Просмотр содержимого документа
«Булану ж?не конденсация. ?аны??ан ж?не ?аны?па?ан булар.»
8-сынып
Сабақ тақырыбы: §§15, 16. Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар.
Сабақ мақсаты:
Білімділік Оқушыларға булану және конденсациялану құбылысын түсіндіру,қаныққан және қанықпаған бу ұғымдарын енгізу.
Тәрбиелік: Алған білімдерін тиянақтай отырып , тапқырлыққа , ізденіп шешім қабылдауға , ауызбіршілікке , ойын жинақтай білуге , біріне –бірі көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қолданып, өз ойын айта білуге , жүйелі түрде ойлауға,ізденуге бағыттау , білімге деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, жеке , топпен жұмыс, сұрақ-жауап
Оқыту әдісі: түсіндірмелі,видео , сұрақ-жауап, танымдық ойындар
Сабаққа қажет құрал-жабдықтар: айна, қылқалам, май, спирт, су, желпілдеткіш.
Қолданылатын технология: Интербелсенді оқыту технологиясы. АКТ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал жүргізу
Сабақтың сәтті өтуіне психологиялық жағдай қалыптастыру «Қошемет»
сөзінің әр дыбысынан басталатын мадақтау, қошемет сөзін айту
(Шаттық шеңбер құру.Адотация жүргізу)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. § 13, 14
а) тест жұмысын беру
Тест
1. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі?
А) Дж
Ә) кг/Дж
Б ) м
В) Дж/кг
2. Отын жанғанда жылу мөлшерін есептеу формуласы?
А) q=Q/m
Ә) Q=qm
Б ) Q=m/q
В) m=Q/q
3. Отынның жану жылуының өлшем бірлігі?
А) Дж
Ә) кг/Дж
Б ) Дж/кг
В) Дж/кг С
4 . Қандай процесс балқу деп аталады?
А)Сұйық күйге ауысу
Ә)Еріп кету
Б )Қатты күйге ауысу
В) Кристалдану
5.Қандай процесс кристалдану деп аталады?
А)Сұйык күйден қатты күйге ауысуы
Ә) Қатты күйден сұйык күйге ауысуы
Б )Заттың сууы
В)Жылу өткізгіштік
Суретпен жұмыс. (Ассоциация бойынша жаңа тақырыпқа көшу)
Суретте не көріп тұрсыздар?
Үміт ағашын отырғызу.
Бүгінгі сабақтан не күтесіздер?
Бүгінгі сабақтан не қалайсыздар ?
(Алма стикерлеріне жауабын жазып ағаштың діңгегіне жабыстыру)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сұйықтың буға айналу құбылысы булану деп аталады
Булану жылуды жұтумен қатар жүреді.
Ашық ыдыста булану салдарынан сүйық массасының азаюы.
Булану салдарынан сұйық ішінде калған молекулалардың орташа жылдамдыктарының азаюы. Сұйык ішінде қалған молекулалардың орташа кинетикалық энергиясының жэне сұйықтың ішкі энергиясынын азаюы.Сырттан жылу берілмеген жағдайда кебетін сұйықтың салқындауы.
Судан шыққанда дененің салқынды сезінуі.
Стакандағы буланып жатқан судың температурасының төмендемеуі оған қоршаған ортадан үнемі жылу беріліп отырады.
Булану арқылы салқындату.
Сұйық бетінде жүретін булану кебу деп аталады.
Кебудің жылдамдығы.
Әр түрлі сұйықтың кебу жылдамдығы әр түрлі.
Бүл әр түрлі сұйықтардың молекулаларының арасындағы тартылу күштеріне байланысты.
Кебу жылдамдығы неге байланысты?
(Жауабын эксперимент арқылы алу. )
Эксперименттік тапсырма
Кристалл тобы. (Қылқаламмен жолақтарға жағу, желпілдеткішпен желпілдету)
Май Су Спирт
Су тобы. (Қылқаламмен жолақтарға спиртті жағу, біреуін желпілдеткішпен екіншісіне тигізбей желпілдету)
Спирт Спирт
Бу тобы( Жолақтарға тамызғымен су тамшысын тамызу, екінші жолақтағы суды жайып жағу)
Су Су
Кебу жылдамдығы
Сұйықтың тегіне сұйық бетінің ауданына сұйықтың температурасына.
Сұйықтың кебу жылдамдығы сұйық темперетурасына тәуелді.Сұйық температурасы жоғары болғанда жылдам кебеді.
Қатты денелердің кебуі (иодтың кебуі).
Сұйыктың кебу жылдамдығы сұйық бетінің ауданына байланысты (мысалы, стакандағы суға қарағанда тарелкаға құйылған су жылдам кебеді)
Сүйықтың кебу жылдамдығы сұйық бетіндегі желге тәуелді (ыстык шайды үрлесек тез суыйды).Желдің эсерінен сұйыққа қайта оралатын молекулалардың санының азаюына байланысты.
Жел де булану қарқындылығын күшейтеді.
.
Будың сұйыққа айналу құбылысы конденсация деп аталады. (Қар, жаңбыр, тұманның түсуі, шықтың пайда болуы)
Жабық ыдыс ішінде сұйық пен сұйық буы арасындағы динамикалық тепе- теңдіктің орнауы.
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қаныққан бу деп атайды.
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын, яғни қанығуға жетпеген буды қанықпаған бу деп атайды.
ІV. Бекіту
«Бәйге» жарысы
10 жаттығу № 1,2,3
V.Қорытындылау.
Әр топқа тапсырма тақырыптарға шағын презентация дайындау
Бу
тобы
Су
тобы
Кристалл тобы
Кебу
Конденсация
Булану
VІ. Үйге тапсырма:§§15,16. 10 жаттығу № 4,5,6
Шығармашылық жұмыс«Арал теңізі»туралы эссе жазу.
VІІ. Бағалау. Әр топтың көшбасшылары бағаларын айтады.