Құрал – жабдықтар:суреттер,сызбалар,сұрақ- хаттар, электроскоп, Паскаль шары, т.б..
Сабақ түрі: дәстүрлі емес сабақ, ойын сабақ
Әдіс- тәсілі:сұрақ- жауап, бақылау- зерттеу, есеп шығару.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды тіркеу
Ойын шарттарымен таныстыру
Мәзірмен таныстыру
Таңдаған «Мәзірге» сәйкес ойынның өтуі.
Рефлексия
Қорытындылау
Жеңімпаздарды марапаттау
Ойын барысы: Әр топ 4-5 оқушылардан құралады. Әділқазы алқасы мұғалімдерден сайланады. Әрбір үстелге бір-бір күтушіден бекітіледі. Оның міндеті мәзір тарату, сұраныс қабылдау, соған сәйкес әр топқа тапсырмалар апару, орындалған тапсырмаларды әділқазылар алқасына апару. Кафе әкімшілігі – физика пәнінің мұғалімі, ойын шартымен таныстырады, уақыт мөлшерін бақылайды, қорытындылайды, мақтау қағаздарын таратады. Шара соңында рефлексия жүргізеді.
Ойын шарты:
Әрбір топ мәзір бойынша бірінші, екінші, үшінші т.б. «тағам» түрін таңдау керек.
Әрбір «тағамның» шешілуіне белгілі бір уақыт бөлінеді.
Алдыңғы «тағамды» жеп болған соң ғана келесі «тағамды» таңдай аласың.
Тапсырмалардың орындалуын әділқазылар алқасы тексеріп, тиісті бағасын қояды.
Жинаған ұпайларына байланысты командалар тиісті орындарға, марапаттарға иеленеді.
МӘЗІР:
Салаттар:
Физикалық ералаш
Физикалық қуыспақ
Винегрет
Бірінші тағам:
Физикалық сиыр сорпасы
Физикалық қой сорпасы
Физикалық балық сорпасы
Екінші тағам:
Котлет гарнирмен
Бризоль гарнирмен
Ботқа
Сусындар:
Физикалық коктейль. Тосын сый (Үйден құрастырылған кроссворд шешу)
Компот (ребус, сұрақ)
Десерт:
Жеміс- жидек
Балмұздақ
Қорытындылау:
Рефлексия
Қатысушыларды мадақтау
Рефлексия: қатысушыларға сауалнама тарату
Аты- жөні , тегі
Сыныбы, тобы
Шарадан қандай көңіл күймен кетіп барасың? (бет бейнеңді суретте)
Саған не ұнады?
Тағы да осындай шаралар өткізілсе қатысасың ба?
Сен үшін кім белсенді қатысушы (топ ішінен)
Сөзді аяқтау:
Ақын жанды болмаған
Физик те бола алмас
Жақсы шумақ тумасы
Көңілге әсте қалмас
Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет
Шын сезінген көрерменге
Мың рахмет, мың рахмет.
Рефлексия:
Аты- жөні , тегі
Сыныбы, тобы
Шарадан қандай көңіл күймен кетіп барасың? (бет бейнеңді суретте)
Саған не ұнады?
Тағы да осындай шаралар өткізілсе қатысасың ба?
Сен үшін кім белсенді қатысушы (топ ішінен)
Рефлексия:
Аты- жөні , тегі
Сыныбы, тобы
Шарадан қандай көңіл күймен кетіп барасың? (бет бейнеңді суретте)
Саған не ұнады?
Тағы да осындай шаралар өткізілсе қатысасың ба?
Сен үшін кім белсенді қатысушы (топ ішінен)
Тапсырмалар
Салаттар:
Физикалық ералаш:
Төмендегі физикалық шамалардың өлшем бірліктерін жаз:
1-топ) Күш, жылдамдық, жылу мөлшері, ток күші, заряд.
2-топ) Масса, энергия, меншікті жану жылуы, температура, электр кернеуі.
Физикалық қуыспақ:
1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беру керек, көп сұраққа жауап берген топ жеңімпаз.
1-топқа сұрақтар:
Иіс неліктен ауаға тез таралады? (диффузия)
Денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысы дегеніміз не?(жылулық)
2 жердегі 5 (2*5) (10)
Заттың ең ұсақ бөлшегі? (Атом және молекула)
Неге жылы ауа жоғары көтеріледі? (конвекция)
Сұйықтық зат күйі ме? (иә)
1 минутта қанша секунд бар? (60)
Күн планета ма, әлде жұлдыз ба? (жұлдыз)
1кг тас ауыр ма, 1кг мақта ауыр ма? (бірдей, тең)
Ток күшін анықтаған ғалым? (Андре Мари Ампер)
2-топқа сұрақтар:
Табиғат туралы зерттейтін ғылым? (физика)
Жер планета ма, әлде жұлдыз ба? (планета)
Мектебіміз қай көшеде орналасқан? (Щербаков)
Зат неден тұрады? (молекуладан)
Тәулікте неше сағат бар? (24)
Заттың күйлерін ата. (сұйық, қатты,газ)
Шайдағы қанттың еруі. (диффузия)
4 адамда неше аяқ бар? (8 аяқ)
Кернеуді анықтаған кім? (Александро Вольта)
Тауық бір аяғымен тұрғанда 5 кг тартады. Екі аяғымен тұрғанда ше? (5кг)
Винегрет салаты:
Мақал - мәтел беріледі. Мақалда қандай физикалық құбылыс, физикалық ұғым, заң туралы айтылған?
1-топ: 1.Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар. (Үйкеліс, сулардың тастарға қысымы)
2. Тонның жылуы терісінен емес, жүнінен. (Жылуөткізгіштік, жүн, аң терісі, түбіт талшықтар жылуды нашар өткізеді.)
2-топ: 1.Бұлт үйірілсе жауын болар,
Көп біріксе қауым болар.(Ауа ылғалдылығы, су буы – конвекция)
2. Көсеу ұзын болса, қол күймейді. (жылуөткізгіштік, металл жылуды жақсы өткізеді.)
Бірінші тамақтар: физикалық қой, сиыр, балық сорпалары. Бұл бөлімде оқушылар 2 сұрақ жауап беруі және 5 формуланың кемшіліктерін толықтырып, қай заңдылықты сипаттағанын жазып беруі керек.
1-топ: 1) Термодинамиканың 1-заңы қандай?
2)Жылу қозғалтқыштарының құрылымы қандай?
Жауаптары:
Термодинамиканың 1-заңы: жүйеге берілген жылу жүйенің ішкі энергиясын өзгертуге және жұмыс жасауға жұмсалатынын негіздейді.
Жылуқозғалтқыштарының құрылымы 3 негізден тұрады: қыздырғыш, жұмыс денесі, суытқыш.
5-формула:
Жауаптары:
2-топ: 1) Термодинамиканың 2-заңы қандай?
2) Іштен жану қозғалтқышының тактілері қандай?
Жауаптары:
Термодинамиканың 2-заңы: бір дененің салқындауының есебінен ғана жұмыс істейтін машиналар жасау мүмкін еместігін және «екінші ретті мәңгі» қозғалтқыштар жасау мүмкін еместігін негіздейді.
Іштен жану қозғалтқыштары 4 тактілі: кіргізу, сығу, жұмыстық жүріс, сыртқа шығару тактілерінен тұрады.
5-формула:
Жауаптары:
Екінші тамақтар: котлет гарнирімен, бризоль гарнирімен, ботқа. Бұл 2 бөлімнен тұрады: 1- бөлімде ақ жәшіктегі құралды анықтау; 2-бөлімде есепті шығару.
1-топқа: Құралды анықтауға: Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылаулары бар шардан және поршеньді цилиндрден тұрады. Ол сұйықтар мен газға түсірілген қысымды барлық бағытта бірдей жететінін дәлелдейді.( Жауабы: Паскаль шары)
Есеп: Массасы 0,05кг, температурасы 250 С алюминий қасықты температурасы 750С ыстық суға батырған. Қасық қанша жылу мөлшерін алған? Салюм=920 Дж\кг0С. (жауабы: 2300Дж.)
2-топқа: Құралды анықтауға: Ол металл корпус ішіне пластмасса тығын арқылы металл таяқша өткізілген. Металл таяқшаға жеңіл тілшелер орналасқан. Электрленуді байқауға арналған?(жауабы:Электроскоп)
Есеп: Массасы 200гр керосин толық жанғанда қанша энергия бөлінеді?
qкер=4,6*107 Дж/кг. (Жауабы: 0,92*107 Дж).
Сусындар: Физикалық коктейль, компот.Оқушылар үйден құрастырып келген кроссвордырн бір-біріне беріп шешеді. Бір-біріне сұрақ қояды. Жауаптарының дұрыстығын өздері бір-бірін тексеру арқылы анықтайды.
Десерт:
1) жеміс- жидек
1-топ: 1.Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3) 2.Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)
2-топ: 1.Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5) 2) 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)
Екі топқа 1-логикалық сұрақ: Таныс емес қалаға келген физик ғалым шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса, солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, физик бірінші шаштаразға барды. Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шаштараз)
2)балмұздақ
Бұл бөлімде әуеннің сөзін немесе атын табу. Ән шумағын әуендетіп, толықтырып айту. Екі топ таласқа түседі 5 секундпен 1 секунд аралығын әртоп өздері таңдап алады. Аз уақыт аралығында әуеннің мәтінін анықтайтын топқа әуен қойылады.
(Жауабы: Армандастар әні)
Төмендегі физикалық шамалардың өлшем бірліктерін жаз:
1-топ) Күш, жылдамдық, жылу мөлшері, ток күші, заряд.
Төмендегі физикалық шамалардың өлшем бірліктерін жаз:
2-топ) Масса, энергия, меншікті жану жылуы, температура, электр кернеуі.
Мақал - мәтел беріледі. Мақалда қандай физикалық құбылыс, физикалық ұғым, заң туралы айтылған?
1-топ: 1.Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
2. Тонның жылуы терісінен емес, жүнінен.
Мақал - мәтел беріледі. Мақалда қандай физикалық құбылыс, физикалық ұғым, заң туралы айтылған?
2-топ: 1.Бұлт үйірілсе жауын болар,
Көп біріксе қауым болар
2. Көсеу ұзын болса, қол күймейді.
Бұл бөлімде оқушылар 2 сұрақ жауап беруі және 5 формуланың кемшіліктерін толықтырып, қай заңдылықты сипаттағанын жазып беруі керек.
1-топ: 1) Термодинамиканың 1-заңы қандай?
2)Жылу қозғалтқыштарының құрылымы қандай?
5-формула:
Бұл бөлімде оқушылар 2 сұрақ жауап беруі және 5 формуланың кемшіліктерін толықтырып, қай заңдылықты сипаттағанын жазып беруі керек.
1-топқа: Құралды анықтауға: Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылаулары бар шардан және поршнеьді цилиндрден тұрады. Ол сұйықтар мен газға түсірілген қысымды барлық бағытта бірдей жететінін дәлелдейді.
Есеп: Массасы 200гр керосин толық жанғанда қанша энергия бөлінеді?
qкер=4,6*107 Дж/кг.
Бұл 2 бөлімнен тұрады: 1- бөлімде ақ жәшіктегі құралды анықтау; 2-бөлімде есепті шығару.
2-топқа: Құралды анықтауға: Ол металл корпус ішіне пластмасса тығын арқылы металл таяқша өткізілген. Металл таяқшаға жеңіл тілшелер орналасқан. Электрленуді байқауға арналған?
Есеп: Массасы 0,05кг, температурасы 250 С алюминий қасықты температурасы 750С ыстық суға батырған. Қасық қанша жылу мөлшерін алған? Салюм=920 Дж\кг0С.
Есеп: Массасы 200гр керосин толық жанғанда қанша энергия бөлінеді?
qкер=4,6*107 Дж/кг.
Есеп: Массасы 0,05кг, температурасы 250 С алюминий қасықты температурасы 750С ыстық суға батырған. Қасық қанша жылу мөлшерін алған? Салюм=920 Дж\кг0С.
Физикалық қуыспақ:
1-топқа сұрақтар:
Иіс неліктен ауаға тез таралады?
Денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысы дегеніміз не?
2 жердегі 5 (2*5)
Заттың ең ұсақ бөлшегі?
Неге жылы ауа жоғары көтеріледі?
Сұйықтық зат күйі ме?
1 минутта қанша секунд бар?
Күн планета ма, әлде жұлдыз ба?
1кг тас ауыр ма, 1кг мақта ауыр ма?
Ток күшін анықтаған ғалым?
Физикалық қуыспақ:
2-топқа сұрақтар:
Табиғат туралы зерттейтін ғылым?
Жер планета ма, әлде жұлдыз ба?
Мектебіміз қай көшеде орналасқан?
Зат неден тұрады?
Тәулікте неше сағат бар?
Заттың күйлерін ата.
Шайдағы қанттың еруі.
4 адамда неше аяқ бар?
Кернеуді анықтаған кім?
Тауық бір аяғымен тұрғанда 5 кг тартады. Екі аяғымен тұрғанда ше?
Жеміс – жидек:
1-топ: 1.Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? 2.Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма?
Жеміс – жидек:
2-топ: 1.Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? 2) 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек?
Жеміс – жидек:
Екі топқа 1-логикалық сұрақ: Таныс емес қалаға келген физик ғалым шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса, солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, физик бірінші шаштаразға барды. Неге?
Жеміс – жидек:
Екі топқа 1-логикалық сұрақ: Таныс емес қалаға келген физик ғалым шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса, солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, физик бірінші шаштаразға барды. Неге?