kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Паскаль заңы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл Паскаль заңы тақырыбындағы сабақтың жоспары. Жоспар 7 сыныпқа арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Паскаль заңы»

§ 34 Қысымның сұйықтар және газдар арқылы берілуі.

Паскаль заңы.


Сабақ жоспары

Пән: Физика

Мұғалім: Айтқалиев Ерлан Құрманғазыұлы

Сынып:

Сабақтың тақырыбы: Қысымның сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: оқушыларға қысымның сұйықтар және газдар арқылы қалай берілетіні жайлы түсінік беру, Паскаль заңы жайлы түсінік бере отырып, білім дағдыларын қалыптастыру;

  2. Дамытушылық мақсаты: сабақты өмірмен байланыстыра отырып, шығармашылыққа баулу, есептер шығарту арқылы ойлау қабілетін қалыптастыру, оқушылардың ой-өрісін дамытуға, өз бетімен ізденуге, қорытынды жасауға, өзін-өзі бағалап, сын көзбен қарауға машықтандыру;

  3. Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тәрбиелеу.

Сабақтың формасы: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: математика, информатика, еңбек.

Көрнекіліктері: оқулық, интербелсенді тақта, слайд, тәжірибе.

Құрал-жабдықтар: шар, су, ыдыс.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Тізім бойынша оқушыларды түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІI. Өткен тақырыпты қайталау:

  1. Қысым деп нені атайды? Қалай белгіленеді? Формуласы?

  2. Қысым неге тәуелді?

  3. Қысымды арттырып немесе кемітуге бола ма? Ол үшін не істеу керек?

  4. Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер?

  5. Қолмен іс тіккен кезде неліктен бармаққа оймақ киеді?

  6. Шаңғысыз жүргенде адам неліктен қарға омбылайды?

  7. Жүк машиналарының артқы доңғалақтары қос-қостан болатыны неліктен?

  8. 92-суретте көрсетілген күректердің қайсысымен жұмыс істеу жеңілірек? Неліктен?

  9. Қатты дене қысымды қалай жеткізеді? Оны қалай түсіндіруге болады?

  10. Суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде қай баланың әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар?

  11. Төмендегі ыдыстардың түбіне түсірілетін қысым бірдей ме?


ІV. Жаңа сабақ:

Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың барлық қасиеттері олардың құрылысына байланысты болады. Сондықтан біз ең әуелі оларды құрайтын молекулалардың қалай орналасқанын, қалай қозғалатынын және бірімен-бірі қалай әрекеттесетінін, қатты денелердің, сұйықтар мен газдардың негізгі қасиеттерін еске түсірейік. Қатты денелерде бөлшектер бір-бірімен байланысты болғандықтан, қысым қатаң түрде күш әрекетінің бағытымен берілетінін біз алдыңғы сабақта өттік.

Ал енді сұйықтар мен газдарда қысымның берілуі басқаша болады. Сұйықтар мен газдар қысымды, қатты дене сияқты бір бағытта ғана емес, жан-жаққа бірдей таратады.

Ауаның қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін балалар ойнайтын резеңке шарды, қолдопты және т.б. үрлеген кезде бақылауға болады. Үрлеген кезде ауаның бір бағытта берілетініне қарамастан, шар немесе доп барлық бағытта біркелкі ұлғаяды. Бұл – қатты дененің қысымды жеткізу процессінен мүлдем өзгеше құбылыс.

Тақтаға назар аударсаңдар Паскаль шары деп аталатын құралмен тәжірибе көрсетілген. Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылаулары бар шардан және поршеньді цилиндрден тұрады. Егер шарға су немесе түтін толтырып, поршеньді бассақ, шардың саңылауларынан су немесе түтін барлық бағытқа бірдей ұзындықта шапшып немесе будақтап шығатынын байқаймыз. Бұдан қысымның барлық бағытқа таралып қана қоймай, оның мәнінің де бірдей болатыны көрінеді. Бұл сұйықтар мен газдардың өзіне түсірілген қысымды барлық бағытқа бірдей жеткізетінінің дәлелі.

Көптеген бақылауларға сүйене отырып, француз ғалымы Блез Паскаль сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеді.

Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады.

Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізе алуы оларды құрайтын молекулалардың еркін қозғалғыштығымен түсіндіріледі.


Тапсырма:

Шығармашылық жұмыс. Динамометр, сызғыш көмегімен ағаш білеушенің үстел бетіне әсер ететін қысымын анықтау.


V. Есептер шығару:

1. Массасы 600 кг доңғалақты тегістегіш тіреуіштің ұзындығы 80 см, ал ені 25см Ол топыраққа қандай күшпен әрекет етеді және қандай қысым түсіреді?

2. Күйтабаққа ине 0,27 күшпен әсер етеді. Егер иненің күйтабаққа түсіретін қысымы 9 МПа болса, ине ұшының радиусы қандай?

3. Радиусы 0,003 мм ине күйтабаққа 8 МПа қысым түсіреді. Ине ұшының ауданы қандай? Иненің массасы қандай?


VІ. Рефлексия:

  1. Сұйықтар мен газдар неліктен қысымды барлық жаққа бірдей жеткізеді?

  2. Паскаль заңы қалай айтылады?

  3. Паскаль заңын қатты денеге қолдануға бола ма?

  4. Паскаль шарының поршенін жоғары жағынан емес, бүйірінен әрекет ететіндей етіп орналастырып, тәжірибені қайталаса, нәтижесі өзгерер ме еді?

VІІ. Үйге тапсырма: §34 Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.

VІІІ. Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.


Бүгінгі сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Паскаль заңы

Автор: Айткалиев Ерлан Курмангазиевич

Дата: 06.11.2016

Номер свидетельства: 355774

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(148) "7 сынып Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы"
    ["seo_title"] => string(80) "7_synyp_k_ysymnyn_k_atty_dienielier_su_iyk_tar_zh_nie_ghazdar_ark_yly_bierilui_p"
    ["file_id"] => string(6) "395320"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487954157"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(22) "Паскаль за?ы"
    ["seo_title"] => string(10) "paskalzany"
    ["file_id"] => string(6) "279912"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1453302209"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "?ысымны? ?атты денелер, с?йы?тар ж?не газдар ар?ылы берілуі. Паскаль за?ы "
    ["seo_title"] => string(83) "k-ysymnyn-k-atty-dienielier-su-iyk-tar-zh-nie-ghazdar-ark-yly-bierilui-paskal-zan-y"
    ["file_id"] => string(6) "166882"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423019108"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспар."
    ["seo_title"] => string(80) "su_iyk_tar_mien_ghazdardag_y_k_ysym_paskal_zan_y_tak_yrybyndag_y_k_ysk_a_mierzim"
    ["file_id"] => string(6) "447537"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1514830399"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы"
    ["seo_title"] => string(48) "su_iyk_tar_mien_ghazdardag_y_k_ysym_paskal_zan_y"
    ["file_id"] => string(6) "454109"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1517494540"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства