Білімділік: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойыныны жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылықтарын ояту.
Дамытушылық: Асық ойнату арқылы оқушыларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа әділдікке баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендерін сақтап әлемдік деңгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.
Көрнекілік : Асық, презентация
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды түгендеу
Ой қозғау
-Асық туралы не білеміз?
-Асық-қазақ халқының ұллттық ойыны
-Асық қазақ халқының , ырымдарында қадірлі сүйектің бірі.
-Баласының ермегі, сүйікті ойыны болған.
-Компьютер ойыны баланы ашушаң, қатігез, мейірімсіз етеді, көз жанарын бұзады. Қазір балалардың екінің бірі көзілдірік киеді, ал Асық ойыны бұрын батырларымызды мергендікке тәрбиелеген.
3.Кіріспе
Ұлттық ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбінісі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделген қазақ халқының ұлт ойындарын да осығанда икемделген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен , балалар ойынның көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арғыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйлерін шыңдап, оларды дәлдікке , ұстамдылыққа байсалдылыққа тәрбиелеген. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылықта болмайды. Ондай қасиеттер болмаса, адам ойыны да , өмірде көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.
Асық ойыны баланың күн қзақ қимылына тигізер әсері мол. Ойын барысында
*жүгіру
*жүру
*иілу
*секіру
*сақа иіру
*көздеп тигізу
*лақтыру
*ату т.б.түрлері жатады.
Жаңа сабақ : «Өз жүрісін алу»
Бес асық ойыны . Өз жүрісін алу үшіні сақалар жарысы болады.
Асық ату ойынында өз жүрісіңді алу үшін сақалар жарысы болады.
Ханталапай ойыны өз жүрісін алу үшін сақалар жарысы болады.
4.Асық атаулары:
1. Құлжа- арқардың аталығының асығы
2. Сақа –арқардың асығы
3.Жабайт-еліктің асығы
Шүкімайт-еліктің асығы
5.Асыққа байланысты ырымдар:
1. Келіннің аяғы ауырлап босануға тақағанда, енесі не атасы ырымдап асық жинап жүреді.Атаның құдай ұл берсе деп тілегені. Оны оңаша жинап, келінге сездірмеуге тырысады. Ондағы ойлары көз тимесін, келін аман есен босансын деп тілек тілеуінің бір тәсілі.
2.Әр баланың бесігіне қасқырдың асығын, тырнағын тағуы мүмкін. Бұл әрекетің астары көз тимесін, ауырмасын және айбатты, қайтпас қайсар болсын дегені.
3. Ерте кездегі табиғаттың қатал, аңдардың олжаға оңай ілікпейтіндігін аңшының адал еңбегі, ер азаматтың қайраты мен жау жүректілігін екендігін жақсы білеміз. Сондықтанда аңның асығы қадірлі болады.
Асықты иіріп тастағандағы жатысы бес түрлі аталады.
А\ Ең сәтті тұрғандағы атауы «Алшы»-барлығын бірден ұтасың.
Ә\Төңкеріліп тұрғаны тәукі-тәуекел мағынасы (тәйкі)
Б\Етбетінен жатқаны «Бүк» (бүк түсіп жату)
Г\Шалқасынан түскені «Ішік» (іші көрініп жату)
Д\ егер еңкейіп, тұмсы,ымен тік қадалса «Омпа» (омақаса құлаған)
Таза тұрмай-алшы тұрса қтсайып, не тәйкі қисайып тұрса «қырта» дау туғызатын (қырыннан жату) деп аталады.
6. Ойнату
7.Сәйкестендіру тесті
8. Жеңімпаздарды анықтау
9. Үй тапсырмасын беру: Барлық асыққа байланысты қазақ халқының мақал мәтелдерін біліп келу.