І | Пәні | Дене тәрбиесі |
ІІ | Пән мұғалімі | |
ІІІ | Өтілетін сыныбы | 5 – сынып. |
ІV | Өтілетін мерзімі | |
V | Өтілетін орны | Мектептің спорт залы. |
VІ | Сабақтың тақырыбы | Сақина жасыру және арқан тартыс |
VІІ | Сабақтың мақсаты | а) теориялық | Ойын түрлерін, мазмұнын, ережелерін, ерекшелігін меңгерту. |
ә) жетілдіру | Өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттігін арттыру. |
б) тәрбиелік | Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару. |
VІІІ | Сабақтың типі | Жаңа білімді қалыптастыру сабағы. |
ІХ | Сабақтың әдісі | Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан - жақты түсіндіру. |
Х | Құрал-жабдықтар | Ысқырық, доптар, қаптар, кеглилер, орындықтар, сақина, арқан т.б. |
Кезең | № | Сабақтың мазмұны | Уақыт, мөлшер | Әдістемелік ескерту |
Д А Й Ы Н Д Ы Қ К Е З Е Ң і | 1 | Оқушыларды сапқа тұрғызу. | 10 минут | Спорттық киімдеріне назар аудару. |
2 | Сынып санын түгелдеу. | Себепсіз оқушыларды анықтау. |
3 | Рапорт қабылдау. | Рапортты дұрыс тапсыруын қадағалау |
4 | Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау. | Бұрылыстарды дұрыс орындауын қадағалау |
5 | Қозғалмалы бой жазу жаттығулары - Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру. - Екі қол белде өкшемен жүру. - Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру. - Бір қалыпты жеңіл жүгіру. - Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру. - Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру. - Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру. - Қол алақанына аяқтың ішкі, сыртқы қырын тигізе жүгіру. - Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру. - Екі қол тізеде, толық отырып жүру. - Отырып секіре жүру. - Дем алу,дем шығару. | Аяқ ұшымен, өкшесімен, сыртқы, ішкі қырымен жүруін ескерту. Оң және сол бүйірмен жгіруін ескерту. Алақанға аяқтың ішкі, сыртқы қырының, өкшенің тиюін ескерту. Отырып жүру, жүгіруін ескерту. |
6 | Саптағы бой жазу жаттығулары - Саппен келіп бірнеше қатарға тұру. - Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру. - Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру. - Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру. - Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу. - Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қол қолды оң аяққа кезекпен тигізу. - Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу. - Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру. - Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру - Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру. - Дем алу, дем шығару. | Қатарға дұрыс тұруын ескерту. Қолды белге ұстауын ескерту. Дұрыс иілулерін ескерту. Қолдың Аяққа тиюін ескерту. Арқы тізенің бүгілмеуін ескерту. Аяқтың қолға тиюін ескерту. Тізені дұрыс айналдыруын ескерту. |
Н Е Г І З Г І К Е З Е Ң | Сақина жасыру Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады. Арқан тартыс Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан дайындалады. Арқанның қызыл мата байлаған жерін еденге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді. Команда екі топқа бөлініп, арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа тартады. Ойынның мақсаты–екі команданың бір ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып шығару. Ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншының командасы жеңіледі | 30 минут | Ойын ережесін түсіндіру. Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту. Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту. . |
қорытынды кезең | 1 | Сабақты қорытындылау. | 5 минут | Түгел тындауын қадағалау. |
2 | Оқушыларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру. | Толық сапқа тұруларын қадағалау |
3 | Үйге тапсырма беру. | Үй тапсырмасын тыңдауын қадағалау |
4 | Оқушыларды бағалау. | Сабаққа қатысуына байланысты бағалау |
5 | Қоштасу. | Түгел қоштасуын қадағалау. |
6 | Бір саппен спорт алаңынан немесе залдан шығару. | Бір саппен шығуын қадағалау. |