Барысы: І.Ұйымдастыру.Сыныпта психологиялық ахуал туғызу,сынып оқушыларын түгендеу,сынып оқушыларын 3 топқа түстер арқылы бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.(Ыстық орындық).
1.Конденсатор деп нені айтады?
2.Конденсатордың электрсыйымдылы дегеніміз не?
3.Конденсаторды қай жерде қолданады?
4.Конденсатордың электрсыйымдылығын қалай анықтайды?
5.Сыйымдылығы 3*10-6 Ф конденсаторға 4,4*10-4 Кл заряд беру үшін конденсаторды қандай кернеуге дейін зарядтау керек?
6.Электр зарядтың неше түрі бар?
7.Элементар заряд дегеніміз не?
8.Кулон заңының тұжырымдамасы қандай?
9.Электр өрісінің кернеулігі дегеніміз не?
10.Потенциалдар айырымы дегеніміз не?
ІІІ.Жаңа тақырып.Мәтінмен жұмыс.
І-топқа: Электр тогы.
ІІ-топқа: Токтың әсерлері.
ІІІ-топқа:Гальваникалық элемент. Пастер түрінде әр топ өз тақырыпшаларын қорғайды.
Электр тогы.Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы электр тогы деп аталады. Алғаш рет "электр тогы" түсінігін физикаға енгізген француз ғалымы Ампер Андре Мари (1775-1836 ) болды.
Токтың әсерлері:
1)Токтың жылулық әрекетін:(электрқыздырғыш аспаптарда: электроплитада,үтіктерде,қайнатқыштарда,дәнекерлеуіштерде қолданылады. )
2) Токтың химиялық әрекеті.(Таза мысты бөліп алуға,металл бұйымдарының бетін күміспен жалатуға қолданылады.)
3) Токтың магниттік әрекеті.(Тогы бар өткізгіш қарапайым магнит сияқты ол өзіне ұсақ темір денелерді тартады. )
4)Токтың физиологиялық әрекеті.(Жануардың,адамның денесінен өткен ток бұлшық еттердің жиырылуын туғызып ауыр әсер етеді,мұны "ток соғу"деп атайды )
Гальваникалық элемент итальяндық анатом және физиолог Луиджи Гальванидің құрметіне аталған,ол атмосфералық электрдің бақа еттеріне әсерін зерттеген.Сол тәріздес тәжірибелерді жасай отырып,1800 жылы А.Вольта алғашқы болып тұрақты ток көзін алды.Бұл тұрақты ток көзі-Вольта бағанасы деп аталады.
ІV.Сергіту сәті.
V.Бекіту.
І - топқа: 1.Қандай құылғыларды ток көздері деп атайды?
2.Электр тог дегеніміз не?
3.Электр қозғаушы күш деп нені атайды?
ІІ - топқа:Егер бөгде күштер 10 Кл электр мөлшерін ток көзінің бір полюсінен екіншісіне ауыстырғанда, 30 Дж жұмыс жасаса,онда ток көзінің ЭҚК-і қандай болады?
ІІІ -топқа:Ток көзі ішінде 10 Кл зарядты оның бір полюсінен екінші полюсіне тасымалдау үшін бөгде күштер 30 Дж жұмыс атқарады.Ток көзінің ЭҚК-ә неге тең?
VI.Қорытындылау.( Кері байланыс )
Қара жәшік,еттартқыш,себет.
VII.Бағалау. (Топ басшылары )
VIII.Үйге тапсырма; П-ф 36 оқу,деңгейлік тапсырмаларға жазбаша жауап жазу.
Физика 9 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Күш.
Сабақтың мақсаты: 1).Оқушыларға күш,оның түрлері және оның нені сипаттайтының меңгерту.
2).Әртүрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3).Оқушыларды өзара түсіністікке,ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :аралас.
Әдісі:сұрақ-жауап,әңгіме,семантикалық кесте.
Көрнекіліктер: презентациялар,интерактивті тақта, тәжірибе жасауға арналған құрылғылар.
Барысы:
І.Ұйымдастыру.(сынып оқушыларын түгендеу. )
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1.Салт атты шауып келе жатыр.Егер ат сүрініп кетсе немесе оқыс тоқтайтын болса,онда қандай жағдай байқалуы мүмкін?
2. Ньютонның бірінші заңын дәлелдейтін мысалдар келтіріндер.
3.Қандай санақ жүйесі инерциялық деп аталады?
4.Қандай санақ жүйесі инерциялық емес санақ жүйеге жатады?
5.Жермен байланысқан санақ жүйесі инерциялық жүйеге жата ма?
ІІІ.Жаңа тақырып.
Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекетінің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.
Денелердің механикалық қозғалысын зерттеу барысында жалпы мәлім болды:
1.Ауырлық күші.
2.Серпімділік күші.
3.Үйкеліс күші.
Осы күштерге тоқтала кетейік.
Ауырлық күші.(Fa = mg,мұндағы m -дененің массасы, g- еркін түсу удеуі,оның модулі шамамен 9,8 м/с2-қа тең ) деп денелердің Жерге тартылыс күшің айтады.
Серпімділік күші деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады.
Бұл күш денелерді қысу.созу, майыстыру немесе бұрау кезінде пайда болады.
I FсерпI=k∆l,бұл формула Гук заңын өрнектейді,мұндағы Fсерп - серпімділік күшінің модулі,k-қатаңдық коэффициенті, ∆l=l-l0 -дене ұзындығының өзгеруі.
Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама қарсы жаққа қарай бағытталады.