kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Физика бойынша зертханалық жұмыстар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Физика бойынша зертханалық жұмыстар. толық нұсқасы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Физика бойынша зертханалық жұмыстар»



7 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

«Тотығу-тотықсыздану реакцияларын типтік тотықтырғыштар мысалында зерттеу. Тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш титрлеу».


1 тәжірибе. Металдардың тотықсыздандырғыш қасиеті.

Мырыштың қорғасын ацетатымен әрекеттесуі. Сынауыққа 1-2 түйір металл мырышты салып, 2-3 мл қорғасын ацетатын Pb(CH3COO)2 құяды. Не байқалды? Реакция теңдеуін жазыңыз.

Металдың сұйытылған қышқылмен әрекеттесуі. Төрт сынауыққа 2-3 мл 2 н тұз қышқылының немесе күкірт қышқылының ерітіндісін құйып, оларға: магний, мырыш, темір, мыс металдарының түйірлерін салу керек. Бөлінген газдарды жанып тұрған шырпымен тексеруге болады. Реакциялардың теңдеуiн құрастырып және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсету.

2 тәжірибе. Тотығу дәрежесi төмен терiс атомдардан тұратын күрделi заттардың тотықсыздандыру қасиеттерi.

Сынауыққа 2-3 мл железа (Ш) хлориді ерітіндісін құйып және оған 1-2 тамшы калий йодиді ерітіндісін қосады. Сынауықтағы қоспаны әлсіз сары түске жеткенше сумен сұйылтады және 1-2 тамшы жаңа дайындалған крахмал ерітіндісі қосылады.

Реакция теңдеулерін жазып, электронды теңестіру құрастырып, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштарды көрсету керек.

3 тәжірибе. Тотығу дәрежесi жоғары атомдардан тұратын күрделi заттардың тотықтыру қасиеттерi.

Металға сұйытылған азот қышқылының әсері. Екі сынауыққа 2-3 мл азот қышқылының ерітіндісін құйып және магний, мырыш металдарының түйірін салады да қыздырады(қатты емес!).

Байқалған құбылысты жазу және реакция теңдеулерін құрастыру керек.

Концентрлі азот қышқылының металдарға әсері. Сынауыққа мыстың түйірін салып, оған 1-2 мл концентрлі азот қышқылын қосады. Не байқалды? Реакция теңдеулерін жазып, электронды теңестіру құрастырып, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштарды көрсету керек.

Калий бихроматының тотықтырғыш қасиеті. Сынауыққа 1-2 мл калий бихроматының ерітіндісін және 1-2 тамшы күкірт қышқылын құяды. Ерітіндіге калий сульфитінің бірнеше кристалын салады. Байқалған құбылысты, реакция теңдеулерін жазып, электронды теңестіру құрастырып, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштарды көрсету керек.


4 тәжірибе. Калий перманганатының тотықтырғыш қасиеті.

а) Үш сынауыққа 2-3 мл сұйытылған KMnO4 ерітіндісі құйылады. Бірінші сынауыққа бірнеше тамшы күкірт қышқылының ерітіндісі, екінші сынауыққа – дистилденген су, үшінші сынауыққа натрий гидроксиді ерітіндісін қосу керек. Әрбір сынауыққа натрий сульфитінің бірнеше кристалдарын түсі өзгергенге дейін қосады. Написать соответствующие уравнения реакций, учитывая, что MnO4- ионы күлгін түс, MnO42- - жасыл, Mn2+ - түссіз, ал MnO2 – қою-қара аз еритін тұнба екенін ескеріп, қажетті реакция теңдеулерін жазу. Калий перманганатының тотықсыздануына ортаның әсері туралы қорытынды жасау.

б) Сынауыққа 2-3 мл калий перманганатының ерітіндісін құйып, бірнеше тамшы күкірт қышқылын, кейін тамшылатып сутек асқын тотығын түссізденгенше қосады. Байқалған құбылысты, реакция теңдеулерін жазып, электронды теңестіру құрастырып, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштарды көрсету керек.


8 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


Берілген концентрациядағы ерітінді дайындау

1 тәжірибе. Қатты заттан проценттік концентрациядағы ерітінді дайындау.

Жұмыстың барысы:

Тұздың белгілі көлемдегі ерітіндісін дайындау қажет (көлем және массалық үлесін мұғалім көрсетеді).

Берілген тұздың салмағын өлшеу. Алынған өлшендіні еріту үшін қанша көлем су қажет болатынын есептеу. Судың қажетті көлемін өлшеуіш цилиндр арқылы өлшеу және оны өлшенді бар стақанға құю қажет. Тұз толық ерігенше қоспаны араластыру керек.

Дайындалған ерітіндіні құрғақ цилиндрге құйып және ареометр көмегімен ерітіндінің тығыздығын анықтау қажет.

Алынған ерітіндінің тығыздығын кестедегі мәндермен салыстыру және абсолюттік қателікті есептеу.

Табылған тығыздық бойынша кестені қолдана отырып ерітіндідегі тұздың проценттік құрамын анықтау. Алынған өлшемді берілген концентрациядағы ерітіндімен салыстыру.

Алынған ерітіндінің молярлы және нормальды концентрациясын есептеңдер.


2 тәжірибе. Концентрленген ерітіндіден проценттік концентрациядағы ерітіндіні дайындау

Жұмыстың барысы:

Белгілі тығыздықтағы концентрленген ерітінді мен судан күйдіргіш натрийдың ерітіндісін дайындау (ерітіндінің көлемі мен тығыздығын мұғалім көрсетеді).

Концентрленген ерітіндінің тығыздығын ареометрмен анықтау. Кесте бойынша күйдіргіш натрийдың проценттік құрамын табу. Берілген ерітіндіні дайындау үшін қажет өлшендіні, содан кейін концентрленген ерітінді мен судың көлемін есептеу керек. Концентрленген ерітінді мен судың есептелген көлемін өлшеуіш цилиндрмен өлшеп, бір-біріне құйып, мұқият араластыру қажет және суытқаннан кейін алынған ерітіндінің тығыздығын ареометрмен анықтау керек. Өлшендінің абсолюттік қателігін есептеу қажет.

Алынған ерітіндінің молярлығы мен нормальдылығын есептеңдер.


3 тәжірибе. Қатты заттан молярлы концентрациядағы ерітінді дайындау.

Жұмыстың барысы:

Құрғақ тұз бен судан берілген концентрацияда 200 мл ерітіндіні дайындау керек (концентрацияны мұғалім көрсетеді). Бұл үшін осы тұздың қанша мөлшері қажет екенін есептеу керек.

Есептелген тұздың мөлшерін алдын-ала өлшенген шынышықшада немесе стақанда өлшеп алыңдар. Өлшендіні аз мөлшердегі суда ерітіп, ерітіндіні 200 мл өлшеуіш құтыға ауыстырыңдар. Стақанды бірнеше рет сумен шайып, ол ерітіндіні де құтыға құю керек. Ерітіндіге белгіге дейін су құйыңдар да, тығынмен бекітіп, мұқият араластырыңдар. Алынған ерітіндінің тығыздығын ареометрмен анықтау керек. Алынған ерітіндінің массалық үлесін табу және нормальдылығын есептеу.

Алынған ерітіндінің тығыздығын кестедегі мәндермен салыстырып, абсолюттік қателігін есептеу.


4 тәжірибе. Концентрленген ерітіндіден молярлы концентрациядағы ерітінді дайындау.

Жұмыстың барысы:

Берілген ерітіндіден 200 мл азот қышқылының ерітіндісін дайындау керек (ерітінді концентрациясын мұғалім көрсетеді). Ареометрмен ерітіндінің тығыздығын анықтаңдар. Оның проценттік концентрациясын табыңдар. Өлшендіні есептеп алып, одан кейін берілген ерітіндіні дайындауға қажет болатын ерітіндінің көлемін есептеу керек.Өлшеуіш құтыға жартысына дейін су құйыңдар да, оның үстіне құйғы арқылы өлшенген көлемдегі азот қышқылын құйыңдар. Құйғыдағы қышқылды шайып, ерітіндіні араластырып, белгіге дейін су құйып, тығынмен бекітіп араластырыңдар.

Алынған ерітіндінің концентрациясын 0,2 М NaOH ерітіндісімен титрлеу арқылы тексеру керек (индикатор ретінде фенолфталеин қолданылады).

Ерітіндінің түсі құтыны араластырғанда жоғалмайтын қызғылт түске боялса, титрлеу аяқталды деп есептеледі. Алынған ерітіндінің нормальдылығын анықтау қажет.


Анықтамалық мәліметтер


Ерітіндінің концентрациясы,

Ерітіндінің тығыздығы, г/см3

%

К2Сr2O7

NaCl Na2CO3 BaCl2

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

12

14

16

18

20

22

1,0052

1,0122

1,0193

1,0264

1,0336

1,0408

1,0481

1,0554

1,0628

1,0703

1.005

1.013

1.027

1.041

1.056

1.071





1.086

1.101

1.116

1.132

1.148

1.164

1.009

1.019

1.040

1.061

1.082

1.103





1.124

1.146


1.016

1.034

1.058

1.072

1.092





1.113

1.134

1.156

1.179

1.203

1.228


Қатты заттардан. Na2CO3(10H2O кристаллогидратынан 200 г 5% натрий карбонатының ерітіндісін дайындау керек (бұл үшін қанша мөлшерде кристалды сода қажет екенін есептеңдер). Ұсақталған соданың бұл мөлшерін алдын-ала өлшенген стаканда немесе шынышақшада технохимиялық таразымен өлшеңдер. Алынған затты еріту үшін судың қандай көлемі қажет екенін есептеңдер. Дайындалған ерітіндінің температурасын өлшеңдер. Егер ол төмендегі кестеде көрсетілген температураға сәйкес келмесе, онда ерітіндіні қыздыру немесе салқындату арқылы көрсетілген шамаға дейін жеткізу керек. Ерітіндіні құрғақ өлшеуірге құйыңдар және ареометр көмегімен тығыздығын анықтаңдар. Ареометрді сумен жуып, абайлап құрғағанша сүртіңдер.


200С температурадағы кейбір тұздардың ерітінділерінің пайыздық мөлшері және тығыздықтары


%

NaCl

Na23

BaCl2

%

NaCl

Na2СO3

BaCl2

1

1,005

1,009

-

12

1,086

1,124

1,113

2

1,013

1,019

1,016

14

1,101

1,146

1,134

3

1,027

1,040

1,034

16

1,116

-

1,156

4

1,041

1,061

1,058

18

1,132

-

1,179

5

1,056

1,082

1,072

20

1,148

-

1,203

6

1,071

1,103

1,092

22

1,164

-

1,228


Кестені пайдалана отырып, табылған тығыздық бойынша ерітіндідегі натрий корбанатының пайыздық мөлшерін анықтаңдар. Алынған көрсеткішті берілген ерітінді концентрациясымен салыстырыңдар. Дайындалған ерітіндінің молярлық концентрациясын және эквивалентінің молярлық концентрациясын (бұрын нормальды концентрация деп аталған) есептеңдер. Басқа студенттер осы жолмен барий хлориді, натрий хлориді, натрий сульфаты, натрий тетрабораты (BaCl2, NaCl, Na2SO4, Na2B4O7(10H2O) және т.б. (мұғалімнің тапсырмасы бойынша) ерітінділерді дайындайды.



9 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Электролит ерітінділерінің қасиеттерін зерттеу


1 тәжірибе. Қышқыл, негіз және тұз ерітінділерінің электрөткізгіштігі.

а) Тәжірибені жүргізу үшін екі электродты стақаннан және электрлік шамнан тұратын құрал қолданылады. Шамның жануы электрөткізе алудың белгісі болып табылады. Келесі заттардың электрөткізгіштігін анықтаңдар: дистильденген су, натрий хлориді (құрғақ), натрий хлоридінің ерітіндісі, қант (құрғақ), қант ерітіндісі, тұз қышқылының ерітіндісі, натрий гидроксидінің ерітіндісі, мыс хлоридінің ерітіндісі, аммоний гидроксиді, концентрленген сірке қышқылы, сірке қышқылының ерітіндісі және т.б.

Алынған нәтижелерді кестеге жазыңдар.


Зерттелетін зат

Шамның жану қарқындылығы

Электролиттің күші

Диссоциациялану теңдеулері





Электролиттер болып табылатын заттардың диссоциациялану теңдеулерін жаза отырып, сәйкесінше қорытынды жасаңдар.


б) Бір стақанға сірке қышқылының ерітіндісін, ал екіншісіне аммиак ерітіндісін құйыңдар. Осы ерітінділердің электрөткізгіштігін анықтаңдар. Екі ерітіндіні бір стақанғаи құйыңдар. Шамның жану қарқындылығы қалай өзгереді? Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.


2 тәжірибе. Электролит ерітінділердегі иондық әрекеттесулер.

а) Ерігіштігі төмен заттардың түзілуі

Үш сынауыққа 2-3 мл-ден келесі ерітінділерді құйыңдар: біріншісіне – темір (Ш) хлориді, екіншісіне – күміс нитраты, үшіншісіне – барий хлориді. Сондай мөлшерде келесі заттарды үстіне қосыңдар: біріншісіне – натрий гидроксиді, екіншісіне – тұз қышқылының ерітіндісі, үшіншісіне – күкірт қышқылының ерітіндісі. Байқалған құбылысты сипаттаңдар. Молекулалық және иондық түрдегі реакция теңдеулерін жазыңдар.

б) Әлсіз қышқыл мен негіздің түзілуі.

Екі сынауыққа 2-3 мл-ден құйыңдар: біріншісіне – натрий ацетатының ерітіндісі, екіншісіне – аммоний хлориді.

Бірінші сынауыққа бірнеше тамшы күкірт қышқылын (1:1) тамызыңдар, шыны таяқшамен ерітіндіні араластырыңдар, сосын ақырындап қыздырыңдар. Қандай қышқыл түзілгендігін иісі бойынша анықтаңдар. Молекулалық және иондық түрдегі реакция теңдеулерін жазыңдар. Екінші сынауыққа 4 н сілті ерітіндісін қосып, қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Молекулалық және иондық түрдегі реакция теңдеулерін жазыңдар.

в) Нейтралдану реакциясы

Екі сынауыққа 2-3 мл-ден натрий гидроксидінің ерітіндісін құйып, оған фенолфталеин тамызыңдар. Қандай ионның әсерінен ерітіндінің түсі өзгерді? Бірінші сынауыққа күкірт қышқылының ерітіндісін, екіншісіне – сірке қышқылының ертіндісін қосыңдар. Бояудың жоғалуы немен түсіндіріледі? Қандай жағдайда ерітіндінің түссізденуі тезірек байқалды?

Молекулалық және иондық түрдегі реакция теңдеулерін жазыңдар.

г) Реакцияның ұшқыш өнімдерінің түзілуі

Екі сынауыққа 2-3 мл-ден натрий карбонатын құйыңдар. Ерітіндідегі карбонат ионын байқау үшін, бір сынауыққа кальций хлоридінің бірнеше тамшысын тамызыңдар. Қандай зат тұнбаға түсті? Молекулалық және иондық түрдегі реакция теңдеулерін жазыңдар.

Екінші сынауыққа бірнеше тамшы күкірт қышқылын (1:1) қосыңдар, кейін газдың бөлінуін байқаңдар. Сынауықты ақырындап қыздырыңдар, газдың толық бөлінгенін күтіңдер, кейін оған бірнеше тамшы кальций хлоридінің ерітіндісін тамызыңдар. Неге тұнба түзілмейді? Молекулалық және иондық түрдегі реакция теңдеулерін жазыңдар.

д) Эксперименттік есептер.

Зертханада бар реактив ерітінділерін пайдалана отырып, келесі иондық-молекулалық түрде болатын реакция теңдеулерін жүргізіңдер:


Pb2+ + 2I- = PbI2

Fe3+ + 3OH- = Fe(OH)3

SO32- + 2H+ = H2O + SO2

Реакцияның молекулалық теңдеуін жазыңдар.



10 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тұздар гидролизі. Буферлі қоспалар

1 тәжірибе. Индикатор түсінің өзгеруі

Тоғыз сынауық алыңдар. Үш сынауыққа 3 мл-ден дистильденген су құйыңдар. Біріншісіне – 3 тамшы лакмус ерітіндісін, екіншісіне – 3 тамшы фенолфталеин, үшіншісіне – 3 тамшы метилоранж тамызыңдар. Түстерді кестеге жазыңдар.

Басқа үш сынауыққа 3 мл-ден күкірт қышқылын құйыңдар, олардың әрқайсысына 3 тамшыдан лакмус, фенолфталеин, метилоранж индикаторларын тамызыңдар. Олардың түстерін кестеге жазыңдар.

Қалған үш пробиркаға 3 мл-ден натрий гидроксидін құйып, олардың әрқайсысына 3 тамшыдан жоғарыда көрсетілген индикаторларды қосыңдар. Алынған нәтижелерді кестеге жазып алыңдар

Зерттелетін

Орта

Индикатор түсі

ерітінді


Лакмус

Фенолфта

леин

Метилоранж

Дистильденген су





Күкірт қышқылы






Натрий гидроксиді








2 тәжірибе. Тұздар гидролизі

а) Әмбебап индикатордың көмегімен Na2SO4 және KNO3 ерітінділерінің рН-ын өлшеңдер. Аталған ерітінділерді гидролиз процесінде қарастырып қорытынды жасаңдар.

б) Әмбебап индикатордың көмегімен 0,1М Na2CO3 және NаНСО3 ерітінділерінің рН-ын өлшеңдер.Нәтижелерді салыстырыңдар. Қандай ерітіндіде гидролиз процесі толық жүреді және неліктен?

в) Әмбебап индикатордың көмегімен 0,1М FeCl2 және FeCl3 ерітінділерінің рН-ын өлшеңдер. Нәтижелерді салыстырыңдар. Қандай ерітіндіде гидролиз процесі толық жүреді және неліктен?

г) Әмбебап индикатордың көмегімен 0,1М Na3PO4, Na2HPО4 және NaH2PO4 ерітінділерінің рН-ын өлшеңдер. Қандай тұз толық гидролизге ұшырайтындығы жайлы қорытынды жасаңдар. Ерітіндіде қандай тепе-теңдік орын алады және қай бағытқа ығысатынын көрсетіңдер.

д) Темір (Ш) хлоридінің ерітіндісіне натрий карбонатының ерітіндісін қосыңдар. Қандай газ бөлінеді және қандай қосылыс тұнбаға түседі?


3 тәжірибе.Гидролиздену дәрежесіне әсер ететін факторларды зерттеу.

а) Тұз түзетін қышқылдың және негіздің күші оның гидролиздену дәрежесіне қалай әсер етеді?

Екі сынауыққа ¼ бөлігіне дейін дистильденген су құйыңдар. Бірінші сынауыққа натрий сульфатының бірнеше кристалын, ал екіншісіне – сондай мөлшерде натрий карбонатының кристалын салыңдар. Газ бөлінуі байқалмаса, онда гидролиз тек бірінші сатымен жүргендігіне көз жеткізіңдер. Әрбір сынауыққа бірнеше тамшы фенолфталеин тамызыңдар. Қандай тұз ерітіндісінде фенолфталеиннің түсі қарқындырақ? Қай ерітіндіде ОН- ионының концентрациясы жоғары? Қай тұздың гидролиздену дәрежесі жоғары? Неліктен?

б) Тұздардың гидролиздену дәрежесіне температураның әсері.

Сынауықтың 1/3 бөлігіне дистильденген су құйып, оған натрий ацетатының бірнеше кристалын салыңдар. Осы тұз гидролизінің иондық-молекулалық теңдеуін жазыңдар. Ерітіндіге бірнеше тамшы фенолфталеин тамызып, қайнағанға дейін қыздырыңдар. Ерітіндіде фенолфталеиннің түсі қалай өзгереді? Ерітіндідегі ОН- ионының концентрациясына байланысты фенолфталеиннің түсінің өзгеруі негізінде қандай қорытынды жасауға болады? Гидролиздену тепе-теңдігі қай бағытқа ығысады? Гидролиз дәрежесіне температура қалай әсер етеді? Осы әсердің себептерін көрсетіндер.


4 тәжірибе. Буферлі қоспалар.

а) Бірінші сынауыққа 10 тамшы 1М натрий ацетатының ерітіндісін және сондай көлемде 1М сірке қышқылының ерітіндісін, ал басқасына салыстыру үшін қолданатын ерітндіге 20 тамшыдай су құйыңдар. Екі сынауыққа да фенолфталеин, кейін 1 тамшыдан сұйылтылған(0,5-1М) сілті ерітіндісін құйыңдар. Суы бар сынауықта және буферлі ерітіндіде индикатордың түсі қалай өзгереді? Екі сынауыққа да тағы 1-3 тамшыдан сілті ерітіндісін құйыңдар және түстің өзгеруін қадағалаңдар.

Таза сынауыққа буферлі қоспаның жоғарыда көрсетілгендей көлемін құйып, оған және суы бар бақылау сынауығына 1 тамшы метилоранж қосып, одан кейін 1 тамшы 0,5 – 1М тұз қышқылының ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады?

б) 10 тамшы 1М аммоний хлориді ерітіндісі және сондай көлемде 1н аммиак ерітіндісімен аммонийлы буфер дайындаңдар. Оны фенолфталеиннің қатысында 0,5-1М аммиак ерітіндісіне және метилоранж қатысында 0,5-1М тұз қышқылына қатынасын зерттеңдер. Екі жағдайда да суы бар бақылау сынауықтарына сол индикаторларды және сондай көлемде аммиак ерітіндісін немесе қышқыл қосыңдар. Не байқалады? Ацетатты және аммонийлы буфер ерітінділерін түзететін негізге жататын реакция теңдеулерін иондық-молекулалық түрде жазыңдар.



11 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Кешенді қосылыстырдың алынуы және қасиеттері

1 тәжірибе. Кешенді катионды қосылыстардың түзілуі мен диссоциациясы.

а) Сынауыққа 1-2 мл AgNO3 ерітіндісін құйып, оған аздаған мөлшерде NaCl ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбаға ол ерігенше аммиак ерітіндісін құйыңдар. Ag+ ионының координация саны екіге тең екенін ескере отырып реакция теңдеуін құрыңдар. Болған өзгерісті түсіндіріңдер.

б) Сынауыққа 1-2 мл CuCl2 ерітіндісін құйып, Cu(OH)2 тұнбасы түзілгенше аммиак ерітіндісін тамшылатып қосыңдар. Кейін аммиак ерітіндісін тұнба ерігенше құю қажет. Cu2+ ионының түсін алынған ерітіндінің түсімен салыстырыңдар. Қандай иондар ерітіндінің түсін өзгертеді? Кешенді негізді алудың реакция теңдеуі мен оның координациялық формуласын Cu2+ ионының координация санының төртке тең екенін ескере отырып жазыңдар. Қандай негіздер күштірек болып саналады: мыс гидроксиді немесе кешенді негізбе? Неліктен? Алынған ерітіндіні 4 тәжірибеге сақтап қойыңдар.


2 тәжірибе. Кешенді анионды қосылыстардың түзілуі мен диссоциациясы.

а) 1-2 мл сынап II нитратының ерітіндісіне (күшті у) KJ сұйылтылған ерітіндісін HgJ2 тұнбасы түзілгенше тамшылатып қосыңдар. Кешенді қосылыстың реакция теңдеулері мен Hg2+ ионының координация санының 4-ке тең екенін ескере отырып, оның координациялық формуласын жазыңдар.

б) 2-3 мл Bi(NO3)3 ерітіндісі бар сынауыққа 0,5н KJ ерітіндісін BiJ3тұнбасы түзілгенше тамшылатып қосыңдар. Кейін тағы түзілген тұнба ерігенше бірнеше тамшы KJ ерітіндісін қосыңдар. Алынған ерітіндінің түсі қандай? Түстің өзгеруі K+, J-, Bi3+ иондарының бар болуына негізделе алама? Кешенді қосылыстың түзілу және диссоциациялану теңдеулері мен Bi3+ ионының координация санының 4-ке тең екенін ескере отырып, оның координациялық формуласын жазыңдар.

в) Екі сынауыққа 1 мл-ден 1а тәжірибеде алынған [Ag(NH3)2]Cl ерітіндіні құйыңдар. Біріншісіне – NaOH, ал екіншісіне – KJ ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? [Ag(NH3)2]+ кешенді ионының диссоциациялану теңдеуі мен оның тұрақсыздық константасының мәнін жазыңдар. Ерігіштік ережесін және кешенді ионның диссоциация теңдеуін пайдаланып байқалған құбылысқа түсінік беріңдер.

г) Сынауыққа AgCl тұнбасын алыңдар. Кейін 1н Na2S2O3 ерітіндісін тұнба толық ерігенше қосыңдар. [Ag(S2O3)2] түзілуінің реакция теңдеуін жазыңдар.

Алынған кешенді қосылыстың ерітіндісіне KJ ерітіндісін қосыңдар. 4в тәжірибесінде алынған нәтижемен салыстырыңдар. Күмістің аммиакты және тиосульфатты кешенді қосылысы үшін тұрақсыздық константасын жазыңдар және 4в и 4г тәжірибесінің нәтижелері бойынша қай константа жоғары мән көрсететінін табыңдар. Кесте бойынша қорытынды жаса.

д) 4а тәжірибеде алынған [Ag(NH3)2]Cl ерітіндіден 1-2 мл сынауыққа құйыңдар, оған AgCl тұнбасы түзілгенше сұйылтылған HNO3 қосыңдар. [Ag(NH3)2]+ және [NH4]+ иондарының тұрақсыздық константасы 6,8.10-8 и 6,0.10-10.

тең екенін ескере отырып, байқалатын құбылысты түсіндіріңдер.

е) Екі сынауыққа бірдей көлемде CuSO4 (CuCl2) ерітіндісін құйыңдар. Біріншісіне – NaOH, екіншісіне - (NH4)2S ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбаның түсін қараңдар. Бұл реакцияны Cu2+ ионын анықтауда қолдануға болады. Реакция теңдеулерін құрыңдар..

1 тәжірибеде алынған [Cu(NH3)4](OH)2 ерітіндісін бірдей көлемде екі сынауыққа бөліңдер. Біреуіне – NaOH, ал екіншісіне - (NH4)2S ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.

Cu(OH)2 және CuS ерігіштік мәндері бойынша және [Cu(NH3)4]2+. Ионының тұрақсыздық константасын ескере отырып байқалатын құбылыстарға түсініктеме беріңдер.


3 тәжірибе. III валентті темірдің қарапайым және кешенді иондарының айырмашылығы.

а) 1-2 мл FeCl3 ерітіндісіне аздап KSCN ерітіндісін құйыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл реакция Fe3+ ионын анықтауда қолданылады.

б) алдынғы тәжірибедегідей K3[Fe(CN)6], ерітіндісінде Fe3+ ионы бар болуын тәжірибе жасау арқылы дәлелдеу

в) Бір сынауыққа аздаған мөлшерде FeCl3 , ал екіншісіне - K3[Fe(CN)6] ерітіндісін құйыңдар, олардың екеуіне де бірдей көлемде FeSO4 қосыңдар.

Бірінші сынауықтағы өзгерістің болмауы және екінші сынауықта тұнбаның , яғни турнбул көгінің KFe[Fe(CN)6] болуын түсіндіру .

Иондық-молекулалық реакция теңдеулерін жазыңдар.

Турнбул көгінің түзілу реакциясы арқылы [Fe(CN)6]3- кешенді ионы анықталады.


4 тәжірибе. Кешенді иондардың тұрақтылығы мен бұзылуы.

а) Сынауыққа 1а тәжірибеде жасалған [Ag(NH3)2]Cl ерітіндісін құйып, оған мырыш бөлігін саламыз. Не байқалады? Кешенді мырыш аммиакаты түзілуінің реакция теңдеуін Zn2+ ионының координация санының төртке тең екенін ескере отырып жазыңдар.

Кешенді иондардың тұрақсыздық констасы туралы кестені пайдаланып, аммиакты кешенді ионнан күмісті мырыштың ығыстыру себебін түсіндіру.

б) Екі сынауыққа бірдей көлемде AgNO3 ертіндісін құйыңдар. Олардың біріншісіне – NaOH ерітіндісін, екіншісіне - KJ қосыңдар. Байқағандарыңды жазыңдар.

Бұл реакция арқылы Ag+ ионын анықтауға болады. Реакция теңдеулерін құрыңдар.


5 тәжірибе. Қос тұздардың диссоциациясы.

Темір аммонийлі ашудасты NH4Fe(SO4)2 ерітіндідегі NH, Fe3+, SO иондарының бар екендігін KSCN және BaCl2 сілті ерітінділерінің көмегімен сәйкес тәжірибелер жасау арқылы дәлелдеңдер.

Иондық реакция теңдеулерін жазыңдар. Темір аммонийлі ашудастың электрлік диссоциациялану теңдеуін құрыңдар.

Екіншілік тұзбен басқа да кешенді қосылыстардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?


6 тәжірибе. Кешентүзілу процесіне ерітінді концентрациясының әсері.

Бірнеше тамшы CoCl2 ерітіндісі бар сынауыққа концентрлі KSCN ерітіндісін құйыңдар. K2[Co(SCN)4] кешенді қосылыстың түзілуі нәтижесінде ерітінді түсінің өзгеруін бақылаңдар.

Алынған ерітіндінің жарты мөлшерін басқа сынауыққа құйып, су қосып сұйылтыңдар. Түсінің өзгеруін түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Кешендітүзілу процесіне ерітінді концентрациясының қандай әсері бар?


7 тәжірибе. Аквокомплекстердің гидратты изомериясы .

CrCl3.6H2O қосылысының бірнеше күлгін кристалдарын суда ерітіңдер. Ерітінді түсін байқаңдар. Түсі өзгергенше қыздырыңдар. Түсіндіріп беріңдер.


12 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Кейбір аниондар мен катиондарды анықтайтын реакциялар. Катиондар қоспаларын талдау бойынша тапсырмалар

1тәжірибе. Хлорид ионына сапалық реакциялар.

Үш сынауыққа 1 мл-ден келесі хлорид ерітінділерін құйыңдар: кальций, барий және натрий. Олардың әрқайсысына 2 тамшыдан күміс хлоридінің ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Барлық үш жағдайдан шыққан нәтижелерді қалай түсіндіруге болады? Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Қысқартылған иондық теңдеулерін бір-бірімен салыстырыңдар. Қорытынды жасаңдар.

Барлық сынауықтарға 1 тамшыдан концентрлі аммоний гидроксидінің ерітіндісін қосыңдар, содан кейін мұқият араластырыңдар. Не байқалады? Cl- ионына қандай ион реактив бола алатындығы туралы қорытынды жасаңдар. Хлор-ионы бар ерітінді Ag+ катионына реактив бола ала ма?


2 тәжірибе. Сульфат ионына сапалық реакциялар.

Үш сынауыққа құйыңдар: біріншісіне – күкірт қышқылының ерітіндісі, екіншісіне – натрий сульфатының ерітіндісі, үшіншісіне – мыс сульфатының ерітіндісі, әрқайсысына барий хлоридінің ерітіндісін қосыңдар.Құрамы қандай тұнба түзіледі? Молекулалық, толық және қысқартылған иондық түрдегі реакция теңдеулерін жазыңдар. SO42-ионына қандай ион реактив болып табылады? SO42- бар ерітінді Ва2+ катионына реактив бола ала ма?


3 тәжірибе. Карбонат ионына сапалық реакциялар.

Сынауыққа 1 мл натрий карбонаты ерітіндісін құйыңдар, оған дәл сондай мөлшерде кальций немесе барий хлоридінің ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Түзілген тұнбаға 1 мл сұйылтылған тұз қышқылын құйыңдар. Не байқалады? Қандай газ бөлінеді? Молекулалық, толық және қысқартылған иондық түрдегі реакция теңдеулерін жазыңдар.


4 тәжірибе:. Тотығу дәрежесі +2 және +3 тең темір ионына сапалық реакциялар.

а) Екі сынауыққа темір (Ш) ерітіндісін құйыңдар, біріншісіне – калий роданидін KCNS қосыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгерді? Fe(CNS)3 түзілуін ескере отырып реакция теңдеуін жазыңдар. Екіншісіне – калий гексацианоферратын K4[Fe(CN)6] қосыңдар. Не байқалады? «Берлин лазурінің» түзілуін ескере отырып реакция теңдеуін жазыңдар.

б) Темір (ІІ) хлориді ерітіндісіне K3[Fe(CN)6] тұзының қызыл қан ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Турнбул көгінің түзілуін ескере отырып реакция теңдеуін жазыңдар.


5 тәжірибе. Қорғасын катионына сапалық реакциялар.

Екі сынауыққа қорғасын нитратын құйыңдар. Біріншісіне – калий иодидін, екіншісіне – калий хроматын K2CrO4 қосыңдар. Не байқалады? Екі сынауыққа да натрий гидроксидінің ерітіндісін қосыңдар, мұқият араластырыңдар. Не байқалады?


6 тәжірибе. Барий катионына сапалық реакциялар.

Екі сынауыққа барий хлоридін құйыңдар. Біріншісіне –күкірт қышқылының ерітіндісін, екіншісіне – калий хроматының K2CrO4 ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Молекулалық және иондық түрде реакция теңдеулерін жазыңдар. Екі сынауыққа да тұз қышқылының ерітіндісін қосыңдар, мұқият араластырыңдар. Не байқалады?


7 тәжірибе. Мыс катионына сапалық реакциялар.

Үш сынауыққа мыс сульфатының ерітіндісін құйыңдар. Біріншісіне – аммоний гидроксидінің ерітіндісін, екіншісіне - калий гексацианоферратын K4[Fe(CN)6], үшіншісіне – бірнеше тамшы күкірт қышқылын, натрий тиосульфатының ерітіндісін қосып, ақырындап қыздырыңдар. Не байқалады? Молекулалық, толық және қысқартылған иондық түрдегі реакция теңдеулерін жазыңдар.

Барлық сынауықтарға тұз қышқылының ерітіндісін қосыңдар, мұқият араластырыңдар. Не байқалады?

8 тәжірибе. Катиондар қоспалары мен аниондар қоспаларын талдау бойынша тапсырмалар.

а) катиондар қоспаларын талдау: Na+, Ag+, Ba2+

б) катиондар қоспаларын талдау: K+, Pb2+, Ag+

в) катиондар қоспаларын талдау: Mn2+, Cu2+, Zn2+

г) аниондар қоспаларын талдау: Cl-, SO42-, PO43-



13 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Титриметрлік талдау. Сульфаттардың гравиметрлік анықталуы


1 тәжірибе. Қышқылдық-негіздік титрлеу (тұз қышқылының стандартты ерітіндісімен)

Тұз қышқылының концентрациясын анықтауда біріншілік стандартты заттар қолданылып, титрленетін ерітінді судың белгілі көлемінде нақты өлшенді затты еріту арқылы дайындалады.

Тұз қышқылының концентрациясы метилоранж индикаторының қатысында ас содасының ерітіндісін титрлеу арқылы анықталады. Натрий корбанаты тұз қышқылымен төменде көрсетілген теңдеу бойынша әрекеттеседі:


Na2CO3 + 2HCl = H2CO3 + 2NaCl

Жұмыстың барысы:

1. Осы реакция үшін Na2CO3 – ның эквивалентті молярлы массасын есептеңдер:

М (Na2CO3)

ЭМ (Na2CO3) = = 52, 99 г/моль

2

2. 100 мл 0,1 н натрий карбонатының ерітіндісін дайындау:

  • Ерітіндіні дайындауға қажет Na2CO3 – ның массасын есептеңдер.

  • Есептелген Na2CO3 массасын өлшеңдер.

  • Өлшеуіш құтының мойнына таза құрғақ сүзгі орналастырыңдар. Өлшендіні сүзгі арқылы құтыға салып, сүзгіні мұқият және бірнеше рет сумен шайыңдар.

  • Құтыға (оның 2/3 көлеміне) су құйыңдар және затты толығымен ерітіңдер.

  • Еріткеннен кейін, ерітіндіге құтының белгісіне дейін су құйыңдар.

3. Құйғыға тұз қышқылының ерітіндісін құйыңдар. Үш конус тәрізді құтыға тамшуырмен 10 мл алдын ала дйындалған натрий корбанатының стандартты ерітіндісін, 2-3 тамшы метилоранж және 20 мл дистильденген су құйыңдар және осы дайындалған ерітіндіні интикатордың түсі сары түстен қызыл-сары түске ауысқанға дейін тұз қышқылымен титрлеңдер. Титрлеуді үш рет қайталаңдар.

4. Тұз қышқылының орташа көлемін есептеңдер.

5. Тұз қышқылының нормальды концентрациясын есептеңдер.


2 тәжірибе. Йодометрия (натрий сульфаты ерітіндісін стандарттау).

Натрий тиосульфатының концентрциясын анықтау калий бихроматы мен калий йодидінің өзара әрекеттесуі барысында бөлінетін бос күйіндегі йодты титрлеуге негізделген.

Йодометрияда біріншілік стандарт ретінде қолданылатын калий бихроматы калий йодидімен қышқылдық ортада төмендегідей әрекеттеседі (реакция сызбасы):


K2Cr2O7 + KI + H2SO4 Cr2(SO4)3 + K2SO4 + I2 + H2O

Электронды баланс әдісінің көмегімен теңдеудің коэффициенттерін қойыңдар, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.

Жұмыстың барысы:

1. Осы реакция үшін K2Cr2O7 – ның эквивалентті молярлы массасын есептеңдер:

М (K2Cr2O7)

ЭМ (K2Cr2O7) = = 49, 03 г/моль

6

2. 100 мл 0,05 н калий бихроматының ерітіндісін дайындаңдар:

  • Ерітіндіні дайындауға қажет K2Cr2O7– ның массасын есептеңдер.

  • Есептелген массасын өлшеңдер.

  • Өлшеуіш құтының мойнына таза құрғақ сүзгі орналастырыңдар. Өлшендіні сүзгі арқылы құтыға салып, сүзгіні мұқият және бірнеше рет сумен шайыңдар.

  • Құтыға (оның 2/3 көлеміне) су құйыңдар және затты толығымен ерітіңдер.

  • Еріткеннен кейін, ерітіндіге құтының белгісіне дейін су құйыңдар.

3. Құйғыға натрий тиосульфатының ерітіндісін құйыңдар. Титрлеуді жүргізу үшін үш конус тәрізді құтыға 10 мл 2М күкірт қышқылын, тамшуыр арқылы 15 мл 5%-тік калий йодидін және 10 мл калий бихроматын құйыңдар. Реакция соңына дейін жүру үшін 5 минутқа қараңғы жерге қалдырыңдар. Сосын ерітіндіге 100 мл су қосып, ерітіндінің түсі ашық сары түске боялғанға дейін тез арада титрлеңдер. 2 мл крахмал ерітіндісін қосыңдар, кейін ерітіндінің көк түсі жоғалғанша титрлеуді жалғастырыңдар. Титрлеуді 3 рет қайталаңдар.

4. Натрий тиосульфатының орташа көлемін есептеңдер.

5. Натрий тиосульфатының нормальды концентрациясын есептеңдер.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Физика бойынша зертханалық жұмыстар

Автор: Диярова Жадыра Қазақбайқызы

Дата: 10.10.2018

Номер свидетельства: 480153

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "7 сынып физика п?нінен зертханалы? ж?мыстар "
    ["seo_title"] => string(48) "7-synyp-fizika-p-ninien-ziertkhanalyk-zhu-mystar"
    ["file_id"] => string(6) "162913"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422427591"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(137) "Физика кабинетіні? жабды?талуы жа?а технология талаптарына сай болуы керек"
    ["seo_title"] => string(75) "fizikakabinietininzhabdyktaluyzhanatiekhnologhiiatalaptarynasaiboluykieriek"
    ["file_id"] => string(6) "295009"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455773254"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) ""Физика саба?ында инновациялы? ?дістерді ?олдану" эссе "
    ["seo_title"] => string(57) "fizika-sabag-ynda-innovatsiialyk-distierdi-k-oldanu-essie"
    ["file_id"] => string(6) "154902"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421225977"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "М?зды? меншікті жылуын аны?тау"
    ["seo_title"] => string(35) "mu-zdyn-mienshikti-zhyluyn-anyk-tau"
    ["file_id"] => string(6) "248759"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446785441"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Электронды о?ытуды? ??ралдары"
    ["seo_title"] => string(33) "eliektrondy-ok-ytudyn-k-u-raldary"
    ["file_id"] => string(6) "248224"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446699372"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства