Сол бір ж?мыс ?р т?рлі уа?ытта істеліне алады. Егерде, мысалы, ??м салын?ан ?апты ?андайда бір ?ашы?ты??а тасымалдау талап етілсе, онда адам оны бірнеше минутта жеткізе алады, ал бір т?йірден таситын ??мырс?а ?шін бірнеше жыл керек болады.
Сабақтың көрнекіліктері: компьютер, электронды оқулық., плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
Жұмыс дегеніміз не?
Жұмыс ұғымы неліктен енгізілген?
Жұмысты қалай есептеуге болады?
Жұмыстың ХБЖ жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
Қуат
Сол бір жұмыс әр түрлі уақытта істеліне алады. Егерде, мысалы, құм салынған қапты қандайда бір қашықтыққа тасымалдау талап етілсе, онда адам оны бірнеше минутта жеткізе алады, ал бір түйірден таситын құмырсқа үшін бірнеше жыл керек болады.
Жұмыстың істелу тездігі қуатпен сипатталады. Қуат уақыт бірлігінде (СИ жүйесінде – 1 сек-та) қандай жұмыс істелінетіндігін көрсетеді. Егерде, мысалы, 2 сек-та 6 Дж жұмыс істелінсе, онда 1 сек-та 2 есе аз жұмыс істелінеді. 6 Дж-ды 2 сек-қа бөліп 3 Дж/сек-ты аламыз. Осы қуат болып саналады.
Сонымен, қуатты табу үшін жұмысты осы істелген жұмысқа кеткен уақытқа бөлу керек:
қуат =
жұмыс
,
уақыт
немесе
N =
A
.
(19.1)
t
мұндағы
N — қуат, А — жұмыс, t — уақыт.
СИ жүйесінде қуат бірлігі ватт (1 Вт) болып саналады. 1 Вт – бұл 1 сек.-та 1 Дж жұмыс істелінетін қуат:
1 Вт =1 Дж/с.
Бұл бірлік алғашқы бу машинасын құрастырған ағылшын өнертапқышы Дж. Ватт (Уатт) (1736—1819) құрметіне осылай аталған. Уаттың өзі бу машинасы мен аттың күшін салыстыру мақсатымен енгізген қуаттың басқа бірлігін – ат күшін (1 а.к.) пайдаланған:
1 а. к. = 735,5 Вт.
Техникада қуаттың тым ірі бірлігі – киловатт пен мегаватт қолданылады:
1 кВт =1000 Вт, 1 МВт =1000 000 Вт.
Қуат кез келген қозғалтқыштың сипаттамасы болып саналады. Әр түрлі қозғалтқыштың қуаты киловаттың жүздеген және ондаған бөлігінен (электр ұстарасының, тігін машинасының қозғалтқыштары) миллиондаған киловаттқа (ғарыштық кемелердің ракета-тасығыштарының қозғалтқыштары) дейін барады.
Жүректің өндіретін орташа қуаты 2,2 Вт-қа тең. Ал адам орнынан секіру немесе ауырлықты көтеру кезінде қуатты мың есе артық дамыта алады.
Қуатты біле отырып, жұмысты есептеуге болады. (19.1) формуладан мынаны аламыз:
A = Nt.
(19.2)
Жұмысты табу үшін қуатты жұмыс істелінген уақытқа көбейту керек.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§64 дайындық сұрақтарын талдау.
Қуат дегеніміз не?
Қуат ұғымы неліктен енгізілген?
Қуатты қалай есептеуге болады?
Қуаттың ХБЖ жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есеп шығарту.
36-жаттығу №1,2,3 есептерін тақтаға шығару
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §64 дайындық сұрақтары 36-жаттығу