Мұғалімнің аты-жөні | Сәулебекова Құралай | №101 орта мектеп |
Сыныбы | 7 «Д» | Пәні : Физика |
Сабақ тақырыбы | Қысым. Қысым бірліктері. |
Сілтеме | Білім беру стандарты, жоспар |
Жалпы мақсаты | Барлық оқушылар: Жаңа физикалық шама - қысым жайлы толық ақпарат беруді үйренеді. Басым бөлігі: Қысым жайлы ақпаратты талдай отырып, оның анықтамасы мен формуласын, оны есептеуді үйренеді. Кейбір оқушылар: Есептеу формуласын түрлендіре отырып, шамалардың ара қатысы мен өмірдегі маңызын анықтайды. |
Күтілетін нақты нәтиже | 1. Жаңа физикалық шама - қысым жайлы бұрынғы білімдеріне сүйене отырып, қосымша дерек көздері арқылы ақпарат жинақтай алады. 2. Ақпараттарды талдап, қысымның анықтамасын тұжырымдай алады. 3. Қысымның формуласын қолданып есептер шығара алады. 4. Қысымға байланысты өмірден мысалдар келтіре алады. |
Негізгі идеялар | Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды. Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады: р-қысым, Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші,S-күш түсетін беттің ауданы. ХБЖ-да қысым паскальмен өлшенеді. 1гПа=100 Па=102 Па 1кПа=1000 Па=103 Па 1МПа=100000 Па=106 Па |
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер | 1. Миға шабуыл: «Ой қозғау» 2. «Серпілген сауал» 3. Суреттер сөйлейді. 4. Семантикалық кесте 5. Стикердегі диалог |
Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау | Ынталандыру,мадақтау, Бағалау парағы, Критерий арқылы бағалау а) Қысымның анықтамасы мен физикалық мағынасын білу б) Қысымның өлшем бірліктерін білу в) Мысалдар келтіру арқылы, оның өмірдегі маңызын анықтай алу |
Негізгі дерек көздер | Р. Башарұлы «Физика» оқулығы, Bilim.kz ғаламтор сайты |
Сабақ кезеңдері | Уақыты | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Іс-әрекеттің мақсаты |
Кіріспе | 3 минут | І.Ұйымдастыру кезеңі 1. Сынып оқушыларына жағымды психологиялық ахуал туғызу. Бүгінгі күнге шеңбер құру арқылы сәттілік тілегін тілейміз. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру арқылы «Наурыз» мерекесіне сыйлық ретінде қоржыннан конфеттер таңдау арқылы 3 топқа бөлемін. | Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің көшбасшыларын сайлайды | Ынтымақтастық орнайды. Бірлесіп жұмыс жасауға бейімделеді. |
Тұсау кесер | 7 минут | ІІ. Үй тапсырмасы ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут) «Күш және оның түрлері» Күш дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білеміз? «Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады» деген мақалдың тәрбиелік мәні мен физикалық мағынасын түсіндір. Суреттегі күштерді бейнеле. Тұлғаны танып біл! «Күштісің енді сен!» Өтебай Тұрманжанов өлеңінің физикалық мағынасын түсіндіру.
| Өткен сабақта кері байланыс арқылы алынған стикердегі сұрақтарға жауап береміз. Бағалау парағына жауабын белгілейді. | Жеке жұмыс арқылы тест жұмысы, жұптық жұмыс арқылы бағалау орындалады. |
Негізгі бөлім | 5 минут | ІІІ Жаңа сабақ . Миға шабуыл: Бейнеролик көрсетіледі «Ой қозғау» мақсатында талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут) Қысым жайлы не білеміз? Эксперименттік тапсырма Шаңғысыз жүргенде адам неліктен қарға омбылайды? Суреттер сөйлейді: «Қолмен іс тіккенде неліктен бармаққа оймақ кигізіледі?», «Жүк машиналарының артқы доңғалақтары қос-қостан болатыны неліктен?» | Сұрақтар бойынша топтық талқылау жүргізіліп, өз ойларын ортаға салады. | Осы кезге дейін алған білімдерін пайдалана отырып, тақырыптың мәнін ашуға жұмыс жасайды. |
15 минут | ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут) Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді. 1топ – Эксперименттік тапсырма 2 топ – Физика және техника 3 топ – Физика және табиғат Топ пікірлерін тыңдау. Ү. Жеке жұмыс «Қысымды арттыру және кеміту тәсілдері» Семантикалық кесте толтыру VІ.Жеке жұмыс «Тест жұмысы» | Топтық талқылау жұмысын жүргізеді. Бірлесе отырып постер дайындайды. Постер қорғау арқылы өз ойларын жеткізеді, сыни ойлайды. | Топтық бағалау критерий арқылы бағаланады. Жұптық жұмыс арқылы бір-бірін бағалайды. |
Қорытынды | 12 минут | ІҮ. Жаңа сабақты бекіту Таныстырылымды көрсету арқылы жаңа тақырыпты бекітемін. «Мектеп ауласындағы іздер» тапсырмасы арқылы қысымың шамасын анықтау. ҮІІ. Сергіту сәті. «Музыкалық жаттығу» Әр оқушы өз салмағын пайдаланып, еденге түсіретін қысымды анықтау. | Дәптермен жұмыс орындалады. | Оқушының есте сақтау дағдысы қалыптасад өзара бағаланады |
Бағалау | 2 минут | Сабақты қорыту, бағаларды хабарлау Марапаттап, ынталандыру арқылы келесі сабақта жақсы нәтижеге қол жеткізуіне сенім білдіремін. | Түсінбеген сұрақтарын стикерге түсіру | Өзін-өзі бағалайды |
Үйге тапсырма | 1 минут | Үйге тапсырма: §33. 20-жаттығу. «Қысым және адамзат» эссе, жұмбақ, ребус |
Бұл өлең шумағында төрт күштің қосындысы тең әсерлі күшке тең.
1. Оқушы өзінің креслоға отырғандағы қысымын анықтамақ болып, барлық уақытын ауданға өзінің күшін бөлумен кетіреді. Сенің ақылың
А) Әрі қарай жалғастыр.
Б) Күшті ауданға бөл.
В) Креслоны мазалағанды қой
2. Сыныптас оқушыңа қысымның қандай бірлікпен өлшенетініне ақыл бер.
А) Ньютонмен
Б) Паскальмен
В) килограмммен
3. Білмеске үйрет: Қысымды қалай өзгертуге болады?
А) Дененің ауданының беті мен күшін ауыстыр.
Б) Бетін әр түрлі маймен майла.
В) Дененің түсін өзгерт.
4. Екінші сынып оқушысы мектеп табалдырығына үлкен қысыммен әсер еткісі келеді. Қандай ақыл бересің?
А) Биік өкше туфли кию.
Б) Шаңғы кию.
В) босқа уақытыңды кетірме.
5. Суға батқан адамды құтқарушыға қандай ақыл бересің?
А) Жұқа мұздың үстімен жалаң аяқ жүгір.
Б) Жұқа мұздың үстімен ақырын жүр.
В) Мұзға ішіңмен жатып жылжы