Электр кернеуі жайлы мағұлмат алады.
- Электр кернеуі құрылғысын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Топта бағалай білуге баулу
Просмотр содержимого документа
«Электр кернеуі»
Бекітемін»
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Р.Нұрбекова
Күні: 16.01.207ж
Сыныбы: 8
Пәні: физика
Сабақтың аты | §37 Электр кернеуі |
Сілтеме | Жоспар |
Жалпы мақсаты | Электр кернеуі жайлы мағлұмат беру Электр кернеуі құрылғысын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету Топта бағалай білуге баулу |
Күтілетін нәтиже | Электр кернеуі жайлы мағлұмат алады Электр кернеуі құрылғысын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді Топта бағалай алатын болады |
Негізгі идеялар | Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады. ХБЖ-же электр кернеуінің бірлігі вольт (В) деп аталады. . Электр тізбегі ішкі және сыртқы деп аталатын екі бөліктен тұрады. Ток көзі ішкі тізбекке, ал қалған бөлігі сыртқы тізбекке жатады. Электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілер: |
Тапсырмалар | Топтық жұмыс |
Тапсырмалар | Топтық жұмыс |
Тапсырмалар | Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)
Электр тогы дегенді қалай түсінесіңдер?
Ток көздері деген не?
Ток күшінің бірлігіне не алынады?
Ток күшін қандай құралмен өлшейді?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)
Электр кернеуі деген не? Ол қандай бірлікпен беріледі.
Кернеуді қалай өлшейді?
ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№ | Бағалау өлшемдері | Көш басшы | Хатшы | Баяндамашы | Уақыт сақшысы |
1 | Тақырыптың ашылуына үлес қосу | | | | |
2 | Міндетін атқару | | | | |
3 | Топтық жұмысқа атсалысуы | | | | |
| | | | | |
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Топтық жұмыс (5 минут)
Слайд тапсырмалар есептері: №1-12 есептер
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
1 | Білу | Электр кернеуі дегеніміз не? | |
2 | Түсіну | Электр кернеуінің формуласын жаз? | |
3 | Қолдану | Тізбекте қосылған прибордағы ток күші 8 мкА-ге тең. 12 минут ішінде осы прибор арқылы қандай мөлшердегі электр тогы өтеді? | |
4 | Талдау | Электр кернеуінің кіші және үлкен өлшем бірліктерін салыстыр? | |
5 | Жинақтау | Күнделікті тұрмыста электр кернеуінің қолданылуына мысал келтір? | |
6 | Бағалау | Электр кернеуін білудің маңызы қаншалықты? | |
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар | №696 |
Кейінгі оқу | §37 Электр кернеуі |
Алматы облысы,Алакөл ауданы
Қабанбай батыр атындағы орта мектебі,Жоғарғы санатты физика пәні мұғалімі:С.Орайханқызы