kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық шара тақырыбы: "Көңілді сайыс"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:   Көңілді сайыс. (Спорттық іс-шара).

Мақсаты:      1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

                       2. Дене жаттығулары арқылы денсаулықты нығайту.

                       3. Отан сүйгіштікке оны қорғауға, қойған мақсатқа жетуге, білімділікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық, ойын, аралас.

Өтетін орны: мектеп спорт залы.

Уақыты:

Керекті құрал-жабдықтар: Ысқырық, секіртпе, волейбол, футбол және баскетбол доптары, гир, арқан, қаптар, гимнастикалық төсеніш, пневматикалық винтовка, макет АК-74. (қару).

Пән аралық байланыс: Жаратылыстану, тарих, математика, физика, АӘД, музыка, еңбекке баулу, қазақ тілі, орыс тілі.

«Көңілді сайыс»  атты сыныптан тыс шараның  бағдарламасы.

1.Сұраққа жауап.                      9.Автоматты бөлшектеу ж\е жинақтау.

2.Себетке доп лақтыру.        10.Допты аяқпен алып жүру.

3.Секіртпемен секіру.                       11.Аяқтан ұстап қолмен жүру.

4.Ән орындау.                                   12.Мергендер жарысы.

5.Аударыспақ.                      13.Ұлдар қолды жерге тіреп,қыздар шалқадан жатып кеудені көтеру.

6.Оқжатарды жарақтау.           14.Жүгіру эстафетасы.

7.Қап киіп жарысу.                15.Арқан тартыс.

8.Гир көтеру.                        

Жарысқа қатысатын топтар.

Топ құрамы: 7 адам. 5 ер, 2 әйел.(5 ұл, 2 қыз).

1. Жоғары сынып оқушылары құрама тобы. (10-11сынып).

2.Жас мұғалімдер құрама тобы.(20-34 жас).

3.Аға мұғалімдер құрама тобы.(35-55 жас).

Жарыстың өтілу барысы.

Жарыс  5 балдық (бағалық) жүйеде өтеді.

5 - өте жақсы.

4 – жақсы.

3 – орташа.

2 – нашар.

1. Жүргізуші-1 адам

2. Төреші-1 адам

3. Қазылар алқасы-3 адам

Қай топ көп ұпай жинайды сол топ жеңіске жетеді. Қазылар өз бағаларын береді.

Көтеретін  баға да, хаттамада  қазылар алқасының 3 адамына да беріледі.Сайыс соңында 3 хаттаманың қорытынды сандары қосылып есептеледі.

Сайыстың салтанатты ашылуы.

    Жүргізуші сөз алады. Қысқаша мағұлмат. Сәлемдесу. Командаларды таныстыру. Ойынның шарттарын түсіндіру.Бағдарламамен таныстыру. Мектеп директорына және бас төрешіге сөз кезегі. Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеу.

Мектеп әншілері мен бишілерінің атынан: Ән «Отаным менің».        Би «Қара жорға»

Бірінші: Сұраққа жауап. Әр топ өздері қазылар алқасының үстелінен таңдаған сұраққа жауап беру. Өткен тарихты еске түсіру. 3 минут ойлануға уақыт беріледі.

1-билет

1. 2016ж олимпиада ойындарында Қазақстан командасы қанша медаль иеленді?

2. Баскетбол ойыны қай елде шыққан?

3. Волейбол ойынының ойыншылар саны қанша?

4. Футбол алаңының көлемі?

2-билет

1. 2016ж олимпиада ойындарында бокстан алқа таққан боксшылар кімдер? Аты-жөні?

2. Баскетболдағы ойыншылар саны?

3. Волейбол алаңының көлемі?

4. Футбол ойыны қай елде шыққан?

3-билет

1. 2016ж олимпиада ойындарында күміс медаль алған спортшылар кімдер? Аты-жөні?

2. Баскетбол алаңының көлемі?

3. Футбол ойынының ойыншылар саны?

4. Қол добы (гандбол) қай елде шыққан?

Топтар билеттегі сұраққа дайын болғанша көрермендер ән тыңдайды.                 

Әннің аты:«Алға қазақ жігіттері»

Екінші: Себетке доп лақтыру. Ойынға керек құрал: баскетбол добы. Әр топтың 7 ойыншысы бірінің артына бірі лек болып тұрады. Осы бғытта үш топ, үш жерге лек құрайды. Әр топтың бірінші тұрған ойыншыларына баскетбол добы беріледі. Берілген белгі немесе ысқырық бойынша допты жерге соғып ыршытып апарып себетке лақтырады, себетке добын салған ойыншы тез сол бағытта добын командалас серігіне береді. Доп себетке түскенше лақтырылуы керек, қай топтың 7 ойыншысы бұрын аяқтайды сол топтар жақсы ұпай алады.

Үшінші:Секіртпемен секіру. Ойынға керек құрал: 3 секіртпе. 10 метр жерге белгі қойылады. Ысқырық бойынша лектің басында тұрған ойыншылар секіртпемен секіре жүріп белгіні айналып өтіп серігіне секіртпені береді осы бағыт бойынша топ толық өткенше қайталанады. Қай топ бірінші қателіксіз аяқтаса сол топтар жақсы ұпай алады.

            Төртінші.Ән орындау. Әр топ өздері шығарған немесе айтылып жүрген әнді орындау керек.Топтан бір адам немесе топ болып хормен. Қай топтың әні жақсы орындалса сол топтар жақсы ұпай алады.

Бесінші: Аударыспақ. Жерге шеңбер сызылады. Әр топтан екі ойыншыдан шығады. Өздері таңдаған жеребе арқылы ойын басталады. Ойынның шарты: бір топтың екі ойыншысы бірін-бірі арқалап сайысқа шығады. Қарсыласын қолмен тарту және итеру арқылы арқадан түсіру, құлату, және шеңберден шығарғандар жеңіске жетеді. Жеңген келесімен сосын жеңілген жеңілгенмен осылайша 1-2-3 орын алады, тиісті ұпай беріледі.

Алтыншы: Оқжатарды жарақтау. Сайысқа керек құрал: Автоматтың 3 оқжатары. Әр топтан бір ер бір қыз баладан шығады. Автоматтың оқжатарын алдымен ұлдар берілген белгі бойынша жарақтайды қыздар керісінше оқжатарды босатады. Қай топтар бірінші аяқтайды сол топтар көп ұпай жинайды.

Жетінші: Қап киіп жарысу. Ойынға керек құрал 3 қап.     10 метр жерге белгі қойылады. Ысқырық бойынша лектің басында тұрған ойыншылар қапты аяқтарына киіп секіре жүріп белгіні айналып өтіп серігіне қапты шешіп береді осы бағыт бойынша топ толық өткенше қайталанады. Қай топ бірінші қателіксіз аяқтаса сол топ жоғары ұпай алады.

Сегізінші: Гир көтеру. Сайысқа керек құрал: 16 кг 3 гир тасы. Әр топтан 2 ойыншы қатысады. 2ойыншының көтерген саны қосылғанда көп көтерген топ көп ұпай жинайды.

Тоғызыншы: Автоматты бөлшектеу және жинақтау. Сайысқа керек құрал: АК-74.

Әр топтан 2 ойыншы қатысады. Бірінші ойыншы автоматты бөлшектейді екінші ойыншы жинақтайды қай топ қателіксіз дұрыс және тез орындаса сол топ көп ұпай жинайды.

Төреші уақыт есептейді және дұрыстығын тексереді.

Оныншы:  Допты аяқпен алып жүру. Ойынға керек құрал: 3 футбол добы, 12 ауыр доп.

3 топ үш жерде лек болып тұрады олардың алдына ұзынынан арақашықтығы 1 метрден 4 ауыр доптар қойылады. Белгі бойынша әр топтың ойыншылары бір-бірлеп сегіздік жасау тәсілімен допты аяқпен алып жүріп ауыр доптар арасынан өтіп айналып келіп серігіне береді осылайша топтағы барлық ойыншы өтеді. Қай топ тез қателіксіз орындаса сол топ көп ұпай алады.

Он бірінші: Аяқтан ұстап қолмен жүру. Топтардың бір ойыншысы жерде жатып қолмен көтеріліп тұрады. Берілген белгі бойынша екінші адам аяғынан ұстап көтеріп жүреді қойылған белгіні айналып келеді осы бағытта  әр топтан 4 жұп шығады. Тез, қателіксіз орындаған топ көп ұпай алады.

Он екінші: Мергендер жарысы.

Сайысқа керек құрал: 3 пневматикалық винтовка.

5 метр қашықтыққа арнайы нысана қойылады сол ысанаға барлық топ мүшелері 1 оқтан атыс жүргізеді, қай топтың ұпайы көп болса сол топ жоғары ұпай алады.

Он үшінші: Ұлдар қолды жерге тіреп, қыздар шалқадан жатып кеудені көтеру.

Ойынға керек құрал: Гимнастикалық төсеніш. Топтағы 5 ұл кезекпен қолды жерге тіреп кеудесін көтереді соңында бесеуінің саны қосылады, қыздар тиесінше гимнастикалық төсеніште шалқадан жатып кеуде көтереді және олардың саны ұлдарға қосылып 7 ойыншының саны қосылады қай топтың адамдары  көп жасаса сол топ жеңеді.

Он төртінші: Жүгіру эстафетасы.

Ойынға керек құрал: 3 таяқша. Бірінші ойыншы тиісті қашықтыққа қойылған белгіні айнала жүгіріп келіп қолындағы таяқшаны серігіне береді осылайша топтың барлық ойыншылары өтеді, қай топтың ойыншылары бірінші және екінші келеді солар жоғары ұпай алады.

Он бесінші: Арқан тартыс. Ойынға керек құрал: Арқан. Арқан ұзынынан тасталып тең ортасы белгіленеді. Жеребе бойынша топтар өз-ара тартысқа түседі. Берілген белгі бойынша тартысты қай жақ күштірек тартып тиісті мәреге жетсе сол топ жеңеді,осылайша үш топ бір-бірімен тартысып 1,2,3 болып бөліседі тиісті ұпай беріледі.

Әділ қазылар алқасы 15 сайыстың бағасын (ұпайын) қорытындылауға кіріседі, қорытынды шыққанша әнге кезек беріледі.

            Әннің аты: «Атамекен»

            Жүргізуші ортаға жарыстың қортындысын баяндауға қазылар алқасын шақырады.

1 – орын үлкен мұғалімдер тобы

2 – орын жас мұғалімдер тобы

3 – орын оқушылар тобы

            Командаларға ұпай саны бойынша мақтау қағаздары беріледі 1, 2, 3 орын және естелік сыйлықтар.

Жүргізуші қатысушылар мен көрермендерге рахмет айтып көңілді сайыстың аяқталғанын хабарлайды.                                                

            Қорытынды: Ойын өте қызықты. Шапшаңдықты, ептілікті, төзімділікті, икемділікті, күштілікті талап етеді және дамытады. Мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасын, достығын күшейтеді. Жас мұғалімдер мен оқушылар ұлағатты үлкен ұстаздардан тәлім тәрбие алады. Ойын барлығын ұйымшылдыққа достыққа шақырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық шара тақырыбы: "Көңілді сайыс"»

Тақырыбы: Көңілді сайыс. (Спорттық іс-шара).

Мақсаты: 1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру .

2. Дене жаттығулары арқылы денсаулықты нығайту.

3. Отан сүйгіштікке оны қорғауға, қойған мақсатқа жетуге, білімділікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық, ойын, аралас.

Өтетін орны: мектеп спорт залы.

Уақыты:

Керекті құрал-жабдықтар: Ысқырық, секіртпе, волейбол, футбол және баскетбол доптары, гир, арқан, қаптар, гимнастикалық төсеніш, пневматикалық винтовка, макет АК-74. (қару).

Пән аралық байланыс: Жаратылыстану, тарих, математика, физика, АӘД, музыка, еңбекке баулу, қазақ тілі, орыс тілі.

«Көңілді сайыс» атты сыныптан тыс шараның бағдарламасы.

1.Сұраққа жауап. 9.Автоматты бөлшектеу ж\е жинақтау.

2.Себетке доп лақтыру. 10.Допты аяқпен алып жүру.

3.Секіртпемен секіру. 11.Аяқтан ұстап қолмен жүру.

4.Ән орындау. 12.Мергендер жарысы.

5.Аударыспақ . 13.Ұлдар қолды жерге тіреп,қыздар шалқадан жатып кеудені көтеру.

6.Оқжатарды жарақтау. 14.Жүгіру эстафетасы.

7.Қап киіп жарысу. 15.Арқан тартыс.

8.Гир көтеру.

Жарысқа қатысатын топтар.

Топ құрамы: 7 адам. 5 ер, 2 әйел.(5 ұл, 2 қыз).

1. Жоғары сынып оқушылары құрама тобы. (10-11сынып).

2.Жас мұғалімдер құрама тобы.(20-34 жас).

3.Аға мұғалімдер құрама тобы.(35-55 жас).

Жарыстың өтілу барысы.

Жарыс 5 балдық (бағалық) жүйеде өтеді.

5 - өте жақсы.

4 – жақсы.

3 – орташа.

2 – нашар.

1. Жүргізуші-1 адам

2. Төреші-1 адам

3. Қазылар алқасы-3 адам

Қай топ көп ұпай жинайды сол топ жеңіске жетеді. Қазылар өз бағаларын береді.

Көтеретін баға да , хаттамада қазылар алқасының 3 адамына да беріледі.Сайыс соңында 3 хаттаманың қорытынды сандары қосылып есептеледі.

Сайыстың салтанатты ашылуы.

Жүргізуші сөз алады. Қысқаша мағұлмат. Сәлемдесу. Командаларды таныстыру. Ойынның шарттарын түсіндіру.Бағдарламамен таныстыру. Мектеп директорына және бас төрешіге сөз кезегі. Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеу.

Мектеп әншілері мен бишілерінің атынан: Ән «Отаным менің». Би «Қара жорға»

Бірінші: Сұраққа жауап. Әр топ өздері қазылар алқасының үстелінен таңдаған сұраққа жауап беру. Өткен тарихты еске түсіру. 3 минут ойлануға уақыт беріледі.

1-билет

1. 2016ж олимпиада ойындарында Қазақстан командасы қанша медаль иеленді?

2. Баскетбол ойыны қай елде шыққан?

3. Волейбол ойынының ойыншылар саны қанша?

4. Футбол алаңының көлемі?

2-билет

1. 2016ж олимпиада ойындарында бокстан алқа таққан боксшылар кімдер? Аты-жөні?

2. Баскетболдағы ойыншылар саны?

3. Волейбол алаңының көлемі?

4. Футбол ойыны қай елде шыққан?

3-билет

1. 2016ж олимпиада ойындарында күміс медаль алған спортшылар кімдер? Аты-жөні?

2. Баскетбол алаңының көлемі?

3. Футбол ойынының ойыншылар саны?

4. Қол добы (гандбол) қай елде шыққан?

Топтар билеттегі сұраққа дайын болғанша көрермендер ән тыңдайды.

Әннің аты:«Алға қазақ жігіттері»

Екінші: Себетке доп лақтыру. Ойынға керек құрал: баскетбол добы. Әр топтың 7 ойыншысы бірінің артына бірі лек болып тұрады. Осы бғытта үш топ, үш жерге лек құрайды. Әр топтың бірінші тұрған ойыншыларына баскетбол добы беріледі. Берілген белгі немесе ысқырық бойынша допты жерге соғып ыршытып апарып себетке лақтырады, себетке добын салған ойыншы тез сол бағытта добын командалас серігіне береді. Доп себетке түскенше лақтырылуы керек, қай топтың 7 ойыншысы бұрын аяқтайды сол топтар жақсы ұпай алады.

Үшінші:Секіртпемен секіру. Ойынға керек құрал: 3 секіртпе. 10 метр жерге белгі қойылады. Ысқырық бойынша лектің басында тұрған ойыншылар секіртпемен секіре жүріп белгіні айналып өтіп серігіне секіртпені береді осы бағыт бойынша топ толық өткенше қайталанады. Қай топ бірінші қателіксіз аяқтаса сол топтар жақсы ұпай алады.

Төртінші.Ән орындау. Әр топ өздері шығарған немесе айтылып жүрген әнді орындау керек.Топтан бір адам немесе топ болып хормен. Қай топтың әні жақсы орындалса сол топтар жақсы ұпай алады.

Бесінші: Аударыспақ. Жерге шеңбер сызылады. Әр топтан екі ойыншыдан шығады. Өздері таңдаған жеребе арқылы ойын басталады. Ойынның шарты: бір топтың екі ойыншысы бірін-бірі арқалап сайысқа шығады. Қарсыласын қолмен тарту және итеру арқылы арқадан түсіру, құлату, және шеңберден шығарғандар жеңіске жетеді. Жеңген келесімен сосын жеңілген жеңілгенмен осылайша 1-2-3 орын алады, тиісті ұпай беріледі.

Алтыншы: Оқжатарды жарақтау. Сайысқа керек құрал: Автоматтың 3 оқжатары. Әр топтан бір ер бір қыз баладан шығады. Автоматтың оқжатарын алдымен ұлдар берілген белгі бойынша жарақтайды қыздар керісінше оқжатарды босатады. Қай топтар бірінші аяқтайды сол топтар көп ұпай жинайды.

Жетінші: Қап киіп жарысу. Ойынға керек құрал 3 қап. 10 метр жерге белгі қойылады. Ысқырық бойынша лектің басында тұрған ойыншылар қапты аяқтарына киіп секіре жүріп белгіні айналып өтіп серігіне қапты шешіп береді осы бағыт бойынша топ толық өткенше қайталанады. Қай топ бірінші қателіксіз аяқтаса сол топ жоғары ұпай алады.

Сегізінші: Гир көтеру. Сайысқа керек құрал: 16 кг 3 гир тасы. Әр топтан 2 ойыншы қатысады. 2ойыншының көтерген саны қосылғанда көп көтерген топ көп ұпай жинайды.

Тоғызыншы: Автоматты бөлшектеу және жинақтау. Сайысқа керек құрал: АК-74.

Әр топтан 2 ойыншы қатысады. Бірінші ойыншы автоматты бөлшектейді екінші ойыншы жинақтайды қай топ қателіксіз дұрыс және тез орындаса сол топ көп ұпай жинайды.

Төреші уақыт есептейді және дұрыстығын тексереді.

Оныншы: Допты аяқпен алып жүру. Ойынға керек құрал: 3 футбол добы, 12 ауыр доп.

3 топ үш жерде лек болып тұрады олардың алдына ұзынынан арақашықтығы 1 метрден 4 ауыр доптар қойылады. Белгі бойынша әр топтың ойыншылары бір-бірлеп сегіздік жасау тәсілімен допты аяқпен алып жүріп ауыр доптар арасынан өтіп айналып келіп серігіне береді осылайша топтағы барлық ойыншы өтеді. Қай топ тез қателіксіз орындаса сол топ көп ұпай алады.

Он бірінші: Аяқтан ұстап қолмен жүру. Топтардың бір ойыншысы жерде жатып қолмен көтеріліп тұрады. Берілген белгі бойынша екінші адам аяғынан ұстап көтеріп жүреді қойылған белгіні айналып келеді осы бағытта әр топтан 4 жұп шығады. Тез, қателіксіз орындаған топ көп ұпай алады.

Он екінші: Мергендер жарысы.

Сайысқа керек құрал: 3 пневматикалық винтовка.

5 метр қашықтыққа арнайы нысана қойылады сол ысанаға барлық топ мүшелері 1 оқтан атыс жүргізеді, қай топтың ұпайы көп болса сол топ жоғары ұпай алады.

Он үшінші: Ұлдар қолды жерге тіреп, қыздар шалқадан жатып кеудені көтеру.

Ойынға керек құрал: Гимнастикалық төсеніш. Топтағы 5 ұл кезекпен қолды жерге тіреп кеудесін көтереді соңында бесеуінің саны қосылады, қыздар тиесінше гимнастикалық төсеніште шалқадан жатып кеуде көтереді және олардың саны ұлдарға қосылып 7 ойыншының саны қосылады қай топтың адамдары көп жасаса сол топ жеңеді.

Он төртінші: Жүгіру эстафетасы.

Ойынға керек құрал: 3 таяқша. Бірінші ойыншы тиісті қашықтыққа қойылған белгіні айнала жүгіріп келіп қолындағы таяқшаны серігіне береді осылайша топтың барлық ойыншылары өтеді, қай топтың ойыншылары бірінші және екінші келеді солар жоғары ұпай алады.

Он бесінші: Арқан тартыс. Ойынға керек құрал: Арқан. Арқан ұзынынан тасталып тең ортасы белгіленеді. Жеребе бойынша топтар өз-ара тартысқа түседі. Берілген белгі бойынша тартысты қай жақ күштірек тартып тиісті мәреге жетсе сол топ жеңеді,осылайша үш топ бір-бірімен тартысып 1,2,3 болып бөліседі тиісті ұпай беріледі.

Әділ қазылар алқасы 15 сайыстың бағасын (ұпайын) қорытындылауға кіріседі, қорытынды шыққанша әнге кезек беріледі.

Әннің аты: «Атамекен»

Жүргізуші ортаға жарыстың қортындысын баяндауға қазылар алқасын шақырады.

1 – орын үлкен мұғалімдер тобы

2 – орын жас мұғалімдер тобы

3 – орын оқушылар тобы

Командаларға ұпай саны бойынша мақтау қағаздары беріледі 1, 2, 3 орын және естелік сыйлықтар.

Жүргізуші қатысушылар мен көрермендерге рахмет айтып көңілді сайыстың аяқталғанын хабарлайды.

Қорытынды: Ойын өте қызықты. Шапшаңдықты, ептілікті, төзімділікті, икемділікті, күштілікті талап етеді және дамытады. Мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасын, достығын күшейтеді. Жас мұғалімдер мен оқушылар ұлағатты үлкен ұстаздардан тәлім тәрбие алады. Ойын барлығын ұйымшылдыққа достыққа шақырады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық шара тақырыбы: "Көңілді сайыс"

Автор: Сапаргалиева Гульсум Хабылбековна

Дата: 22.10.2018

Номер свидетельства: 481622

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(219) "Атырау облысы, Ма?ат ауданы, Ма?ат поселкесі №2 бастауыш мектебіні?  бастауыш сынып м??алімі Та?ырыбы: «К??ілді тап?ырлар»! "
    ["seo_title"] => string(128) "atyrau-oblysy-mak-at-audany-mak-at-posielkiesi-2-bastauysh-miektiebinin-bastauysh-synyp-mu-g-alimi-tak-yryby-kon-ildi-tapk-yrlar"
    ["file_id"] => string(6) "176159"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424365247"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Ашық шара тақырыбы: "Ұстазым және біз, спорт сүйер балғынбыз""
    ["seo_title"] => string(60) "ashyk_shara_takyryby_ustazym_zh_ne_biz_sport_suier_balgynbyz"
    ["file_id"] => string(6) "481618"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1540204992"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Сыныптан тыс шара 6 сынып"
    ["seo_title"] => string(22) "synyptantysshara6synyp"
    ["file_id"] => string(6) "336847"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1467460737"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Сыныптан тыс шара 6 сынып"
    ["seo_title"] => string(23) "synyptantysshara6synyp1"
    ["file_id"] => string(6) "336848"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1467460749"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Сыныптан тыс шара: "XXI ?асыр к?шбасшысы""
    ["seo_title"] => string(36) "synyptantyssharaxxigasyrkoshbasshysy"
    ["file_id"] => string(6) "301223"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456891064"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства