Білімділік:о?ушыларды? физика п?нінен ал?ан білімін толы?тырып, жетілдіру. Та?ырыптар?а ??рыл?ан ж?мба?, сайыс, с?зтізбекті шеше отырып, оны? ?ылыми негізін т?сіндіру;
Дамутышылы?:о?ушыларды? ойлау, ба?ылау, зерттеу, салыстыру, ??рал-жабды?тарды ??ыпты пайдалану ?абілетін дамыту;
Т?рбиелік:д?ст?рлі емес саба? т?рінде о?ушыларды? белсенділігін арттырып, ?зіне-?зі ба?а беруге, ?з жетістіктерін сезініп, ?лсіз жа?тарына сын к?збен ?арау?а ?йрету іскерліктерін, білім сапасын арттыру.
Білімділік:оқушылардың физика пәнінен алған білімін толықтырып, жетілдіру. Тақырыптарға құрылған жұмбақ, сайыс, сөзтізбекті шеше отырып, оның ғылыми негізін түсіндіру;
Дамутышылық:оқушылардың ойлау, бақылау, зерттеу, салыстыру, құрал-жабдықтарды ұқыпты пайдалану қабілетін дамыту;
Тәрбиелік:дәстүрлі емес сабақ түрінде оқушылардың белсенділігін арттырып, өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету іскерліктерін, білім сапасын арттыру.
Сабақтың жабдығы, көрнекіліктері:сандар, физик-ғалымдар, «әтеш», «мысық», сөзтізбек, формула т.б..
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:а) оқушылармен сәлемдесу
ә) топқа бөлу
б) сабақтың мақсаты туралы айту
ІІ. Сабақтың кезеңдері:Психологиялық дайындық, қызығушылықты ояту кезеңі
ІІІ. Оқушылардың білімі жетон мен қадағалау
Мұғалім:Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Кім физиканы жақсы көреді, кім шытырман қызықты оқиғаларды ұнатады, мені ұқыпты тыңдаңыздар. Кеше мектепке құпия хат келді. Кімнен? Әзірше құпия! Онда не жазылған, міне соны оқиық:
«О, аса құрметті және ақылды жас достарым! Өте ертеде сіздердің мектептеріңе мен бағалы сусын жасырған едім. Кімде кім оны тауып алып, ең болмағанда бір тамшысын ішетін болса, сол адам сергек те жайдары, күшті де қуатты болады. Мен сіздерге осы сусынды сыйға тартамын, бірақ оны тауып алу керек. Менің конвертке салған сиқырлы қағазымдағы физикалық сұрақтарға жауап берсеңіздер, сіздерге сусынды табуға бағыт береді. Қиындықтан қорықпаңыздар, менің жас достарым! Алға қойған мақсаттарыңызға жету жолында сіздерге физикадан алған білімдеріңіз көмектеседі»
Міне, балалар, бізге құпия хаттың сыры осы. Хаттағы сусынды табу үшін, қане, іске кірісейік. Екі топтан қиындықтан қорықпайтын батыл жүректілеріміз осы топтың намысын қорғауға шықсын.
І. Тапсырма №1
Молекулалары бей-берекет үлкен қозғалыста болатын заттың агрегаттық күйін ата. (Газ)
Басқа денелер әсер етпегенде дененің өзінің жылдамдығын сақтау құбылысы қалай аталады. (Инерция)
Дене молекулалары бір-біріне жанасқан кезде өз-өзінен бір-біріне ену құбылысы қалай аталады? (Диффузия)
ІІ-топ
1.дененің ішкі энергиясын өзгертудің неше тәсілі бар? (1. Жұмыс жасау арқылы, 2. Жылу берілу арқылы)
2. жылу берудің неше түрі бар? (1. Сәуле шығару, 2. Конвекция)
3. Отынның меншікті жану жылуы? (Массасы 1 кг отын толық жанғанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығатынын көрсететін физикалық шама отынның меншікті жану жылуы деп аталады.)
Пароль: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
ІІ. Сергіту сәті: «қызықты сұрақтар»
Елеуішпен су әкелуге бола ма? (Болады. Қар мен мұз күйінде)
Мұз қандай күйге жатады? (Қатты күйге)
Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ не қалады? (Ауа)
Ауа қандай күй? (Газ күйі)
Қандай ыдысқа су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)
Ал су қандай күйге жатады? (Сұйық күйге)
Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (Уақыт)
Ендеше оқушылар Александр Македонский кезіндегі уақытты айтыңдаршы? Оқушылардың бірнеше жауаптары тыңдалған соң: «Қара жәшіктің құпиясын» ашайық. Жәшіктің ішінде «тірі әтеш», аяғында «Тиіспеңдер, тістейді» деген жазу бар. Осы сұраққа ешкім жауап бермеген соң, «әтеш» өзімізде қалады.
Айтыңдаршы, әтеш немен қөректенеді?
ІІІ. Тапсырма №2
«Қымбатты, достар! Сіздердің алдарыңызда 4 әріп Ѵ, F, V, m / T, t, U, I физикалық шамалар белгіленген. Оларды өлшейтін құралдың аттарын атаңыздар»
Пароль: Темірді қызғанда соқ
Ара қашықтыққа өз-ойын жіберу. Қалай түсінуге болады?
Оқушылар бірнеше жауап береді. Келесі «құпия жәшігін» бір оқушыға ашқызып, ішіндегі конвертті алады.
Мұғалім: Өз-ойыңды кімге жіберер едің?
Оқушы өз кластасын көрсетіп, соны ортаға шақырып конвертті ұсынамыз. Ал, онда: «Жер бетіндегі мықты ғалымдарды білесіңдер деп ойлаймын»
Келесі конвертті ашамыз: «Әттеген-ай, мыналардың бәрі таныс екен ғой» деп 6-физик-ғалымдардың суреті жатады. Оқушы ғалымдардың кім екенін айтады.
ІV. Физикалық тәжірибе.
«О,аса құрметтім!
Сіздердің алдарыңызда тәжірибе өткізу үшін бірнеше құралдар бар. Нәтижеге жеткен уақытта, мынандай сұрақ мазалайды. Неліктен?»
А) Піскен жұмыртқа, қағаз, сіріңке. Қағазды жағып, бөтелкенің ішіне саламыз да, үстіне жұмыртқаны қоямыз. Жұмыртқа бөтелкенің ішіне кіреді. Неліктен? (Қағаз жанғанда ауа қызады қысым ұлғаяды да, ауаның жарты бөлігі жұмыртқаға шығады.)
Б) Стакан, тиын, жайпақ табақта су, сіріңке. Қолды су қылмай, тиынды қалай алуға болады? (Жанған қағазды стакан мен жапсақ атмосфералық қысым арқылы су стаканның ішіне кіреді, сосын күмісті алуға болады.
Пароль: Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
V. Келесі жұмбақ:
Екі аяқты тебініп, алға қарай емініп.
Зулап әне келеді, адамның өзі жегініп. (Велосипед)
Сұрақ: Велосипедтің жүрісі қандай?
Мұғалім: Ал, адамның бірінші көлігі не? Оқушылардың жауабы тыңдалған соң. Онда «қара жәшігіміздің» реті де келіп қалды. Оның ішінде баланың арбасын шығарады.
Сұрақ: Рессорға қандай күш пайда болады және оның құрылысы.
Тапсырма №3
«Құрметті, жас дос!
Квадратпен бөлінген қағаздағы жазылған құпия символдардан дешифратордың көмегімен қиылған квадраттар арқылы төмендегі тапсырмаларды орында, ал, қиылған қиық арқылы пароль сөзін оқисыздар»
Тұзу сызықты қозғалыс кезіндегі дененің жылдамдығының формуласы:
Қысымды анықтайтын формула:
Заттың тығыздығын анықтайтын формула:
Центрге тартқыш үдеудің формуласы:
Ньютонның екінші заңының формуласы:
Жылу мөлшерінің формуласы:
Ток күшін анықтайтын формула:
Айналу периодының формуласы:
Тапсырмалар орындалып болғанда парольдың жалғасы оқылады.
Пароль: «Тәжірибе – өмірге аса қажет»
Сөзтізбектер шешу:
І-топ
Молекулалардың ретсіз қозғалысы салдарынан жанасушы заттардың арасында өтетін құбылыс.
Жай механизм.
Судың қатты күйі.
Күшті өлшейтін құрал.
Химиялық қасиетін бойына сақтайтын заттың ең кіші бөлшегі.
Сұйықтың көлемін өлшейтін құрал.
ІІ-топ
Дене пішінінің не өлшемдерінің өзгеруі.
Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы.
Материя түрі.
Аспан денелері туралы ғылым.
Сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын шама.
Планета
Өлшемдер, қашықтық туралы мағына.
Саусақпен өлшейтін қандай ұзындық өлшемдері бар? Жауабы: елі, сүйем, сынық сүйем, қарыс, тұтам.
Тереңдік өлшемдері қалай аталады? Жауабы: тобыққа дейін, тізеге дейін, кісі бойы, құрық бойы, аттың бауырына дейін.
Жақын деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері қалай аталады? Жауабы: Әудем жер, аттам жер, қырық қадам жер, таяқ тастам жер, қозы көш жер.
Өте алыс деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері қалай аталады? Жауабы: Айшылық жер, қырық күншілік жер, ит өлген жер, қияндағы жер.
«Миллион» сөзін қазаққа жеткізуші ағартушы – ұстаз кім? Жауабы: Ы.Алтынсарин.
№4 конвертті ашамыз.
«Аса құрметті достар! Мен сіздерге өте ризамын, сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймын! Сіздер бар күш-жігерлеріңізді салып, аянбай еңбек еттіңіздер! Сіздер іздеген сергектік сусыны – «СҮТ» алдарыңызда тұр.