Гук за?ы туралы м?лімет.Денені? серпімді деформациялануында пайда болатын к?шті серпімділік к?ші деп атайды. Серпімділік к?ші денені ??райтын б?лшектерді? электромагниттік ?зара ?серлесуінен пайда боладысерпімділік к?ші деп атайды. Серпімділік к?ші денені ??райтын б?лшектерді? электромагниттік ?зара ?серлесуінен пайда болады серпімдлік к?ші деп атайды. Серпімділік к?ші денені ??райтын б?лшектерді? электромагниттік ?зара ?серлесуінен пайда болады. Дененлерді? к?ш ?серінен формасы мен к?леміні? ?згеруі деформация (deformation) деп аталады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
g- мәні неге тең? Экваторда, солтүстік поюсте мәні қаншаға тең?
Мақалдардың физикалық мағынасын түсіндір:
1. Жоғары лақтырылған тас өз басыңа құлайды. (Қырғыз)
2. Сарқырама қанша жоғары құлап аққысы келсе де, бәрібір ол төмен ағады. (Қытай)
Нені үйренуіміз қажет?
Серпімділік күші дегеніміз не?
Гук заңы нені анықтайды?
Деформация дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
Осы сұрақтарға бүгін өтілетін сабақ жауап береді.
Өткен сабақта үй жұмысына мен Роберт Гук жайлы деректер жинау. Кім Гук туралы қысқаша айтады?
Robert Hooke- әйгiлi ағылшын жаратылыстанушысы, ағылшындық Уайт аралында Фремуотер деген жерде 1635 жылы дүниеге келдi.
Орта мектептi бiтiргеннен кейiн Оксфорд Университетiне түседi.
1660 жылы әйгілі “Гук заңын” ашты.
1661 жылы каппилярлық құбылысқа арналған еңбегiн жариялады.
Гук өзiнiң 1665 ж. жарық көрген «Микрография» атты еңбегiнен кейiн әйгiлi болды. Бұл кiтапта Гук өзі жетiлдiрiлген микроскоппен көп зерттеулерін жүйелеп баяндайды. Тағы да бұл кiтабында Гук жарықтың табиғаты жайында ойларын жазып кеткен.
Кейін ол астрономиялық құрал-саймандарды ойлап табу және оларды жетiлдiрумен айналысты, биологиялық, географиялық, геологиялық зертеулер жүргiздi.
1703 жылы қайтыс болды.
Дененің серпімді деформациялануында пайда болатын күшті серпімділік күші деп атайды. Серпімділік күші денені құрайтын бөлшектердің электромагниттік өзара әсерлесуінен пайда болады
Денелердің күш әсерінен формасы мен көлемінің өзгеруі деформация (Deformation) деп аталады
Деформация себебі: атомдардың арақашықтығын өзгерткенде олардың арасындағы күштер де өзгеріске ұшырайды және ол күштер денені бастапқы қалпына әкеліуге тырысады.
Денеге күштің әсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келсе, ондай деформацияны серпімді деп атайды.
Денеге күштің әсер етуін тоқтатқаннан кейін ол дене бұрынғы қалпына қайтып келмесе, ондай деформацияны серпімсіз деп атайды.
Серпімсіз денелерде серпімділік күштері болмайды!
Серпімді деформация түрлері:
Созылу
Сығылу
Бұралу
Майысу
Ығысу
Енді оқушылар сендер тақтадағы нұсқауларға сүйене отырып тәжірибелер жасап қорытынды жасайсыңдар.
Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы игеру
1-тәжірибе:
Серіппені штативке іліп, оған массасы белгілі жүктерді іліп созылуын бақылаймыз. Әрбір жүкті ілген сайын созылуын сызғышпен өлшеп, белгілеп алып отырамыз.
Қорытынды жасаймыз.
Дәптерге жазу:
«серіппеге неғұрлым көбірек жүк ілсек ол көбірек созылады.»
2- тәжірибе.
Қатаңдығы басқа серіппені штативке іліп, оған алдыңғы серіппеге ілген жүктерді ретімен іліп п созылуын бақылаймыз. Әрбір жүкті ілген сайын созылуын сызғышпен өлшеп, белгілеп алып отырамыз. Алдыңғы серпіппенің ұзаруымен салыстырып қорытынды жасаймыз.
Дәптерге жазу:
«серіппенің созылуы оның жасалған материалына тәуелді.»
1-эксперименттің қорытындысы
Серпімділік күші дененің абсалют ұзаруына (созылуына) тура пропорциональ
2-эксперименттің қорытындысы
Серпімділік күші дененің жасалған материалының қатаңдығына тура пропорциональ
Серпімді деформация үшін Гук заңы
Деформация кезінде пайда болатын серпімділік күші дененің абсалют ұзаруына (сығылуына) тура пропорциональ және деформацияланған бөлшектердің орын ауыстыруына қарама-қарсы бағытталған.
Fсерп=-kx k- дененің қатаңдығы, x- деформация.
Сабақты қорытындылау
Минус таңбасы серпімділік күшінің деформацияның азаю жағына бағытталғанын көрсетеді. Бұл күш денелерді сыққанда, созғанда және т.б. жағдайларда пайда болады.
Серпімділік күші әсерлесуші екі бөлшектің ара қашықтығының өзгеруіне байланысты болады.
Шиыршық серіппенің ұзындығы 3,5 см-ге қысқартқанда 1,4 Н серпімділік күш пайда болады. Оны 2,1 см ұзартқанда серпімділік күші қандай болады?
Есікті ашқанда оның серіппесі 12 см ұзарды, сонда серпімділік күші 0,004кН тең, серпімділік күші 10Н-ға тең болуы үшін серіппені қаншаға ұзарту керек?
320Н күштің әсерінен амортизатордың серіппесі 9мм-ге сығылады. 1,6кН күштің әсерінен серіппе қаншаға сығылады?
В-деңгей
Жай тұрған серіппенің ұзындығы 88 мм, оны 120 мм-ге дейін ұзартқанда 120 Н серпімділік күші пайда болады. Осы серіппеге 90Н күш түскендегі ұзындығын анықтаңдар.
Серіппенің қатаңдығы 6*103н/м. Оның оның серпімділік қасиетінің сақталу шегі 18мм. Егер серіппеге 50Н, 100Н және 150Н күш түсіретін болсақ серіппенің серпімділік қасиеті сақтала ма?
Серіппеге массасы 20 кг жүк ілгенде, оның ұзындығы 12 см, ал 50 кг жүк ілгенде 15 см болса, онда оның бастапқы ұзындығының мәні қандай болған?
С-деңгей
Қатаңдығы 400 Н/м металл сымға ілінген, массасы 3 кг дене вертикаль жоғары 2 м/с2 үдеумен қозғалады. Сымның созылуы неге тең. ()
Қатаңдығы 0,3 кН/м трос массасы 2 кг денені тең үдеуімелі вертикаль жоғары көтерілгенде 4 см – ге созылады. Дененің үдеуі неге тең. ()
Көтергіш кран тросының массасы 600 кг денені, 3 м/с2 үдеумен вертикаль жоғары көтерілгенде 10 см – ге созылады. Тростың қатаңдығы? ()
Қатаңдықтары бірдей k тізбектей жалғанған 4 серіппенің жалпы қатаңдығы қандай болады?
Сабақты бекіту :
Серпімділік күші әсерлесуші екі бөлшектің ара қашықтығының өзгеруіне байланысты болады.
Бұл күш денелерді сыққанда, созғанда және т.б. жағдайларда пайда болады.
Серпімділік күшті Гук заңы арқылы анықтауға болады.
Минус таңбасы серпімділік күшінің деформацияланған бөлшектердің орын ауыстыруына қарама-қарсы бағытталғанын көрсетеді.
Тест
1. Қатаңдық коэффициенті 100 Н/м серіппені 0,01 м-ге созатын күш
A) 100 Н.
B) 50 Н.
C) 1 Н.
D) 5 Н.
2. F=3 Н күштің әсерінен 6 см-ге ұзарған серіппенің қатаңдығы
A) 10 Н/м.
B) 50 Н/м.
C) 0,5 Н/м.
D) 5 Н/м.
3. Қатаңдығы 300 Н/м серіппе 50 мм-ге созылды. Жүкті осындай деформацияға ұшыратқан күштің шамасы неге тең?
A) 15Н
B) 20 Н
C) 21 Н
D) 18 Н
4. Серіппеге ілінген массасы 3 кг жүк, оны 1,5 см созады. Егер 4 кг жүк ілінсе, онда оның созылуы
A) 6 см.
B) 4,5 см.
C) 4 см.
D) 2 см.
5. Роберт Гук өзінің заңын қай жылы тұжырымдады?
А. 1661
B. 1660
C. 1662
D. 1665
6 Серпімділік ағылшынша?
А. Force
B. Еlasticity
C. Density
D. Mass
7. Күш ағылшынша?
А. Force
B. Volume
C. Density
D. Mass
Сабақтың қорытындысы:
Қорытынды сөз және бағалау.
Үйге тапсырма: §26, 27, 28. Деформация. Гук заңы. Жауап парағы