Просмотр содержимого документа
«7 сынып "Денелердің өзара әрекеттесуі" сабақ жоспары»
Біліктілік: Оқушыларға түрлі тапсырмалар бере отырып,тарауды кең ауқымда қайталау;
Дамытушылық: қабілеттерін дамыту, ой-өріс, ойлау қабілеттерін шыңдау;
Тәрбиелік: оқушыларды физикалық мәдениетке, үнемшілдікке, шапшаңдыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Ой қозғау
А. Семантикалық карта толтыру
Ә. «Крестиктер - нөлдіктер» әдісі
Б. «Бірге ойланамыз» әдісі
ІІІ. Қызығушылықты ояту
А. «Ойлан, тап, бөліс» әдісі
ІҮ. Бекіту бөлімі
«Ағашты жеміспен толтыру»
Ү. Бағалау
ҮІ.2 жұлдыз, 1 тілек
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
Ақ түсті – Инерция
Сары түсті - Күш
Инерция тобына арналған тапсырмалар
1. Массалары 2,5 кг; 800г денелердің әрқайсысына әсер ететін ауырлық күші неге тең?
2. Арқан тартысу ойынына төрт кісі қатысады. Олардың екеуі арқанды бір жаққа қарай 330 Н және 380Н күшпен, ал қалған екеуі қарама-қарсы жаққа қарай 300 және 400Н күшпен тартады. Арқан қай жаққа қарай қозғалады және бұл күштердің тең әсерлі күші неге тең?
3. Жердегі теңіздер мен мұхиттардың тасуы мен қайтуын қандай күштер туғызады?
4. Мына күштерді ньютонмен өрнекте: 420кН, 15кН, 7кН
Күш тобына арналған тапсырмалар
1.Массасы 70кг адам, массасы 20кг жәшікті иығына салып көтеріп тұр.Адам Жерді қандай күшпен қысады?