚБ) «Такия тастамак». Оқушылар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреуінің артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер біреу сезіп қойса, жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына тұра қалуға тырысады. Ойын осылайша қайталанып барлық оқушылар жүгіріп шыққанша жалғасады. Дескриптор: Қауіпсіздік ережесін сақтайды. Ойынның ережесін біледі,қорғаныстағы әдіс-тәсілдерді құрады және оны ойында қолданады. ҚБ: бірін-бірі бағалау, бақылау | Үлкен, бос кеңістік, ысқырық. Шеңберлер, секіртпе жіптер, гимнастикалық маттар, орындықтар, конустар, бор, уақыт өлшеуіш. «Жеңіл атлетика элементтері бар эстафета ойындары» интернет ресурсынасілтеме: http://u-s.kz/publ/10618-podvizhnye-igry-i-estafety-s-elementami-legkoy-atletiki.html |
Сабақтыңсоңы 5 мин. | Сабақты қорытындылау. Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру; Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру; Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті; Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді; Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? | Құрал-жабдықтарды жинау. Кері байланыс үшін парақ. |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады. Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру » | Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы. Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу. Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма? Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма? Бақылау, тыңдау, сұрақтар Оқушылардың қалай жүргендерін бақылау Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау | Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу; Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету; Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау. Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу. |
Рефлексия Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? | Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған. |
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |