«Ой қозғау» Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында қойылатын сұрақтар беру Табиғатта абсолют тыныштықта тұратын дене бола ма? Тыныштықтың салыстырмалы болатынын қандай мысалмен түсіндіруге болады? Ғылымда материя деп нені айтады және оның негізгі қасиеті қандай? Оқушылардың ойлары тыңдалып, әрі қарай кітап бойынша жұмыс жасайды. Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті тақырыбын барлығы оқып шығады. Оқушылар қозғалыстың өмірде алатын орны, салыстырмалығын түсініп, оған төменде көрсетілген суреттер бойынша өз ойларын айтады. Топтық жұмыс ( Оқушылар үш топқа бөлініп дайындалады, постер дайындайды.) 1-топ: Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті топ: Материялық нүкте, санақ жүйесі 3-топ: Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы 4-топ: Жылдамдықтарды қосу, орын ауыстыру Қорғау Бағалау критерийі | Дескриптор: | Механикалық қозғалысты түсіндіру | Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті екенін түсінеді | Материялық нүктені, санақ жүйесін түсінеді; | Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсінеді; | Жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолдана алады; | Бағалау (оқушыларға олардың механикалық қозғалыс туралы не білетінін және олардың мысал келтіре алатындығын анықтау үшін, шағын тест жұмысы ұсынылады. Оқушылар жеке жұмыс жасайды және өзара бағалайды. ) Дескриптор: Механикалық қозғалысты біледі. Санақ денесін біледі. Траектория, орын ауыстыру, жолды біледі. |