kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ: Қазақтың ұлттық ойындары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақтың ұлттық ойындары тақырыбына арналған сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: Қазақтың ұлттық ойындары»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 4 бөлім Қазақтың ұлттық ойындары

Мектеп: №17 жббм кмм

Күні: 13.12.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Кочерова А

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың ұлттық ойындары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана білу

Сабақтың мақсаттары

Барлық білім алушылар Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау кезінде қауіпсіздік ережесін біледі. Әр-түрлі физикалық әрекеттерді пайдаланып, қазақтың ұлттық ойындарды ойнай алады. Жаттығу кезінде қауіпсіздік ережесін қолданады. Білім алушылар жаттығу барысында көрсетеді.

Көпшілік білім алушылар

Барлық білім алушылар жаттығулар кезінде Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау кезінде қауіпсіздік ережесін біледі, талдайды.

Білім алушылар қауіпсіздік техникасын түсінеді, жаттығу кезінде қолданады, ажыратады.

Кейбір білім алушылар

білім алушылар жаттығулар кезінде Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау кезінде қауіпсіздік ережесін біледі, талдайды.

Білім алушылар қауіпсіздік техникасын түсінеді, жаттығу кезінде қолданады, ажыратады. Ойын кезінде көшбасшы бола алады.


Жетістік критерийлері

Білім алушы:

  • Қазақтың ұлттық ойындарын біледі.

  • Біріккен әрі тиімді жұмыс көрсетеді.

  • Ойын кезінде әр түрлі физикалық әрекеттерде дағдыларын түсініп қолданады.

Тілдік мақсаттар


  • Стратегия,тактика, жүріс

  • Ойыншы ,төреші,.


Құндылықтарға дарыту



Еңбек пен шығармашылық:

Оқушылардың бойына өзінің жұмысын ұйымдастыра білу, белсенділік, ынталылық, адалдық, жұмысқа деген қызығушылық, үздік нәтижеге қол жеткізу, ұждандылық қасиеттерін дарыту

Пәнаралық байланыс

Математика, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары


Бастапқы білім

4-5 сыныптан қалыптасқан

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Б=барлық сынып, ЖЖ=жұптық жұмыс, Тәж=оқушы тәжірибесі, Ф=формативтік бағалау, Т=топтық жұмыс, Ж=жеке жұмыс, К=оқытушы көрсетеді

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин


Шаттық шеңберге тұрғызамын. Шаттық шеңберінде Тұрғын үй, жер сілкінісі ойынын ойнату . Оқушылар екі-екіден қол ұстасып тұрады. Үшіншісі оқушы екі кісінің ортасында тұрады:

1.Жүргізуші «тұрғын» дегенде, ортадағы кісілер орнын ауыстырады.

2. «Үй» дегенде, қол ұстасқан кісілер ауысады.

3.«Жер сілкінісі» дегенде, барлығы ауысады.(мадақтау арқылы бағалау)

Білім алушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру үшін «Бірге ойлаймыз» әдісі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда. 
• көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз. 
• мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды; 
• осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді; 
• талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл. 


Кең, бос, ашық алаң, ысқырық


Сабақтың ортасы

25 мин

1-тапсырма.

1-тапсырма

Арқан тарту — ұлттық ойын.

Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам немесе сыныптың адам санына тең бөлінуге болады, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.

Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»... деп сол жақ шетіне дейін санап шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады. Сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, коллективтік іс-әрекетке тәрбиелейді. 

Адал ойындағы адамгершілік құндылықтары туралы шағын топтарда талқылау.

Ойыншыларды қошеметтеу, сырттай бақылау, нәтижелерін есепке алып екі жұлдыз бір тілек айту

2-тапсырма

««Жаяу көкпар» — ұлттық ойын.

Бұл ойын спорт залда, жазды күні, кең жазықта ойналады. Ойын өтетін жердің ұзындығы 50—60 метр, көлденеңі 25—30 метрден кем болмайды. Сол жазық алаңның бір шетіне шағын авто көліктін дөңгелегін қоямыз. Алаңның екінші шетінен де шағын авто көліктін дөңгелегін қоямыз.Бұны «Қазандық» деп атайды. Ортадан сызық сызылады. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді де сол ортадағы сызықта сан құрып тұрады. Ойынды төреші ысқырық арқылы бастайды. Көкпарға салмағы 3(үш) кг доп қолданамыз. Төрешінің берген ысқырығы бойынша ойын басталады. Екі топтың ойыншысы ортада жатқан 3(үш) кг допқа (яғни көкпарға) қарай жүгіріп кім бірінші жеткен топ өзерінің ойыншыларымен бірігіп қарсы топтын қазандығына салу керек. Топтың қалған ойыншылары оған көмекке келеді. Ал қарсы топ,қорғанып салдырмауға тартып алуға тырысады. Көкпармен бірге алда жүгіріп бара жатқан ойыншы мәре сызығына қарай жақындайды. Қай топ көкпарды қазандыққа бірінші тастаса сол топ бір ұпай алады да ойын төреші арқылы көкпарды ортадан бастайды.Ойыншысы бірінші болып көкпарды жеткізген топ жеңімпаз атанады.

Қызу тартыс басталады. Ойынға қатысушылар айла-амал қолданып, алаңның ішінде бұлтарып қаша жүріп, өз тобының«Қазандыққа» бұрын әкелуін қарастырады. Бірақ белгіленген межелі жерден шығуға болмайды Егер белгіленген межелі жерден шықса, көкпар ортаға жеткізіледі , көкпарға таласу төреші арқылы басталады.Ойынға допты да пайдалануға болады. (бірін-бірі бағалау)

Сіздің міндетіңіз: жүгіріп бара жатып допты қазандыққа салу.Ойын қызметі барысында оқушылар «көкпарды» ұстап алу бойынша стратегия мен тәсілдерді қолдану қажет.

Тиым салынады: қатысушыны ұруға, арқасынан итеруге, бір біріне деген басқыншылық әрекетті қолдануға.

Топ бір ұпай алады. Қарсылас топ қарсыластардың жолын жауып, қарсылас топтың «қазандыққа» өтуге мүмкіндік бермей кедергілер құрастыруы қажет. Адал ойындағы адамгершілік құндылықтары туралы шағын топтарда талқылау.

Жіктеу: доппен жұпта ойнау, қолдарынан ұстасып, алаң бойынша қозғалу қажет. Жұптың мақсаты – «көкпарды» «қазандыққа»салу,лақтыру.

Сұраңыз: Қай әдіс-тәсіл бір-бірімен жақсы үйлеседі? Ойыншының арасынан дұрыс өтуді қалай орындау керек?

Оқушылар ұсынылған жаттығу өрнектерін топтарда талқылау және талдау мен баға беру.







Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық.


















































Доп,қазандық ысқырық







Сабақтың соңы

  1. мин


Кері байланыс «Бутерброд» әдісі

Топтар бір біріне бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір айтады.

Мадақ

Сын

Мадақ

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті білім алушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Саралауды сабақ мақсаттарын құрғанда ескеріп кеттім. Саралауды

1.Білiм aлушылapдың дeңгeйiнe қapaй тапсырма бepeмiн.

2. Caбaқ бapыcындa бiлiм aлушылapдың қaжeттiлiктepiн қaнaғaттaндыpдым

3. Бiлiм дeңгeйi жoғapы білім алушылapғa күpдeлi тaпcыpмa бepeмiн

-Кpитepиалды бaғaлaу әдiciн қoлдaнaмын

-Сырттан жүріп бaқылaу әдiciн қoлдaнaмын

-Бac бapмaқ әдiciмeн бaғaлaймын

-Екі жұлдыз бір ұсыныс


1.Бiлiм aлушылapдың дұpыc тыныc aлуы қaдaғaлaнады;

2. Дұpыc мүciн қaлыптacуын ecкepeмiн;

3. Жaлпы дaмыту жaттығулapын дұpыc opындaуын қaдaғaлaймын;

4.Caбaқ бapыcындa қaуiпciздiк тeхникacын caқтaуын ecкepeмiн


Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Ашық сабақ: Қазақтың ұлттық ойындары

Автор: Кочерова Ақтолқын

Дата: 08.06.2022

Номер свидетельства: 609163

Похожие файлы

object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Ашы? саба?  "?аза?ты? ?лтты? ойындары" "
    ["seo_title"] => string(39) "ashyk-sabak-k-azak-tyn-u-lttyk-oiyndary"
    ["file_id"] => string(6) "169157"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1423379549"
  }
}
object(ArrayObject)#905 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""?аза?ты? ?лтты? ойындары" сайысы "
    ["seo_title"] => string(34) "k-azak-tyn-u-lttyk-oiyndary-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "175465"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424272498"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) ""?аза?ты? ?лтты? ойындары"  ?аза? тілінен ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(55) "k-azak-tyn-u-lttyk-oiyndary-k-azak-tilinien-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "199252"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1428557350"
  }
}
object(ArrayObject)#905 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Қазақстың ұлттық ойындары"
    ["seo_title"] => string(28) "k_azak_styn_u_lttyk_oiyndary"
    ["file_id"] => string(6) "402577"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490247561"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнін де қолдану"
    ["seo_title"] => string(66) "k_azak_tyn_u_lttyk_oiyndaryn_dienie_shynyk_tyru_p_nin_die_k_oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "400990"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489687993"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства