9.00 9.02 9.05 9.10 9.18 9.30 9.35 9.43 | Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Үй тапсырмасын сұрау Топқа бөлу (конфеттің түсіне байланысты) Топқа тапсырма беру. 1топ-тақырыпты тарихпен байланыстырып түсіндіреді, 2 топ-практика өмірмен байланыстыру, 3 топ –Ом заңын насихаттау, 4 топ –қойылым қояды. Электр тогы деп электр зарядтарының реттелген қозғалысын айтады. Өткiзгiштегi оң зарядталған бөлшектердiң қозғалыс бағыты электр тогының бағыты ретiнде алынады. Халықаралық бiрлiктер жүйесiнде СИ ток күшi ампермен (1 А) өлшенедi. Ол француз ғалымы Андре Мари Ампердiң атымен аталады. Өткiзгiштегi ток күшiнiң ток тасушылар концентрациясына n, олардың бағытталған қозғалысының жылдамдығына v, өткiзгiштiң қимасының ауданына S және әрбiр ток тасушының тасымалдаған зарядына q тәуелдiлiгi мынадай болады: I = qnvS. (5.2) Немiс физигi Георг Ом ток күшi тiзбектiң бөлiгiндегi кернеуге тура пропорционал екенiн тапты: I~U . Ол өткiзгiштi басқа өткiзгiшпен ауыстырғанда тiзбектегi кернеу дәл сондай, ал ток күшi өзгеше болатынын байқады. Демек, әр түрлi өткiзгiштер тiзбектегi ток күшiн әр түрлi шектейдi. Тәжiрибелер нәтижелерiн математикаша былай жазуға болады: немесе , (5.3) мұндағы -пропорционал коэффициентi, ол өткiзгiштердiң қасиетiне тәуелдi. Өткiзгiштiң тiзбектегi ток күшiн шектеу қасиетiн сипаттайтын шама кедергi деп аталады. Еркiн электрондардың кристалл торының иондарымен соқтығысуы өткiзгiш кедергiсiне себеп болады . (5.4) Халықаралық бiрлiктер жүйесiнде СИ кедергi оммен (1 Ом) өлшенедi: . ЭҚК-i ε, кедергiсi r (iшкi кедергi) ток көзiнен кедергiсi R болатын сыртқы тiзбек бөлiгiнен тұратын тұйық тiзбектек үшiн Ом заңы Топтарды жұмыстарын қорғауға ортаға шақыру. Толықтыру Тәжірибе (жұптық жұмыс) Теорияны практикада пайдалану (жеке жұмыс) есеп шығару. Кері байланыс | Амандасу, тәртіп дәптерін мұғалімге ұсыну. Ауызша сұрақ қою. Төрт қораптың ішіндегі затты оқушылар таңдап соларды топтастыру арқылы топқа бөлінеді. Әрбір топқа парақтағы суреттерді тарату. Топта талқылап, ортақ шешімді плакат бетіне түсіру. Әр топ жұмыстарын қорғайды. Экрандағы тізбек бойынша өткізгіштің кедергісін анықтап график тұрғызу. Тақтаға есепке бір оқушы шығады. Қалған оқушылар орнында отырып тақтадан бұрын шығарады. Параққа өз ойларын жазу | Мұғалім бағалайды. Топтардың бірін-бірі бағалауы Мұғалім бағалайды Бірінші болып есеп шығарған оқушыға жұлдызша беру. | Плакат, фламастер, қайшы, желім, сурет. |