Просмотр содержимого документа
«Жылдамдық. Жылдамдықтың өлшем бірліктері»
«Мыңбаев ауылындағы орт мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
физика пәнінің мұғалімі
Асылбекова Сандуғаштың шығармашылық есебі
Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,
Білімділік бар биікке шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан.
Сүйеді сондықтан да, жақын, жаты...
С.Мұқанов.
Мен, Асылбекова Сандугаш Советовна . Еңбек өтілім 10 жыл. ІI санатты.
Ізденіс тақырыбым: «Қазіргі заман білім беру парадигмасының тиімді әдістерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылығын және білім сапасын арттыру».
Мұғалім – мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті- рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.
Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Сондықтан, мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың әртүрлі деңгейде оқыту технологиясын, сыни тұрғысынан ойлаудың технологиясын және оза оқыту технологияларын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде үнемі қолданып келемін.
Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытовтың « Сабақ беру бұл үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол- жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деген екен. Сол пікір бүгінде жүзеге асып жатқандай. Сондықтан соңғы үш жылда өткен сабақтарым 8- сыныпта «Галогендер», «Бейорганикалық қосылыстардың генетикалық байланысы», «Оксидтер, оның химиялық қасиеті», 9-сыныпта «Металдар тарауын қорытындылау» «Тұздар гидролизі», 11-сыныпта «Циклопарафиндер», «Темір» атты ізденіс сабақтарым өз дәрежесінде өтті.
Оқушылар пәндік олимпиадаға үнемі қатыстырылып отырылады. Атап айтсам: 2011 оқу жылында аудандық пәндік олимпиададан Сапашева А І орын,2010 жылы ІІ орынға,
Егізғалиқызы Еңілік 2011 жылы ІІ орын, 2012 және 2013 жылы ІІІ орынға, Ғабдулкакимова С 2010 жылы және 2012 жылы ІІІ орын ие болды.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа, ғылыми жұмыстарға бағыттауда да айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп келеді.
2010-2011 оқу жылында 10-сынып оқушысы Қайнарқызы Рза химия секциясында «Сусындар құрамындағы С дәруменінің мөлшерін анықтау» атты жобасы үшін аудандық ғылыми жоба сайысында І орын иеленіп, облыстан осы жобаны қорғап, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2011-2012 оқу жылында 9-сынып оқушысы Егізғалиқызы Еңілік «Йодтың адам ағзасына әсері мен экологиялық сипаты» атты жобасын ХІҮ Республикалық экология олимпиадасында қорғап,
« Үздік теориялық білімі үшін» атты Құрмет грамотасымен марапатталды.
Биылғы оқу жылында 11- сынып оқушысы Талапқызы Әйгерім аудандық жобалар сайысында «Қазақтың қара сабыны және қазіргі заман сабын жасау технологиясы» атты жобасын қорғап
ІІ орынға ие болып, оқушы жобасын облыста қорғап, сертификат алды.
Ұстаз қай уақытта болмасын оқушы көкейінде қалықтап, жүрегіне нәр құюы керек!
Міне сонда ғана ұстаз-ұстаз болмақшы.
ҰБТ қорытындысы бойынша:
2010-2011 оқу жылы қорытындысы бойынша екі оқушы химия пәнін таңдады. Сапашева Айнұр 18 ұпай жинап(78%), қазір Өскемен қаласындағы Аманжолов атындағы университеттің органикалық химия саласында ІІІ курсында оқуда, ал , екінші оқушы Қайырбекова Талшын
19 ұпай жинап (80%), қазір Шығыс Қазақстанның техникалық университетінің химя бөлімінде оқиды.
2011-2012 оқу жылында 1 оқушы таңдады. Ғабдулкакимова Салтанат химия пәнінен 14 ұпай жинады(60%).
Биылғы оқу жылында 11-сынып оқушысы Егізғалиқызы Еңілік химия пәнін таңдап отыр.
Біз қашан да «Білім мен тәрбие егіз» дейміз. Шындығында да , сапалы білім, саналы тәрбие астасқан ұлт тірегі. Осы тәрбие саласы бойынша 2009 жылдан бері 10-сыныпқа сынып жетекшілік қызметін атқарып келем. Сыныбымда түрлі тәрбие саласында тәрбие сағаттары өтіледі. Атап айтсам «Денсаулық –зор байлық», « Біз болашақтың гүліміз», «Ұлы жеңіске 65-жыл» т.б. ашық тәрбие сағаттарын өткіздім. Сынып оқушыларымен бірге әртүрлі сыныптан тыс іс-шараларға қатысып отырамыз. 2011-2012 оқу жылында аудандық семинарда « Біз болашақтың гүліміз» атты тәрбие сағаты өз дәрежесінде өтілді.
«Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы», яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептің оқушылары да білімді болмақ. Сондықтан өз білімімді ылғи да көтеріп отыруға тырысамын.
2010 жылы аудандық химия пәні мұғалімдерінің олимпиадасында ІІІ орын.
2011 жылы аудандық «Жыл мұғалімі-2011» байқауына қатысып, ІІІ орын алдым.
2012 жылы озаттар слетіне қатысып, аудан әкімінің алғыс хатымен марапатауы.
2013 жылы тамыз маслихатының секция жұмысында «Химия пәнін оқытуда оқушыларды шығармашылыққа баулу» атты баяндама жасалып, мадақтамамен марапатталдым.
Озық іс- тәжірибелеріме тоқталсам.
Биылғы тамыз маслихатының секция жұмысында химия пәні мұғалімдеріне өзімнің
«Химия пәні бойынша қауіпсіздік техникасының ережелері мен талаптары» атты әдістемелік құралым тараттылды.
2011 жылы «Химия мектепте» журналына «Қабілет-білім-жетістік» атты мақалалам шықты.
2011 жылы ғаламтордың «ustazkz» сайтына «Тиімді жоспар –нәтижелі сабақ» атты сабағым, 2013 жылы «45minutkz» сайтына 9-сыныпта өткен ашық тәрбие сағатым « Ешкімде, ешқашан ұмыт қалмайды» атты, «sabaktarkz» сайтына «Химия пәні бойынша қауіпсіздік техникасының ережелері мен талаптары» атты әдістемелік құралым мен «Химия пәнін оқытуда оқушыларды шығармашылыққа баулу» атты баяндама жарияланды және Абай елі газетіне бірнеше мақала жарияланды. Сонымен қатар, аудандық семинарларда да мұғалімдерге өз іс-тәжірибелерімді ұсынып отырамын. Аудандық семинарда өткен сабақтарым:
«Темір» атты ізденіс сабақ 2008, «БҚГБ» атты инновациялық-ізденіс сабақ 2009, «Біз болашақтың гүліміз» ашық тәрбие сағаты 2011 жылы, 2013 жылы « Танымына табынтқан абыз ақын» атты аудандық семинарда « Шәкәрімнің химияға қосқан үлесі» атты сабақтарым өз дәрежесінде өтіп, мектеп директорының алғыс хаттарымен марапатталдым.
Білім мен т әрбие сапалы болу үшін әр мұғалім сапалы еңбек ету керек.
Соңғы үщ жылдағы пән бойынша оқушылардың білім сапасы төмендегідей:
2011-2012 оқу жылында 47 оқушыға сабақ бердім, сапа көрсеткіші 41%, үлгерімі 4,0.
2012-2013 оқу жылында 44 оқушыға сабақ бердім, сапа көрсеткіші 43%, үлгерімі 4,0.
2013-2014 оқу жылында 44 оқушыға сабақ бердім, сапа көрсеткіші 42%, үлгерімі 4,1.
Мектепте химия пәні кабинетінің кабинет жетекшісімін. Сонымен қатар, мектепте ғылыми жұмыстарды ұйымдастырып, дарынды оқушылармен табысты жұмыс істеудемін.
Сөз сонында айтарым, « Шәкіртсіз ұстаз –тұл»,- демекші алдағы уақытта жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өз үлесімді қоса бермекпін. Тыңдағандарыңызға рахмет!
«Мыңбаев ауылындағы орт мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
физика пәнінің мұғалімі
Асылбекова Сандуғаштың шығармашылық есебі
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады. К.Д.Ушинский
ХІХ ғасырда өмір сүрген ұлы орыс педагог, педагогиканың негізін қалаушы К.Д. Үшинскийдің келтірген сөзі қазіргі уақытта да аса актуалды. Өйткені қарқынды дамып келе жатқан әлемде педагогикалық ғылымға үлкен талап қойылуда. Заман талабына ілесіп жүрү — адамзаттан көп білімді қажет етеді. Ал қажетті білім беру – бұл мұғалімнің құзырлығы. Демек мұғалім өзі де үнемі білімін жетілдіріп отыруы керек. Менде 10 жыл жұмыс өтілім болғанымен мұғалімдерге арналған қайта даярлау, білімін жетідіру курстарына, деңгейлік бағдарлама негізінде құрылған курсқа қатысып , пән бойынша әдістемелік әдебиетерді оқып, интернет желісіндегі педагогикадағы жаңалықтарымен танысып білімімді жетілдіруге тырысамын. Өйткені оқушыға сапалы білім беру үшін мұғалім өмір бойы оқуы керек.
Биылғы 2014-2015 оқу жылындағы менің әдістемелік тақырыбым «Физика сабағында жаңа технологияларды пайдаланып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту». Кембридж – Қазақстандық деңгейлік бағдарламаның басты мақсаты осы тақырыпты таңдауыма түрткі болып, жұмысымды басқа ракурста, басқа бағытта жүргізуіме де себеп болды. Өйткені, бұл курсты енгізудің негізгі мақсаты: оқушыларды қалай оқу керектігін үйрету. Яғни, мұғалім бұрынғыдай оқушыға дайын білім бермей,
білімді өзіне алуды үйретуі тиіс. Әсіресе, соңғы жылдардағы білім беру саласындағы өзгерістерді бақылайтын болсақ, оқыту әдіснамасына көптеген өзгерістер енгізіліп жатқанын аңғаруға болады: PISA, TIMMS зерттеулерінде оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту, интерактивті әдістерді қолданып оқушылардың білім алу белсенділігін арттыру, жеті модульді ықпалдастырып оқыту т.б. Осыған орай мен оқушыларды өздігінен білім алуына, қажетті білімді таңдауына, оны бағалауға, өмірде табысты қолдануға үйрету мақсатында жоғарыда аталған әдістемелік тақырыпты таңдадым.
Оқушылардың өз бетінше білім алуы адамның жалпы құзырлыққа жатады, соның ішінде ақпараттық құзырлық: (қажетті ақпаратты іздеу, таңдау, талдау, оны интерпритациялау, сақтау қайта өңдеу, бөлісу). Ол үшін оқушыда:
* әртүрлі ақпарат көздерімен : кітап, оқулық, анықтамалықтар, энциклопедиямен, каталогтармен, Интернет желісімен жұмыс істеу дағдылары;
* өз бетінше іздеу, алу, жүйелеу, талдау және есептер шығару үшін ақпаратты таңдау, оны өңдеу дағдылары;
* ақпарат ағынында бағыт-бағдар алу, соның ішінде ең маңыздысын таба білу;
* алған ақпаратты оқу есептерін шешу үшін қолдана білу дағдалары болуы тиіс.
Физика және математика пәнінен қатысты ақпаратты құзырлық деп:
мәтіннің маңыздысын анықтау (оқып-үйреніп жатқан құбылыстардың маңызды қасиеттерін , заңдардың табиғатын және т.б);
математикалық формулаларды қорытып шығаруды өз бетінше білу;
суреттерді, кестелер мен графиктерді қолдана білу;
оқып шыққан материал бойынша жоспар- конпект құру;
оқығанды өз сөзімен логикалық түрде, жүйелі, басқа ақпарат көздерінен алғна материалдармен толықтыра отырып айта білу;
мазмұнын, пәндік және алфавиттік көрсеткішлерді қолдана білу;
каталогпен жұмыс істеп, қызықтыратын сұрақтар бойынша библиографиясын жасай білу дағдылары мен біліктілігін айтамыз.
Бірақ, оқушыны өздігінен жұмыс істеуге үйрету бұл – оқулықпен және басқа ақпарат құралдарымен жұмыс істеуге үйрету ғана емес. Сонымен қатар оқушылар сабақ үстінде де жұмыстың осындай түріне үйрету керек. Мәселен:
* сабаққа мақсат қоя білу , сол мақсатқа жетудің жолын таба білу;
* өзінің оқу-танымдық қызметін бағалауды ұйымдастыра білу;
* өзін -өзі, өзара тексеру, топтық жұмысын, өз жұмысын бағалай білу;
* сыныптас жұмысында қателер тауып, оларды түзете білу;
* проблемалық жағдаяттардан шешім қабылдай білу;
* сол шешімге қатысты өзіне жауапкершілік алу;
Аталаған құзырлықтарды оқушы бойында дамыту үшін оқытушының өзі де білімді, шығармашыл, білім беру әдіснамалардан хабардар болу керек. Сондай әдістеріне интерактивті әдістер жататыны мәлім. Бұғаліммен оқушы бұл әдістер несімен жақсы?
Біріншіден, сабақ үстінде мұғаліммен оқушылар арасында тығыз қарым-қатынас байқалады.
Екіншіден, оқушымен оқушы арасындағы қатынас нығая түседі.
Үшіншіден, оқушылар өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйренеді.
Төртіншіден, оқушылардың оқу белсенділігі артады, нәтижесінде білім сапасы да көтерілуі тиіс. Ал, бұл ұстаздық қауымы қызметінің алдына қойылған басты міндетіміз.
Ендеше , биылғы оқу жылына менің таңдаған мәселем дұрыс деп санаймын және осындай іс-әрекеттер нәтижесі көп күттірмейді деген ойдыман.
Шығармашылық есептерді шығару оқушылардан шығармашылық іс - әрекеттерді керек етеді. Шығармашылық іс - әрекеттердің анықталған нақты бір операциялар жүйесінің болмау физиканы оқыту процесінде педагогикалық маңызды қиыншылықтарды туындатады. Оқушылар ізденушілігі ылғи да әртүрлі жағдайлар қолданатын мен білім іс - әрекет тәсілдерімен байланыста болатынын ескерсек, шығармашылық есептерде орындалмас бұрын немесе оны орындау кезінде оқушылар іс - әрекет амалдарын қалыптастыру қажеттігі туындайды. Біз шығармашылық есептерге оқушының есептің шарты қоятын мақсаттарды шешу жолында есептің идеясын, ондағы жаңа нәрсені, белгісіз амалдар табуға, есепті шығаруға төмендегідей іс - әрекеттерді пайдалануға болатын есептерді жатқызамыз. Олар келесі іс - әрекеттер: - физикалық құбылысты, объектіні өз бетінше көре білу, көріп бақылаған құбылыс пен объект туралы өз ойларын, фактілерді іздеу тәсілдерін тұжырымдай білуі; - бір физикалық құбылысты, объектіні нақты бақылай білуі, оның белгілері мен сапаларын танып, ажырата және ортақ белгілерді топтай білуі; - қарастырып отырған физикалық құбылыстың және объектінің сипатын, олардың белгілері арасындағы байланысты таба білуі; - фактілер туралы сұрақтарды тұжырымдау. Қойылатын сұрақтарды топтарға біріктіру: «Неліктен басқаша емес?», «Не арқылы ерекшеленеді?», «Егер..., онда не болады?», т. б. сұрақтар мөлшері әр кезде көбейіп, басқа объектілері танып білу үшін көмектеседі; - қойылған сұрақтар бойынша проблеманы, есепті тұжырымдай білуі; - қажет болған жағдайда проблеманың эксперименттік қойылуы. Эксперимент нәтижесінің талдауы. Осыған орай бір мысал келтірейік. Егер жөндеуден кейін электроплитканың спиральі қысқарып қалған болса, онда бөлінетін жылу мөлшері қалай өзгереді? Оқушылардың осы есепті талқылауы төмендегідей. Мұнда зерттелетін объект электроплитаның спиралінің ұзындығына байланысты бөлінетін жылу мөлшерінің өзгерісі. Оқушылар көп жағдайда спиральдің ұзындығы қысқарғанда, оның кедергісі азаяды деп пайымдайды. Сонда «Неліктен Q=І²Rt формуласынан бөлінетін жылу мөлшерінің артатыны шығады?» деген заңды сұрақ туады (қате!(. Мұнда осы сұрақта талқылау нәтижесінде спиральдің қысқаруы кезінде оның кедергісі кеміп, бірақ желідегі кернеу бұрынғысынша қалатындығы туралы тұжырым жасалады. Сондықтан, оқушылар Джоуль - Ленц заңының басқаша Q=U²t/R формуласын пайдалану керектігін тағайындап, ал бұл формуладан бөлінетін жылу мөлшерінің артатынына көз жеткізеді. Енді осы есепті одан әрі өрбітіп, оңушылар өздері есеп немесе эксперименттік тапсырмалар құрастыруларын болады. Оқушылардың осыған орай құрастырған есебі төмендегідей: 1) Көлденең қималарының аудандары бірдей, ұзындықтары 25 см және 46 см екі мыс өткізгіш спиральдердің бірдей уақыт ішінде бөліп шығаратын жылу мөлшерлерін салыстырыңдар. Кернеу тұрақты. Оқушылар есепті талқылап, шығарғаннан соң, бұл есепті эксперименттік тәсілмен орындап шығаруға болатындай етіп құрастырды. 2) Өткізгіш спиральдердің аудандары әртүрлі жағдайдағы шарттағы жылу мөлшерін салыстырыңдар. Бұл үшін олар қажетті құрал - жабдықтарды таңдай отырып, эксперименттің орындалу жоспарын жасайды. Соңында нәтижесін талдайды. Оқушылардың зерттеушілік жұмыстарының нәтижесі ретінде олардың меңгерген танымдық әдістері мен тәсілдері жатады: 1) Физикалық бақылау; 2) сұрақтардың қойылуы мен оларға жауаптары; 3) проблеманы тұжырымдауы; 4) логикалық ой қорытулары, жалпылауы, қорытындылауы; 5) қарама - қарсы қою әдісі; 6) өз мәселесі бойынша тесттермен жұмыс жасау; 7) іс - әрекетінің кезеңдерін құрастыра білу; 8) өзін - өзі бағалау. Шығармашылық есептер құрамына оқушылардың өз білімдері мен білектіктерін жаңа, өзгермелі шарттарда және олардың өзара байланысында, сондай - ақ негізгі логикалық амалдар мен ой операциялардың қолдануды талап ететін есептер жиыны кіреді. Мектеп практикасы шығармашылық есепті оқушылардың оларды орындауға қатысу дәрежесі бойынша да, сондай - ақ олардың есепті шығару кезіндегі іс - әрекетінің сипатына қарай топтаудың қажеттігін анықтап отыр. Оқушылардың есеп, тапсырмаларды орындауында негізгі болып саналатын амалдардың бірі – физикалық тәжірибелерді логикалық өңдеу амалы, өйткені мұнда ғылыми таным әдістерінің барлық компоненттері қамтылады. Физикалық тәжірибелердің нәтижесін логикалық өңдеу амалына қажеттілік, біріншіден, оқушыларға қажетті құралдар санының жетпеу салдарынан қайсыбір құбылыс немесе заңдылықты тағайындауды физикалық демонстрация арқылы көрсетуге, екіншіден оқушылардың өз іс - әрекеттеріне ғылыми тұрғыдан келулеріне мүмкіндіктермен түсіндіріледі. Оқушыларға физикалық тәжірибелердің нәтижесін өңдеу және оқыту мына бағыттарда жүзеге асырылады: 1) Мұғалім қарастырып отырған құбылысқа байланысты физикалық тәжірибені көрсетеді; 2) Көрсетілген тәжірибенің қайсыбір физикалық заңдылықты, фактінің немесе құбылыстың бар екендігін айқындайтынын баса айта отырып, оқушыларға тәжірибе нәтижесі бойынша тапсырма береді; 3) Оқушылардың жауаптары мәселені талқылаулары тыңдалады. Әрине, оқушылардың мәселені талқылап, ой - қорытулары бірден логикалық дұрыс шешімге алып келмейді. Олардың тарапынан әртүрлі, соның ішінде қате пікірлерде айтылады. Сондықтан оқушылардың ой - қорытуларының логикалық дұрыс арнаға түсуі үшін мұғалім оларға арнайы құрастырылған схеманы қолдануды ұсынады. 4) Қарастырып отырған тапсырманы шамасына қарай мұндай схемаларды тізбекті түрде тақтаға іліп пайдалануға болады. Мұғалімнің басты міндеті тәжірибелерді көрсету арқылы оқушылардың физикалық білімді сапалы да, терң меңгерулеріне мүмкіндік жасау. Мысалы, электр тогының көздері тақырыбына байланысты оқушыларды осы амалға оқыту әдістемесіне тоқталайық... Бастапқыда электр тогын алу үшін өткізгіште электр өрісін туғызу қажеттілігі көрсетіледі. Сонда мынадай қорытындылар жасалады: өткізгіште үздіксіз электр тогын туғызу үшін өткізгіште электр өрісін ұзақ «ұстап» тұру керек. Мынадай мәселе қойылады: өткізгіште электр өрісі ұсақ болуы үшін қажетті шарттарды туғызу керек. Тәжірибелер көрсетіледі: электр өрісін электр машинасымен, термоэлементпен, фотоэлементпен, гальваникалық элементпен туғызамыз. Оқушылар ток индикаторының жұмысын бақылайды: не электр шамы жанады, не гальванометрдің тілшесінің ауытқу жағдайы байқалады. Қорытындылар жасалады: 1) Тізбекке қосылған қондырғыларда нәтижесінде өткізгіште электр өрісі туатын электр зарядтарының үздіксіз бөлінуі жүзеге асады; 2) Тізбекке қосылған қондырылғылары ток көздері деп атайды; 3) Ток көздерінде түрлі энергиялардың электр энергиясына айналуы жүзеге асады. Оқушыларға тапсырма беріледі: осы қорытындыларға қатысты жасалған тәжірибелерді салыстырып, тәжірибе нәтижелері бойынша осындай қорытындыларға не себепті келетінін түсіндіріңдер
«Мыңбаев ауылындағы орт мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
физика пәнінің мұғалімі
Асылбекова Сандуғаштың шығармашылық есебі
Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,
Білімділік бар биікке шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан.
Сүйеді сондықтан да, жақын, жаты...
С.Мұқанов.
Мен, Асылбекова Сандугаш Советовна . Еңбек өтілім 10 жыл. ІI санатты.
Ізденіс тақырыбым: «Физика сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланып, білім сапасын көтеру».
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі прогрессивті реформаланып, әлемдік білім кеңістігіне енудің алғашқы қадамдарын басып келеді. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымның теориясы мен оқыту үрдесі де түбегейлі өзгерістерге ұшырау үстінде. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгереді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болады.
Осыған орай оқытудың деңгейлеп оқыту технологиясын өз тәжірибеме қолданып жүрмін.
Педагогикалық – технологияның ерекшелігі:
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы,оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы себеп болды.Деңгейлеп оқыту — оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес,оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Оқушы өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айналады.
Үлгермеушіліктен құтылып, мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті мазмұнын меңгеруге кепілдік береді.
Оқушының жеке қаблетіне сәйкес бағытта шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай туады.
Оқыту үрдесінің барысында әр оқушының белгілі бір мерзім арқалығындағы дамуын үздіксіз қадағалайтын мониторинг жүргізуіне мүмкіндік туады.
Оқушы жеке қаблетіне сәйкес бағытта «өмір бойы білім ала алатын тұлғаға» айналады.
Қазіргі кезде мектептерде барлық оқушыларға бір өлшеммен қарау әлі де басым орын алып отыр. Ал аталған технология оқушылардың өз бетінше білім алу барысында олардың жеке қабілеті мен мүмкіндіктеріне, қызығушылығына, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім деңгейіне жетуіне жетелейді.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты : Әр бір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуі.
Бастапқы ғылыми идеялар:
1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Деңгейлеп-саралап оқыту құрлымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады : ең төменгі (минималды базалық) бағдарламалық, күрделенген деңгей.Базалық деңгей — мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек.
Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін :
— жеке тұлға ерекшеліктеріне;
— психикалық даму ерекшеліктеріне /есте сақтау қабілетінің ерекшеліктеріне , ойлану қабілеті, зейін ерекшелігіне,өзінің эмоциясын басқара біліуіне/;
-пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек.
Оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің жүйесі:
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Дайындық
Оқушылардың оқу материялын базалық, бағдарламалық, күрделенген деңгейлер бойынша меңгеруін анықтау
Диагностикалық
Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау. Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін диагностикалау. Оқушылардан сауалнама алу, сынып жетекшілерімен, оқушылар және олардың ата-аналарымен әңгімелесу.
Диагностика нәтижелері менөз қызығушылықтары
негізгі пәнді оқу деңгейі таңдалады. Оқушы өзіндік таңдау жасайды.
Оқушыларды
топтарға бөлу
Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру:әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау. Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптардыдайындау. Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну.
Белгілі топты оқушының таңдауы.Топтардағы оқыту.
Талаптарының жобасын талқылауға қатысу.
Деңгейлеп оқытуды жүзеге асыру кезеңі
Оқушылардыңтоптардағы жұмысын ұйымдастыру
Таңдалған топта өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы.
Деңгейлеп оқыту жағдайында білімді меңгерту нәтижелерін бағалау кезеңі
Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау
/кері байланыстың дұрыс орнауы,жүзеге асуы.
Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс тәжірибемде жаңа технологияларды қолданамын. Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген: 1) репродуктивтік деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты. 2) алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпараттыпайдалана отырып орындайды. 3) Эвристикалық деңгей оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді. 4) Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Мысалы:
9 сыныпта Бүкіл әлемдік тартылыс тарауын қайталау мақсатында өткізген сабағымның құрылымы ұжымдық оқыту, саралап, деңгейлеп оқыту. Тарау бойынша топқа бөліп, әр топқа осы тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін. І-деңгей: мынадай сұрақ беремін: Бүкіл әлемдік байланыс принципі, физика заңдылығының жалпыламалығы. Проблемалық сұрақтар беремін. 1. Неге жер күнге құлап түспейді? 2. Жердің өз осінен айналуының пайдасы мен зияны 3. Қай жерде салмақ артық, полюсте ме, экваторда ма? ІІ-деңгейде: есептер шығарылады: өте жақсы оқитын оқушылар С белгісімен белгілен. Жақсы оқитындарға В белгісі, нашар оқитындарға А белгісіндегі есептер беріледі. ІІІ-деңгейде: жазу мен сызуды ой тұрғысынан ойлаудың Венн диаграммасын қолданамын. Жер мен Күн ұқсастығы. ІV-деңгей: шығармашылық есептер, мәнжазбаларын қорғап шығады. 11 сыныпта өткізген «Электромагниттік тербелістер» тақырыбында деңгейлеп оқыту әдісін қолдандым. І деңгей бойынша есептер графопроектор арқылы түсіндіріледі. ІІ деңгейде сұрақтар беріліп, тест тапсырмалары беріледі ІІІ-деңгейде күнделікті өмірден мысалдар келтіру. ІV деңгей бойынша шығармашылық деңгей өздері құрастырған сөзжұмбақтарын шешеді. 9 сыныпта«Реактивті қозғалыс» тақырыбын өткізгенде көрнекі мысалдармен түсіндіремін.
Тәжірибелік тұрғыдан оқушылардың назарын зымыран жасау тарихында туындаған проблемаларға аударамын. Бұл жерде ғарышты игерудегі Циолковскийдің, С.П. Королевтің еңбектеріне тоқталып, ғарышқа сапар шегіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысқан ғарышкерлер Ю.Гагарин,Тоқтар Әубәкіров, Т. Мусабаев еңбектерін баяндаймын. 8 сыныпта«Электр құбылыстары» тарауын қорытындылау сабағымда да деңгейлік тапсырмалар. І –деңгей бойынша сұрақтар 13 сұрақ қойылады. 13 сұраққа 5 балл беріледі. ІІ деңгей бойынша семантикалық карта толтыру. Оқушы өзі ізденіп картаны толтырып береді. 10 балл
ІІІ деңгейде денелердің электрленуіне мысал келтіру. Денелерді электрлендірудің зиянды жақтары 15 балл IV деңгей бойынша шығармашылық деңгей өздері дайындаған мән жазбаларды қорғап шығады. 20 балл.
Есептер шығару барысында оқушы физикалық шаманы есептейді және заңдар мен заңдылықтарды тағайындайды. Оқушыларды олимпиадаға дайындауға эксперименттік есеп беріп отырамын. Оқу әдісін қайталау, пысықтау сабақтарында сөзжұмбақты оқушылардың білімін бағалау үшін пайдаланамын. Үлкен тақырыптар мен тарауларды қайталағанда оқушыларға үйде осы тақырып пен тарау бойынша сөзжұмбақ құрастырып әкелуді тапсырамын. Мұндай тапсырманы оқушылар бар ынтасымен орындайды.
Осы тұрғыда физика пәні бойынша диагностикалық әдіспен оқушының ойлау-логикалық қабілетін зерттедім. әр тарау бойынша берілген деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі сол тоқсан аяғында жақсы көрсеткішке жетті.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыларды физика пәніне қызықтыру көрсеткіші.( соңғы 3 жыл)
№
Сыныбы
2013-2014
2014-2015
2015-2016
1
7
35,7
2
8
38,4
3
9
42,1
Әрине, тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
ҰБТ-ге қатысқан оқушылар нәтижесі:
Барлық оқушылар саны
Қатысқандар саны
Орташа балл
Білім сапасы
Үлгірімі
11 сын.
ҰБТ
ҰБТ
ҰБТ
Оқу жылы
ҰБТ
Оқу жылы
ҰБТ
2006-2007
10
2
14
45%
100%
100%
100%
2009-2010
8
1
13
48,3%
100%
100%
100%
2010-2011
10
3
16
50%
100%
100%
100%
2011-2012
5
5
16
80%
80%
100%
100%
2011-2012 оқу жылында бір оқушы «5»-ке тапсырып «Алтын белгі» иегері болды.
Қорытынды:Деңгейлік оқыту оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.
Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайын туғызады және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкесті жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
“Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 ж
«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 ж
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
“Физика” журналы №4, 2009
“Қазақстан мектебі” журналы №8, 2008
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі- жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. 1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді. 2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру. Педагогика ғылымдарының доктор профессоры Караев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс тәжірибесінде жаңа технологияларды қолданамын. Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген: 1) репродуктивтік деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты 2) алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды. 3) Эвристикалық деңгей оқушы қзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді. 4) Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. 9 сыныпта Бүкіл әлемдік тартылыс тарауын қайталау мақсатында өткізген сабағымның құрылымы ұжымдық оқыту, саралап, деңгейлеп оқыту. Тарау бойынша топқа бөліп, әр топқа осы тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар беремін. І-деңгей: мынадай сұрақ беремін: Бүкіл әлемдік байланыс принципі, физика заңдылығының жалпыламалығы. Проблемалық сұрақтар беремін. 1. неге жер күнге құлап түспейді? 2. жердің өз осінен айналуының пайдасы мен зияны 3. Қай жерде салмақ артық, полюсте ме, экваторда ма? ІІ-деңгейде: есептер шығарылады: өте жақсы оқитын оқушылар А белгісімен белгілен. Жақсы оқитындарға В белгісі, нашар оқитындарға С белгісіндегі есептер беріледі. ІІІ-деңгейде: жазу мен сызуды ой тұрғысынан ойлаудың Венн диаграммасын қолданамын. Жер мен Күн ұқсастығы. ІV-деңгей: шығармашылық есептер, мәнжазбаларын қорғап шығады. 11 сыныпта өткізген «электромагниттік тербелістер» тақырыбында деңгейлеп оқыту әдісін қолдандым. І деңгей бойынша есептер кодоскоп арқылы түсіндіріледі. ІІ деңгейде сұрақтар беріліп, тест тапсырмалары беріледі ІІІ-деңгей бойынша өмірден техникадан мысалдар келтіру. ІV деңгей бойынша шығармашылық деңгей өздері құрастырған сөзжұмбақтарын шешеді. 9 сыныпта «Реактивті қозғалыс» тақырыбын өткізгенде көрнекі мысалдармен түсіндіремін. Тәжірибелік тұрғыдан оқушылардың назарын зымыран жасау тарихында туындаған проблемаларға аударамын. Бұл жерде ғарышты игерудегі Циолковскийдің С.П. Королевтің еңбектеріне тоқталып, ғарышқа сапар шегіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысқан ғарышкерлер Ю.Гагарин,Тоқтар Әубәкіров, Т. Мусабаев еңбектерін баяндаймын. 8 сыныпта «Электр құбылыстары» тарауын қорытындылау сабағымда да деңгейлік тапсырмалар. І –деңгей бойынша сұрақтар 13 сұрақ қойылады. 13 сұраққа 5 балл беріледі. ІІ деңгей бойынша семантикалық карта толтыру. Оқушы өзі ізденіп картаны толтырып береді. 10 балл ІІІ деңгейде денелердің электрленуіне мысал келтіру. Денелерді электрлендірудің зиянды жақтары 15 балл IV деңгей бойынша шығармашылық деңгей өздері дайындаған мәнжазбаларды қорғап шығады. 20 балл. Физиканың даму тарихына үңілсек, ірі жаңалықтардың көбі эксперимент нәтижесінде ашылғанын көрер едік. Есептер шығару барысында оқушы физикалық шаманы есептейді және заңдар мен заңдылықтарды тағайындайды. Оқушыларды олимпиадаға дайындауға эксперименттік есеп беріп отырамын. Оқу әдісін қайталау, пысықтау сабақтарында сөзжұмбақты оқушылардың білімін бағалау үшін пайдаланамын. Үлкен тақырыптар мен тарауларды қайталағанда оқушыларға үйде осы тақырып пен тарау бойынша сөзжұмбақ құрастырып әкелуді тапсырамын. Мұндай тапсырманы оқушылар бар ынтасымен орындайды. Мұндағы ең басты мақсатым мынау: 1) оқушылар сөзжұмбақты құрастыруда өз бетінше ізденеді.
2) әр түрлі ғылыми-техникалық басылым мен анықтамаларды қарайды, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйренеді. Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы деңгейлеп, саралап оқытуда байқағаным, оның тиімді жақтары. 1) сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы белсендігін оятады. 2) Оқушы өз білімінің деңгейіне жұмыстанады. 3) Оқушының өз бетімен жұмыс істеу тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігі артады.
Осы тұрғыда физика пәні бойынша диагностикалық әдіспен оқушының ойлау-логикалық қабілетін зерттедім. әр тарау бойынша берілген деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі сол тоқсан аяғында жақсы көрсеткішке жетті. әрине тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.