Сабақтың тақырыбы: Жылу құбылыстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сабақта қазақ халқының тұрмысы, әдет-ғұрпы, үлгі дәстүрлерін физика пәнімен шебер ұштастырып, шәкірт бойында ұлттық патриоттық сезім қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, тіл байлығын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ана-тілін құрметтеуге, сөз өнерінің құдіретін танап білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.
Сабақтың барысы:
Кіріктірілген бөлім. Бағдарлау-мотивациялық кезең.
1. Суретпен жұмыс.
Оқушыларға киіз үйдің суреті ұсынылады. Халқымыздың асыл мұрасын физика пәнімен ұштастырыңдар.
7 сынып Қазақ халқы ерте заманнан ғылым мен білімге ерте жетпесе де, өмірлік тәжірибеден оқып үйренген. Адам-табиғаттың ажырамас бөлігі.Табиғат әрқашанда үздіксіз өзгеріске ұшырап отырады. Физика пәні-механикалық, жылулық , электромагниттік құбылыстарды зерттейді. Киіз үй-ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға қолайлы, ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы жылдам, жел-дауылға көп шайқалмайды, берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келгендіктен жаңбыр өтпейді. Әдетте киіз үй ақ түсті болады. Ақ киіз өзіне түсетін әр-түрлі сәулелердің барлығын шағылдырады да, жылуды аз сіңіреді. Сондықтан киіз үй жазда салқын болады. | 8 сынып Көшіп-қонып мал баққан қазақ халқына ең қолайлы баспана киіз үй. Киіз үйдің негізгі құрылыс материалы-киіз болып табылады. Киіз жүннен жасалады. Жүн ылғал мен температура әсерінен ( киіз басу ) және механикалық әрекет нәтижесінде ширайды да, көлемі кішірейіп тығыздығы артады. Киіз басудағы ең жоғарғы тығыздық 0,55г/см3. Киіз үйдің жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан аптап шілдеде сая, ызғырықты суықта жылы баспана болады. Қандай ыстық болса да киіз үйдің ауасы таза, салқын болуы конвекцияға байланысты. Түндік қазіргі кездегі үйдегі терезенің ашпалы көзінің және мұржаның ролін атқарады. Түндіктен кірген салқын ауа төмен түсіп, жылы ауа мен суықта от жаққандағы түтін арқылы сыртқа шығады. Киіз үйдегі уық , кереге шаңырақ , күлдіреуіш барлығы деформацияланған ағаштан жасалған. Киіз үйдің төбесінде жаңбыр іркілмес үшін 45 градус шамасында иілген ағаштан күлдіреуіш орнатады. Киіз үйдің орнықтылығы біріншіден тіреу беті өте үлкен, екіншіден ауырлық центрінен жүргізілген тік сызықтың ұзындығы тіреу бетінің радиусынан әлдеқайда кіші. |
Сараланған бөлім. Операциялық- орындаушылық кезең.
1. Кестені толтыр
7 сынып |
Өзара әсерлесу |
Түрі | Гравитациялық | Электромагниттік |
Табиғаты | денелердің өзара әсерлесу салдарынан | денені құрайтын бөлшектердің өзара әсерлесу салдарынан |
Күш | ауырлық | дене салмағы | серпінділік | үйкеліс |
Формулалар | F= mg | P= mg | F= -kx | F= µN |
Өлшем бірліктері | H- нъютон |
Құрал | динамометр |
8 сынып |
Шамалар | Белгілер | Өлшем бірліктері | Формуласы |
Уақыт | t | c | |
Ток күші | I | A | |
Заряд | q | Kл | q=It |
Кернеу | U | В | |
Жұмыс | A | Дж | A=qU |
Кедергі | R | Ом | |
Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.
1. Қазақтың ұлттық киімі.
Оқушыларды ұлттық киім физикасымен таныстыру мақсатында Абайдың «Ескілік киім» атты өлеңінің үзіндісін оқып, көшірмесі таратылған болатын (үйге тапсырма ретінде ізденіс жұмысы берілді )
Зерттеуге қойылытын талаптар: Өлеңнің берілген жолында қандай физикалық ұғымдар, құбылыстар, заңдылықтар т.б. орын тапқан, сонымен бірге сөздердің, сөзтіркестердің, сөйлемдердің мән-мағынасын ашу.
«Ескілік киім» Абай 7 сынып 8 сынып Ойланып ойға кеттім жүз жылғы өткен Тон қабаттап кигенім - шидем шекпен Жейде - дамбал ақ саннап жарғақ шалбар Жырым балақ матамен әдіптелген Мықшима аяғымда былғары етік Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп Үлкен кісе белімде жез салдырған Шақпағым дәндәкуім жарқ-жұрқ еткен |
Оқушылар мұндай үй тапсырмасын қызығушылықпен өз еркімен толық орындауға тырысады. Олар ата-аналарын, кітапханашыны талай мазалап сөздіктерді, көркем сөз әдебиеттерін қазбалайды. Оқушылар ізденісімен мұғалімнің толықтыруынан төмендегідей мәлімет қалыптасты.
Сөздікті- анықтаушы материал.
Әдіп- киімнің етек жеңіне, өңіріне, айналасына жиектеп салынған салынған шүберек.
Былғары- өңделген тері.
Дәндәкуім- былғары қалта.
Оқшантай-оқ қалташықтары.
Жарғақ- құлын мен ешкінің терісінен иленген киім.
Жез- мыстың қорытпасы.
Жейде дамбал- басты-басты іш киімдер.
Сан- матаның бір түрі.
Кісе- белбеуге бекіткен былғары қалта.
Мықшима-бүгілген.
Шекпен- жүннен иіріп, тоқылған сыртқы киім.
Шақпақ- тас, оны жанап от шығарады.
Шидем- жүннен тоқылып істелінетін жылы сыртқы киім.
Енді көне мұраны көңілден, ойдан өткізіп физика ғылымымен сабақтасуын қарастырайық.
Ойланып, ойға кеттім жүз жыл өткен,- санап шықсақ бұл 18-ғасырдың ортасында қазақтардың киген киімі.
Тон қабаттап кигенім- шидем шекпен,- « Жылу өтімділігі « ұғымы тұрғысынан: қат-қабат киілген киімдердің арасында ауа болады, ол өте жақсы жылу изоляторы болып табылады. Өйткені ауаның жылу өтімділігі, басқа заттарға қарағанда аз.
Жейде- дамбал ақ саннан, жарғақ шалбар, –
«Қатты денелердің механикалық қасиеттері « тақырыбы бойынша: арнайы илеп жұмсартқан мал терісінен тігілген шалбар, берік және жел өткізбейді, жылы болады. (« Үйкеліс құбылысы», « Заттың беріктік шегі» )
Жырым балақ, матамен әдіптелген,-
Балақтардың, жеңдердің беріктігін арттыру үшін, шүберекпен астынан қаптайды. Беріктік шегі максималды мәнге жеткенде ғана мата жыртылады.
Мықшима аяғымда былғары етік,-
Мықшима- етіктің аяққа ыңғайлығын және беріктігін білдіреді. (Бұл жерде жүргенде заттың серпімділік қасиеті артық күш жұмсамауға септігін тигізеді және механикалық қасиетте әсер етеді )
Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп ,-
Киіз- сабалап біріктірген жүн. Жылу сақтау қасиеті, жылу өтімділігі өте жоғары. Оңай деформацияланады, адамның аяғының қалпына тез түседі яғни аяққа түсер қысымды кемітеді. Сондықтан киіз байпақ әрі жылы, әрі жұмсақ аяқ киім.
Үлкен кісе белімде жез салдырған
Шақпағым дәндәкуім жарқ-жұрқ етіп.
Қазақтың ер азаматы аттың үстінде көп уақыт өткізетіндігіне байланысты белбеудің бел омыртқасына бекіткіш ретінде жезді салдырады. Ол- беріктік шегін арттыруға және әшекейлеуге себебін тигізеді. Бұл белбеуге қажет болатын қалталар ілінеді. Шақпақ тас- үйкеліс құбылысы арқылы дененің ішкі энергиясын арттырып от шығаруға қажет. Тастардан, металдардан сәндік заттар жасау үшін, зергерлер денелердің физикалық қасиеттеріне әсер етіп, агрегаттық күйлерін өзгертіп, ығысу, иілу, бұрау деформацияларына ұшыратады. Мұнда жездің балқу, кристалдану, меншікті температурасы, серпімділік модулі, аққыштығы, шағылытқыш қасиеттері еленеді. Жарқ-жұрқ ету, жарық сәулесінің шағылу заңына байланысты құбылыс.
Осылайша ғұлама ақылшы Абай атамыздың сегіз жолды әнімен өткен ғасырға барып қайтқандай әсер алып оқушылар төмендегідей қорытынды жасады.
Біздің бабаларымыз әрі әдемі, әрі жылы, әрі жүріс тұрысқа қолайлы киінуге ыңғайланған. Киім тіккенде, аң, мал терісін, құстың, қойдың, түйенің жүні сияқты табиғи материалдарды қолданған, яғни оларда денсаулыққа зиян келтіретін (капрон, лавсан т.с.с. ) қоспалары жоқ.
Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық бағалау кезеңі.
1. Бекіту тапсырмасы.
7 сынып | 8 сынып |
Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс | Өзіндік жұмыс |
R I U ε | «Бірін - бірі үйрету сабағы« ойыны. 1 тапсырма. Ойын шарты: шағын топ құрып, тапсырма бойынша біреуі мұғалім болып сол тапсырманы түсіндіреді, екінші оқушы жауап береді. Мысалы: А әріпіне қатысты физикалық,математикалық ережелерге,амалдарға т.б. құбылыстарға мысал келтір. 2 тапсырма. Ойын шарты алмастырылады. Енді жауап берген оқушы мұғалім болып, Т әріпіне қатысты мысал келтіріңдер деп тапсырма береді. |
Өзін-өзі бағалау
Оқушылар сабақтың басында үлестірілген «Өзін-өзі бағалау « парағы бойынша әрбір берілген тапсырмаға ұпай қою арқылы өз-өздерін бағалайды.
Үйге тапсырма.
7 сынып | 8 сынып |
Қозғалыс тарауына тест құрастыру. | Шағылу заңдылықтарына тест құрастыру |
Қолданылған әдебиеттер:
Ғылыми әдістемелік журнал . Алматы-2001жыл.
Қазақ тілінде түсіндірме сөздік. Алматы.Ғылым.1979 жыл.
Жергілікті желі.
Казахи. Ист.- этнографическое исследование. Алматы, Казахстан, 1995ж.