Просмотр содержимого документа
«Логические решений задачи по физики»
Физика пәнінен ауызша есептер жинағы.
(логикалық сұрақтар).
1.Жердің жасанды серігінен ,оған қатысты бастапқы жылдамдықсыз бомба тасталған.Ауаның кедсргісі жоқ деп есептей отырып ,бомбаның жердің қай нүктесіне түсетінін анықтаныз.
Жауабы:Бомба ешқашан жерге түспейді.
2.Тогы бар катушканың энергиясы қай жерде шоғырланған?
Жауабы:Тоғы бар катушканың энергиясы катушканың ішіндегі кеңістікте шоғырланған.
3.Теріс таңбалы электр заряды.
Жауабы:Оң таңбалы және теріс таңбалы зарядтармен әсерлеседі.
4.Газдарда ток тасмалдайтын қандай бөлшектер?
Жауабы:Оң иондар және электрондар.
5.Линза арқылы экранда электр шамының нақты кескіні алынған.Линзиның төменгі бөлігін жапқанда кескін қалай өзгереді?
Жауабы:Кескін орнында қалады, бірақ жарықтылығы азаяды.
6.Дифракциялық спектірдің реті дегеніміз не?
Жауабы:Орталық максимумның оң және сол жақтаы реттік номері.
7.Санақ жүйесін инерциялық деп есептеуге болады егер лифт
Жауабы:Жоғары қарай бірқалыпты қозғалса.
8.Жүк жіпке ілінген.Горизанталь ұшып келе жптқан оқ жүкке тиеді.Мұнда үш жағдай болуы мүмкін:
1)Жүкті тесіп өткен оқ,өзінің жылдамдығының бір бөлігін сақтай отырып,ары қарай ұшып кетеді;
2)Оқ мжүкте тұрып қалды;
3)Оқ соқтығысып кейін жүктен шағылып кетеді.Қай жағдайда жүк ұкен бұрышқа ауытқиды?Үш жағдайда да оқтың жылдамдығы бірдей.
Жауабы:Үшінші жағдайда.
9.Электродтар дегеніміз не?
Жауабы:Зарядталған металл денелер.
10.Транзистродың құрамын көрсетініз.
Жауабы:Эмиттер,база және коллектор.
11.Молекула массасы неғұрлым үлкен болса дыбыстың сол газдағы таралу жылдамдығы.....
Жауабы:Аз
12.Қума толқын дегеніміз не?
Жауабы:Бөлшектердің тербелуі таралу бағытына сәйкес келетін тербелістер.
13.Қызыл және көгілдір шыныларды бірге қосақтады.Осы қос шыныдан қандай сәулелер өтеді?
Жауабы:Ешқандай
14.Интерференцияның анықтамасын көрсетіңіз.
Жауабы:Когерентті екі толқын бір-бірімен қосылғандағы кеңістік нүктелеріндегі толқынның күшеюі немесе жойылуы.
15.Қандай жағдайда жылу машинасының ПӘК-і ең үлкен болады? T1-қыздырғыштың температурасы,T2-суытқыштың температурасы.
Жауабы:Неғұрлым T1 жоғары,ал T2 төмен болса.
16.Егер математикалық маятниктін ілінген жібін ол тепе-тендік күйінен өтіп бара жатқан күйгізіп жіберсе,ілінген шарик қандай траекториямен қозғалады?
Жауабы:Параболамен.
17.Есептеу кезінде не себепті Айды материалдық нүкте деп санауға болады?(Жермен салыстырғанда.)
Жауабы:Жерден Айға дейінгі арақашықтық Айдың радиусынан әлдененше рет артық.
18.Нормальдік үдеу дегеніміз не?
Жауабы:Жылдамдықтың бағыты бойынша өзгеруін анықтайтын толық үдеудің құраушысы.
19.Екі когерентті толқын көзінен шығатын толқындар берілген нүктеге бірдей фазада жетеді.Әр толқынның амплитудасы А болғанды,ос ынүктедегі қортынды тербелістің А амплитудасы қандай болады?
Жауабы:А=2а.
20.Электромагниттік толқындардың ретімен атауы олардың толқын ұзындығы кемуіне қарай орналасқаны қайы?
Жауабы:Радиотолқындаржарық,ультракүлгін.
21.Егер нәрсе линзиның фокусында орналасқан болса, онда жұқа жинағыш линза комегімен алынған кескін:
Жауабы:Кескін мүлдем болмайды.
22.Қандай кескін жалған деп аталады?
Жауабы:Сәулелерді кері бағытта жалғастыруынан пайда болатын кескін.
23.Монохромат ақ жарықтың түсу вакуумнен абсолют сыну көрсеткіші n=1,5 болатын мөлдір ортаға өткенде калай өзгереді?
Жауабы:Өзгермейді.
24.суда жүзіп жүрген адам ауа жұтқан кезде,оған әсер ететін Архимед күші қалай өзгереді?
Жауабы:Артады.
25.Температура жоғарылағанда сұйықтың булану жылдамдығы қалай өзгереді?
Жауабы:Артады.
26.Қандай заңдық орындалады.
Жауабы:Қозғалыстағы электрондар электр тогы болып саналады.
27. Жартылай өткізгіштерде, өткізгіштік электрондар мен кемтіктердіңқозғалысынан пайда болады. Кемтік дегеніміз не ?
Жауабы: Электрон жетіспейтін бос орын.
28.Қандай тұжырым молекула – кинетикалық теориясының негізгі қағидаларына жатпайды?
Жауабы: Молекулалардың массасы менразмері аз.
29. Электр өрісінің берілген нүктелеріндегі кернеулктің сан мәні немен анықталады?
Жауабы:Өрістің берілгеннүктесінде бірлік оң зарядқа әсер ететін күш.
30. Вакуумды фотоэлемент кғатодына монохромат жарық ағынын түсіргенде фотоэлектрондар ыршып шығады. Жарық интенсивтілігін 2 есе арттырса, фотоэлектрондардың максимал кинетикалық энергиясы қалай өзгереді? Жауабы: Өзгермейді.
40. Бор теориясы бойынша сутегі атомының негізгі күйінде электроны
Жауабы: Басқа орбитаға өтуге жеткілікті энергия қабылданғанша сол күйде қалады.
41. Судың, шынының және алмастың ауамен салыстырғандағы сәйкес сыну көрсеткіштері 1,33 ; 1,5; 2,42. Осы заттардың қайсысында ауаға шығу кездегі толық шағылу бұрышының шекті мәні ең аз болады?
Жауабы: Белгілі бір энергиядағы фотондарды жұтады және шығарады, жұтылған және шығарылған фотон энергиялары бірдей болады.
42. Линза арқылы экранда электр шамының нақты кескіні алынған. Линзаның төменгі бөлігін жапқанда кескін қалай өзгереді?
Жауабы: Кескін орнында қалады, бірақ жарықтылығы азаяды.
43. Газда ток тасымалдайтын қандай бөлшектер?
Жауабы: Оң иондар және электрондар.
44. Дифракциялық тордан ақ жарық өткенде дифракциялық көріністің орталық максимумында не байқалады?