kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Дене тәрбиесі - салауатты өмір негізі" тақырыбына арналған мақала

Нажмите, чтобы узнать подробности

Салауатты өмір сүру үшін кунделікті тәртіп сақтау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Дене тәрбиесі - салауатты өмір негізі" тақырыбына арналған мақала»

Қазақ гуманитарлық -техникалық колледжі

Дене шынықтыру пәннің оқытушысы: Тайбасаров Р. Д.



Тақырыбы:Дене тәрбиесі - салауатты өмір негізі.

Бүкіл әлемдегі дәрігерлер мен педагогтар әлдеқашан ортақ пікірге келген еді: ұлт денсаулығын сақтап қалу үшін барлық күш жігерді біріктіру және оны балалар денсаулығын қорғауға бағыттау қажет.

XXI ғасыр–ақпараттардың аса молдығы бойынша бұрын-соңды болмаған ғасыр. Біз балаларға денсаулықты сақтау, түрлі аурулардың алдын-алу, салауатты өмір салты туралы көп айтып жүрміз.

Ал, бұл мәселелерді шешу балалар денсаулығын сақтау, оның ішінде дене тәрбиесі, психологиялық тұрақтылықты арттыру, орынды тамақтану және көптеген басқа мәселелер бойынша маңызды жұмыстарды қажет етеді. Мектеп мұғалімінің алдында оқушыларға білім берумен қатар олардың дені сау, дене бітімінің дұрыс жетілуін қадағалау міндеті тұр. Бүгінгі алдымызда отырған оқушы -ертеңгі еліміздің экономикалық қуатын, мәдени және рухани байлығын жақсартуға ықпал ететін жеке тұлға.

Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі. Қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге деген белсенділігі мен ізгілікті қатынастарын дамытуға бағытталған.

Дене тәрбиесі-өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.

Дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері оқушының өз бетінше ұйымдастырылған жұмыстарымен толықтырылған жағдайда нәтижелі болады.

Оқушының күнделікті қозғалыс тәртібін толықтыруға арналған жұмыс түрлері дене тәрбиесі жүйесінің элементтері есебінде болды:

Таңертеңгі гимнастикалық жаттығулар. Күнде таңертеңгілік 9-10 жаттығудан тұратын кешен. Бұл оқушылардың орталық нерв жүйесін қалыпқа келтіріп, оқушы ағзасын сергітеді.

Мектепке дейінгі және үйге қайтар жолдағы серуен. Таза ауада жаяу жүрудің өзі шынығу, сауықтыру әсерін тигізеді.

Оқу сабақтарына дейінгі жаттығу. Сабақтағы нәтижелі іс-әрекет пен оқу күнін белсенді бастауға мүмкіндік туғызады.

Дене тәрбиесі сабақтары. Бұл сабақтар мазмұны мемлекеттік талап пен оқу бағдарламасына сәйкес белгіленіп, оқушылардың күші мен жылдамдығын, ептілігі мен шыдамдылығын, ерік-жігерін, батылдық пен табандылықты және тез шешім қабылдау секілді тәрбиелік қасиеттерді дамытады.

Сабақ үстінде сергіту минуттары. Ой еңбегі барысында ағзаның тынығуына әсерін тигізеді.

Үлкен үзіліс кезіндегі дене жаттығулары мен қозғалмалы ойындар. Оқу күні ортасында оқушылардың белсенді демалысын қамтамасыз етеді.

Спорттық үйірмелер, ұйымдар мен топтардағы жұмыс. Белгіленген спорт саласы бойынша оқушының жалпы және арнайы дайындығын көрсетіп, дене жаттығуларымен жүйелі айналысуды қамтамасыз етеді.

Жалпы мектепішілік спорттық бұқаралық шаралар. Бұл жұмыс түріне денсаулық және спорт айлықтары, спорттық мерекелер, жалпы мектепішілік сайыстар жатады.

Бұл шаралар барлық оқушының спорт пен дене тәрбиесі жаттығуларына қызығушылығын туғызып, салауатты өмір салтының негізін қалайды.

- Өз бетінше дене жаттығуларымен айналысу. Бұл жұмыс түрі қозғалыс тәртібінің маңызды бөлігі. Кей жағдайда ең тиімді әдіс болып есептелінеді, себебі оқушының жеке тұлғалық қызығушылықтары мен қабілетіне, сұранысына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс өз нәтижесін береді.

Денсаулық-байлық қана емес, ол адам бақытының бастауы, тіршілік көзі. Ұлы ақын Абай данамызда «Денсаулық- терең бақыт»деген.

Ғылым мен техниканың күн санап қарыштап дамуы, экологиялық зардаптардың белең алуы, ой еңбегі мен дене еңбегінің ара қатынасының алшақтауы, әр-түрлі зиянды әдеттердің (шылым шегу, алкоголь ішімдігі, есірткі пайдалану т.б) пайда болуы секілді құбылыстарға қарсы, салауатты өмір салтын қалыптастыратын тегеурінді күш иесі-спорт. Спортпен шұғылданған баланың денсаулығы мықты, өзі әлді, төзімді, икемді, әрі нәтижелі болады. Еліміздің келешегін жалғастыратын жігерлі, білімді азамат болып шығады.

Салауатты өмір салтының насихатталуы, ауыл мектебіндегі спорттың өсуі, одан әрі өркендеуі, әлемдік деңгейге жетуі, кейінгі жастар үшін үлгі-өнеге болатыны үлкен дәлел.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында

«Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз», -деген болатын. Елбасымыздың осы тұжырымы арқылы, мұғалімдер ұжымы өз алдымыздағы қоғамдық міндеттің жауаптылығын сезінуіміз қажет.


Дене  тәрбиесі – қоғамдағы  жалпы  мәдениеттің  бөлігі, адамның  дене  қабілеттерін  дамыту   мен денсаулығын  нығайтуға  бағытталған  әлеуметтік қызметтің  бір  саласы. Жастардың  жан —  жақты  дамуын  дене  тәрбиесінсіз  елестету  мүмкін  емес. Денесі  жақсы  дамыған  деп  күн  режиміне  спортпен  жүйелі  айналысуды енгізген,  ағзаның  шынығуы  үшін  табиғи  факторларды тұрақты  пайдаланатын, жұмысты  белсенді   демалыспен  кезектестіріп  отыратын жас  адамды  айтамыз.

Біздің  елімізде  кәсіподақтардың  бірыңғай  ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары  құрылған. Оның  негізгі  міндеттерінің  бірі  балалар мен жеткіншектердің  арасында  дене  шынықтыру – сауықтыру  және  спорт жұмыстарын ұйымдастыру  болып  табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және  жеткіншектік  жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде  дене  жаттығуларымен  айналысу  кажеттілігі қалыптасады, дағдылар  мен іскерліктер  жинақталады, спортқа қызығушылық  калыптасады.

      Гимнастика — дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары — спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз — адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.

Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі — гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика — денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.

Ырғақты гимнастика — негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.

Атлетикалық гимнастика — жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен — жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.

Спорттың гимнастика — бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары — керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары — бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.

Спорттың акробатика — жұптасып және топтасып орындалатын акробатикалық жаттығулар. Гимнастиканың бір түрі ретінде қаралатын аса күрделі жаттығу.

Көркем гимнастикамен әйелдер шұғылданады. Жалпы көркем гимнастикасының орындалуы би қозғалысына негізделген, қолда әр түрлі құрал-жабдықтарды ұстап жүріп немесе лақтыра отырып, сол құралдың қозғалысымен бірге билеп жүріп орындалады.

Ең әуелі гимнастика сабағы басталмас бұрын, сабақтың қауіпсіздік ережесін үйрену керек. Мұғалімнің тұжырымдамасымен орындалады. Гимнастикамен арнаулы шұғылданушы өзі сақтана жүріп, спортпен шұғылданудың жалпы ережесін білуі керек. Содан кейін, әріптесін сақтандыра білуі керек. Мұны орындау әр спортшының міндеті.

Жеңіл атлетика — бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары — тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.

Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.

Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс. Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп және ядро. Секіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.

Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.

Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық.

Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолданады. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек.

Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші — жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды.

Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты.



Қолданылған әдебиет:


  1. Қасымбекова С, Герасименко В. Дене тәрбиесі. – А.: «Мектеп» баспасы,2005.


  1. Горанько М.И. , Құлназаров А.Қ., Қанағатов Е.Б. Президенттік сынамалар.- «Аль-Фараби» баспасы, 1997.



  1. Жуманова А.С. Нетрадиционные виды и новые формы гимнастики: Учебное пособие.- Алматы, 2002.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Дене тәрбиесі - салауатты өмір негізі" тақырыбына арналған мақала

Автор: Тайбасаров Риза Даулетович

Дата: 24.01.2018

Номер свидетельства: 452121

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Урок "Балар мен жас?спірімдер гигиеналы? т?рбие беру""
    ["seo_title"] => string(52) "urokbalarmienzhasospirimdierghighiienalyktrbiiebieru"
    ["file_id"] => string(6) "312452"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459343383"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "Футбол. «Белсенділігі төмен қорғаушыға қарсы әр түрлі бағытта доп алып жүру»."
    ["seo_title"] => string(80) "futbol_bielsiendilighi_tomien_k_org_aushyg_a_k_arsy_r_turli_bag_ytta_dop_alyp_zh"
    ["file_id"] => string(6) "450371"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516118414"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Бастауыш сыныптар?а «Доппен спортты? ойындар»"
    ["seo_title"] => string(41) "bastauyshsynyptargadoppiensporttykoiyndar"
    ["file_id"] => string(6) "275461"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452582581"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(172) "Спорт ойыны: «Тордан 3-6 м. қашықтыққа орналасып, допты төменнен ойынға қосу.Үйрету, жетілдіру.»"
    ["seo_title"] => string(80) "sport_oiyny_tordan_3_6_m_k_ashyk_tyk_k_a_ornalasyp_dopty_tomiennien_oiyng_a_k_os"
    ["file_id"] => string(6) "454576"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1517728501"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства