8 мин 10 мин 15 мин | 8-сыныпта өтілгенді еске түсіру. Кім жылдам? Қай шам жарығырақ жанады? Қандай энергия түрленулерін білесіңдер? 3) Өткізгіш кедергісінің физикалық мағынасын түсіндіріңдер. (Оқушылар жауабы: Электрондар өткізгіш арқылы қозғалғанда, электрондар өткізгіштің атомдарымен соқтығысып, токтың ағуына кедергі жасайды. Кедергі өткізгіштің ұзындығы мен көлденең қимасы ауданынан тәуелді) (G) (f) Бағалау: Екі жұлдыз бір тілек. Жұппен жұмыс Оқушылар анықтау керек шамаларды есептеп, кестеге толтырады. Жауабын тексеріп көреді. Сабақтың мақсатына қайта оралу. Жаңа сабақты меңгеру.Жеке жұмыс. Өзіңді сынап көр. олар аккумулятормен және қыздыру шамымен төменгі кернеудің қарайым сызбасын жасауы керек. 2) толық тізбекті құрастыруға қатысты тәжірибелік жұмыс жасатуға болады. Әр оқушы жеке жұмыс жасайтындай жағдай жасалуы қажет. Құрал жабдықтарды қолданып, тізбек құру және ток көзінің ішкі кедергісін анықтау деген тапсырма беріледі. Амперметрлерді және вольтметрлерді тізбекке қалай қосу керектігін қарастыруға болады және қарапайым сызбаларды жасау бойынша бірнеше кеңестер беруге болады: Компонеттерді сызбадағы ретпен үстелдің бетіне қойыңыз. Ток өлшенуі тиісті жердегі нүктеге амперметрді қосыңыз. Сызбаның қалған бөлігі дұрыс құрастырылғанға дейін, вольтметрді қоспаңыз. Потенциалдар айырмасы өлшенуі тиісті компонетпен вольтметрді параллель қосыңыз. (D) ток көзіне тізбектей жалғанған бір, екі және үш шам қорек көзінен электр энергиясымен қамтамасыз етілетін, кейбір қарапайым сұлбаны көрсетіңіз. Шамдар санының артуына қарай кернеу мен жарықтылық төмендейді. E) Оқушылар аккумулятормен және қыздыру шамымен төменгі кернеудің қарайым сызбасын жасауы керек. Олардан екінші шамды, кейіннен үшінші, т.с. паралелль қосуды сұраңыз. Паралелль тізбек үшін (яғни, барлық шамдар бірдей потенциалдар айырымы алуы тиіс идеясы, демек, барлығы бірдей жарық болуы тиіс) не байқалатынын (шамның саны көп болған сайын, соғұрлым әр шамның жарықтылығы төмендейді) салыстырыңыз. Қысқыштағы кернеу түсетіні туралы түсінікті енгізіңіз. Мұны растау үшін, вольтметр көмегімен тәжірибені қайталаңыз. Аккумулятор батареясы, реостат, амперметр, ажыратқыш кілтті тізбектей жалғау. Ток көзіне параллель вольтметрді қосу. Реостат арқылы ток күшінің қандай да бір мәнін алу, мысалы 1,8 А. Осы кездегі вольтметрдің көрсетуін жазып алу, мысалы 3,5 В. Тізбекті ток көзінен ажыратқанда вольтметрдің көрсетуі артады, мысалы 3,7 В болады. Осы мән - батареяның ЭҚК-і. Бұдан ток көзі ішіндегі кернеудің түсуі: U= 3,7 В – 3,5 В = 0,2 В Кернеудің түсу себебін талқылаңыз. Ішкі кедергі және «кернеудің түсуі» түсінігін кеңейту үшін өмірден шынайы мысалдарды келтіруге болады. Мәселен, егерде автокөлік фаралары қосылған кезде жүруді бастаса, оның жарықтылығы уақытша азаяды. Бұл үлкен ток стартерді қосу үшін пайдаланатындықтан болады, осылайша, автокөліктің батареясында «кернеу түседі» және фараларға қосылған қысқыштардағы кернеу азырақ болады. 1) ток көзінен алынатын электр энергиясының аккумулятор арқылы өтетін бірлік зарядқа қатынасы арқылы, ЭҚК анықтау: ε= W / Q; 2) компонент арқылы өтетін, бірлік зарядқа берілетін энергияны есепке ала отырып,.U п.а.(потенциалдар айырымын)анықтау: U= W / Q | Өтілгенді еске түсіру үшін жаттығулар: Кесте: https://bilimland.kz/kk/courses/physics- Құрал-жабдықтар: ток көзі, мультиметр, реостат, шамдар, жалғағыш сымдар. Құрал-жабдықтар: 1) амперметр, 2) вольтметр, 3) аккумулятор батареясы, 4) реостат, 5) ажыратқыш кілт, 6) жалғағыш сымдар |
| Рефлексия Сабақтың мақсатына қайта оралу. Оқушылардың әрқайсысы стикерде сабақ басында өзі қойған мақсатына жетті ме, белгілейді. Мұғалім кері байланыс жасайды, сабақты қорытындылайды. Үй тапсырмасы §9.1,9.3- оқу, есептер шығару 3.171, 3.175 | Стикерлер Б. Кронгарт, В. Кем , Н. Койшыбаев, Физика, 10 сынып |