kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.»

Уақыты 16.11.2016 ж

Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

Сабақтың мақсыты:

Білімділік:Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарға,  жылдамдық және оның бірліктері  туралы түсінік  беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып,қозғалыс   туралы білімдерді жетілдіру.

Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың әдісі:  АКТ  қолдану, көрнекілік әдістер қолдану.

Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар:  интерактивті тақта,А-4 қағаздар, қарындаштар, ойыншық машина, ойыншық ұшақ т.б.

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет.

Сабақтың барысы:

I Үйымдастыру кезең (2 мин) 

а) Сәлемдесу.

  ә) Оқушыларды түгендеу.

Тренинг  (сабақ басталарда оқушыларға психологиялық дайындық жасаймын).

- Оқушылар, өткен сабақта қандай  ұғымдармен таныстыңыздар, қәне естерімізге түсірейік: Планеталар, Материалдық нүкте .  Қозғалыстың салыстырмалылығы. Жол  және орын ауыстыру. Траектория.

II Үй тапсырмасын тексеру (8 мин) 

1. Сұрақ – жауап.

Оқушылар, өткен тақырыпты еске түсірейік. Әрбір  оқушы өздеріне қойылған сұрақтарға қысқа және нақты жауап беруге тырысыңыздар.

1. Күн Жүйесіндегі планеталар туралы не білесіңдер?

2. Материалдық нүкте деген не? (Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.)

3. Дене қозғалысының түзусызықты немесе қисықсызықты екенін қалай ажыратамыз?

( Траекторияның түріне қарап ажыратады. Мысалы, шеңбер бойымен парабола бойымен т.с.с)

4.  Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай? Жауабы:  қисық сызықты қозғалыс (шеңбер бойымен).

5.   Жүрілген жол дегеніміз не ? (Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны S әрпімен белгілеу  белгілейді)

6.  Орын ауыстыру деп нені атайды?(Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын осы бағытталған кесіндіні айтады.Орын ауыстыру векторлық шама болғандықтан,  оны нұсқама  қойып, S әрпімен белгілейді)

Сiздер  екi бағанадан тұратын кестені көріп тұрсыздар .  Бірінші бағанада  жол  , еінші бағанада уақыт .  Сіздің міндетіңіз теңдікті түрлендіру. Тапсырманы  орындауға 3 минутты уақыт беріледі. Сәттілік  тiлеймiн! (берілген тапсырманы жұмыс дәптерлеріне орындайды)

 2. Теңдіктітүрлендір: (3 мин)

Жол (м)

Уақыт (с)

7км = .......  м

1сағ = .......с

65см = ......м

2мин = ......с

300мм = ....м

0,5сағ= .......с


Жол (м)

Уақыт (с)

7км = 7000м

1сағ = 3600с

65см = 0,65м

2мин = 120с

300мм = 0,3м

0,5сағ= 1800с

Тапсырма орындалды. Дәптерлеріңіді жанындағы оқушымен алмастырып, қолыңызға қалам алып, экранғ аназар аударыңыздар. Сіздер дұрыс жауапты көріп тұрсыздар ,берілген тапсырманы өзіңіз тексеріңіздер.  Кестеге дұрыс жауап санын көрсетіңіздер.

Өткен сабақты қорыту мақсатында bilimland.kz cайтынан жаттығу орындалады.

Ендеше, біз бүгінгі сабағымыздың бірінші  нәтижесін  алдық . Бұл нәтижелерді есептер шығару кезінде міндетті түрде ескереміз. Енді бүгінгі тақырыбымызға көшейік: экранға назар аударыңыздар.

Бүгін сіздермен  «Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар», Жылдамдық және оның бірліктері» -  туралы негізгі ұғымдармен танысамыз.

Сабақтың жоспары:

 Бірқалыпты қозғалыс .

Бірқалыпты емес қозғалыс.

Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

ІІІ  Жаңа сабақ (10 мин). 

Біз көріп жүрген денелердің,  көлік түрлерінің қозғалуы, жол жүруі әр түрлі болуы мүмкін. Бір денелер, мысалы атарба, бірқалыпты қозғалып отыруы мүмкін.Ал автомобиль  қаланың ішінде ақырын жүріп келе жатып, одан шыққан соң бірте-бірте тезірек жүріп  кетуі, яғни автомобиль бірқалыпты қозғалмауы мүмкін. Олай болса, қозғалыс екі түрлі болады.   

Бірқалыпты қозғалыс

Дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүрсе,ондай қозғалысбірқалыпты қозғалыс   деп аталады.

Мысалы, тегіс жердегі арықпен ағып жатқан су қозғалысы бірқалыпты қозғалыстың мысалы бола алады.Сағат тілінің айналуы, жаңбыр тамшысының да қозғалысы  бірқалыпты қозғалыс. Пойыз ұзақ жолға шыққанда да бірқалыпты қозғалуы мүмкін. Ал ол қалаға жақындағанда қозғалысын бәсеңдетуі тиіс.Сөйтіп, пойыз бүкіл жолының бойында біраз бірқалыпты қозғалып келіп, аяғында қозғалысын баяулатып,бірқалыпсыз қозғалысқа  түсуі мүмкін.

Қысқасы, қозғалған дене не бірқалыпты қозғалуы мүмкін,немесе әрі бірқалыпты ,әрі бірқалыпсыз қозғалуы да мүмкін.Сонымен бірқалыпты қозғалыс механикалық қозғалыстардың ішіндегі ең қарапайым түрі.

Бірқалыпты емес  қозғалыс

Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.

Біз күнделікті тұрмысымызда, негізінен, бірқалыпты емес қозғалысты көбірек кездестіреміз. Күнделікті көлік түрлерін пайдаланғанда да біз қозғалыстың осы түрімен жиі  кездесеміз.Шынында да, біз пайдаланатын автобустың, жеңіл машинаның  қайсысының болмасын қозғалысы бірқалыпты емес.Олар әрбір аялдамаға тоқтап, қайтадан қозғалып, қозғалысын біраз шапшаңдатып барып,тағы да қозғалысын бәсеңдетеді.Көріп тұрғанымыздай олар , бір аялдамадан олар екінші аялдамаға дейінгі жолының өзінде де  бірқалыпты емес қозғалыспен жылжиды.Бұл көлік түрлері өзінің бүкіл жолының  бойында бірқалыпты емес қозғалыста болады.Мысалы , жазық  бетте  домалаған  шардың бірте - бірте  тоқтауы  да  бірқалыпты емес қозғалыс болады. 

Оқушылар! Бірқалыпты емес қозғалысқа қандай мысалдар келтіруге болады?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Яғни, қатаң түрде бірқалыпты қозғалысты сақтап жылжу қиын екен.

Сонымен бірқалыпты емес қозғалыстағы дене  өзінің бүкіл жолында әр түрлі жылдамдыпен қозғалады. Яғни, қатаң түрде бірқалыпты қозғалысты сақтап жылжу қиын.

Қозғалыстағы алуан түрлі денелердің бірдей уақыт ішіндегі орын ауыстырулары әртүрлі болуы  мүмкін.  Ал бірдей  орын  ауыстыру  үшін   олар  әртүрлі уақыт жұмсайды. Мысалы,жаяу адам 1 сағат ішінде 6 км жол жүретін болса,  атты  кісі 1 сағат  ішінде  18 км, жүк машинасы 60 км, ал жеңіл машина 100 км жол жүреді.  Мысалда келтірілген денелер 1 сағат ішінде,  әртүрлі жол жүреді.    Оның себебі неде? Себебі, олардың қозғалу жылдамдықтары өзара бірдей емес.

Келтірілген мысалдағы денелердің қозғалысындағы айырмашылық - олардың жылдамдықтарында. Қай дене уақыт бірлігі ішінде артығырақ орын ауыстырса,сол дененің жылдамдығы үлкен болады.

Жылдамдық -  физикалық шама.

Бірқалыпты қозғалатын  дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек:

Енді жылдамдықты  әрпімен, орын ауыстыруды S әрпімен, уақытты  t әрпімен белгілесек. Жоғарыдағы тұжырымымыз  былай жазылады:  

S  орын ауыстыру, t - уақыт.Дененің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы белгілі болса, сол арқылы дененің белгілі бір уақыт ішінде жүрген  жолын анықтауға болады: Егер дененің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы  мен жүрген жолы белгілі болса,сол қозғалысқа кеткен уақытты табуға болады: Жылдамдық сан мәнімен қатар бағыты бойынша да сипатталады, яғни ол векторлық шама болып табылады.   Физикалық шамалардың векторлық қасиетін көрсету үшін сол шама белгісінің үстіне сызықша қойылады. Оқушылар өз бойларының ұзындығын метрмен, өлшейді.Дәптердегі жазу жолдарының аралығын миллиметр, сантиметрмен өлшейді. Екі ауылдың арасын километрмен өлшейді.Бұл келтірілген өлшемдер ұзындықтың өлшемі.Дәл сол сияқты , жылдамдықтың өз өлшем бірліктері бар: м/с; мм/с; км/ сағ; м/ мин;  см/с

Әр түрлі өлшем бірліктермен жазылған жылдамдықты тек бір бірлікпен жазамыз немесе оны халықаралық бірліктер жүйесі (ХБЖ)  деп атайды,ол м/с .

 Мысалы: 36 км =36 000 м; 1 сағ = 3600 с

 Сонда  36 км /сағ = 36*1000 км/3600с =10 м/с.

Сіз  білесізбе?

  1. Ұшақтың жылдамдығы 400 м/с,

2. жарықтың таралу жылдамдығы   300 000 000 м/с,

3. жүрдек пойыздың жылдамдығы 72 км/сағ,

4. дыбыс жылдамдығы 340 м/с 

5. тасбақаның жылдамдығы  0,05 м/с.

6. 60 км/сағ жылдамдықпен  қозғалатын автомобиль секундына 17 м жол жүреді.

7. Спортшы 100 м қашықтыққа  жүгірген кездегі шамамен сағатына 35 км/сағ жылдамдықпен қозғалады.

Сіз  білесіз бе?

Найзағай шатырлағанда алдымен дыбысын естиміз бе? жарқылын алдымен көремізбе? (жарқынын көреміз, себебі жарық жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан көп)

ІV Оқушыларды топқа бөліу (3 мин).

(Сыныптағы оқушыларды ойыншық ұшақ және машина талдау арқылы екі топқа бөлінеді, топ басшылары мен уақыт төрешілері өз рольдерін топқа бөліну барысында анықталады).

V Сабақты пысықтау (5 мин). 

Ендеше келесі кезекті есепке берейік.

Әрбір топ берілген есептерді  орындайды. Әрбір топ өздеріне берілген есептерді  қағазға орындап, шығру жолдарын түсіндіреді.

І топ «kia»тобы

2) Ақтау  мен Жаңаөзеннің арақашықтығы 150 км ,  Жаңаөзеннен шыққан жеңіл машина Ақтауға дейін 2,5 сағат жол   жүрді. Жеңілмашинаныңжылдамдығынанықтаукерек.

Берілгені: ХБЖ   Формуласы:   Шешуі :


S = 150 км

t  =  2,5 сағ

табукерек : V-?

V = S / t  

V = 150 км / 2,5 сағ = 60 км / сағ


Ж:  Жеңіл машинаның жылдамдығы сағатына  60 км.



 ІІ топ «Air astana» тобы

1)   750 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын ұшақ 6 сағ  ішінде қандай аралықты ұшып өтеді?

  Берілгені: ХБЖ   Формуласы:   Шешуі :

V= 750км/сағ 

 t   =  6 сағ     

табукерек : S=?

S = V* t  

S =750км/сағ . 6 сағ =4 500 км 


 Ж: Ұшақ 6 сағ  ішінде 4 500 км  аралықты ұшып өтеді.

  1. Тәжірибелік жұмыс (4 мин)

(Әр топ өз қолдарындағы ұшақ пен машина жылдамдығын есептейді) .

VІ Сабақты бекіту (5 мин).

Bilimland.kz сайтынан екі топ жаттығу орындайды.

VІІ Сабақты қорыту, бағалау (5 мин)

Оқушыларға қойылатын сұрақтар

1.Бірқалыпты  қозғалыс деген не?  Мысал келтір.

2.Бірқалыпты  емес қозғалыс дегеніміз не?  

3.Қозғалыс жылдамдығы  дегеніміз не ?

4 Жылдамдықтың  қандай өлшеу бірліктерін білеміз ?

5. Жылдамдықты қандай әріппен белгілейміз ?

6. Барлық  денелердің жылдамдықтары  бірдей ме ?

7. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейміз?

 VІІІ Үйге тапсырма беру (2 мин)

§17 Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.

§18.Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

Үйден мектепке дейнгі өздерңінің қозғалыс жылдамдықтарыңды есептеп келіңдер,

  5  жаттығу есептері. 91- бет.

 Оқушыларға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ілу тапсырылады

Не үйрендім? Не білгімкеледі? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап тілектер жазады. 





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.

Автор: Мейірхан Гуландан

Дата: 02.02.2017

Номер свидетельства: 387132

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(136) "Бір?алыпты ж?не бір?алыпты емес ?оз?алыстар. Жылдамды?. Жылдамды? бірліктері"
    ["seo_title"] => string(73) "birkalyptyzhniebirkalyptyiemieskozgalystarzhyldamdykzhyldamdykbirliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "280773"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453411411"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "Бір ?алыпты ж?іне бір?алыпты емес ?оз?алыстар.Жылдамды?.Жылдамды? бірліктері "
    ["seo_title"] => string(87) "bir-k-alypty-zh-inie-birk-alypty-iemies-k-ozg-alystar-zhyldamdyk-zhyldamdyk-birliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "173839"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424033161"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(168) "Бір ?алыпты  ж?не бір?алыпты емес ?оз?алыстар. Жылдамды?.Жылдамды? бірліктері.Есептерді шы?ару"
    ["seo_title"] => string(108) "bir-k-alypty-zh-nie-birk-alypty-iemies-k-ozg-alystar-zhyldamdyk-zhyldamdyk-birliktieri-iesieptierdi-shyg-aru"
    ["file_id"] => string(6) "320309"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461059377"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Бір?алыпты ж?не бір?алыпты емес ?оз?алыстар. Жылдамды?."
    ["seo_title"] => string(62) "birk-alypty-zh-nie-birk-alypty-iemies-k-ozg-alystar-zhyldamdyk"
    ["file_id"] => string(6) "304733"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457782853"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(144) "Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері."
    ["seo_title"] => string(80) "birk_alypty_zh_nie_birk_alypty_iemies_k_ozg_alystar_zhyldamdyk_zhyldamdyk_birlik"
    ["file_id"] => string(6) "359832"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479392358"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства