kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бір?алыпты ж?не бір?алыпты емес ?оз?алыстар. Жылдамды?.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Бір?алыпты ж?не бір?алыпты емес ?оз?алыстар. Жылдамды?. Жылдамды? бірліктері

Саба?ты? ма?саты: а/ О?ушыларды? ?ткен та?ырып бойынша ал?ан білімдерін тексеру. ?оз?алысты? т?рлерін, жылдамды?ты?  жол мен уа?ыт?а т?уелді екенін т?сіндіру, формуласымен,?лшем бірліктерімен таныстыру.

б/о?ушыларды? ойын дамыта отырып, есте са?тау, ойлау, танымды? ?абілеттерін, п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру, жазу м?дениетін дамыту;

в/ тап?ырлы??а, ізденімпазды??а, ?з бетімен е?бектенуге т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: аралас саба?

Саба?ты? ?дісі: баяндау, с?ра?-жауап, де?гейлеп о?ыту ?дісіні? б?лшектерін пайдалану.

Саба?ты? к?рнекілігі: суреттер, графопроектор,видеопроектор, де?гейлік тапсырмалар жазыл?ан ?лестірме ?а?аздар.

П?наралы? байланыс: Биология, сурет, ?дебиет, тарих

Саба?ты дамыту: ?ткен саба?пен байланыстыру

Саба?ты? барысы: І. ?йымдастыру кезе?і:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бір?алыпты ж?не бір?алыпты емес ?оз?алыстар. Жылдамды?.»

Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері

Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін тексеру. Қозғалыстың түрлерін, жылдамдықтың жол мен уақытқа тәуелді екенін түсіндіру, формуласымен,өлшем бірліктерімен таныстыру.

б/оқушылардың ойын дамыта отырып, есте сақтау, ойлау, танымдық қабілеттерін, пәнге қызығушылығын арттыру, жазу мәдениетін дамыту;

в/ тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту әдісінің бөлшектерін пайдалану.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, графопроектор,видеопроектор, деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланыс: Биология, сурет, әдебиет, тарих

Сабақты дамыту: Өткен сабақпен байланыстыру

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу

ә) Кезекші міндетін тексеру

б) Оқу құралдарын қадағалау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру « Еске түсіру» стратегиясы

Сұрақ- жауап алмасу

1. Материялық нүкте дегеніміз не?

2. Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

3. Жол дегеніміз қандай шама? Қалай белгілейміз?

4. Орын ауыстыру дегеніміз не? Қалай белгілейміз?

5. Күн жүйесінде неше планета бар?

6. Сағат тіліне кері айналатын планеталар қандай?

7. Жердің табиғи серігі не?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру «Ойлануға шақыру» стратегиясы

Алдымен сабақ мақсатын айту. Мақсаты: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды ажырату, жылдамдық оның формуласымен, өлшем бірлігімен танысу;

Дене кез-келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жл жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады. Мысалдар келтіру. Алайда бірқалыпты қозғалыс табиғатта өте сирек кездеседі.Қозғалыстың көпшілігі бірқалыпты бола бермейді.

Дене кез-келген уақыт аралығында әр-түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.

Тас жолмен бірқалыпты қозғалған автомобиль бірқалыпты жаяу жүріп келе жатқан адамды қуып жетіп, одан озып кетеді. Себебі, ол жаяудан гөрі шапшаң қозғалады. Қозғалыстағы алуан түрлі денелердің бірдей уақыт ішіндегі орын ауыстырулары түрліше болуы мүмкін. Әртүрлі қозғалыстар арасындағы айырмашылықты сипаттау үшін қозғалыс жылдамдығы деп аталатын жаңа физикалық шама енгізіледі. Жоғарыда келтірілген мысалдағы денелердің қозғалысындағы айырмашылық - олардың жылдамдықтарында. Бұдан біз қандай да бір уақыт аралығында бірқалыпты қозғалған дененің жолын сол уақыт аралығына бөлсек, бізде жылдамдықдеген физикалық шама шығады. Жылдамдықты табу үшін жүрілген жолды уақытқа бөлеміз. Жылдамдықты ϑ әрпімен белгілейміз.

Жол S

Жылдамдық ═ ------------ ϑ ═ --------

Уақыт t

Бірліктердің халықаралық жүйесінде жылдамдықтың бірлігіне секундына метр (м/с) алынады. Бұл жылдамдық бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын нүктенің 1с ішінде 1 метрге орын ауыстыратынын білдіреді.Дененің жылдамдығы оң немесе теріс болуы мүмкін. Жылдамдық сан мәнімен қатар бағыты бойынша да сипатталады.

Интербелсенді тақтадан есеп шығару мысалын түсіндіру.

ІV. Сергіту сәті Жұмбақ шешу

Қозғалысты сипаттар шапшаңдықты
Тағы да бір белгісіз шама шықты 
Ол болмаса денелер қозғалмайды
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? /жылдамдық/

Тақтадан «ең жылдам» деп басталатын сұрақтар мен жасырылған жауап суреттерін шығару.

1. Ең жылдам қозғалатын көлік. (Шаттл ғарыш кемесі-24000 км/сағ)

2. Ең жылдам ойналатын командалық ойын. ( Хоккей-160 км/сағ)

3. Ең жылдам ұшатын жәндік. ( Инелік-9 км/сағ)

4. Ең жылдам жүгіретін аң. (Қабылан-100 км/сағ)

5. Ең жылдам өсетін өсімдік. (Бамбук-120 см/тәулік)

6. Ең жылдам қозғалатын планета. ( Меркурий-172 мың км/сағ)

7. Ең жылдам қозғалатын құс.( Ителгі-200 км/сағ)

V. Сабақты бекіту «Миға шабуыл» стратегиясы

Есептер шығару

І- деңгей

36 км/сағ; 108 км/сағ; 45 м/минутты м/с-қа түрлендіру керек.

ІІ-деңгей (ауызша)

1. Қоянның жылдамдығы 15 м/с, ал дельфиннің жылдамдығы 72 км/сағ. Олардың қайсысының жылдамдығы үлкен?

2. Сүтқоректі жануарлар ішіндегі ең шапшаң жүгіретіні - гепард. Оның жылдамдығы 112 км/сағ. Гепардтың жылдамдығын автомобильдің 30 м/с жылдамдығымен салыстыр.

3. Шабандоздың жылдамдығы 30 м/с болса, онда ол жылдамдығы 72 км/ сағ қасқырды қуып жете ала ма?

ІІІ- деңгей

№1. Інжугүл-биіктігі 15-20 см улы өсімдік. Ол үш сағат аралығында 1 см өседі. Оның өсу жылдамдығын тап.

2. Кеңес Одағының чемпионы Железовский 1987 жылы 1500 метрге жүгіруден сол аралықты 1 минут 52,5 секундта өтіп дүниежүзілік рекорд жасады. Оның жүгірген кездегі орташа жылдамдығын есептеңдер.

VІ. Сабақты қорытындылау

«Ой толғаныс» стратегиясы

1. Жылдамдық дегеніміз не?

2. Жылдамдықты табудың формуласын жаз.

3. Жылдамдықтың өлшем бірліктерін ата.

4. Спидометр автомобильдерге не үшін орнатылған?

5. Жол бойындағы 40 белгісі нені білдіреді?

VІІ. Үйге тапсырма: §18. Өзіңнің жылдамдығыңды анықта.
















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Бір?алыпты ж?не бір?алыпты емес ?оз?алыстар. Жылдамды?.

Автор: Кабиева Жазира Губайдуллаевна

Дата: 12.03.2016

Номер свидетельства: 304733


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства