Сабақтың басы 5-мин | І.Ұйымдастыру кезеңі «Шаттық шеңбері»- әдісімен шеңбердегі оқушылар бір сөзбен жақсы тілек білдіреді,көңіл-күйі көтеріледі. «Жылдам сұрақ»-әдісімен үй тапсырмасын сұраймын. 1.Зат неден құралған? (Молекула). 2.Отқа жанбас, суға батпас. /мұз/ 3.Сылқ-сылқ күледі,аяғы жоқ жүреді / су/ 4.Сұйықтың газ күйіне айналуы /бу/ «Шашылған суреттер»- әдісі арқылы топқа бөлемін І топ-«Мұз»тобы ІІ топ- «Су» тобы ІІІ топ- «Бу» тобы | Амандасады, оқушылар бір сөзбен жақсы тілек білдіреді,көңіл-күйі көтеріледі. 1.Заттың молекуладан тұратынын білді. 2.Заттың күйлерін атай алды. Топқа бөлінеді | Қолпаштау, мадақтау | Слайд, суреттер, қызыл,сары, жасыл смайликтер | |
Сабақтың ортасы | Жаңа сабақ: 1-Тапсырмалар: «Денотатты граф»- әдісі бойынша жаңа сабақты өтуді жоспарлап отырмын. 1-Тапсырма 1-топ 1.Сұйықтың газ күйге өту процесі... 2.Молекулалары қалай орналасқан... 3.Жылу энергиясын жұту арқылы ма,әлде.... 4.Заттың қандай күйінде жүреді... 2-топ. 1.Сұйықтың беркі қабатында жүретін процес... 2.Бұл процесс сұйықтың тығыздығына тәуелді ме... 3.Температураға қандай тәуелділігі бар.... 4.Жел құбылысының арасындағы байланысы... 3-топ. 1.Қаныққан бу дегенді қалай түсінесің... 2.Қанықпаған бу деген ше..... 3.Осы ұғымдардың ұқсастығы... 4.Айырмашылығы 2-Тапсырма 1-топ.Төмендегі суреттен булану процесінің жүруін түсіндіріңдер.Буланудың қандай түрі көрсетілген. 2-топ. Мына суретте қаныққан және қанықпаған бу процесінің қайсысы көрсетілген,соны түсіндір. 3-топ.Табиғаттағы судың шыр айналу процесі қалай жүреді? Сол процестің бағыты мен қайтымдылығын түсіндір.(Су-булану-конденсация) 2-тапсырма Дескриптор | Бу және булану ұғымын білді | Кебу және конденсация құбылысын түсінеді | Қаныққан және қанықпаған бу айырмашылығын ажыратты | | Кітап көмегіне сүйене отырып, топта жұмыстанады, жауаптарын айтып дәлелдемелер келтіреді Тапсырмалар орындайды, топпен жұмыстанады | | Слайд, суреттер, қызыл,сары, жасыл смайликтер | Оқушы ауызша тапсырмаларды өте жақсы орындайды. Топ оқушыларымен бірге жұмыстанады. |
| «Физикалық диктант»- арқылы сабақты қорытындылаймын. «Сұрыптау» жаттығуы-әдісімен мына тапсырмаларды орындатамын 1. Сұйықтың бетіндегі еркін бу түзілу процесі ....деп аталады./Булану/ 2. Заттың газ тәріздес күйінен сұйық күйіне айналу процесі ..... деп аталады. /конденсация/ 3. Газ тәріздес күйден қатты күйге өтетін кері процесс деп аталады./десублимация/ 4. Қатты зат бірден газ тәріздес күйге айналуы мүмкін.Бұл құбылыс ....деп аталады. /Сублимация/ | Физикалық диктантты орындайды | Жауабы тексеріледі | Слайд, Кесте таратпалар қызыл,сары, жасыл смайликтер | |