Білімділік : Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білімдерінің бекіп, меңгерген іскерліктерңн графикалық, тәжірибелік, мөлшерлік, сапалық әртүрлі есептер шығару барысында пайдалана білу қабілеттерінің жетілуіне жағдай жасау
Дамытушылық : Оқушылардың тербелістер тақырыбын түсінгендігін және тақырып бойынша білімдерін есеп шығаруда қолдана білуге дағдыландыру
Тәрбиелік : Оқушыларды нақты қоршаған орта құбылыстарын танып білуге тәрбиелеу және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып сабаққа өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуына ықпал ету, өзін –өзі басқарып білімін тиянақтай білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі :практикалық сабақ
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тербелістер тақырыбына есептер шығару»
Ашық сабақ тақырыбы : «Тербелістер» тақырыбына есептер шығару
Сабақ мақсаты :
Білімділік : Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білімдерінің бекіп, меңгерген іскерліктерңн графикалық , тәжірибелік , мөлшерлік, сапалық әртүрлі есептер шығару барысында пайдалана білу қабілеттерінің жетілуіне жағдай жасау
Дамытушылық : Оқушылардың тербелістер тақырыбын түсінгендігін және тақырып бойынша білімдерін есеп шығаруда қолдана білуге дағдыландыру
Тәрбиелік : Оқушыларды нақты қоршаған орта құбылыстарын танып білуге тәрбиелеу және оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып сабаққа өз еркімен белсене араласуы , білімдерін көрсете алуына ықпал ету , өзін –өзі басқарып білімін тиянақтай білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі :практикалық сабақ
Оқу үрдісін ұйымдастыру әдістері : Фронтальді, топпен жұмыс .
Көрнектіліктері: карточкалар
Құрал –жабдықтар: штатив, жіп, серіппе, сағат, сызғыш.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі .
Оқушыларды физикалық шамалардың белгіленуіне байланысты топқа бөлу
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын орындаудың сұрақтар арқылы тексеру .
Тербелістер дегеніміз не?
Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын қандай шамалар ?
Тербелістің периоды дегеніміз не ?
Тербелістің жиілігі дегеніміз не ?
Тербеліс амплитудасының анықтамасын айт.
Тербеліс кезіндегі энергияның түрленуін түсіндір .
Өшетін тербелістер туралы не білесің ?
Тербелмелі қозғалыс болу үшін қандай шарттар қажет ?
Математикалық маятник дегеніміз не ? Оның периодының формуласы
Серіппелі маятник дегеніміз не ? оның периодының формуласы жаз.
ІІІ. Есептер шығару
Ауызша есептер
Графиктік есептер
Шығармашылық есептер
Күрделірек есептер
Тәжірибелік есептер
Ауызша есептер.
Егер серіппелі маятник жүгінің массасын 4 есе артық жүкпен алмастырса , оның периоды қалай өзгереді ?
Математикалық маятник жібінің ұзындығы арттырса не байқалады ?
Маятниктің тербеліс амплитудасын уақыт өтуімен не істейді істейді және неліктен ?
Жіпке ілінген дене еркін тербеліс кезінде нң үлкен сол жақ ауытқудан тепе- теңдікке дейін 0,2 с –та жетеді.Дененің тербеліс периодын тап.
Графиктік есептер
Суретте математикалық маятниктің тербеліс графигі келтірілген . Тербеліс периодын тап.
Графикте көрсетілген тербелістің амплитудасын мен жиілігін тап
Шығармашылық есеп
L=40 м k=160 Н/м m=400 г
Табу керек Т= ? ν= ?
Күрделірек есептер.
Массасы 0,1 кг дененің қатаңдық коэффициенті 250 Н/м серіппедегі тербеліс амплитудасы 0,15 м. Жылдамдық модулінің ең үлкен шамасын тап .
Бірдей уақыт ішінде математикалық маятниктердің біреуі 10, ал екіншісі 30 тербеліс жасайтын болса, олардың ұзындықтарының қатынасы қандай?
Тәжірибелік есептер .
Берілген математикалық маятниктің ұзындығы бойынша периодын тап.
Майкельсон маятнигінің периодын тап
IV. Сабақты қорытындылау
V. Оқушылардың білімін бағалау
VІ. Үйге тапсырма Өтілгенді қайталау. Ғаламтордан математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістерін сипаттайтын анимациялар іздеу