kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғажайып физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

рарпаовловл,плдаоилои,авиалдиои,пибпаидопоипд,лалд.лт пипмаоддаол.АПОлльмьлаиолдио.твмтамаомоо.Тлралоавиавирор.Тмваомаормаловри мамаво ьбстмравл.Отаоррп тмравып тмаори.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғажайып физика»

Сабақтың тақырыбы: Ғажайып физика(сыныптан тыс ойын сабағы)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушының алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу.

Дамытушылық: Сайысқа қатысқан әрбір оқушы оз білімін толықтырып, оны әрі қарай дамытады, қазақтың салт-дәстүрлері мен мақал мәтелдерімен жұмбақтарын толық пайдаланып, көріністер мен ойындар, қызықты логикалық есепті шығару арқылы оқушының абстракциялық ойлау қабілеті дамиды.

Тәрбиелік: Оқушы өзінің ой-өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз ойын ашып айтуға үйренеді.

Сабақтың түрі: Топтық сайыс

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, сызу, информатика, музыка.

Көрнекіліктер : плакаттар, интерактивті тақта.

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді ұстаздар, оқушылар! «Ғажайып физика» сайысына қош келдіңіздер! Сайыстың мақсаты сіздердің физика пәніне қызығушылықтарыңызды арттыру, білімдеріңді байқау-бақылау, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде 8-9 сыныптар арасында өтеді. Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. 9 «А» сыныбынан құралған «Қайсар» тобы, 8 «А» сыныбынан құралған «Қайтпас» тобы.

Сұраққа жауап беріп айтысайық

Сауалды іліп алып тартысайық

Бәрін айтпа бірін айт алдыменен

Жобасымен сайыстың танысайық

І. Таныстыру

ІІ. Сырлы сауалдар

ІІІ. «1001 мақал, 101 жұмбақ»

ІV. « Байқап қал»

V. «Қатесін тап»

VІ. «Ғажайып қоржын»

Жүргізуші: Армысыздар қымбатты төрешілер

Сайысын әрбір тобын көрерсіздер.

Таразының екі басын тік қойып,

Сіздерде әділ баға берерсіздер- дей келе сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтейік:

І. Таныстыру

Мұнда әрбір команда өздерін таныстырып, әділ қазыларға, көрермендерге және қарсыластарына сәлем береді. Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға берейік.Ең жоғарғы ұпай-5.

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,

Алға қойған мақсаты.

Шығып жүрген жақсы аты,

«Қайсар» тобын ортаға

Шақырайық халайық.

«Қайсар»тобы өз топтарымен таныстырады, ұрандарын айтады.

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

«Қайтпас» тобын халайық,

Қол соғып қарсы алайық.

«Қайтпас» тобы өз топтарымен, ұрандарымен таныстырып кетеді.

ІІ. Сырлы сауалдар

Жүргізуші: Ағатын мөлдір бұлақтар

Білімнен кім бар жырақтар

Тақтаға қарап үңілсең пай

Сырлы сауал сұрақ бар-дей келе сайысымыздың екінші бағыты сырлы сауалдарға кезек берейік.Ұпай саны-30.

1.Қанттың салқын суға қарағанда ыстық суға тезірек еруі неліктен?

Жауабы: Температура артқан сайын диффузияның жылдамдығы артады.

2.Су неліктен отты өшіреді?

Жауабы: Ыстық нәрсеге жанасқан су, одан көп жылу мөлшерін алады да, буға айналады. Бу тез көлемде жайылады. Бу ауаны ығыстырып шығарады.Ал ауасыз жану болмайды.

3. Балықтың қолда жылпылдап тұрмайтын себебі неде?

Жауабы: сырты шырыш қабығы үйкеліс азайтады да, балықты қолға ұстап тұру қиын болады.

4. Таспен жүргенде неге аяқтарың ауырсынады?

Жауабы: Табанның таспен тиісу ауданы аз болғандықтан, табанға қысым көп түседі.

5. Шәйнек тез қайнау үшін неге қақпағын жауып қою керек?

Жауабы: Жылу алмасуды сақтайды.

6. Теңіз суы 0-та неге қатпайды?

Жайабы: Тұзды судың қату температурасы 0-тан төмен

ІІІ. «1001 мақал, 101 жұмбақ»

Тақтада торкөздерді таңдай отырып, сұрақтарға жауап береміз.



5 5 5

1001мақал,

15 101 жұмбақ 15

10 10 10



5-мақал

Тау мен тасты су бұзады,

Адамзатты сөз бұзады. (заттың агрегаттық күйі)

5-жұмбақ

Көкке қараған, жұлдыз санаған (телескоп)

5- бейнесұрақ

Бір жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 4жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)

10-базарлық

Аңызда айтылғандай Сиракуз патшасы Гиеронның тапсырмасы бойынша оның тәжін зергер таза алтыннан жасады ма, әлде алтын мен күмістің қоспасынан жасады ма?Деген сұраққа жауап таба алмай, көп күн әуреленген Архимед бір күні толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде ойына әлгі сұрақтың шешуі келген екен дейді.Өзінің ашқан жаңалығына шаттана қуанған ол «Эврика» (Таптым)деп Сиракуз көшелерінің бойымен айғайлап жүрген екен.

10- Жұмбақ

Ағасы кетсе, інісі келеді. ( Ай мен күн)

10-мақал

Шапқан озар, жатқан қалар (жылдамдық)

15-мақал

Аспандағы алып доп,

Жарқырайды жарық боп. (Күн)

15-бейнесұрақ

Қалай 10 м сатыдан секіріп, жараланбауға болады?

(сатының ең төменгі сатысынан секіру керек)

ІV. «Байқап қал»

Мұнда топ басшыларына суреттер көрсетіледі, суретті тобы ыммен түсіндіруі керек.Топ басшылары топтарына қарап тұрады, топтағы оқушылары топ басшыларына түсіндіруі керек. Ұпай саны -10 ұпай

«Қайсар» тобына: Күн, телескоп, ток, таразы, қоңырау, жылдамдық.

«Қайтпас» тобына: Жұлдыз, динамометр, бұлт, су, сағат, термометр, күш.

V. «Қатесін тап»

1. Жаздың ашық күнінде балалар саяхатқа аттанды. Олар ыстықты сезінбеу үшін олар қара киім киді. Алдымен олар өзеннің құмды жағалауымен жүрді. Жүру оңайға соқты. Әрі қарай саяхатшылар көгалға түсіп, тездетіп жүрулеріне тура келді.

Жауабы: Балалар ыстықтамау үшін ақ киім кию керек. Құммен жүргенде үйкеліс күшінің әсері болғандықтан, жүру қиынға соғады.



2. Кешкілік балалар өзен жағасына орналасты.Кешке қарай жарық болды.Суға түсіп шыққандық кейін балалар жылуды сезінді. Өзеннің түбінде тас жатты.Тасты көтеру балаларға қиындық туғызғандықтан оны үш бала көтеріп, әрең дегенде жағаға шығарды.



Жауабы: Кешке қарай қараңғы болады, суға түскен балалар тоңады, судың ішінде Архимед күші әсер еткендіктен, тасты көтеру оңай болуы керек.



VІ. «Ғажайып қоржын»

«Қайсар» тобына:

Шикі жұмыртқаны піскен жұмыртқадан қалай ажыратуға болады? Тәжірибе жасап көрсет.

Берілген құралдар : Тарелка, 2 жұмыртқа, сызғыш (жұмыртқаны айналдыру керек, піскен тез айналады)

«Қайтпас» тобына:

Конверт ішінде кілт жатыр. Осы кілтті конвертке қол тигізбей қалай алуға болады?

Берілген құралдар: кілті бар конверт, Қайшы су, сіріңке,(конвертті жағып жіберу керек)

Жүргізуші:

Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,

Озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау.

Шеберлікпен білімді,

Сарапқа сап көріңіз.

Әділ баға беріңіз.

Әділ қазылар бағасын бергенше музыкалық сәлемдеме.Жеңімпаз топ марапатталады.

Жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, оқушылар, сайыскерлер үшін атсалысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін маңызды бір рахмет айтамыз.

Ғылым мен дами берсін ғаламдағы

Білімді үйренейік жаңа замандағы

Аман сау тұрыңыздар осыменен

Физикалық шоуымыз тәмамдалды.

Осымен біздің сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!



















Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектеп коммуналдық мекемесі















Ғажайып физика

(Сыныптан тыс сабақ 8-9 сынып оқушылар үшін)

Пән мұғалімі:Тлеубердиева К.А.

















Шу қаласы 2016-2017 оқу жылы

Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектеп















Тәрбие сағаты

Тақырыбы : «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл»













11 «А»сынып жетекші: Тлеубердиева К.А.











Шу қалсы 2016-2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Ғажайып физика

Автор: Тлеубердиева Куляш Амангалиевна

Дата: 13.03.2017

Номер свидетельства: 399806

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "«Ғажайып физика»"
    ["seo_title"] => string(16) "g_azhaiyp_fizika"
    ["file_id"] => string(6) "364720"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1480607300"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Сыныптан тыс шара: ?ажайып физика"
    ["seo_title"] => string(30) "synyptantyssharagazhaiypfizika"
    ["file_id"] => string(6) "333661"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1465456801"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) ""Таңғажайып физика" интеллектуалды сайыс"
    ["seo_title"] => string(43) "tan_g_azhaiyp_fizika_intielliektualdy_saiys"
    ["file_id"] => string(6) "395968"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1488167341"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "физика ?леміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(24) "fizika-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "302750"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1457285214"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сыныптан тыс сабақ: Физика әлеміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(43) "synyptan_tys_sabak_fizika_lieminie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "356599"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478602805"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства