Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Д.Ж. Дүйсенбиева
Сабақтың тақырыбы: | Булану және конденсация. |
Күні: | |
Сынып: | 8 |
Сабақ негізделген оқу мақсаты | Процесті молекулалық кинетикалық теория тұрғысынан түсіне отырып, будың түрлері мен олардың қасиеттерін үйрену |
Күтілетін нәтиже | С- Процесcтердің анықтамасы мен олардың айырмашылықтарын біледі. В-Осы процесстер нәтижесінде болатын будың қасиеттерін ажырата алады. А-Процесті молекуланың қозғалысы мен әрекеті негізінде түсіндіреді. |
Дереккөздер, құрал-жабдықтар | Физика және астрономия Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/ Б.М.Дүйсембаев, Г.З. Байжасарова, А.А. Медетбекова. – Алматы Мектеп баспасы 2011 Әдістемелік нұсқау, дидактикалық материалдар, жұмыс дәптері, интербелсенді тақтада көрсетілген презентациялар, керібайланыс парақтары. Маркер,карандаш, плакат. |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар |
Басталуы Сергіту сәті. «Қара жорға» әні | Сергіту сәтінен кейін туылған айлары бойынша қарама-қарсы тұрып, бір-біріне дұрыстап қарап, сосын иықтарымен тұрып, бір нәрсені өзгерту, сосын қайтадан қарама-қарсы тұрып, өзгерткен нәрсені табу. | Содан кейін бір-біріне жақсы тілек айтып, төрт-төрттен топқа бөлу. Бағалау қолдау көрсету |
Үй тапсырмасын талдау «Фасоль қапшығы» | «Фасоль қапшығы» әдісі бойынша үй тапсырмасын сұраймын. Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. 1. Қыста орталық жылу беру жүйесі істен шыққанда,жылу батареяларындағы суды ағытып тастайды. Оны қандай мақсатпен жасайды? 2.Бірдей температурада қатқан мұз бен қардың қайсысы жақсы тоңазытқыш бола алады? 3. Неліктен суық аймақтарда сыртқы ауаның температурасын өлшеу үшін сынап емес, спирт термометрін қолданады? 4. Қандай қозғалысты «жылулық қозғалыс» деп атайды? 5. Меншікті жану жылуы нені көрсетеді? 6. Диірменнен шыққан ұн жылы, ал пештен шыққан нан ыстық болады. Осы жағдайлардың әрбіреуіндегі денелердің ( нанның, ұнның ) ішкі энергиясының өсуінің себебі неде? | 1.Су қатаю кезінде сығылып, қысымы артадыда, жылу жүйесінің құбырларын жарып жібереді. 2.Мұз қарға қарағанда тығыз болғандықтан, бірдей көлемдегі қармен салыстырғанда мұздың қат-қабатын еріту үшін көп жылу кетеді. 3.Себебі сынаптың -39 0С балқу температурасына қарағанда спирттің балқу температурасы -114,2 0С 4. Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп айтамыз. 5. Массасы 1кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды. 6. Біріншісі - механикалық жұмыс жасау арқылы; екіншісі - жылу беру арқылы жасалады. Бағалау: Басбармақпен |
Ортасы «Джигсо» әдісі | «Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі. Бағалау : Екі жұлдыз, бір тілек | Сынып оқулықпен жұмыс істейді, әрбір топ өздеріне берілген тақырыпшаны оқып, ойларын бөлісіп, қағаз бетіне түсіреді. Сосын топтан екі оқушы шығып постер қорғайды. |
Бекіту. Сергіту сәті Адамдар және үйлер Қорытынды. Үйге тапсырма | Сергіту сәтінен кейін «Тақырыптық Теннис» әдісімен сабақты бекітемін. 2 ойыншы және судья Екі ойыншы кезекпен бүгінгі тақырыпқа қатысы бар сөздерді айтады, біреуі тоқтағанға дейін ойын жалғаса береді Тест. Интерактивті тақтадан жұмыртқалы пультпен жұмыс істеп білімдерін көрсету Кері байланыс парағы. Сауалнама $ 15, №5 эксперименттік тапсырма | Топтың үшінші қатысушысы сөздерді қағаз бетіне жазады және есеп жүргізеді.Сосын қорытындылап, кімнің жеңгенін айтады.Осылай оқушылар бір-бірімен ауысып, жұмыс істейді. есеп: Теннистік ойындағы есеп-шот қолданылады (7-8,8-9, 5-6, немесе тең ) Кері байланыс парағы (Бүгінгі өткен сабақ бойынша өз ойларын жазады.) |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды? Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады Үйге тапсырма | 1: Топпен жұмыс істеу арқылы бір-біріне пікірлерін, ойларын ашық айтуға, бірін-бірі тыңдауға үйренеді. 2: Оқушылардың тест жұмысын орындағанда пультпен жұмыс істеп өз білімдерінің нәтижесін көруі 1: әдіс-тәсіл 2:бағалау $ 15, №5 эксперименттік тапсырма | |