Сыныбы, пәні: 7г-сынып, физика | Пән мұғалімі: БҚО Орал қаласы №44 ЖОББМ физика пәнінің мұғалімі Жексенғалиева Г.Ж. Күні: 26 қараша |
Сабақтың тақырыбы | §19. Бір қалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық |
Мақсаты | Бір қалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық жайлы мағлұмат беру Бір қалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдықты күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету Бірін-бірі бағалауға баулу |
Күтілетін нәтижелер | Бір қалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдықды күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді |
Керекті жабдықтар | Кестелер Электронды оқулық Флипчарт, презентация |
Қолданылатын әдістер | Білім берудегі жаңа әдіс тәсілдер,СТО,«Кластер» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру,бейнеролик,топтық жұмыс, жұптық жұмыс. |
Сабақ барысы: |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе 10мин | Сыныппен амандасу ББЖӘТ әдісімен топтарға бөлу 1топ 2топ 3топ 4топ Үй тапсырмасын сұрау: | Мұғаліммен амандасады Топтарға бөлініп отырады (Қозғалыс бейнеролик) Топтық ережені еске түсіреді «Кластер» әдісі Физикалық шамалардың белгіленуі Өлшем бірліктер Траектория Формулаларды сәйкестендіру 1.Бірқалыпты қозғалыс(мысал келтіру) 2.Бірқалыпты емес қозғалыс 3.Жылдамдық.(формуласы) 4.Жылдамдықтың координатамен уақытпен байланысы 5.Жылдамдық бірліктері 6.Жылдамдықтың оң,теріс болу жағдайлары |
Тұсаукесер 5 мин 10мин | «Миға шабуыл» Бағалау критерийлерімен таныстыру | Оқушылар ойланып, сұраққа жауап беру арқылы тақырыпты анықтайды. Слайдтан жануарлардың жылдамдықтарын салыстыру Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық туралы мәлімет электрондық оқулық арқылы таныстыру Тәжірибе көрсету арқылы есеп шығару |
Негізгі бөлім 15мин | Жұппен жұмыс. Топтарға тапсырмалар береді. Есептер шығару | Есептер жинағынан: № 173,176,180(185*) №173 Іріктеу орнынан ылдиға қарай вагон 120м қашықтықты10с өтеді де, жазықта жүрісін жалғастырып,әбден тоқтағанша360м жолды 1,5мин жүреді.Вагонның барлық қоіғалысының орташа жылдамдығын табыңдар. №176 Бірінші велосипедші 12с бойы 6м/с жылдамдықпен,ал екіншісі сол жолды 9с жүріп өттті.Екінші велосипедшінің орташа жылдамдығы қандай? 2.Электрондық оқулықтан есептер: №21,22,23 3.Оқулықпен жұмыс: 6жаттығу №2 |
Қорытынды 5 мин | Үйге тапсырма Кері байланыс | §19, 6жаттығу Рефлексия |