Білімділік: Оқушының алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу.
Дамытушылық: Сайысқа қатысқан әрбір оқушы өз білімін толықтырып, оны әрі қарай дамытады. қазақтың салт - дәстүрлері мен мақал - мәтелдерімен жұмбақтарын толық пайдаланып, көріністер мен ойындар қызықты логикалық есепті шығару арқылы оқушының абстракциялық ойлау қабілеті дамиды.
Тәрбиелік: Оқушы өзінің ой - өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз ойын ашып айтуға үйренеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Физика біздің өмірде»
"Физика біздің өмірде"
Мақсаты:Білімділік: Оқушының алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу. Дамытушылық: Сайысқа қатысқан әрбір оқушы өз білімін толықтырып, оны әрі қарай дамытады. қазақтың салт - дәстүрлері мен мақал - мәтелдерімен жұмбақтарын толық пайдаланып, көріністер мен ойындар қызықты логикалық есепті шығару арқылы оқушының абстракциялық ойлау қабілеті дамиды. Тәрбиелік: Оқушы өзінің ой - өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз ойын ашып айтуға үйренеді.
1.Таныстыру
2.“Бәйге”
( сұрақ - жауап)
“ Молекула” тобына арналған сұрақтар1. Молекулалардың ретсіз қозғалысы 2 . Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулаларының аралығына ену құбылысы 3. Дененің температурасын өлшейтін құрал 4 . Табиғаттағы ең төменгі шектік температура 5 . Сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі 6 . Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі 7 . Отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу үшін қолданылатын формула
8 . Заттың агрегаттық күйлері 9 . Сұйықтың буға айналу құбылысы 10 . Сұйықтың бетінде жүретін булану
11 .Алма түсіп басына Басына емес қасына Тартылыс заңын таптым деп Кетті ғалым асыға
“ Атом” тобына арналған сұрақтар1 . Механиканың қозғалыстарды сипаттайтын шамалар арасындағы байланысты қарастыратын бөлімі 2 . Материяның негізгі қасиеттерінің бірі 3. Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар 4 . Кеңістікте белгілі бір бағыты болмайтын, тек сандық мәнімен ғана сипатталатын шамалар 5. Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама 6. Еркін түсу үдеуі нешеге тең? 7 . Периодқа кері шама
8. Нүктенің шеңбер бойымен бір айналым жасауға кеткен уақыты 9. Денелердің Жерге тартылу күші 10. Күшті өлшейтін физикалық прибор 11. Ашық ыдыстағы су неге азаяды, қандай физикалық құбылыспен түсіндіріледі?
12 .Елеуішпен су әкелуге болама? 13 .Меганьютонда қанша Ньютон бар?
14 .Суда қандай тастар болмайды?
15. Ғарышкерлер күні қашан?
“Ойымды жалғастыр”
мақал - мәтелдердің жалғасын табу
Білекті бірді жығар....
2. Бір елі ауызға...
3. Жүз сомың болғанша...
4. Отыз тістен шыққан сөз....
5. Бір кісі қазған құдықтан...
6. Жеті жұрттың тілін біл...7. Екі жақсы қас болмас...8. Білгенің бір тоғыз...
Физикалық жұмбақтар
Өзі затты құрайды, Теңесуге таразыны сұрайды
2. Тіршіліктің қамы үшін, Жоқшылықты түзейді, Егер іскер жан үшін, Жоқшылықты тежейді
3. Жоғалмайды ешқашан, Түрлендірсең егерде, Басқа күйге ауысса, Жұмыс істейді, әрқашан
4. Қозғалысқа келтіріп, Жылдамдығын береді, Өлшемдерін қарасаң, Ньютонға ол келеді.
5. Пайдаланады мені жұрт, Отын және жарыққа, Қызмет етем әрқашан, Түсіне білген халыққа 6. Бойындағы зарядты, Ұзақ уақыт сақтайды Реленің күшінен Бүлдірместен баптайды.
7. Жоғалмайды ешқашан, Түрлендірсең егер де. Басқа күйге ауысса, Жұмыс істейді әрқашан 8. Аса қажет өмірге халық үшін, Пайдаланады күн сайын жарық үшін
Теориктер сайысы:
Г. Ом.
И. Ньютон
Ш. Кулон.
Э. Ленц.
П. Джоуль.
«Ізденушілер сайысы»: Физикалық шамалар мен өлшем бірліктер
«Тарихшылар »
Архангельск қаласының маңайындағы орыс деревнясында 1711ж 19 қарашада дүниеге келген. Алғашқы орыс жоғары оқу орнында оқыған. Оны танығын кісі “Энцоклопедия” деп атаған. Физика терминін ең алғаш орыс тіліне енгізген ғалым кім?
Өзінің ғылыми жұмыстары үшін ағылшын физигі “Рыцарь титулын”алған. Философ Гегель деген ғалым былай қалжындайтын: “Әлемдіқұртқан үш алма: Адам алмасы, Париж алмасы және оның алмасы” Әңгіме қай ғалым туралы айтылған?
Негізгі тәрбиені шіркеуден алған, білімін Пиза университетінің медициналық факультетінде жалғастырды. Содан кейін математика мұғалімі болып жұмыс істеген. Ол 1692ж қайтыс болды. 100ж өткен соң 1737ж оның мәйітін өсиеті бойынша Флоренцияға Микеланджелоның жанына көшірді. Тек 300ж өткеннен кейін Рим папасы оның айтқаны дұрыс деп жариялады. Ол алғашқы телескопты ойлап тапқан.
Ежелгі грек ғалымы “Маған тіреу нүктесін көрсетсеңіз болғаны мен Жерді көтеріп беремін” деген сөзімен тарихта қалған. Ол кім? Қай елдің ғалым?