Жұмыс.Қуат. Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия.
Просмотр содержимого документа
«"Қуат"»
Жұмыс.Қуат.
Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия.
Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс деп аталады.
Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің механикалық жұмысы күшке де жүрілген жолға да тура пропорционал.
Мұндағы: А-жұмыс;
Ғ-күш;
s – жүрілген жол.
1Дж=1Нх1м=1Н∙м.
1 килоджоуль (1кДж)=1000 Дж=10 3 Дж
1 миллиджоуль (1мДж)=0,001 Дж=10 -3 Дж
1 микроджоуль (1мкДж)=0,000001 Дж=10 -6 Д ж
Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қуат деп атайды.
Мұндағы: N-қуат; А-жұмыс; t-жұмыс істеуге кеткен уақыт.
1 киловатт (1кВт)=1000 Вт=10 3 Вт
1 милливатт (1мВт)=0,001 Вт=10 -3 Вт
1 микроватт (1мкВт)=0,000001 Вт=10 -6 Вт
Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама энергия деп аталады.
Энергия бірлігі 1 Джоуль=ватт·секунд.
Тұрмыста энергияның өлшем бірлігі ретінде
1 киловатт·сағат=3600000 Вт·с=3600000 Дж
Потенциалдық энергия деп әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.
Жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы сол дененің массасына және көтерілу биіктігіне тәуелді.
Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия кинетикалық энергия деп аталады.
Денелердің кинетикалық энергиясы сол денелердің массалары мен жылдамдықтарына тәуелді өзгереді.
Үйге тапсырма: : §63. §64. 35-ж. №1, 36-ж.№1, №2. §65. 37-ж. №1.