kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» физика сабағында қолдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» физика сабағында қолдану

Үздіксіз іздену - әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. Мұғалімнің шеберлігінің көрсеткіші - әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру табиғат заңдарын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып физика пәнінен танымын арттыру. Алдында отырған әр оқушының өзіндік ынтасы, қасиеті, білімі және қабілеті, яғни күш қуаты әр түрлі болып келеді. Сабақ беретін мұғалімнің де оқушысын баурап алуы әр түрлі және әр мұғалімнің әдіс-тәсілі де әр түрлі, қасиеті де өзгеше. Бала физика пәнінен тек сыныптың ішіндегі абстрак дүние ретінде түсінбеуі керек, яғни бүкіл табиғат планеталар жүйесінен бастап күнделікті тұрмыс-тіршілігіне дейін осы физикалық заңдар мен құбылыстарға бағынатындығын оқушының санасына жеткізу керек. Әр тарауға әр түрлі заңдылықтар мен құбылыстар жауап береді, бірақ бірімен-бірі өте байланысты. Оқу материалдарын түсіндіру кезінде оқушылардың сезіміне, эмоциясына ықпал ету арқылы ынта-ықыласын, қызығушылығын күшейту [22].

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» физика сабағында қолдану»

«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» физика сабағында қолдану

Үздіксіз іздену - әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. Мұғалімнің шеберлігінің көрсеткіші - әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру табиғат заңдарын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып физика пәнінен танымын арттыру. Алдында отырған әр оқушының өзіндік ынтасы, қасиеті, білімі және қабілеті, яғни күш қуаты әр түрлі болып келеді. Сабақ беретін мұғалімнің де оқушысын баурап алуы әр түрлі және әр мұғалімнің әдіс-тәсілі де әр түрлі, қасиеті де өзгеше. Бала физика пәнінен тек сыныптың ішіндегі абстрак дүние ретінде түсінбеуі керек, яғни бүкіл табиғат планеталар жүйесінен бастап күнделікті тұрмыс-тіршілігіне дейін осы физикалық заңдар мен құбылыстарға бағынатындығын оқушының санасына жеткізу керек. Әр тарауға әр түрлі заңдылықтар мен құбылыстар жауап береді, бірақ бірімен-бірі өте байланысты. Оқу материалдарын түсіндіру кезінде оқушылардың сезіміне, эмоциясына ықпал ету арқылы ынта-ықыласын, қызығушылығын күшейту [22].

Адам дамуының қуатты қозғаушы күші – оның бойындағы табиғат берген қабілеті екені белгілі. Сондықтан да оның бойындағы табиғат берген қабілеті мен дарынының көзін ашу.Яғни кез келген құбылыс пен заңдылықтардың иллюстрациясы ғана емес, білім көзі. Әр түрлі теориялар, қағидалардың дәлелі болады, оқушылардың дағдылары мен білімін дамытады. Мектеп физикасының құрылымы мен білім беру деңгейлері оқушының физиологиялық-психологиялық оқып жетілу кезеңдеріне сәйкес келуі керек. Мектепте физика оқушыларға «неліктен ұнамайды, неліктен қызық емес?» деген сұрақ мені ойландырды. Өткен сабақтарымды есіме түсіріп, өзімді мазасыз күйге үнемі түсіретін нәрселерді ойлай бастадым. Ол кластағы сабақ процесіне аздаған оқушылардың ғана белсенді қатысып, (оқығанды ұнататындар, үнемі дайындалып жүретіндер және өз ойын ашық айтатындар), көпшілігінің үнсіз отыратындығы. Л.Выготский «Мектепте ғылымға бағытталған жұмысқа, ережені жаттауға қабілеті аз адам, өз қызығушылығын оятатын белгілі бір іс-әрекет саласында өте дарынды және қабілетті болуы мүмкін. Егер мұғалім бір нәрсені жақсы меңгертуді ойласа, оның қызықты болуын қамтамасыз етуі керек» - дейді [14].

Осы технологияны өз сабағымда қолданған мұғалім-практик ретінде өз алдыма мынадай мақсаттар қойдым:

-кітапқа сүйіспеншілігін арттыру және дамыту;

-ойлау және шығармашылық қабілеттерін, қиялын, есте сақтау қабілетін дамыту және пікірін қалыптастыру;

-ойын еркін жеткізуін мадақтау;

-бір-бірімен ынтымақтастықты дамытуға көмектесу;

-сауатты жазуға дағдыландыру;

«Менің үйретіп жүргендерім оқушыларға қажет пе? Бұл олардың қалыптасуына, өзіне сенімділікке үйрете ме?» деген сұрақтарды өзіме жиі қойдым. Оқытудың тиімді және тиімсіз жақтарын анықтау және «оқу мен жазу процесін бала үшін актуалдандыру» жұмысын жолға қоюда іс-әрекетінің бұл түрі көп көмектесті.

Бұрын оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас туралы айтқанда мен өздерінің ойларының өзгелер үшін маңыздылығы мен оның қабылданатындығын оқушыларымның түсіне білулері қажет екенін өздерінің сезінуі, өздерін жетілдіруде жеткен жетістіктерімен қанағаттанып қалуға болмайтындығын түсінгенін, өз жетістіктерін объективті бағалауларынан тұрады.Осы технологиямен жұмыс істей жүріп менің білгенім, өз ойын тек ауызша ғана емес, сонымен бірге жазбаша да жеткізе білетін адам өте жоғары ойлау әрекетіне ие. Бұны сауаттылық деңгейінің санаға, ойлауға әсерін зерттеген ғалымдар дәлелдеген. Оқушылар өздерінің ойларын жаза білулері үшін, ол туралы ой толғаулары олардың ойлау әрекеттерін дамыту үшін физика ауызша пән болса да мен жазуды оқыту әдісі ретінде қолдануым және жазу арқылы оқушыларды оқып жатқан жаңа материалмен жақындастыруға болады. Өз ойын жазу арқылы еркін жеткізе білу сын тұрғысынан ойлаудың бір өлщемі болып табылады [15].

Сонымен мен «сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолданып төмендегі мәселелерді шешуге тырыстым:

1. оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту, ой – толғанысқа белсенді араласу, алған білімге жауапкершілікті мойынға алу, жеке пікірлерін қалыптастырып, басқаның ойына құрметпен қарау;

2. сабақты білім беру кезінде шешім қабылдауға алып келетін фазалық құрылым бойынша құру [16].

«Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасының әдістемесін физика пәнінде қодану тәжірибесі мұндай сабақтардағы оқушылардың үйретілген материалға неғұрлым белсенді қатысатындықтары мен жұмыс түрінің әрбір оқушының сабақта өздерін ыңғайлы сезіндіретіндігі мен айшықталатындығын көрсетті. Осындай бұйрықсыз, шығармашылықты, динамикалық жағдайда материал тез миға кіретін тәрізді. Мұндай сабақтарда әрқашан өзара түсіністік пен қолдаушылық және шығармашылықты ізденімпаздық бірінші орында тұрады.Мұғалімдердің пікірі бойынша, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары сабаққа деген қызығушылықты оятады, білім сапасын көтереді, оқушыларды шығармашылық ойлауға үйретеді, дұрыс оқуға, талдауға, өз көзқарасын қалыптаструға дағдыландырады. Сонда білім шыңында да қымбат, сондықтан ол керек, әрі шығармашылықта, сыни тұрғыда практикада қолданылады. Бұрын мұғалімдер сабақтарында сын тұрғысынан ойлаудың бірнеше стратегиясын қолдануға тырысты да, оқушылардың жеке жұмысына да, топпен жасайтын жұмысына да уақыт жетпей қалды, сондықтан оқушылардың кері байланысына аз уақыт бөлінді. Ал енді олар сабаққа дайындалада жан-жақты ойланып, қандай стратегияның тиімді екенін қарайды, сөйтіп стратегияны пайдаланудың мақсатын түсініп, сабақтың мақсатына жетеді.Егер бұрын нашар оқитын оқушылар үндемесе, сыртта, тасада қала берсе, қазір олар үлкен тілекпен, қызығушылықпен сабаққа кірісті. Жақсы дайындалуға тырысты, қосымша әдебиеттер оқиды, жұппен, топпен жұмыстарға қызығып араласады. Сенімсіз, шешілмеген жауаптар, толық, сенімді жауапқа айналады, бұл – бағытталып оқудың нәтижесі.

Оқытудың тиімділігі көтеріледі, мұғалімнің әріптестері арсындағы беделі өседі.Мұғалімнің ынтасы жақсы сөзі, түсінушілікпен қарайтын көзқарасы оқушылардың еркін сөйлеуіне, өз ойын жеткізе білуіне, пікір таласқа қатысуына жауапкершілікке үйретті [ 21].

«Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» негізінде өткізілген сабақтың жоспары

Физика пәні басқа пәндерге қарағанда оқушылардың ойлау қызметі мен еске сақтауын көбірек қажет етеді. Сондықтан физика сабағын ұйымдастыру процесінде оқушылардың ойлау қызметін арттыруға, ынталандыруға, ерекше көңіл аудару керек. Алдында отырған оқушының білім деңгейі, білімді меңгеру дағдысы барлығында бірдей болуы мүмкін емес. Мен мемлекеттік педагогикалық практикада физика сабағынан «Электромагниттік өріс» тақырыбын «Сын тұрғысынан ойлау»технологиясының стратегияларын қолдана отырып өткіздім. Бұл сабақта бұл технологияны пайдаланып өткізудегі мақсатым – оқушылардың физикаға деген қызығушылығын арттырып, оның өмірдегі орнын түсінуіне жол ашу және де біріккен, тұтас іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау мен жазу дағдысын қалыптастыру.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану туралы рефлективтік есебі

1

«Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуынына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алады» («Мұғалімге арналған нұсқаулық» 64 бет) Қашықтықтан оқытудың тапсырмаларын сабағымда жоспарлау арқылы мүмкіндігімше АКТ-ны кірістірдім. АКТ-сіз әсерлі сабақ беру мүмкін емес еді. Ақпараттық-коммуникациялық технология мүмкіндіктерін қолдану оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, сыни ойлатып, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді. 
Мен осы түсініктерді басшылыққа ала отырып,қашықтықтан оқытудың 4 тапсырмасына сәйкес «Заттың агрегаттық күйлері. Оны МКТ тұрғысынан түсіндіру» тақырыбында сабақ өткіздім.
Қашықтан оқытудың тапсырмаларын орындай отырып, өзіме көп ой түйдім. Мысалы сабақтың сәтті өтуі ынтымақтастық ортаны қалыптастыру мен оқушылардың ішкі уәжіне әсер етуге байланысты екендігін ұқтым. Сондықтан сабақты презентация арқылы «Күн сәулесін төгеді ... береді » тренингімен бастадым. Ол оқушылардың ойын жинақтап, қызығушылығын арттыруға көп септігін тигізді. 
Оқытуды ұйымдастыруда топқа бөлу түрлерін, оқушыларды сергіту сәттерін пайдалана отырып, оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары мен ынтасын оятуға әбден болады. Оқушылар өз еріктерімен 4 топқа (қатты дене, газ, сұйық, плазма) бөлініп, қол шапалақтау арқылы тапсырмаға дайын екендіктерін көрсетті. «Шапалақтау – ұйымшылдықтың белгісі» - деп анықтадым. 
Топқа бөле отырып, әр оқушының іс – қимылын, әрекеттерін қадағалап, әр оқушы туралы пайдалы мәліметке қанықтым. Мәселен: Екі лидер оқушы бір топта идеяларын бөлісе алмаса, үнсіз оқушы топ арқылы қарым – қатынасқа тез түсіп, жана қырынан ашыла алды. Әр топқа тапсырма бере отырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін: тыңдау мен зерттеу арқылы білім алу, мәтінге көңіл бөліп шешім қабылдау, тиісті өлшемдерді қолдана білуін дамытуға үлес қостым. Өйткені әр оқушыдан сабаққа деген қызығушылықты, ынтаны, алдыға талпынушылықты көре алсам, ал сабақтан тың методиканы, жаңа идеялардың тоғысуын, оқушыларды зерттеуді игердім. 
Осы орайда сабақты топтарға тәжірибе жасатудан бастадым. Тәжірибе барысында оқушылар берілген құрал-жабдықтары бойынша: үрілген шар, доп; өшіргіш және формасы әртүрлі ыдыстар мен колбадағы су; тәжірибе жасау арқылы кесте толтыра отырып, қорытынды айту керек болатын. Әр топ атынан шыққан оқушылар - іске асырушылыр: Амангелді Назерке, Жұмасейтова Жангүл, Аекешова Эльмира интерактивтік тақтада жазып, қорытындылады. Мәселен ол мына үлгіде болды

Бақылау тәжірибесі Не көр дім Тәжірибеде алынған қандай заттар Қорытынды
үрілген шар Пішінін оңай өзгертті,сығылды Ауа-газ Газ- пішінін оңай өзгертеді, тұрақты көлемі жоқ, сығылады
Суды әртүрлі формадағы ыдысқа құямыз Суды қай ыдысқа құйсақ, соның пішінін қабылдады сұйық сұйық -пішінін оңай өзгертеді
Өшіргішті майыстырамыз. Сығылмады,созылмады майысып қайта қалпына келді Қатты дене Қатты дене-пішінін де көлемін де сақтайды, сығылмайды


Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. 
Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп айтқандай: Оқушыларды тәжірибе барысында: Не көрдің? Қандай қорытынды жасай аласың? - деген түрткі сұрақтар қою арқылы диалогқа түстім.
Оқушыларды тәжірибеде алынған қандай заттар: (қатты, сұйық, газ) екендігіне аса назар аударта отырып, сабақтың тақырыбын: «Заттың агрегаттық күйлері. Оны МКТ тұрғысынан түсіндіру» ашуға итермеледім. 
Осы тәжіребе барысында әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындай отырып заттың 3 күйінің қасиеттерін анықтады және оны сынып оқушыларымен бөлісіп, ЖИГСО тәсілі бойынша бір -біріне түсіндірді. Осы сәтте дарынды оқушы Ұлықпанов Алихан заттың 3 күйі бар, олар: қатты, сұйық. газ және біз олардың қасиеттерін анықтадық. Мына үш топтың атаулары: қатты, сұйық, газ осы бүгінгі тақырыпқа қатысты екенін білдім, ол туралы сөз қозғадық.
Ал біздің топтың атауы: «Плазма» туралы бүгін айтылмады.
─Плазма дегеніміз не?- деп өз ойының ұшқырлығын тағы бір дәлелдей түсті.
─Плазма заттың төртінші- иондалған газ күйі. Оныншы сыныпта біз бұл тақырыптарды тереңірек қарастырамыз. Әзірге «Плазма» туралы қарап, интернеттен толық мәлімет алып келуге болатындығын ескертіп, қосымша тапсырма ретінде бердім.
Сұрақтар туындаған жағдайда, мұғалімдердің ақпарат көзі болуы міндетті емес, оқушылар мен мұғалімдер бірлесіп көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізе алады, мұғалімдер оқушыларға табылған ақпараттардан кажеттілерін таңдап, баға беріп, іздеудің тәсілдері туралы сыни тұрғыдан ойлауға көмектесе алады. Диалогтік педагогика – балалар мен мұғалімдердің жаңалық ашу мен оқуда өзара қарым-қатынас орнатуы. (Нұсқаулық 51-бет)
Оқушылардың креативтілігін дамытуға көп көңіл бөлдім. Оқушылардың белсенді, жылдам әрекет етіп, тұщымды ой жинақтауға арналған сабақта үлкен жетістікке жеттім деп ойлаймын. 
Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік береді және формалды түрде оқуды азайтады. Интерактивті тақтадан «Қаршақыз» мультфильмінен үзінді көрсетілді. Қаршақыз көктемде достарымен ойнауға барған, оттан секіру кезінде еріп, суға сосын бірден буға айналып кетті. Қандай құбылысты байқадыңыздар? Табиғаттан осы құбылыстарға мысал келтіре аласыз ба?-деп жоғары дәрежелі сұрақтар қойдым. Осы жерде АКТ пайдалану арқылы сыни ойлатуға болатынына көзім жетті. АКТ арқылы диалогқа түсіріп, оқушы ойымен санасуға болады, яғни оқушы үнін ести аламыз.
Қатты күйдегі заттың сұйық күйге одан газ күйіне (қар→ су→бу) өту құбылысын тез аңғарған Ұлықпанов А, Аекешова Э секілді оқушылар шапшаң ойлай алатындықтарын көрсете отырып жауап қатысты.
АКТ арқылы сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларының дамығанын (Уолф және Александр, 2008) осы жерден көруге болады. Негізінен балалардың жауаптары қарапайым, дағдылы сипатта, сондай – ақ бірегей қайталанбас мазмұнда болды. 
Сонымен бірге сабақтарымда сұрақ -жауап әдісін қолдандым. «Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда ғана сабақ берудің тиімді құралына айналады және оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта алады» («Мұғалімге арналған нұсқаулық» 41 бет). Сұрақты талқылап, жауап беруде топ мүшелеріне нақтылық, өзіне деген сенімділік қажет болды. Осы орайда менің ойыма «Өзіне сенімі жоқ адам өзгелердің уысынан шыға алмайды» («Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» 3 бет) деген қанатты сөз оралады.
Нені білу керек? топтарға допты бағыттап лақтыра отырып, жаңа тақырып бойынша «Серпілген сауалдар» берілді. 
•Барлық заттар 3 күйде: қатты, сұйық, газ бола ала ма? •Зат бір күйден екіншісіне өткенде молекула өзгере ме? •Заттың әртүрлі агрегаттық күйлерінде бір-бірінен ерекшелену себебі неде? 
•Заттың қатты, сұйық. газ тәрізді күйлерінің қасиеттері қандай?
Мысал келтіре аласыз ба? Осы сұрақтарға оқушылар өз беттерінше іздене отырып жауап берісті. Осы жерде өз тобының ішінен көп сөйлей бермейтін Амангелді Назерке: Барлық заттардың үш күйде бола алады. Мысалы: табиғаттағы қар, жаңбыр, оның булануынан бұлт пайда болады. Сонымен қатар газ күйіндегі оттегінің де өте төмен температурада қатты, сұйық күйде болатындығын айтып, ойын нақты әрі ұтымды жеткізе алды.
Оқушы айтқан нәрсе – санамен ойлауының нәтижесі - деп білдім. 
Сыни тұрғыдан ойлау баланың бақылау мен талдау арқылы дәлелдемелерді жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті , мұның барлығы баланың сыни ойлауын дамытуда жүргізілетін жұмыстар.
Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» - деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады. (« Мұғалімге арналған нұсқаулық» 41 бет).
Сонымен бірге осы сабақта тақырыпқа сай интерактивті тақтаны пайдалана отырып, музыка әуенімен «Табиғат құбылыстары» сергіту сәтін ұйымдастырдым. Оқушылар көрсетілген анимациялық сурет бойынша бір -біріне қимылмен сала отырып , (жел болып соғамыз, тамшы болып тамаыз, бұршақ болып жауамыз) массаж жасап көңіл сергітті. 
Бұл тапсырмалардың тиімді жағы фильмнен үзінді оқушылардың сыни ойлауына себепші болса, сергіту сәтін ұйымдастыруда қызығушылықпен қатысты.
Әр топ мағынаны жылдам түсінуге арналған серпілген сауалдан түйінді ой түйіп, заттың үш күйінің қасиеттерін анықтап, таратылған семантикалық карта арқылы нақтылады.
Қатты дене Сұйық Газ тәрізді зат 
қасиеті
а)пішіні
б) көлемі Пішінін де сақтайды
көлемін де сақтайды Пішінін оңай өзгертеді, көлемін сақтайды Пішінін де көлемін де сақтамайды
Тек соған қатысты қасиет Молекулалары газбен салыстырғанда баяу бір орында тербеліп қозғалады. Аққыштық, молекула лары бір орында тербеліп қозғалады Молекулалары хаосты қозғалыста
Қасиетті түсіндіру Молекулалалары тығыз, белгілі тәртіппен, кристалдық тор түзіп орналасқан, сығылмайды Молекулалалары тығыз орналасқан, сығылмайды Молекулалалары алшақ орналасқан, оңай сы,ылады 
Оқушылар берілген семантикалық картаны осы нұсқада толтырды. Молекулалар қозғалысын оқушылар қозғалысымен қалай салыстырар едіңіз? - деген сыни сауал арқылы диалогқа тарттым. 
Назерке - қатты дене молекулаларының қозғалысын тыныш отырған оқушымен сәйкестендірсе, Сәндібек – сұйық молекулаларының қозғалысын мұғалім бейқам отырғандағы «жыбырлақ» оқушының: бір жерден екінші жерге лезде орын ауыстыруымен салыстыруға болады деген пікір айтты.
-Айшат ретсіз қозғалыстағы газ молекулаларының қозғалысын мұғалім шығып кеткендегі сынып оқушыларының бей-берекет қозғалысымен ұқсатуға болады деген - ұтымды жауап айтты.
Құрдастар тобындағы өзара қарым – қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көруге болады (Мерсер, 2005)
Адамдар ассоциациялар арқылы, мнемоника, жаттығулар, имитация, нұсқаулық беруді пайдалана отырып, білім алады, бұл түсінік пен дағдылардың кезең -кезеңмен қалыптасуына ықпал етеді. Ассоциативті оқыту нақты мәліметті жаңғырту немесе есте сақтауға жол ашады. 
( «Мұғалімге арналған нұсқаулық» 29 бет).
Осы орайда: оқушыларға заттың бір күйден екіншісіне өту құбылысын сызба түрінде бейнелеп, көрсету тапсырылған болатын. Осы тапсырманы орындау барысында барлық топтың ұсынған сызбалары ішінен Амангелді Назеркенің үлгісі ерекше көзге түсті. Ол топ мүшелерінің көмегімен тапсырманы дұрыс әрі нақты көрсете білді. Назеркенің ұсынған «мнемоникалық сызбасы» барлық сынып оқушыларына ұнап, қолдау тапты. Ол мына үлгіде болатын:
Осылай тізбектелген тапсырмалар желісі түсіну дәрежесінің кірпіші болып қаланды.
Осылай әр сабағым алдыңғысынан да ерекше, тартымды өтті, « бұл - іс-тәжірибеме енгізген өзгерістер нәтижесі » деп ойлаймын.
Іс – тәжірибеме жаңаша көзқараспен қарадым. Өзгерістер енгізу арқылы, топқа бөлудің түрлерін тиімді қолданып, кейбір оқушыларды, тырнақшаға алынған, тани білдім. Дарынды оқушыларды таптым, жеті модульді бір сабақта кірістіруге үйреніп, аудиторияда ынтымақтастық атмосферасын құрдым және сабағымды түрлендіруде серіктестерімнің үніне құлақ астым. Шыдамдылық пен табандылық сенімді серігім болды. Білімге деген жаңаша көзқарас – тың идеялар генераторы. Сондықтан дәстүрлі сабақтарымды жаңаша нормаға салу – менің алдыма қойған мақсаттарымның бірі.
«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерінен озады » деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. 
Өзіндік оқуға белсенді қатысу үшін тиімді кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында (оқуды жақсартудағы фактор) ACTIVOTE құрылғысы арқылы тестіленіп, сабақ қорытындыланып, өз нәтижесіне жетті. ACTIVOTE арқылы берілген тест бір жағынан уақытты үнемдесе, екінші жағынан оқушылардың бағасын сол бойы шығарып беріп, дұрыс – бұрыстығын тексеруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар оқушы психологиясына оң әсерін тигізді.
Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, жаңа мәлімет алуға талпынушылық, өзін - өзі бағалаушылық. Сабақ соңында оқушылар смайлик арқылы көңіл- күйлерін білдірді. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін ынталандыруда өзіндік бағалаудың рөлі жоғары. Оқушы оқу үдерісіне белсене қатысқанда ғана материалды терең игеруге болатынын көреді. Бағалау арқылы оқушыны сол мезетте ынталандырып, қызығушылығын арттыруға болады. Бағалау түрлерін тиімді пайдаланған жағдайда оқушы өз – өзіне есеп беріп, өзін, көршісін, топты, мұғалімді нақты бағалауға қол жеткізеді.
Бағалау түрлерін пайдалана отырып оқушы білімі анық бағаланады, белсенділігі артады, ой еңбегі жетіледі, белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей сезеді, өзіне -өзі деген сенімділігі артады, өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға тәрбиелейді, шығармашылық деңгейге дейін жетуге ұмтылады, қызығушылығы артады, зер сала қарасақ, оқушының білімді қабылдау деңгейі сыни баға беруге дейін көтеріледі деген ой түйдім.
Өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалану оқушылардың өзгермелі өмірге бейімдігін нығайтады. Осы мақсатта оқыту үдерісін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы ұйымдастыру білімдердің ықпалдасуын қамтамасыз етті. Бұл жөнінде Мишра және Келер (2006) түсініктемелерінде де нақты білімді мағыналы тұсаукесермен бағдар көрсетуге болатындығын көрсеткен.
Сонымен физика сабақтарында АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі оқушының ой-өрісінің дамуына ықпал етеді, көре тұра қабылдаған ақпаратты есте ұзақ сақтайды, білім сапасын көтеруге қол жеткізеді, өзіне -өзі сенімді, білімді заман талабына сай оқушы қалыптастырады деген ой түйдім.
Қорытынды: АКТ- ны пайдаланып берілген мағынаны жылдам түсінуге арналған тапсырмалар – шығармашылық үдерістің маңызды аспектісі. Сонымен қатар АКТ құралдарын пайдалана отырып, сабаққа жеті модульді де кірістірдім. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіне ену заманында АКТ-ның бар мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мұғалім қолында, сондықтан да қалған сабақтарымда да АКТ – ны пайдаланамын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей
2. Интернет ресурстары


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» физика сабағында қолдану

Автор: Жанбосынова Гулнар Қойшықызы

Дата: 26.01.2017

Номер свидетельства: 384070

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Физика сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану"
    ["seo_title"] => string(67) "fizika_sabag_ynda_syn_tu_rg_ysynan_oilau_tiekhnologhiiasyn_k_oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "412860"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1493782190"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) ""Затты? ты?ызды?ы" 7 Б сынып "
    ["seo_title"] => string(28) "zattyn-tyg-yzdyg-y-7-b-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "199865"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428665871"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Жаратылыстану  п?нін ?йретуде жа?а о?ыту технологиясын ?олдану мен келелі м?селелері "
    ["seo_title"] => string(100) "zharatylystanu-p-nin-uirietudie-zhan-a-ok-ytu-tiekhnologhiiasyn-k-oldanu-mien-kielieli-m-sielielieri"
    ["file_id"] => string(6) "163514"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422506038"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(285) "Мемлекеттік тілде о?ытатын Заречный орта мектебіні? жаратылыстану -математика бірлестігі физика п?ні м??аліміні? жылды? 2013/14о?у жылында?ы ж?ргізілген  есебі. "
    ["seo_title"] => string(182) "miemliekiettik-tildie-ok-ytatyn-zariechnyi-orta-miektiebinin-zharatylystanu-matiematika-birliestighi-fizika-p-ni-mu-g-aliminin-zhyldyk-2013-14ok-u-zhylyndag-y-zhurghizilghien-iesiebi"
    ["file_id"] => string(6) "217400"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1433334633"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "О?ытуда компьютерлік технологияны пайдалану "
    ["seo_title"] => string(50) "ok-ytuda-komp-iutierlik-tiekhnologhiiany-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "216124"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1432880611"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства