Просмотр содержимого документа
«"Е? ?ЗДІК ЖАС ФИЗИК" САЙЫСЫ»
«Ең үздік жас физик»
(зияткерлік ойын)
Мақсаттары:
білімділік: оқушылардың физика пәні бойынша алған білімдерін тексеру; қайталау және пысықтау;
дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, ойлау жылдамдықтарын, іс-әрекет жылдамдықтарын, зейін және ойлау қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік: оқушыларға топпен жұмыс істеуді, бір-бірінің пікірін тыңдай білуді, оны сыйлауды үйретуді жалғастыру және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойынға қатысушылар: ойынға 7 сынып оқушыларынан 8 оқушы қатысады.
Көрнекілігі: Үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта, т.б.
Армысыздар, ағайын!
Ағайын тілін табайын.
Есенбісіз, ұстаздар,
Шаршамайтын қыс-жазда.
Көрермендер аман ба,
Бәріңізге бір сәлем!
Бүгінгі 7 сынып арасында өткелі жатқан «Ең үздік жас физик» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер! Бүгінгі ойынымыздың жоспарымен танысыңдар:
І. «Жылдам жауап бер»
ІІ. «Физикалық терминдерді білесіздер ме?»
ІІІ. «Формулалар әлемінде»
ІV. «Физикалық жұмбақ»
V. «Көрермендер ойыны»
VI. «Көкпар»
Алдымен ойыншының білімін дұрыс бағалау үшін әділқазы алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әр әділқазының алдына дайындалып қойылған.
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
1.____________________________________
2.____________________________________
3.____________________________________
Әр ойыншы өзін таныстыру, ұранын айту.
I – тур. «Жылдам жауап бер».
1. «Физика» деген сөз грек сөзі «фюзис» білдіреді. (табиғат)
2. «Физика» сөзі ең бірінші рет ұлы ойшыл қай ғалымның еңбектерінде пайда болды? (Аристотель)
3. «Физика» сөзін орыс тілінде енгізген ғалым? (Ломоносов)
4. Күн жүйесінде неше планета бар? (8)
5. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дене пішіні мен көлемін өзгертетін деформация қалай аталады? (пластикалық)
6. ХБЖ жылдамдықтың өлшем бірлігі? (м/с)
7. Жылдамдық қандай әріппен белгіленеді? (V)
8. Дене деформацияға түскен кезде әсер ететін күш? (Серпінділік күш)
9. 1 тоннада қанша килограмм бар? (1000 кг)
10. Күшті қандай әріппен белгілейді? (F)
11. Тығыздықтың өлшем бірлігі? (кг/м3)
12. Күшті өлшейтін прибор қалай аталады? (динамометр)
13. Деформация дегеніміз не? (Дененің пішінін немесе көлемін өзгертуі)
14. Дененің массасы қандай әріппен белгіленеді? (m)
15. Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді? (спидометр)
16. Қысымның өлшем бірлігі? (Па)
17. Уақыт қандай әріппен белгіленеді? (t)
18. Дененің массасын өлшейтін құрал? (таразы)
19. Уақытты өлшейтін құрал? (сағат)
20. Күштің өлшем бірлігі? (Н)
21. Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс қалай аталады? (бірқалыпты қозғалыс)
22. Заттың неше күйі бар? (қатты, сұйық, газ)
23. Дененің температурасын өлшейтін құрал? (термометр)
24. Деформацияның қандай түрлері бар? (пластикалық және серпімді)
25. Қысым қандай әріппен белгіленеді? (Р)
26. Көлемді өлшейтін құрал? (мензурка)
27. Ең қарапайым құрал? (сызғыш)
28. Аспан денелерін зерттейтін құрал? (телескоп)
29. Еркін түсу үдеуінің сан мәні? (9,8 м/с)
30. Үйкелістің неше түрі бар?ата. (домалау, сырғанау, тыныштық)
1-турдан кейін ұпайы аз ойыншы ойыннан шығып, 7 ойыншы қалады.
ІІ – тур: «Физикалық терминдерді білесіндер ме?»
Бұл турда физикалық терминдер туралы сұрақтар қойылады. Оқушылар терминдер қандай мағынаны білдіретінің айтады.
1.Физика грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (фюзис-табиғат)
2. «Астрономия» сөзін грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (астрон – жұлдыз, ал номос - заң)
3. «Атом» грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (атомос - бөлінбейтін)
4. «Диффузия» латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (жауылу, таралу)
5. «Задиак шоқжұлдыздары» грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (зодиакос куклос – жан жануарлар дөңгелегі)
6. «Инерция» латынша қанждай мағынаны білдіреді? (қозғалыста емес, әрекетсіздік)
7. «Деформация» латынша қандай мағынаны білдіреді? (өзгеру)
8. «Динамометр» грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (динамис – күш және метрео - өлшеймін)
Осы турдан кейін дұрыс жауабы аз ойыншы шығады.
ІІІ – тур. «Формулалар әлемі»
Ойыншыларға карточкалар үлестіріледі. Ойыншылар карточкаларда берілген формуладан көрсетілген шаманы табулары керек. Әр ойыншыға үш формуладан беріледі.
F=? `(F=P*S)
g=? ()
S1=? ()
V=? ()
m2=? ()
()
k=? ()
S=? ()
P=mg m=? ()
IV – тур. «Физикалық жұмбақ»
Қалған бес ойыншыға екі жұмбақтан беріледі.
1 – жұмбақ
Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
2 – жұмбақ
Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)
3 – жұмбақ
Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)
4 – жұмбақ
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньтонға ол келеді. (күш)
5 – жұмбақ
Өзі затты құрайды,
Теңесуге тьаразыны сұрайды. (Масса)
6 – жұмбақ.
Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланар күн сайын жарық үшін. (Шам)
7 – жұмбақ
Барлық денелерге тән,
Онсыз болмайды мән.
Әр затта болады әр түрлі,
Өлшеуге болады дәл. (Масса)
8 – жұмбақ
Жоқ өзінде баста, қасы да, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)
9 – жұмбақ
Көтерілсе жоғары,
Ерітер мұхит мұздарды.
Төмен түссе шамалы,
Сездірер суық ызғарды. (Температура)
10 – жұмбақ
Жай көзге көрінбейді,
Қозғалуға ерінбейді. (молекула)
Ұпай сандары тең болып жатқан ойыншыларға:
Бірдей көлемдегі масса кейде көп,
Аз болса да кейде дөп.
Делінеді бұл шама,
Аталуын тапшы тек. (Тығыздық)
Ұпай саны аз екі ойыншы ойыннан шығады.
V – тур. «Көрермендермен ойын»
Өз еркімен 3 ойыншы шығады. Тақтады «Динамометр» сөзі берілген. 1 минут ішінде осы әріптерді пайдаланып, өмірде нақты бар заттарды жазу керек. Берілген уақыт өткеннен кейін жазған сөздерін кезекпен оқиды.
Д И Н А М О М Е Т Р
VI – тур. «Көкпар»
Ойыншыларға берілген есептің шешімін есеп шығарулары керек.
1 – есеп
Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30 мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын есептендер. (5 м/с)
2 – есеп.
Жүктің массасы 10 кг. Оған қандай ауырлық күші әрекет етеді? (100 Н)
3 – есеп.
10 м2 ауданға 50 Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар. (1 Па)
Қорытынды
Жеңімпаз анықталып, оған «Ең үздік жас физик» атағы беріледі. Ойынға қатысқан оқушыларға сыйлықтар таратылады.