Просмотр содержимого документа
«"Қызықты физика" интеллектуалды ойыны»
Тақырыбы: Қызықты физика Сайыстың мақсаты:
білімділік:
стандартты емес жағдайларда білімдерін қолдана білуге үйрету;
логикалық ойлау, құбылысты зерттеу және түсіндіре білуін шыңдау;
тәрбиелік:
ойын жинақтай білуге, жылдам ойлай білуге тәрбиелеу;
өз жауабының дұрыстығына, сондай-ақ басқаның да ойын тыңдай білуге тәрбиелеу;
дамытушылық:
оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;
оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер: сағат, ыдыс, тиын, су, қағаз, шырпы, металл дене, мензурка, таразы, тұрақтылар кестесі, физик-ғалымдардың портреттері, қара жәшік, қияр, сөзжұмбақ, карточкалар, слайд арқылы демонстрациялау.
Пәнаралық байланыс:химия, математика
Техникалық құралдар: Интерактивті тақтағ ұялы телефон Түрі: танымдық – ойын
Сайыс эпиграфы:Адам – алып таңғажайып ісімен
Іс-шараның барысы:
Оқытушы:
Құрметті оқытушылар мен оқушылар! 25-30 қараша аралығында колледжімізде физика – математика және информатика пәндерінің «МИФ кемесі – білім теңізінде» атты пән апталығы өткізіліп жатыр. МИФ кемесі бүгін физика аралына келіп тоқтады.
- Олай болса, «Физикалық футбол» атты физика пәнінен сыныптан тыс өткізілетін сабағымызға қош келдіңіздер! Ғалымдардың патшасы атанғансың Архимед, Ньютон, Галилейден бата алғансың Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін Нағыз пән – физика атанғансың.
Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек болуы заман талабы. «Физикалық футбол» атты сайыс сабағымызға 1 курстың оқушылары қатысып, өз білімдерін сынайды. Сайыс жоспары:
1. «ТАНЫСТЫРУ» (әр топ тобын, ұранын айту);
2. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);
3. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!»
4. «ПОЭТИКАЛЫҚ ЖҰМБАҚТАР»
5. «ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕ»
6.« ОЙЛАН ТАП»
Ойынға 3 топ қатысады.
1. «Ойшылдар» тобы
2. «Тапқырлар» тобы
3. «Білгірлер» тобы
I. ТАНЫСТЫРУ
(Ойынға қатысушы үш топ өздерін таныстырады.) ( 5-10 ұпай)
II. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)
Күш бірлігі. (Ньютон).
Вольтметрмен не өлшенеді? (Кернеу).
Жердің табиғи серігі. (Ай).
Радионы ойлап тапқан Кронштад офицері.(Попов).
Дене қызуын сиппатайтын шама. (Температура)
«Эврика» деп қуанышты дауыспен маңызды жаңалықты ашқан ғалым. (Архимед).
Жылдамдық өзгерісін сиппатайтын шама. (Үдеу).
Жұмыстың белгіленуі. (А)
Ең үлкен планета. (Юпитер).
Бірінші ғарыштық жылдамдықтың мәні. (8 км/сек).
Бізге ең жақын жұлдыз. (Күн).
Физика тарихына енген ғалым, ағылшын ботанигі? (Броун).
Қуаттың өлшем бірлігі? (Ватт).
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу. (Қаныққан бу)
Молекулалар арасындағы өзара әсерлесуі елеусіз аз болатын газ? (идеал газ)
III. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!»
3 топқа үшбұрыш қиындыларына жазылған сұрақтар беріледі. Қай топ сұрақтарға дұрыс жауап беріп үлкен үшбұрыш құрастрады сол топ кеңіске жетеді.
IV. «ПОЭТИКАЛЫҚ ЖҰМБАҚТАР»
Мына әдеби шығармалар үзінділерін ғылыми көзқараспен зерттеңіздер. Осы шығармалардағы физикалық құбылыстар туралы толық жауап беріңіздер. Әр жауаптарыңыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
1-топ. Француз жазушысы Шарль Перро «Золушка» ертегісінде хан сарайында сарай сағатын 1 сағатқа кейін қоюға бұйрық берген болатын. Сөйтіп, Ш.Перро ХVІІ ғасырда-ақ уақытты өзгертуге болады деген идеяны ұсынған болатын. Бұны қазір көптеген елдерде қолданады.
Сұрақ: уақытты өзгертудің тиімділігі неде? (Жазғы уақытты, яғни тұрмыс қажеті үшін жарық мезгілді тиімді пайдалану үшін уақыт өзгертіледі)
2-топ. Бір қиялы романда Күннің кенеттен сөнуі мен барлық тіршіліктің өлуі суреттелген. Романның аяғында мынадай сөйлем бар: «Өлі жердің мұз басқан көңілсіз кеңістігін күміс Ай жарықтандырып тұрды».
Сұрақ: Бұл дастанның қателігі қандай? (Күн сөнсе, Ай да сөнеді)
3-топ. Алдар көсе мен Шық бермес Шығайбай ертегісінен үзінді:
Айлакер Алдар көсе келіп қалды
Айламен байдың тонын шешіп алды.
Өз тонын шешіп беріп Алдар көсе
Сұрақ: Неліктен байдың тонын киіп алды? (Түлкі ішік, түлкі тымақ жүндерінің арасындағы ауа жылуды нашар өткізеді)
V. «ҚЫЗЫҚТЫ ТӘЖІРИБЕ»
5 баллдық жүйемен бағаланады.
Су құйылған тарелке ішінде тиын бар.
Сұрақ: Тарелкедегі тиынды қолды суламай қалай алуға болады?
(Қағазды жағып, стакан ішіне саламыз. Стаканды тезірек тиынның жанына тарелке ішіне төңкеріп қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкедегі су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады)
VI. «ОЙЛАН ТАП»
Worldwall бағдарламасында тест орындайды.
Үш топтың ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын шығару. Марапаттау.
Олар жайлы төреші,
Көрермендер өздерің.
Ақ – қарасын айырып,
Куә болды көздерің.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендеріңізе көп рахмет!
– дей келе «МИФ» кемесін келесі аралға аттандырамыз. Сіздердің кемелеріңіздің капитаны болған мен – ************* физика пәнінің оқытушысы. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!