№273 мектеп «Індет – спорт бәрін жеңбек» атты мектепішілік дене шынықтыру пәні бірлестігінің жылдық жоспарға сәйкес ұлттық ойын түрлерінен өткізілген іс-шаралар анықтамасы Мақсаты: - Мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау; - Дене тәрбие жұмыстарын одан әрі күшейту; - Ұлттық спорт түрлерін насихаттау; - Ұлттық спорт ойынына деген қызығушылығын арттыру; - Икемділікті, шыдамдылықты, шапшаңдылықты дамыту; - Мектеп оқушыларын спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту; - Сыныптар арасындағы ең мықты топты анықтау.
Тоғызқұмалақ ойыны туралы қысқаша мәлімет
Тоғызқұмалақ – қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорт ойындарының бірі. Бұл ойынды қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар, алтайлықтар да ойнайды. Тоғызқұмалақты «Қойшылар алгебрасы» деп те атайды. Себебі, бұл ойынды алғашында өрісте қойларын жусатып жіберген қойшылар ойнайтын болған. Жерден ұя-шұңқырлар қазылып, құмалақпен ойналған бұл ойын қазір он сегіз отаудан және екі қазаннан тұратын арнайы тақтада жүз алпыс екі таспен ойналады. Мұндай ойды ақын Шона Смаханұлының Социалистік Еңбек Ері атағын екі рет алған шопан Жазылбек Қуанышбаевқа арнаған өлеңінен де аңғарамыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Індет – спорт бәрін жеңбек»»
№273 мектеп «Індет – спорт бәрін жеңбек» атты мектепішілік дене шынықтыру пәні бірлестігінің жылдық жоспарға сәйкес ұлттық ойын түрлерінен өткізілген іс-шаралар анықтамасы
Мақсаты:
- Мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
- Дене тәрбие жұмыстарын одан әрі күшейту;
- Ұлттық спорт түрлерін насихаттау;
- Ұлттық спорт ойынына деген қызығушылығын арттыру;
- Мектеп оқушыларын спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту;
- Сыныптар арасындағы ең мықты топты анықтау.
Тоғызқұмалақ ойыны туралы қысқаша мәлімет
Тоғызқұмалақ – қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорт ойындарының бірі. Бұл ойынды қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар, алтайлықтар да ойнайды. Тоғызқұмалақты «Қойшылар алгебрасы» деп те атайды. Себебі, бұл ойынды алғашында өрісте қойларын жусатып жіберген қойшылар ойнайтын болған. Жерден ұя-шұңқырлар қазылып, құмалақпен ойналған бұл ойын қазір он сегіз отаудан және екі қазаннан тұратын арнайы тақтада жүз алпыс екі таспен ойналады.
Мұндай ойды ақын Шона Смаханұлының Социалистік Еңбек Ері атағын екі рет алған шопан Жазылбек Қуанышбаевқа арнаған өлеңінен де аңғарамыз.
Жатқанда жусап қойымыз,
Қалт еткенде қолымыз,
«Тоғызқұмалақ» ойнаймыз,
Бір ойнасақ қоймаймыз.
Жатқан кезде мал тыныш,
Бұл да бізге сәл тыныс.
Ұтып я ұтылсақ,
Боп қалады бұлқыныс.
Кезек ұтсақ, әрине,
Дей саламыз «ит-жығыс».
Ел ішінде талай-талай шебер ойыншылар да туған. Ол ойыншылар алдымен туған аулында оза шығып, көршілес, жапсарлас ауылдардың ойыншыларымен кездесетін болған. Өзінің ойыншылық күшімен, шеберлігімен көрінген дара ойыншылар күш сынасу үшін ел кезіп, өзімен теңдес ойыншы іздеген. Әлді ауқатты адамдар әр елден аты шыққан ойыншыларды алдырып ойнатуды, ойын қызығын көруді дәстүрге айналдырған. Әрбір ойынға бәйгі тігілетін болған. Ойын ерте басталып, ұзақ түрге, тіпті бірнеше күнге дейін созыла беретіндігін айтады, кейбір қарт кісілер «Тоғызқұмалақ» ойынын қазақтың ұлы ақыны Абай да сүйіп ойнаған.
«Тоғызқұмалақ» ойыны көшпенді өмір салтының айнасы іспеттес, ол – тірі тарих. Тарихты білу тектілікке саналады. Бабаларымыз ұрпағының білекті де, жүректі болуымен қатар ақылды болуына да қатты алаң болған. Сол себепті де осы өнерді дүниеге келтірген. «Тоғызқұмалақ» ойыны – тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысы. Бастапқыда әр отауда тоғыз құмалақтан орналасады. Ойынды солдан оңға қарай кез келген отаудан бастап жүруге болады. Ол үшін жүріс жасалатын отаудан орнына бір құмалақ қана қалдырып, қалған сегіз құмалақты түгелімен аласыз да келесі отаудан бастап әрбір отауға қолдағы құмалақ біткенше бір-бірден салып шығасыз. Ойыншылардың мақсаты – неғұрлым көп құмалақ алу. Сондықтан ойын үстінде әрбір ойыншы өз отауларындағы құмалақтарды шамасы келгенше жұп ұстауға, қарсы жақтың отауларын тақ жасап отыруға тырысады. Тақ санды отауларға үздіксіз шабуыл жасалады. Қазандарға ойыншылардың ұтыстары жазылады.
Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. «Тоғызқұмалақ» өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең көп тараған ойын болатын.
17.11.2020 ж. «Тоғызқұмалақ». Дене тәрбиесі пәні мұғалімдері Жолдасбаев Руслан мен Абдусахин Қанаттың ұйымдастыруымен 5 сыныптар арасында «Тоғызқұмалақ» ойыны өткізілді. Сайыс барысында пандемияға байланысты арақашықтық, бетперде режимі және антисептиктер қолдану қатаң сақталды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей орынға ие болды.