Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын 1 – бөлімін бастаймыз. Әр жауапқа 10 ұпай беріледі.
1 қатысушыға арналған сұрақтар:
Астраномия нені зерттейді? (аспан денелерін)
Дене дегеніміз? (кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе)
Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама? (қысым)
Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстарын қалай атаймыз? (физикалық құбылыстар)
Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күштерді қалай атайды? (тең әрекетті күші )
Үйкеліс күшінің түрлерін ата (сырғанау, домалау, тыныштық)
қатысушыға арналған сұрақтар:
Екінші ұстаз? (Әбу Насыр әл – Фараби)
Диффузия дегеніміз? (бір заттың молекулаларының екінші бір зат молекулаларының арасындағы бос орындарға өтіп таралуы)
Денелердің инерттілігің өлшемі? (Масса)
Күшті өлшейтін құрал? (динамометр)
Паскаль заңы? (сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағытқа өзгеріссіз беріледі)
Деформацияның түрлерін ата (серпімділік, пластикалық)
қатысушыға арналған сұрақтар:
Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым? (И.Ньютон)
Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күшті қалай атаймыз? (Архимед күші)
Ең қатты дене? (алмаз)
Тоқ қүшін өлшейтін құрал? (амперметр)
Будың сұйыққа айналу құбылысы (конденсация)
Жылу берілудің түрлерін ата (жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)
қатысушыға арналған сұрақтар:
Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама? (Күш)
Заттың көлем бірлігіндегі массамына тең физикалық шама? (заттың тығыздығы)
Энергия түрлерін ата? (кинетикалық, потенциаолдық)
Денеге басқа денелер әсер етпегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы? (инерция)
Электр кернеуін өлшейтін құрал? (вольтметр)
Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі? (балқу)
қатысушыға арналған сұрақтар:
Еркін түсу үдеуінің тұрақты мәні? (9,8 м/с2)
Айналу периодына кері шама? (жиілік)
Ньютонның үшінші заңы? (денелердің бір – біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама - қарсы)
Адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы? (тембр)
Планетаның радиус векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады деген ғалым қай ғалым? (И.Кеплер)
Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама? (Үдеу)
2-жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күші бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар – дей келе, «Полиглот» деп аталатын екінші бөлімде оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тіліне жүйріктігін тексереміз. Үш тілге аудара білсе 30 ұпай, біреуін тапса 10, екеуін тапса 20 ұпай.
Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп-кішкентай күн көзін. /электр шамы-лампочка- light/
Ньютонға ол келеді. (күш,сила, strength [стрензсі])
10. Көтерілсе жоғары
Ерітер мұхит мұздарды
Төмен түссе шамалы
Сездірер суық ызғарды (температура)
(Әділқазылар есептеп, қазылық етеді.)
Келесі «Көкпар» физика салалары бойынша деңгейлік сұрақтарға жауап беру. (Дұрыс жауапқа сұрақ деңгейіне байланысты есептеледі.Білмеген жағдайда басқа топ мүшелеріне жауап беруге болады)
Астраномия бойынша сұрақтар
10 бал. Ең алып планеталарды ата? (Уран, Юпитер, Нептун, Сатурн)
20 бал. Гелиоцентрлік жүйені ашқан ғалым?(Николай Коперник)
30 бал. Күнге жақын планета? Онда атмосфера бар ма? (Меркурий) жоқ
40 бал. 973 жылы Хорезмде дүниеге келген ортазияның ғалымы- астроном, математик, географик, философ кім? Бұл қай ғалым? (Әбу Райхан Бируни)
50 бал. Жердің массасынан Айдың массасы қанша есе кем?Массасы 1 кг. Денені Жер қанша Ньютон күшпен тартады? Ай ше? (Жер – 9,81 Н, Ай – 1,62 Н)
Физикалық құбылыстарға сұрақтар
10 бал. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)
20 бал. Дене пішінінің, көлемінің өзгеруі. (деформация)
30 бал. Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)
40 бал. Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын өзгертуі.(механикалық қозғалыс)
50 бал.Дененің тірекке немесе аспаға түсірілген күші (салмақ)
20 бал. Қай жерде құрғақ тастар кездеспейді? (Теңіз түбінде)
30 бал. Отқа жанбайды, суға батпайды. (Мұз)
40 бал. Кім барлық тілде сөйлейді? (Формула)
50 бал. Жай көзге көрінбейді, қозғалуға ерінбейді. (Молекула)
1-жүргізуші:
Асып әсте саспайық,
Батыл қадам жасайық.
Кеш қызығын, ей достар!
Осылайша шабытпен,
«Жорға» бөлімін бастаймыз. Карточкада берілген есепті шығару. Берілетін уақыт 5 минут. Ұпай саны 10.
1-есеп
Велосипедші еңіске қарай 0,5м/с2 үдеумен қозғалып келеді.Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 6 м/с-қа тең болса,0,1 мин өткенде оның жылдамдығы қандай болады?
2-есеп
Тыныштық күйден 0,2м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 10м жол жүреді?