kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?здік жас физик» сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

10 сынып о?ушылары арасында ?ткізгелі отыр?ан «?здік жас физик»  сайысына ?ош келді?іздер.

       Сіздер б?гін физиканы? ?ызы? та, ?иын да с?ра?тарына жауап беріп, к?нделікті к?ріп ж?рген ?йреншікті ??былысты? ?зінде ?аншама физика за?дылы?тары жат?анды?ыны? ку?сі боласыздар.

         Таби?атта физикалы? ??былыс сансыз к?п, сол жайлы о?ып білгендері?ізді орта?а салып, білмейтін біраз ??былыстарды б?гінгі бізді? сайысымыздан,  я?ни физиканы? ?ажайып ?лемінен табасыздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?здік жас физик» сайысы »

«Үздік жас физик» сайысы.



Шілдебаева Айгүл Амангелдіқызы


Ш. Ермағанбетова атындағы №246 орта мектептің

физика пәні мұғалімі


Жүргізуші : Құрметті ұстаздар, оқушылар! 10 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Үздік жас физик» сайысына қош келдіңіздер.

Сіздер бүгін физиканың қызық та, қиын да сұрақтарына жауап беріп, күнделікті көріп жүрген үйреншікті құбылыстың өзінде қаншама физика заңдылықтары жатқандығының куәсі боласыздар.

Табиғатта физикалық құбылыс сансыз көп, сол жайлы оқып білгендеріңізді ортаға салып, білмейтін біраз құбылыстарды бүгінгі біздің сайысымыздан, яғни физиканың ғажайып әлемінен табасыздар.


Сайысқа төрелік ететін әділ қазылар алқасы мүшелерімен таныстырып өтейін.


Сайыс шарты : Сайыс 5 турдан тұрады . Әр турдың соңында төмен ұпай жинаған ойыншылар сайыстан шығып отырады. Соңында 2 ойыншы қалады.

Сайыстың турлары:



І тур.

Алғашқы тур «Кім тапқыр?» деп аталады. (Мұнда тест сұрақтары беріледі. Барлығы 10 сұрақ. ІІ турға жоғары ұпай жинаған оқушылар қатысады ).


ІІ тур.

«Білгір болсаң, тауып көр» деп аталады. Бұл турдағы тапсырма «Қай ғалым?» деп аталады. Мұнда физика ғылымында ашқан жаңалықтары , еңбектері бар ғалымдар жасырылады.


ІІІ тур.

«Жүйрік болсаң, шауып көр» деп аталады. (Мұнда «Сиқырлы текше» беріледі, 20, 30, 40, 50 ұпайдан тұратын сұрақтар қойылады)



ІУ тур.

«Ойлы болсаң, озып көр» деп аталады. (Әр ойыншыға 5 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады. Жауап толық болмаса, бір ұпаймен бағаланады.)


У тур.

«Мықты болсаң, жеңіп көр» деп аталады Қорытынды бөлім «Қызықты тәжірибелер» деп аталады. Сайыс қорытындысымен ең жоғары ұпай жинаған екі оқушы қатысады.


Жүргізуші : Ал достар, ғылымдардың ғылымы әрбір істі шешуге көмектесуші, қызықты ғажап әлемге саяхат жасайық!


Дүниедегі құбылыстың мәнінде,

Табиғаттық қозғалыстың бәрін де,

Мүмкін емес физикасыз түсіну,

Физика дүние кілті бүгінде.

Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,

Бақтырып жұлдыздарды ескен желге.

Жансызға жан бітіріп, қолға салып,

Ғасырлар түкпірінен басып озған.


Жүргізуші: Сайысымызды «Кім тапқыр?» атты турдан бастаймыз.


І тур. Тест сұрақтары.


  1. 100 В кернеуге және 0,5 А ток күшіне есептелінген электр шамының қуатын анықта.

А)50 Вт

В) 200 Вт

С)0,005 Вт

Д)500 Вт

Е) 100 Вт


2.Дене жердің жасанды серігі болу үшін оған берілетін жылдамдық

А) ≈ 10 км/с

В) ≈8 км/с

С) ≈6 км/с

D) ≈4 км/с

Е) ≈2 км/с


3. Екі дене арасындағы арақашықтық 3 еселенсе, тартылыс күші

A) 3 есе артады.

B) 9 есе кемиді.

C) 9 есе артады.

D) 3 есе кемиді.

E) өзгермейді.


4.Математикалық маятниктің тербеліс периодын анықтайтын формула

A)

B)

C)

D)

E)


5. Ядроның құрамында бейтарап бөлшек

А) ион

В) нейтрон

С) протон

Д) атом

Е) молекула

6. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал.

A) Манометр.

B) Психрометр.

C) Динамометр.

D) Электрометр.

E) Амперметр.

7. 20 Н күш әсер еткен дене 2,5 м/с2 үдеумен қозғалады. Дененің массасы

A) 8 кг.

B) 0,8 кг.

C) 50 кг.

D) 25 кг.

E) 10 кг.

8. Кедергілері 6 және 3 Ом өткізгіштер параллель қосылған.Өткізгіштің жалпы кедергісі.

А) 0,5 Ом

В)2 Ом

С) 9 Ом

Д)18 Ом

Е) 3 Ом

9. Оттек атомы ядросының айналысында 8 электрон бар. Оттек атомының ядросындағы протондар саны

А) 16

В) 4

С) 2

D) 8

Е) 6

10. Айналық бетке жарық сәулесінің түсу бұрышы 200 . Шағылған сәулемен айна жазықтығы арасындағы бұрыш:

A) 900

B) 400

C) 700

D) 200

E) 800


І турды қорытындылау үшін сөз кезегін береміз.



Жүргізуші : Физика - табиғаттың тілі екен ғой,

Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой.

Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,

Бәрінің бағынары физика ғой.


Сайысымыздың келесі туры «Жүйрік болсаң, шауып көр» деп аталады. Бұл турдағы тапсырма «Қай ғалым?» деп аталады. Мұнда физика ғылымында ашқан жаңалықтары , еңбектері бар ғалымдар жасырылады.

Бұл турдың шарты : Ғалым туралы сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Егер жауап болмаған жағдайда, көмек алуға болады, ал көмек алсақ дұрыс жауап үшін 5 ұпай.


  1. Сұрақ : Физика ғылымының бірінші ұстазы.

Бұл ғалымды «сэр» деп атаған.

Көмек: Оны «классикалық механиканың атасы» деп атаған. Ол «бүкіл әлемдік тартылыс заңының» авторы. Оның құрметіне күштің өлшем бірлігі берілген.


Жауап: ағылшынның ұлы ғалымы Исаак Ньютон.


  1. Сұрақ : Инерция заңын ашқан. Құс жолының орасан мол жұлдыздардан тұратынын ашқан.


Көмек : Алғаш телескопты ойлап тапқан Италия ғалымы.


Жауап: Галилео Галилей.


  1. Сұрақ : Қай ғалымды Пушкин «Орыс халқының бірінші университеті» деп атады?

Көмек : Бұл ғалым молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын тұжырымдады.


Жауап: М.В. Ломоносов.


  1. Сұрақ : Ғылымға «физика»-деген сөзді енгізген ғалым кім?

Көмек : «Әр адамның бойында білімге деген құштарлық бар» деп айтқан

ертедегі грек ғалымы, философ.


Жауап : Аристотель


  1. Сұрақ : Самарқанда астрономия саласында өшпес із қалдырған кім?

Көмек : Орта Азияның билеушісі Әмір Темірдің немересі, ең алғаш жұлдыздар каталогын жасаған .


Жауап: Ұлықбек


  1. Сұрақ : Радиоактивтіліктің ашылуын оттың ашылуымен теңестірді. Себебі бұл өркениет тарихындағы ең маңызды жаңалық болды.

Көмек : Салыстырмалылықтың арнайы теориясының постулаттарын тұжырымдады.


Жауап: Немістің ұлы физигі Альберт Эйнштейн


  1. Сұрақ: Еліміздің ғарыш саласының дамуына үлес қосқан кім ?

Көмек : Ең алғаш 1991 жылы ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері .


Жауап: Тоқтар Әубәкіров.


  1. Сұрақ : Ғарышқа алғашқы қадам жасау осы ғалымнан басталады.

Көмек : Ол зымырандардың көмегімен ғарышты игеру мүмкіндігін теориялық түрмен дәлелдеді.


Жауап: Циолковский Константин Эдуардович



  1. Сұрақ: «Физика» сөзінің мағынасын байытуда еңбек сіңірген бабамыз кім?

Көмек : «Екінші ұстаз атанған» ұлы ғалым.


Жауап: Әбу насыр әл-Фараби.


  1. Сұрақ : «Мен енді білемін, атомның қандай екенін» осы сөзді айтқан кім?

Көмек : 1911 жылы атомның планетарлық (ядролық) моделін ұсынған ғалым.


Жауап: Ағылшын физигі Эрнест Резерфорд.


Енді осы турдың қорытындысымен таныстыру үшін сөз кезегін _________________ ______________ береміз.

Ұпайы төмен оқушылармен қоштасайық.



Жүргізуші: Сұрақтарға ұлағатпен қараңдар,

Ойларыңды ептілікке ораңдар

Бір сұраққа тереңірек мән беріп

Ең шешендер ой толғайды жарандар! – деп, «Cиқырлы текше» деп аталатын логикалық және танымдық сұрақтардан тұратын ІІІ – турымызға кезек берейік.

Шарты: Қатысушылар кезекпен ұяшық таңдайды. Егер жауап дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап береді. Дұрыс жауап берген оқушы ұяшық таңдай алады.


20 ұпайдан тұратын ұяшық – «Басқатырғыш» деп аталады, мұнда логикалық сұрақтар беріледі.

30 ұпай- «Мақал-мәтелдер» деп аталады.

40 ұпай – «Тарихи тұлғалар» деп аталады, мұнда физик ғалымдар немесе олардың еңбектері туралы болады.

50 ұпай – «Заңдар, құбылыстар» деп аталады, берілген мақалдың қандай физикалық тақырыптарға, құбылыстарға сәйкес келетінін табуға тиіссіздер.


І. «Басқатырғыш» (20 ұпай)


  1. Александр Македонский заманындағы уақыттың көрсеткіші немесе өлшеуіші не болды?


Жауап: тауық.


  1. Өзі затты құрайды

Теңесуге таразыны сұрайды .

Бұл қандай шама ?

Жауап: Масса


  1. Қосарланып жегілген 3 ат бір сағат ішінде 12 км жол жүрді. Осыуақыттың ішінде 1 ат қанша жол жүрген?


Жауап: 12км жол жүрді.


4. Зерттеу жұмыстарына құрал ретінде қолданылады. Іші ауаға толы. Спортшы осы денемен дос. Шар тәріздес.


Жауап: Доп.



ІІ . Мақал-мәтелдер (30 ұпай).


  1. Ауызы күйген үрлеп ішеді


Жауап : кебу құбылысы.


  1. Тонның жылуы терісінен емес, жүнінен .


Жауап: жылу өткізгіштік.


3. Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды.


Жауап: күш, әрекет.


4.Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.


Жауап: диффузия.



ІІІ. Тарихи тұлғалар (40 ұпай).


  1. 1876 жылы Париж көшелерінде жаңадан шам көздері пайда болды. Аппақ орамды шамдарға енгізілген ток көздері ашық түсті жарық береді. Осы жарықты неге «Орыстың күні» немесе «Орыстың жарығы» деп атады?


Жауап: Жарықтың құрастырушысы – орыс өнертапқышы Яблочков болатын.



  1. Архимед Герон патшаның тәжінің таза алтын емес екенін қалай анықтады?


Жауап: тығыздығын салыстырды.


  1. Ең бірінші электр қыздырғыш шамын кім ойлап тапты?


Жауап: орыс өнер тапқышы – Лодыгин.


  1. Әлемдік рекордтарды тізетін Гиннес кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ кім? Ол 1994 жылы 135 тәулік бойы ғарыш кеңістігінде ұшып жүрді. 7 рет ашық аспан әлеміне шықты?


Жауап : Талғат Мұсабаев



ІУ . Заңдар, құбылыстар (50 ұпай).


  1. Құрғақ шүберекпен айнаны сүрткенде қандай құбылыс болады?


Жауап: Денелердің электрленуі құбылысы. Яғни шыны мен пластинка тозаңды және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартады.


  1. Ауыр кеме суда жүзіп жүре алады. Суға батырылған шеге батып кетеді. Мұның себебі неде?


Жауабы: Тұтас қатты дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық. Сондықтан шеге суға батып кетеді. Яғни шегенің тығыздығы судан артық.


3.Суретті сұрақ.


Жүгі бар арбаны аққу аспанға, шортан суға, шаян алға тартады. Арба орнынан қозғала ма? Тең әсерлі күш неге тең? ( сурет бойынша )














Жауап: Арба орнынан қозғалмайды, тең әсерлі күш 0-ге тең/



4. Бірдей ыдыста теңдей мөлшерде бензин, су, май құйылған. Бірнеше күннен кейін бензиннің қалмағанын, судың жартылай буланғанын, майдың айтарлықтай өзгермегендігін көреміз. Неліктен?

Жауап: Кебу құбылысы. Заттың түріне, тегіне байланысты болады.


Жүргізуші : Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер – дей отырып ІУ турымызды бастаймыз. Сайысымыздың келесі туры «Ойлы болсаң, озып көр» деп аталады. Бұл бөлім «Кім тапқыр» деп аталғандықтан, әр ойыншыға кезекпен 5 сұрақтан қойылады. Әр жауап 2 ұпаймен бағаланады. Сонымен ұяшық таңдаймыз.


  1. оқушы : Қай планетаның сақинасы бар? (Сатурн)

Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ)

Сыйымдылықтың өлшем бірлігі? (Фарад)


Сұйыққа (газға) батырылған денелерге қандай әсер етеді? (Архимед күші)


Дененің немесе материалық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қалай аталады? (траектория)


2-оқушы : Сұйыққа немесе газға батырылған денеге кері итеруші күш қалай бағытталады? (жоғары)


Күш пен әсер ету уақытының көбейтіндісі не деп аталады? (күш импульсі)


Жылу берілудің қандай түрлері бар? (жылу өткізгіштік, сәуле шығару, конвекция)

Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар не деп аталады? (векторлар)

Дененің салмағы нөлге тең болатын дененің күйі (салмақсыздық)


3-оқушы : Дененің ішкі энергиясын өзгертудің неше тәсілі бар? Қандай?

(жылу берілу, жұмыс істеу арқылы)


Жылдамдықтың өзгеру шапшандығын сипаттайтын шама (үдеу)

Электр тогының қандай қасиеттері бар? ( жылулық, химиялық, магниттік, физиологиялық)

Кеңістікте белгілі пішіні мен нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені не деп атайды? (дене)

Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі (еркін түсу үдеуі)

4-оқушы :

“Кинематика” сөзі қандай мағына білдіреді? (қозғалыс)


Бірінші ғарыштық жылдамдық неге тең? (7,9 км/с )


Вольтметр тізбекке қалай жалғанады ? (параллель )


Алғаш рет электр тоғы түсінігін енгізген ғалым? (француз физигі Андре Мари Ампер)


Ең алғаш құлабызды (компас) кімдер ойлап тапты ? (қытайлықтар)


6-оқушы :


Меншікті кедергінің өлшем бірлігі (Ом * м)


Судың кішкене бөлшегі қалай аталады? (тамшы)


Электромагниттік индукция құбылысын ашқан ғалым. (ағылшын физигі Майкл Фарадей)


Өзен сияқты бір бағытта ағады және тоқтамайды (сағат)


Қандай денелерде конвекция жүрмейді ( қатты денелерде )

7-оқушы : Құс жолы нелерден тұрады? Оны кім ашты? (итальяндық ғалым Галилео Галилей. Құсжолы сансыз көп жұлдыздардан тұрады. )

Бар жоғын білмейсің, онсыз өмір сұрмейсің? Бұл не ? (ауа)

Магниттің неше полюсі бар? (Екі : оңтүстік, солтүстік)

Кемпірқосақ дегеніміз не? (жарықтың жеті түске жіктелуі, жаңбыр призма ролін атқарады).


Кернеуді жоғарылату және төмендетуге арналған құрал не деп аталады? (трансформатор)


Жүргізуші: Жарыс толқын жатқандай асып – тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Осы турда байқалар терең ойлар

Жеңсең де жеңілсең де қалма жасап! – дей отырып соңғы турымызға кезек береміз. Бұл тур «Қызықты тәжірибелер» деп аталады. Бұл турымыз 10 ұпаймен есептеледі. Ортаға қатысушыларды шақырамын.

Қазір сіздерге екі тапсырма беріледі. Ұпайы аз оқушы таңдау жасайды. Қосымша заттар беріледі. Тәжірибені жасап көруге болады.


1-тәжірибе. Таңғажайып жұмыртқа деген тәжірибе жасалады. Жартылай су құйылған шыны ыдысқа саламыз. Ол сұйық бетінде жүзіп жүреді. Егер ыдысқа тағы да су құйсақ жұмыртқаның бату тереңдігінде өзгерістер бола ма?


Жауап: Бастапқысы тұзды, соңғысы таза су. Жұмыртқа бастапқы қалпында сол биіктігінде қалады. Өйткені тұздалған судың тығыздығы жұмыртқанікінен артық болуына байланысты, ол су бетінде жүзіп жүреді. Ал жұмыртқаның өз тығыздығы таза судікінен артық. Сондықтан ол оның бетіне шыға алмайды.


2-тәжірибе :




Жүргізуші: Пайдаланады көп ғылым

Физиканың заңдарын

Сол заңдармен таныды

Табиғаттың сырларын.


Жүргізуші: Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздерменен кездесерміз біздер әлі

Әділ – қазы, көрермен сау тұрыңыз,

Күтеді біздің жарқын күндер әлі.



«Үздік жас физик» сайысын қортындылап, жеңімпаздарды марапаттау үшін сөз кезегін аудандық білім бөлімінің әдіскері __________________________ береміз.




























Аты-жөні

мектебі

І тур



ІІ тур

ІІІ тур

ІУ тур

У тур

Қорытынды ұпай


































































































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
«?здік жас физик» сайысы

Автор: Шілдебаева Айг?л Амангелді?ызы

Дата: 13.06.2014

Номер свидетельства: 103982

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""Ең үздік жас физик" зияткерлік ойыны"
    ["seo_title"] => string(39) "ien_uzdik_zhas_fizik_ziiatkierlik_oiyny"
    ["file_id"] => string(6) "385221"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485703455"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Е? ?ЗДІК ЖАС ФИЗИК" САЙЫСЫ"
    ["seo_title"] => string(27) "ien-uzdik-zhas-fizik-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "325087"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1462846222"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сыныптан тыс сабақ: Физика әлеміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(43) "synyptan_tys_sabak_fizika_lieminie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "356599"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478602805"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Жас математиктер" сайыс сабағы"
    ["seo_title"] => string(33) "zhas_matiematiktier_saiys_sabag_y"
    ["file_id"] => string(6) "384227"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485450887"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Физика -?лем кілті"
    ["seo_title"] => string(15) "fizikaliemkilti"
    ["file_id"] => string(6) "299651"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456571797"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства