І | Пәні | Дене тәрбиесі |
ІІ | Пән мұғалімі | |
ІІІ | Өтілетін сыныбы | 7 а сынып |
ІV | Өтілетін орны | Мектептің спорт залы. |
V | Сабақтың тақырыбы | Допты аяқтың ішкі және сыртқы қырымен алып жүру әдістері |
VІ | Сабақтың мақсаты | а)теориялық | Оқушыларға допты қалай алып жүрудің әдіс-тәсілдерін үйрету |
ә)жетілдіру | Салауатты өмір салты принциптерін насихаттау |
б)тәрбиелік | Арнайы жаттығулар, ұқсас ойындар ұйымдастыру. |
VІІ | Сабақтың түрі | Жарыс сабақ |
VІІІ ІХ | Сабақтың әдісі | Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан - жақты түсіндіру. |
ІХ | Құрал-жабдықтар | Ысқырық,футбол добы,кедергілер,секундомер |
Кезең | № | Сабақтың мазмұны | Уақыт, мөлшер | Әдістемелік ескерту |
Д А Й Ы Н Д Ы Қ
К Е З Е Ң і | 1 | Оқушыларды сапқа тұрғызу,сынып санын түгелдеу. | 15 минут | Спорттық киімдеріне назар аудару. |
2 | Рапорт қабылдау,сәлемдесу. | Себепсіз оқушыларды анықтау. |
3 | Үй тапсырмасын сұрау.Жаңа сабақты түсіндіру | Рапортты дұрыс тапсыруын қадағалау |
4 | Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау. | Бұрылыстарды дұрыс орындауын қадағалау |
5 | Қозғалмалы бой жазу жаттығулары - Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру. - Екі қол белде өкшемен жүру. - Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру. - Бір қалыпты жеңіл жүгіру. - Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру. - Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру. - Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру. - Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру. - Екі қол тізеде, толық отырып жүру. - Отырып секіре жүру. - Дем алу,дем шығару. | Аяқ ұшымен, өкшесімен, сыртқы, ішкі қырымен жүруін ескерту. Оң және сол бүйірмен жүгіруін ескерту. Алақанға аяқтың ішкі, сыртқы қырының, өкшенің тиюін ескерту. Отырып жүру, жүгіруін ескерту. |
6 | Саптағы бой жазу жаттығулары - Саппен келіп бірнеше қатарға тұру. - Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру. - Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру. - Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру. - Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу. - Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қол қолды оң аяққа кезекпен тигізу. - Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру - Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру. |
Қатарға дұрыс тұруын ескерту. Қолды белге ұстауын ескерту. Дұрыс иілулерін ескерту. Аяқтың қолға тиюін ескерту. Тізені дұрыс айналдыруын ескерту. |
Н Е Г І З Г І К Е З Е Ң |
Футбол ойынының тарихы ерте заманда басталады.Футболға ұқсас ойындарды ежелгі дүние мен ертедегі шығыс елдерінде біздің жыл санауымызға дейін ойнағаны белгілі болған.Қазіргі футбол ережесі ағылшын еліңде дамып жетілген. Дүние жүзің жаулап алған футбол ойыны негізі 11 ойыншыдан тұратын екі команда ені 70 метр ұзындығы 110 метр болатын алаңда,биіктігі 2,2 см,ұзындығы 7 метр болатын 2 қақпада ойналады.Футбол ойынының ереже-талабы мынадай:допты ойынға қосу,допты тебу,допты тоқтату,алып жүру,тартып алу,кеудемен тоқтату,баспен ұру,ауыттан допты қосу,бұрыштама добын ойынға қосу,қақпашының ойыны және т/б. Бүгнгі өтетің сабақ футбол ойынының әліппесі саналатын допты алып жүру.Ең алғаш қадам жасағандай допты алып жүругеде сондай еңбек керек.Допты алып жүрудің бірнеше түрлері:1)кедергілер арасымен аяқтың ішкі қырымен алып жүру,2)сыртқы қырымен алып жүру,3)ішкі және сыртқы қырымен алып жүру,4) допты екі ойыншы алып жүру.Футбол добымен екі команда арасында эстафеталық сайыс өткізу.Қауіпсіздік ережесін сақтау.
| 25 м |
Сабақты мұқият тыңдау
Дұрыс орындалуын қадағалау |
қорытынды кезең | 1 | Сабақты қорытындылау. | 5 минут | Түгел тындауын қадағалау. |
2 | Оқушыларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру. | Толық сапқа тұруларын қадағалау |
3 | Үйге тапсырма беру. | Үй тапсырмасын тыңдауын қадағалау |
4 | Оқушыларды бағалау. | Сабаққа қатысуына байланысты бағалау |
5 | Қоштасу. | Түгел қоштасуын қадағалау. |
6 | Бір саппен спорт алаңынан немесе залдан шығару. | Бір саппен шығуын қадағалау. |