Просмотр содержимого документа
«Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі.»
«М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі
Пәні: физика 7 сынып
Пән мұғалімі: Утеулиева К.
Мерзімі: 27.11.15ж Бекітемін:
Сынып: 7 ә
Пәні: физика
Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың графигі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс дегеніміз не алдымен соны еске түсіріп, кейін графигін сызуды үйрету 2. Дамытушылық: Өткен тақырыпты талдап, салыстыра отырып есеп шығару қабілетін дамыту. 3. Тәрбиелік: Есептің мазмұны мен мақсатын түсініп қажетті формулаларды тауып, есеп шығаруда қолдануға дағдыландыру. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы Сабақтың көрнекілігі: слайд, есеп карточкасы № 1, бағалау парағы. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Оқушыларды топқа бөлу үшін алдымен дорбаға сыныпта қанша оқушы болса сонша асық салып (мысалы, 24 оқушы болса 6 асықтан түсін 4 түрге бояп қоямыз), әр оқушы өзі таңдайды. Кімге қандай боялған асық түссе сондай топқа бөлінеді. 1 топ көк түсті «Көгершін», 2 топ қызыл түс «Қыран», 3 топ сары түс «Сұңқар», 4 топ ақ түс «Тұлпар» тобы. Партаға топтық атауларға сәйкес қойылған белгілерге барып тобымен бірге отырады. Сабақ өткенді еске түсірумен басталады. ІІ. Мақсат қою
Физика сабағында ұлттық ойын түрлерін қолдану. Осындай ойын түрлерін бүгінгі сабақта тақырыппен байланыстыра отырып өз мәресіне жеткізу.
Жаңа тақырыпты бастамас халқымыздың ұлттық ойын түрлерін еске түсірейік. Қандай ойын түрлерін білесіңдер? Мысалы, «Көкпар», «Мәреге жет», «Теңге алу», «Асық ату», «Қыз қуу» т.б. Сабақ 4 бөлімнен құралған. Әр бөлім ұлттық ойын түрлерінен тұрады.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
бөлім: «Мәреге жет». Мектептен үйге дейінгі қашықтықты төртбұрыш ішіндегі формула, өлшем бірлік, физикалық шамаларды тауып жанына жазу керек. Әр ұяшық 1 ұпайдан тұрады. (8 ұяшық 8 ұпай).
ʋ =
k
Қай топсың?
t
м/с
м
Үй
ʋорт=l/t
S=ʋ·t
с
Мектеп
2км/сағ = ?
Әр топқа парақшалар таратып, кесте түрінде берілген тәуелділіктен координата графигін сызады.
1 топқа «Көгершін»
t,с
0
2
4
х, м
10
50
90
2 топқа «Қыран»
t,с
0
5
х, м
-3
7
3 топқа «Сұңқар»
t, c
0
4
х, м
20
0
4 топқа «Тұлпар»
t, c
0
1
2
3
х, м
0
18
36
54
2-бөлім. «Асық тігу». Әр топтан бір оқушыдан шығып тобындағы асықтарды ортаға тігеді. Бір – біріне сұрақ қояды. Дұрыс жауап берсе ортаға тігілген асықтың бәрін алады. 1 топ 2 топқа, 2топ 3 топқа, 3топ 4 топқа, 4 топ 1 топқа сұрақ қояды. Ең соңында асық сандары ұпаймен есептеледі.
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс жылдамдығы мен уақыт арқылы қалай өрнектеуге болады?
2. Қозғалыс заңы дегеніміз не?
4. Графиктің неғұрлым тік болуы қандай шамаға байланысты?
3. Қозғалыс заңындағы әрбір формуланың мағынасын түсіндір
ІV. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу
3-бөлім. «Теңге алу».
Әр топқа 2 есеп беріледі. Әр дұрыс есепке теңге типтес шоколад алады.2 есеп толық болса 2 теңге беріледі.
Есеп.
А) ʋ=18 км/сағ және =0. График сыз
Ә) Осы берілгендер бойынша кесте құру
Есеп.
А) ʋ= 5м/с және =2 м. График сыз
Осы берілгендер бойынша кесте құру
Есеп.
А) ʋ= -3 м/с және =6 м. График сыз
Ә) Осы берілгендер бойынша кесте құру
Есеп.
А) ʋ=15 м/с және =0. График сыз
Ә Осы берілгендер бойынша кесте құру
V. Бекіту.
4-бөлім. «Ортаға түспек».
Суретте бірқалыпты түзу сызықты қозғалған поездың қозғалыс графигі көрсетілген. Поездың жылдамдығын тап. Ұпай есептің дұрыстығына қарай 1 ұпаймен есептеледі.
VІ. Үйге тапсырмасын беру, оқушылар білімін бағалау.
§27 тақырып. 9 – жаттығу.
ʋ = 5 км/сағ және х0 = 2 м; берілген мәндері бойынша график сыз
Оқушыларға бақылау парағы таратылып ұпай сандарын өздері есептеп жазады. Ұпай сандары шкала бойынша есептеледі: 5ұпайдан төмен алғандар 3 деген баға; 5-10 ұпай алғандарға 4; 10-15 аралығындағы ұпай 5 деген бағамен бағаланады.
Мерзімі: 27.11.15ж Бекітемін:
Сынып: 7 ә
Пәні: физика
Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың графигі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигін қалай сызу керектігін және формуланы дұрыс қолдануды үйрету 2. Дамытушылық: Өткен тақырыпты талдап, салыстыра отырып есеп шығару қабілетін дамыту. 3. Тәрбиелік: Есептің мазмұны мен мақсатын түсініп, қажетті формулаларды тауып, есеп шығаруда қолдануға дағдыландыру. Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың әдісі: Венн диаграммасы, ЖИГСО әдісі, баяндау, топтастыру стратегиясы Сабақтың көрнекілігі: слайд, есеп таратпалары, сызбанұсқа, бағалау парағы. Сабақтың құрылымы:
Физика сабағында ұлттық ойын түрлерін қолдану. Осындай ойын түрлерін бүгінгі сабақта тақырыппен байланыстыра отырып өз мәресіне жеткізу.
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
«Мәреге жет»
Мектептен үйге дейінгі қашықтықты төртбұрыш ішіндегі формула, өлшем бірлік, физикалық шамаларды тауып жанына жазу керек. Әр ұяшық 1 ұпайдан тұрады. (8 ұяшық 8 ұпай).
ʋ =
k
Үй
t
ʋорт=l/t
S=ʋ·t
Қай топсың?
м/с
м
с
5км/сағ = ? м/с
Мектеп
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру
«Венн диаграммасы» Бірқалыпты емес
Бірқалыпты қозғалыс Ортақ
қозғалыс
Бағыты бар, жылдамдық пен уақытқа тәуелді болады
Дене бірдей уақыт аралықтарында әр түрлі жол өтетін болған қозғалысты бірқалып емес қозғалыс деп атаймыз.
Егер дене әрбір бірдей уақыт аралығында бірдей жол жүрсе, бұл қозғалысты бірқалыпты қозғалыс деп атаймыз
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту
2. «Асық тігу»
ЖИГСО әдісі.
Оқушыларды топқа бөлу үшін алдымен дорбаға сыныпта қанша оқушы болса сонша асық салып (мысалы, 24 оқушы болса 6 асықтан түсін 4 түрге бояп қоямыз), әр оқушы өзі таңдайды. Кімге қандай боялған асық түссе сондай топқа бөлінеді. 1 топ көк түсті «Көгершін», 2 топ қызыл түс «Қыран», 3 топ сары түс «Сұңқар», 4 топ ақ түс «Тұлпар» тобы. Партаға топтық атауларға сәйкес қойылған белгілерге барып тобымен бірге отырады. Әр топтан бір оқушыдан шығып тобындағы асықтарды ортаға тігеді. Бір – біріне сұрақ қояды. Дұрыс жауап берсе ортаға тігілген асықтың бәрін алады. Жауап бере алмаса асығы ортада қалады да, қалғандары өздерінің асықтарын алады. Жауап берген оқушы ортадағы асықты қоса алады. 1 топ 2 топқа, 2топ 3 топқа, 3топ 4 топқа, 4 топ 1 топқа сұрақ қояды. Ең соңында асық сандары ұпаймен есептеледі.
1,Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс жылдамдығы мен уақыт арқылы қалай өрнектеуге болады?
2. Қозғалыс заңы дегеніміз не?
4. Графиктің неғұрлым тік болуы қандай шамаға байланысты?
3. Қозғалыс заңындағы әрбір формуланың мағынасын түсіндір
ІV. «Теңге алу»
Әр топқа 2 есеп беріледі. Әр дұрыс есепке теңге типтес шоколад алады.2 есеп толық болса 2 теңге беріледі.
Есеп.
А) ʋ=18 км/сағ және =0. График сыз
Ә) Осы берілгендер бойынша кесте құру
Есеп.
А) ʋ= 5м/с және =2 м. График сыз
Осы берілгендер бойынша кесте құру
Есеп.
А) ʋ= -3 м/с және =6 м. График сыз
Ә) Осы берілгендер бойынша кесте құру
Есеп.
А) ʋ=15 м/с және =0. График сыз
Ә Осы берілгендер бойынша кесте құру
Бекіту.
V. «Ортаға түспек»
Суретте бірқалыпты түзу сызықты қозғалған поездың қозғалыс графигі көрсетілген. Поездың жылдамдығын тап. Ұпай есептің дұрыстығына қарай 1 ұпаймен есептеледі.
VІ. Үй тапсырмасын беру, оқушылар білімін бағалау.
§27 тақырып. 9 – жаттығу.
ʋ = 5 км/сағ және х0 = 2 м; берілген мәндері бойынша график сыз
Оқушыларға бақылау парағы таратылып ұпай сандарын өздері есептеп жазады. Ұпай сандары шкала бойынша есептеледі: 5ұпайдан төмен алғандар 3 деген баға; 5-10 ұпай алғандарға 4; 10-15 аралығындағы ұпай 5 деген бағамен бағаланады.