Материялы? н?ктені? ше?бер бойымен бір?алыпты ?оз?алысы.
1 - есеп. Массасы 0,2 кг дене 0,05 м амплитудамен гармоникалы? тербеледі. 0,2 Н к?ш ?серінен серіппе 0,01 м – ге ?зарады. Гармоникалы? тербелісті? те?деуі ?андай?
Берілгені: Шешуі:
2 - есеп. Дене х=0,4 2t за?ымен гармоникалы? тербеледі. Оны? тербеліс амплитудасы мен периоды ?андай?
Берілгені: Шешуі:
Сызы?ты? ж?не б?рышты? жылдамды?тар.
- есеп.Денені? айналу периоды 10с – ?а те? деп алып, оны? 10 с ішіндегі б?рышты? жылдамды?ы мен б?рылу б?рышын есептеп шы?ары?дар.
Берілгені: Шешуі:
– есеп. Радиусы 10 см – ге те? д??гелек ?айра?ты айналдыр?анда, ол 0,20 с ішінде бір айналым жасайды. Айналу осінен е? ?ашы? н?ктелерді? жылдамды?ын табы?дар.
Берілгені: Шешуі:
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дарынды балаларды? жоспары»
Оңтүстік Қазақстан обылысы
Қазығұрт ауданы
«Қаржан» жалпы орта мектебі
Физика пәні бойынша дарынды оқушының дәптері.
Сыныбы: 9 -----
Оқушының аты – жөні: ______________________
Пән мұғалімі: Қарынбаева Жамила.
2015-2016 оқу жылы.
11.01.2016жыл
Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы.
1 - есеп. Массасы 0,2 кг дене 0,05 м амплитудамен гармоникалық тербеледі. 0,2 Н күш әсерінен серіппе 0,01 м – ге ұзарады. Гармоникалық тербелістің теңдеуі қандай?
Берілгені: Шешуі:
2 - есеп. Дене х=0,4 2t заңымен гармоникалық тербеледі. Оның тербеліс амплитудасы мен периоды қандай?
Берілгені: Шешуі:
Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар.
- есеп.Дененің айналу периоды 10с – қа тең деп алып, оның 10 с ішіндегі бұрыштық жылдамдығы мен бұрылу бұрышын есептеп шығарыңдар.
Берілгені: Шешуі:
– есеп. Радиусы 10 см – ге тең дөңгелек қайрақты айналдырғанда, ол 0,20 с ішінде бір айналым жасайды. Айналу осінен ең қашық нүктелердің жылдамдығын табыңдар.
Берілгені: Шешуі:
Центрге тартқыш үдеу.
1 – есеп.Қуатты бу турбинасының роторы 3000 айн/мин жасайды. Оның жұмыстық дөңгелегінің диаметрі 2,7 м. Осы турбина роторының бұрыштық жылдамдығын және ротор қалақшалары ұшының сызықтық жылдамдығы мен үдеуін табыңдар.
Берілгені: Шешуі:
– есеп.Жер бетінен 600км қашықтықта оны айнала 8км/с жылдамдықпен қозғалып жүрген Жердің жасанды серігінің (ЖЖС) центрге тартқыш үдеуін есептеп табу керек.
Берілгені: Шешуі:
25.01.2016жыл.
Бүкіләлемдік тартылыс заңы.
1 – есеп.Марс планетасының табиғи серігі - Фобос. Ол Марсты радиусы 9400км орбита бойымен айналады, айналу периоды 7 сағ 39 мин. Марс планетасының массасын анықтаңдар.
Берілгені: Шешуі:
2 – есеп.Жерден Күнге дейінгі арақашықтығы 1,5 *1011 м. Бір жылда бір айналым жасауға 3,14*107 с уақыт кетеді. Күннің массасы қаншаға тең? (G=6,67*1011 Н*м2/кг2.)
Берілгені: Шешуі:
Бірінші және екінші ғарыштық жылдамдық.
1 – есеп.Марстағы еркін түсу үдеуі 3,76 м/с2 , ал оның радиусы 3,39*106 м. Марс бетіне жақын маңайда ұшып жүрген жасанды серік жылдамдығын анықтаңдар.
Берілгені: Шешуі:
09.02.2016жыл.
Дененің салмағы. Салмақсыздық.
1 – есеп.Лифт 1,5 м/с2 үдеумен вертикаль жоғары қарай көтеріледі. Лифтідегі жүктің массасы 50кг. Жүктің лифт еденіне түсіретін қысым күшін анықтаңдар.
Берілгені: Шешуі:
2 – есеп. 1кН күштің әсерінен 0,025 м/с2 үдеу алатын дененің массасы қаншаға тең болады? (g=9,8 м/с2).
Берілгені: Шешуі:
3– есеп.Ғарыш кеме вертикаль бағытта (Айға қатысты) 0,8 м/с2 тұрақты үдеумен баяу қозғалып, Айға жұмсақ қонады. Оның ішіндегі массасы 70 кг ғарышкердің салмағы қандай болады? (g=1,6 м/с2).
Берілгені: Шешуі:
4– есеп.Көтергіш кран тросы массасы 600кг денені 3м/с2 үдеумен вертикаль жоғары көтергенде 10 см –ге созылады. Тростың қатаңдығы қаншаға тең? (g=10м/с2).
Берілгені: Шешуі:
23.02.2016жыл.
Импульстің сақталу заңы.
1 – есеп.6 км/ сағ жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 60 кг адамның импульсі қандай?
Берілгені: Шешуі:
2 – есеп.Массасы 50 кг бала 5 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатып, 2 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 100кг арбаның үстіне қарғып мінді. Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады?
Берілгені: Шешуі:
Дене импульсі.
1 – есеп.Жылдамдығы 200 м/с массасы 160г оқ бөгетке тиді және тоқтағанға дейін 16 см өтті. Бөгеттің кедергі күші қандай болады?
Берілгені: Шешуі:
2 – есеп.Массасы 4 т су құйғыш машинаның көлемі 4 м3 су бар. Машинаның мына жағдайларындағы импульсін тап.
Машина 18 км/сағ жылдамдықпен қозғалады.
Машина бүкіл суды төгіп, 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалғанда.
Берілгені: Шешуі:
14.03.2016жыл.
Энергия.
1 – есеп.Бала динамометрді созып, өзінің тарата алатын ең үлкен күшін анықтады. Ол 400 Н – ға тең болып шықты. Серіппені созғанда бала қандай жұмыс атқарады?
Берілген: Шешуі:
2 – есеп.Егер үйдің әр қабатының биіктігі 3 м болса, онда массасы 75 кг адам баспалдақпен бірінші қабаттан көтерілгенде ауырлық күші қандай жұмыс атқарады?
Берілгені: Шешуі:
3– есеп.Массасы 2 кг дене жер бетінен 30м биіктіктен түседі. Дененің 15 м биіктікте болған кездегі және жерге келіп түскен кездегі кинетикалық энергиясын есептеп шығарыңдар.
Берілгені: Шешуі:
4– есеп.Дене 50м биіктіктен горизанталь бағытта 15 м/с бастапқы жылдамдықпен лақтырылады. Дененің жерге келіп түскен мезетіндегі жылдамдығы қандай?
Берілгені: Шешуі:
04.04.2016жыл.
Механикалық қозғалыс.
1 – есеп.Ай бетіндегі ұзындығы 1м математикалық маятниктің тербеліс периоды қандай болады? Айдағы еркін түсі үдеуі 1,62 м/с2 .
Берілгені: Шешуі:
2 – есеп.Массасы 100г жүк жиілігі 2Гц болатын тербеліс жасайды. Серіппенің қатаңдығын табыңдар.
Берілгені: Шешуі:
3– есеп.Қатаңдығы 1 Н/ м серіппеге ілінген жүктің толық энергиясы 0,1Дж болса, тербеліс амплитудасы қаншаға тең?
Берілген: Шешуі:
4– есеп.Ұзындығы 2,45м, ал тербеліс амплитудасы 0,1 м математикалық маятниктің гармоникалық тербелісінің теңдеуі қандай болады?
Берілгені: Шешуі:
18.04.2016жыл.
Электромагниттік тербелістер.
1 – есеп.Сыйымдылық 2мкФ болған кезде 1000Гц жиілік алу үшін тербелмелі контурдағы қандай индуктивтілік қосу керек?
Берілгені: Шешуі:
2 – есеп.Тербелмелі контур сыйымдылығы 250 пФ конденсатордан және индуктивтілігі 10мГн катушкадан тұрады. Еркін тербелістердің периоды мен жиілігін анықтаңдар.
Берілгені: Шешуі:
3 – есеп.Тізбекке сыйымдылығы 2 мкФ конденсатор, индуктивтілігі 0,5 Гн катушка қосылған. Тізбектің резонанс болатын циклдік жиілігі қандай?
Берілгені: Шешуі:
4– есеп.Индуктивтілігі 0,1 Гн катушкадан және сыйымдылығы 10мкФ конденсатордан тұратын тербелмелі контур конденсатордағы кернеу 30В болған мезетте ток күші 0,4 А . Контурдағы ток күшінің ең үлкен мәні қаншаға тең?