Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы.
Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы.
денелердің механикалық қозғалысы, санақ денесі, санақ жүйесі және қозғалыстың салыстырмалылығы туралы мағлұматтар беру,өмірдегі қолданылатын жерлеріне мысалдар келтіру арқылы көз жеткізу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы.»
Аязбаева Қарылғаш Қарабалақызы.
Физика пәнінің І санатты мұғалімі.
Т.Жүргенов атындағы орта мектеп.
Ақтөбе облысы.
Әйтекеби ауданы.
Комсомол селосы.
Физика 7 класс
Сабақтың тақырыбы: Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: денелердің механикалық қозғалысы, санақ денесі, санақ жүйесі және қозғалыстың салыстырмалылығы туралы мағлұматтар беру,өмірдегі қолданылатын жерлеріне мысалдар келтіру арқылы көз жеткізу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамытуға, пікір таластыруға, өз бетімен ізденуге, басқа оқушының пікірін тыңдап, сыйлай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: кәсіби мамандыққа баулу, іскерлікке, ұқыптылыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Слайд,видеопроектор,графопроектор,плакаттар, зертханалық приборлар(тұрғы, шарик,жіп, стакан, т.б.) бағалау кестелері
Қозғалып бара жатқан денелердің суреттерін топтамасын көрсету, «Бұл денелерге ортақ не тән?» деген сұрақ қою арқылы ой тастау. (оқушы жауабы: қозғалыс)
Біз өміріміздің алғашқы күндерінен бастап-ақ айналамыздағы болып жатқан алуан түрлі өзгерістерге, әсіресе дыбыс, қозғалыс сияқты физикалық құбылыстарға ерекше назар аударамыз.
Бізді қоршаған әлемнен әр түрлі қозғалыстарды жиі бақылауға болады. Мысалы, аспандағы қалықтаған бұлтты, ұшып бара жатқан ұшақты, жүріп келе жатқан машинаны, піскен алманың жерге құлап түскенін, үстел үстімен қозғалаған арбашаны, серіппеде тербеліп тұрған шарды және тағы басқаларды көреміз. Бұл жағдайлардың бәрінде де дене қозғалды дейміз. Зейін қойып қарасақ, осы келтірілген мысалдардың барлығына ортақ құбылыс-дененің басқа денелермен салыстырғанда бастапқы орнының өзгеруі болып табылады.
Бұл мысалдардан мынадай маңызды тұжырым жасауға болады: денелер уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын өзгерте алады.
Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын өзгерте алады. Дене тұтасымен қозғала ма?
Әлде кейде оның бөліктері де қозғала ма екен?
V. Сергіту сәті (3 мин) – Молекулалар қозғалысын бейнелеу,механикалық қозғалысты көрсету.
Бұл тәжірибеден не байқадыңыздар?
Оқушылар жауабы: аяғымызбен бірге қолымызда қозғалды.
Олай болса, бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгерте алады.
Физиканың механика деп аталатын бөлімі денелердің: жүретін, әуеде ұшатын, суда жүзетін көліктердің; зымырандардың, планеталардың, олардың жасанды серіктерінің; аспан денелерінің қозғалысын зерттейді. Бұл денелердің қозғалысын механикалық қозғалыс деп атайды.
Сонымен, дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелериен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.
Санақ денесі – қозғалмайды деп есептелетін басқа дененің қозғалысы соған қарап салыстырып қарастырылатын дене. Демек кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы. Абсолют тыныштықта болатын дене жоқ.
Қозғалыс-барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән қасиет.
Санақ жүйесі. Зерттеліп отырған қозғалысты сипаттау үшін дененің уақытқа байланысты өз орнын қалай өзгертетінін білу керек. Ол үшін санақ денесімен байланысқан координата жүйесін сызамыз.
Координата жүйесі суретте көрсетілгендей, өзара тікбұрыш жасап қиылысатын үш түзу сызықтан тұрады. Санақ денесі осы түзулердің қиылысу нүктесінде, яғни О нүктесінде қиылысқан деп есептеледі.
Санақ денесімен байланысқан сызықтар жүйесін координа жүйесі деп, ал сызықтардың қиылысу нүктесін санақ басы немесе координата басы деп атайды.
Сонымен, санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтамыз.
VІ. «Ойлан, тап!» (сабақты бекіту). (5 мин)
Қозғалып келе жатқан жолаушылар поезының вагонындағы үстелде кітап жатыр. Кітап.
1. «Қатты» тобына: үстелге, рельске
2. «Сұйық» тобына: вагонға, еденге
3.«Газ» тобына: телеграф бағаналарына, жерге қатысты тыныштықта тұра ма, әлде қозғалыста ма?
VІІ. Бағалау. (3 мин)
Үй тапсырмасын беру. (2 мин) ІІІ тарау. Қозғалыс. §11 Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы. 8-тапсырма