kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Активные виды спорта

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сведения о пяти активных видов спорта. Призывает людей всех возрастов заниматься данными видами спорта

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Активные виды спорта»

СПОРТТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ БЕЛСЕНДІ БЕС ТҮРІ

Спорт (фр. desport — жалқу) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.

Спорттың даму тарихына зер салсақ қоғамдағы өзгерістер мен қатар спорттың мән-мағынасын да түсінуге болады. Бүгінгі күнге белгілі үңгір өнерінің көп үлгілерінде дәстүрлі ырымдық ритуалдыр көріністері бейнеленген. Осы бейнеленген көріністерді сенімді түрде қазіргі мағынадағы спортқа жатқызуға болмағанымен сол кездің өзінде спортқа жақын әрекеттердің орын алғаны хақында байлам жасауға болады. Франция, Африка, және Аустралияда орналасқан бұл бейнелердің осыдан 30 000 жыл бұрын жасалғанын айта кеткен жөн.

Қытай жерінде біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құралыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты-мыс. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды.

Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталған Олимпиада ойындары өтіп тұрған.

Осы күндері адамзаттың даму деңгейіне сәйкес, әсіресе БАҚ пен жаhандық байланыс жүйелерінің пайда болуымен спортпен шұғылдануға көпшіліктің мүмкіндігі өсуде. Спорт кәсіпқой спортқа айналып одан әрі адамзатты қызықтыруда.

Спортты сүйікті іске айналдыру қиын ба? Спорт адамның мінезіне, дене бітіміне, денсаулығына, тіпті тағдырына әсер ете алады. Өмірде мықты, икемді, төзімді, сымбатты болғыңыз келе ме? Ендеше денсаулықты нығайтуға көмектесетін ең белсенді 5 спорт түрін біле жүріңіз. Сонымен:

Суда жүзу

Барлық бұлшық етіңді күш кетірмей жаттықтыруға болады. Денсаулығына байланысты қатты қимылдауға болмайтындар үшін аквааэробика таптырмас дүние. Суда жүзу мжамбас, арқа, іштегі бұлшық етті нығайтады. Артық салмақтан арылып, кеудеңді тік ұстап, кең тыныстап демалғың келсе, бассейнге жазылып, суда көбірек жүзіп, малты. Жазда отбасына арналған ашық аспан астындағы табиғи суда, ал қыста бассейнге түс. Суда жүзіп, малтып үйреніп алсаң, жақсы нәтижелерге қол жеткізу қиын емес. Тек бұл іспен тұрақты айналқан жөн. Дмитрий Баландин есіңізде ме? Ол 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен XXXI Жазғы олимпиадалық ойындарда алтын медаль жеңіп алған тұңғыш қазақстандық жүзгіш. Дима брасс стилінде 200 метр қашықтықта жеңіске жетті. Міне, бұрын ешкім білмейтін Баландин спорттың арқасында жұрттың қошаметіне бөленіп, көпшілікке үлгі бола білді.

Суда жүзу кезінде сіздің барлық бұлшық етіңіз жұмыс жасайды. Суда біресе аяқпен, біресе қолмен жүзе алмайсыз. Бәрі бір уақытта сіздің жүзуіңіз үшін қызмет етуі тиіс. Әр бұлшық ет түрліше күш алады. Сол себепті, денеңіздің бұлшық еті өз формасына қарай қалыптасып, сымбаттылығыңыз арта түседі.

Суда жүзу омыртқа ауруларының алдын алады. Қозғалыс дене мүшелерінің қызметін арттырып, омыртқа сүйектерінің жанындағы кішкентай бұлшық еттерді «тынықтырады». Омыртқа бағанасына түскен ауырлықты тежейді. Сонымен қатар, остеохондроз ауруының алдын алып, дене бітіміңізді қалыпқа келтіреді.

Жүрек қан тамырларының жүйесі де сізге «алғыс» білдіреді. Себебі, жүзу жүрек соғысына игі әсер етіп, қан айналымын жүйеге келтіреді.

Бұл спорт түрімен машықтанған адамның тыныс алу мүшесі де жақсы қызмет атқаратын болады. Әсіресе, көкірек қуысы кеңейіп, тынысы ашылады.

Дене температурасы қалыпты жағдайдан шықпай, иммунитетіңіз суық тиюге, тұмауға қарсы тұра алады.

Сонымен қатар, артық салмақтан арылуға көмектесетіні де бар. Көп қозғалыс пен энергияның жұмсалуының әсерінен ағзадағы калория мөлшері азая түседі. Оған қоса, жүзу кезінде омыртқаға травмотологиялық қауіп төнбейтінін ескеру керек.Және де жүзу спорты жүйкені жұқартып, ойды мың бөлген күйзелістен арылтуға сеп болады. Суық су адам денесіндегі жағымсыз эмоция мен негативті көңіл-күйді шайып әкетеді. Бойыңызға қуат беріп, сергітеді.


Велоспорт

Таңертең жол кептелісіне бөгелмей, жұмысқа кешікпей жетсең мәз боласың. Тығырықтан шығудың бір жолы - велосипед. Қос дөңгелекпен діттеген жерге салқын самалмен жетесің. Бойыңа қан жүгіріп, аяқтың бұлшық еттерін нығайтып, құйымшақ пен бөкседегі беріш боп тұрған бұлшық етті босатуға тап осы велосипед себін тигізеді. Жолақы немесе жанармайды да үнемдейсіз. Велосипед спортына Алматы қаласында ерекше көңіл бөлуде. Былтырдан бері мегаполисте велосипедке арналған жолдар салынды. Бұл қалада веложарыстар жиі өткізіледі. Бір сөзбен айтқанда, Алматы велосипедшілер қаласына айналды деуге болады. Ал қыстағы көктайғақта велосипедті жаттығу залында пайдалануға болады. Қол үзіп қалмау үшін аптасына үш рет велосипед тепсеңіз жетіп жатыр. Бұл спорттың түрінде мақтан тұтар жерлесіміз - Александр Винокуров. 2006 жылы Испаниядағы Вуэльтада жеңіп, 2012 жылы топтық жарыста олимпиада чемпионы атанған жерлесіміз көптеген қазақстандықтарды велосипедке отырғызуға жігер берді.

Велоспорт стрестен арылу мен жастықты ұзаққа сақтаудың әмбебап жолы. Зерттеулер көрсеткендей, велосипедпен әуестенетіндердің орта жасы басқалармен салыстырғанда 5 жасқа ұзақ екен. 20 жылға жалғасқан бұл зерттеуге велосипед тебетін 5 мың адам қатысты. Олардың әрқайсысы велосипедті күнделікті қолданатын жандар. Зерттеу нәтижесінде велосипедті жоғары жылдамдықта айдайтындардың өмір жасы ұзағырақ болатыны дәлелденді. Алайда велосипедті тым тез айдау жүрек аурулары бар, физикалық жаттығуларға үйренбегендерге зиян болуы мүмкін. Велосипед серуендері кезінде аяқ, сан бұлшық еттері жұмыс жасайды. Сонымен қатар іш, жамбас, балтыр, тобық та жаттығады. Бұндай спорт түрі қимыл-қозғалысында қиындықтары бар, варикозға шалдыққандарға жақсы ем бола алады. Педальдарды табанның алдыңғы бөлігімен басыңыз. Велосипед тепкен кезде қол, мойын, арқаңызды босаңсытып отырыңыз. Велосипедті өзіңіздің басты көлігіңіз ретінде таңдауыңыз экологияның жақсаруына қосқан үлесіңіз болып саналады. Велосипед қоршаған ортаға мүлдем қауіпті емес. Велосипедпен серуен көңіліңізді көтеріп, күні бойы сергек жүруіңізге кепіл болады. Велосипед тебу – артық салмақ тастауға жақсы көмекші бола алады. Ол аяқ бұлшық еттерін жаттықтырып, сізді шымыр қылады. Велосипед тебу жүрек-тамыр жүйесін жақсартады. Ал егер велоспорт күнделікті әдетіңізге айналса, жалпы денсаулығыңыз жақсы болады.




Волейбол

Адам бойынан биікте ілінген тордан асыра доп лақтыру - адамның сіңірлері мен буындарын нығайтып, дене бітімін өңдеп, көзбен шамалау қасиетін дамытып, шапшаңдықты жақсартады. Сондай-ақ волейбол ойнағанда тыныс алу жүйесі жақсарып, бүкіл бұлшық етің жаттығады. Байқасаңыз, волейболшы қыздардың дене мүсіні келісті-ақ! Басқа да ойындардағыдай, волейбол миыңды демалдырып, жүйкеңді тынышталдырып, күш-қуат беріп, күйзелісті жояды. Сонымен бірге волейболдың да әлемге атыңды шығаруға мүмкіндігі бар. 2013 жылы Қытайда өткізілген Азия елдері бойынша қыздар арасындағы XVII юниорлар чемпионатында ең сұлу волейболшы атанған Сәбина Алтынбекова көп қыздарға үміт сыйлады. Қазір Сәбинаның дүниежүзінде табынушылары көп-ақ.

Теннис

Жасырмай айта кетейік, бұл спорттың бір кемшілігі – құрал-сайманы қымбат. Дегенмен теннисті ұнатқан адамға ол түк емес. Тек синтетикалық жіпті ракетка сатып алып, жақын маңдағы кортқа жазылсаңыз жеткілікті. Есесіне қаншама бонус жинайсыз! Сыптығырдай сымбаттылық, ептілік, шапшаңдық, жылдам реакция және ойыннан алған әсер – шығынның орнын толық толтыра алады. Кейбіреулер теннисті интеллектуалды ойын санайды. Өйткені мұнда қарсыластың әлсіз тұсын есептеп жасайтын әр геймнің тактикасы маңызды. Бұл спорттың түрінен бізге үлгі - жеке топтағы ITF жеті турнирінің жеңімпазы Зарина Дияс.

Үстел теннисін ойнау қол-көз координациясын жақсартады, ақыл-ойды сергітеді, концентрация мен тактикалық стратегияны дамытады. Бұл дегеніміз күні бойы компьютер алдында отыратын кеңсе қызметкерлері үшін таптырмас спорт деген сөз. Мәселен, компьютер алдында көп отыратын адамдар көзге арналған гимнастика жасауды әдетке айналдырғаны абзал. Ал үстел теннисін ойнағанда шапшаң қозғалған допты көру үшін көз қарашықтары еріксіз қозғалатыны айтпаса да түсінікті. Ал мұнымыз, өз кезегінде, көздеріміз үшін керемет гимнастика.

Ойлау шапшаңдығын арттырады. Үстел теннисін «high-speed chess» – «аса шапшаң шахмат» деп бекерден бекер атамаса керек. Бұл спортта допты неғұрлым қатты жылдамдықпен соғу, айналдыра шиіру, үстелге дәл түсіру және қарсыластың соққысына шапшаң бейімделіп, шебер қайтара білу төтенше маңызды. Бұның бәрі тез ойлау мен тез шешім қабылдауды қажет етеді.

Рефлекстерді дамытады, яғни дене қозғалысы шапшаңдығын арттырады. Себебі ойынның сипаты шапшаң ырғақты, қысқа қашықтықты болғандықтан ірі әрі ұсақ бұлшық еттердің қозғалысы жақсарады.

Буындарға аса пайдалы. Тізеңіз ауырады ма, арқаңыз тырыса ма, жауырыныңыз сыздай ма? Онда үстел теннисін ойнаңыз. Ол Сіздің денеңізді лезде сергітіп, буындырыңызға аса ауыртпалық түсірместен-ақ, оларды шыңдай түседі.

Калорияларды жағып, сымдай тартылып жүрудің керемет жолы. Салмағы 69 килограмды құрайтын адам 1 сағат теннис ойнаса, 272 калорияны оңай жағып жібереді екен.

Мидың саулығын сақтайды. Альцгеймер Уикли (Alzheimer’s Weekly) ақпараты бойынша үстел теннисін ойнағаннан мотор дағдылары мен сана сергектігінің шыңдалуы анық байқалған. Жапонияда өткізілген клиникалық зерттеулер нәтижесіне сәйкес үстел теннисін ойнау миға қан ағымын айтарлықтай арттырады екен, тіпті алжудан да сақтауы ықтимал екен.

Мидың түрлі бөліктерінің жұмысын ынталандырады. Қарсыластың соққысын қайтарғанда, ойыншы ми қабығының префронтальды (маңдайға үсті) бөлігін қолданады екен, өз кезегінде, мидың бұл бөлігі стратегиялық жоспарлауға жауапты. Ойынның физикалық белсенділікті қажет ететін ширақ қозғалыстары мидың гиппотоламус деп аталатын бөлігін ынталандырады екен, мидың бұл бөлігі ұзақ мерзімді фактілер мен оқиғаларды қалыптастыруға және сақтауға жауапты.

Ұжым бірлігін арттырады. Әсіресе бұл қызметкерлері бірін-бірі тани бермейтін үлкен мекеме ұжымдарына оңтайлы болмақ. Жұмыс барысында ортақ істес болмағандықтан, әншейінде кездескенде тек амандасумен шектелетін қызметкерлер үзілісте үстел теннисін ойнау барысында ортақ қызығушылықтары пайда болып, шүйіркелесіп жатады. Оның үстіне үстел теннисі жас және жыныс ерекшеліктеріне келгенде аса демократиялық спорт. Яғни оны жас та, кәрі де, ер де, әйел де бір-бірімен ойнай береді.


Күрес

Алдыңғы ұсыныстарға қарағанда, күрестің әр түрі - байланысқа түсетін спорт түрі болғандықтан, мұнда жарақат алу кемшілігі бар. Дегенмен соған бола күрестен бас тартудың қажеті жоқ. Өйткені күрес, бокс, қоян-қолтық күрес, дзюдо, қазақша күрес және тағы басқа жекпе-жектер дененің бұлшық етін берік етіп, төзімділікті шыңдап, әрдайым жинақы жүруге ынталандырады. Дүниежүзінде жанкүйері бар жерлесіміз Геннадий Головкин өмірінде бір жеңіліс таппаған боксшы. Оның жетістігі спортқа бейқам адамның шабытын оятады. Гена тек спортта ғана емес, өмірде де жеңіске жетуге болатынын дәлелдеп берді.

Айта кетсек, 6 сәуір БҰҰ Бас Ассамблеясының 2013 жылғы қарарымен бейбітшілікті сақтау жолында Халықаралық спорт күні ретінде бекітілді. Қарарға: Қазақстан, Беларусь, Грузия, Македония, Ресей, Румыния және Сербия демеушілік жасады. Халықаралық спорт күні ретінде 6 сәуірдің таңдалуы кездейсоқ емес. Алғашқы Олимпиада ойындары 1986 жылы 6 сәуірде басталып, 15 сәуірге дейін жалғасқан болатын. Белсенді және салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың қатарына қосылыңыз. Әлі де кеш емес. Балаңызды спортқа баулыңыз. Спорт сізді жақсылыққа жетелеп, қуанышқа бөлесін демекпіз.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Активные виды спорта

Автор: Жаулыбаев Женис Оралбаевич

Дата: 10.05.2018

Номер свидетельства: 469086

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Воспитательский час " Зимние виды спорта""
    ["seo_title"] => string(41) "vospitatiel-skii-chas-zimniie-vidy-sporta"
    ["file_id"] => string(6) "266143"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450101199"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(181) "Использование элементов национальных видов спорта народов Севера на занятии физической культуры "
    ["seo_title"] => string(105) "ispol-zovaniie-eliemientov-natsional-nykh-vidov-sporta-narodov-sieviera-na-zaniatii-fizichieskoi-kul-tury"
    ["file_id"] => string(6) "134308"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1416734026"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Олимпийские зимние виды спорта "
    ["seo_title"] => string(32) "olimpiiskiie-zimniie-vidy-sporta"
    ["file_id"] => string(6) "202287"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429204063"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Зимние виды спорта""
    ["seo_title"] => string(17) "zimniievidysporta"
    ["file_id"] => string(6) "291566"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455130928"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Инновационные виды спорта ч.1"
    ["seo_title"] => string(32) "innovatsionnyie_vidy_sporta_ch_1"
    ["file_id"] => string(6) "448864"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1515521203"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства